Конкурс (осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері және жергілікті атқарушы органдары арасында) туралы хабарландыру



жүктеу 101.73 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі101.73 Kb.
түріКонкурс

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға өткізілетін ішкі конкурс

(осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері және жергілікті атқарушы органдары арасында) туралы хабарландыру


Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ, 070019,

Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17-үй, 208-каб, анықтама телефоны/факс:

8 (7232) 26-90-79, электрондық пошта мекен-жайы e.berdybekova@akimvko.gov.kz

бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға ішкі конкурс жариялайды:


  1. E-3 санаты - «Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қала әкімінің бас инспекторы (жалпы бөлімі), лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 102437 теңгеден 138248 теңгеге дейін - 1 бірлік.

Жұмысының функционалдық бағыттары: Қала әкімдігінің ай сайынғы отырыстарын өткізу және дайындау , әкімдік отырыстарына мемлекеттік және орыс тілдерінде хаттамалар жасау.Қала әкімінің өкімдерінің, шешімдерінің, қала әкімдігі қаулылары жобасының қала әкімдігінің Регламенті мен Типтік құжаттандыру қағидаларының барлық талаптарына сәйкес келуін тексеру және қабылдау. Қала әкімінің өкімдерінің, шешімдерінің, қала әкімі аппаратының басшысының бұйрықтары, қала әкімдігі қаулылары жобаларының түпнұсқалығын тексеруді жүзеге асыру. Облыс әкімінің, облыс аппараты басшысының атына жазылған хаттар мен ақпараттардың түпнұсқалығын тексеру. Қала әкімінің грамоталар-ының, алғыс хаттарының, құттықтау хаттарының мәтіндерін тексеру және келісімдеу. Қала әкімі аппаратының заң бөлімінен жер және сәулет мәселелері туралы әкімдік қаулысымен қайтарылған жобаларға талдау жасау және бақылауды жүзеге асыру. Жер және сәулет мәселелері бойынша қадағалау органдарынан (прокуратура) тексеру материалдарын жинау және талдау жасау. ШҚО әділет Департамент-інде және БАҚ тіркелген НҚА жариялауға дайындау және жолдау, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Қалалық мәслихат сессиясына кадрлық өзгерістерге байланысты қала әкімдігі мүшелерін енгізу және шығару жөнінде құжаттарды мемлекеттік және орыс тілдерінде (әкімнің ұсынымы, шешімінің жобасы) дайындау және беру. Қала аппараты бөлімдеріне іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету. Қала әкімі аппаратының дербес бөлімдерінде іс қағаздар жүргізу және мұрағаттану бойынша тексерулер жүргізуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.


2. E-R-3 санаты – «Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ауыл шаруашылығы және техникалық инспекция секторының меңгерушісі лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 96607 теңгеден 129920 теңгеге дейін - 1 бірлік.

Жұмысының функционалдық бағыттары: Сектор жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінде әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау және болжау. Сектордың ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептері мен ақпараттарының мониторингін жүргізуді бақылау. Қала үшін маңызды жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік қолдаудың барлық түрлері бойынша ұсыныстарды, агроазық-түлік бағдарламаларды орындау жүрісін талдау. Нормативтік құқықтық актілерді (қаланың ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнерәсібі саласында) орындау барысы туралы ақпарат дайындау және оралымды бақылау. Қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бизнес-жоспарлары бойынша оларды несиелендіру, баламалы несиелеу ретінде лизингті пайдалану бойынша қорытындылар дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыруға бақылау жасау. Қаланы әлеуметтік экономикалық дамыту жоспарларын жасауға қатысу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша комиссиялардың, жұмыс топтарының, және облыс әкімі аппаратының кеңестеріне қатысу. Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі ақпараттық-маркетингтік деректер базасының мониторингін талдау. Өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында қаражаттандыру бойынша құжаттарды қабылдау және ресімдеу. Мал шаруашылығының азық-түліктері мен шикізаттарын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға бақылау жасау. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі асыл тұқымды малдың мемлекет-тік тіркелімін жүргізу үшін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден және асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдау. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бағалау туралы деректерді қабылдау, қорыту және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар ету. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асыру. Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктердің есебін жүргізу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (геодезия және картография, құрылыс) немесе «Қызмет көрсету» (кадастр, жерге орналастыру), немесе «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «Құқық» (құқық тану), немесе «Ауылшарушылық ғылымдар» (агрономия, мал өнімдерінің өндіріс технологиялары, су қорлары және су қорларын басқару, аграрлық техника және технология, өсімдіктерді қорау және карантин, жерді мелиораторлау, қайта культиваторлау және қорғау) немесе «қалалық кадастр», «агроинженерия» салаларындағы мамандықтар бойынша жоғарғы білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен тағайындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен тағайындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесеТізіліммен тағайындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жарым жылдан кем емес;

      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондықүкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннанкейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін ұсынады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге рұқсат алған кандитаттар оны ШҚО «Өскемен қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді. Мекенжайы: Өскемен қаласы, Пермитин көшесі 17 үй № 208 кабинет, Анықтама үшін телефон: 8(7232)26-90-79, электрондық пошта мекенжайы – e.berdybekova@akimvko.gov.kz. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 
__________________________

(мемлекеттік орган)



Өтініш
      Мені ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________

________                                ______________________________


  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)


«___»_______________ 20 __ ж.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет