Конкурс өткізу ережесі жалпы ережелер



жүктеу 105.39 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі105.39 Kb.
түріКонкурс









Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жобаларға конкурс өткізу

ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер


1.1 Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми жобалар конкурсы(бұдан әрі - Конкурс) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіледі.

1.2. Конкурстың құрылтайшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Конкурстың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі.

1.3. Осы Ереже ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің 2015 жылғы 4 қазандағы Ережесіне сәйкес конкурс өткізу тәртібін және ғылыми жұмыстарды іріктеу белгілерін анықтайды.
2. Конкурстың мақсаты және міндеттері
2.1. Конкурстың мақсаты:


  • ғылыми қоғамдастықты Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін ілгерілетуге ықпал ететінзерттеу жұмыстарына тарту;

  • «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған монографиялардың, оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының басылып шығарылуына қолдау көрсету.

2.2. Конкурс өткізудің негізгі міндеті ғалымдардың, зерттеушілердің, докторанттар мен магистранттардың бейбітшілік пен келісімді ілгерілетуге бағытталған ғылыми зерттеулеріне қолдау көрсету.
3. Конкурстың бағыттары
-Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің бейбітшілік пен қоғамдық келісім институты ретіндегі жаңа қыры;

- ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жаһандық бастамалары мәнмәтініндегі бейбітшілік пен келісім идеясы;

- Қазақстандық бірегейлік:құндылық негіздері мен нығайту жолдары;

- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы:бастаудан – болашаққа;

- Қазақстандықазаматтық бірегейлік- Болашағы Біртұтас Ұлт қалыптастырудың басты факторы.
4. Конкурсқа қатысушылар
4.1. Конкурсқа Қазақстанның қоғам қайраткерлері, ғалымдар, докторанттар мен магистранттар, ғылыми–зерттеу орталықтарының қызметкерлері, ғылыми–сарапшылық қоғамдастықтар өкілдері қатыса алады.

4.2. Әрбір ізденуші тек қана бір өтінім бере алады.


5. Конкурс басшылығы
5.1 Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа жалпы басшылық жасайды (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).

5.2. Конкурстарды өңірлерде Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылықтары немесе Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың «Қоғамдық келісім» КММ-і ұйымдастырады.

5.3. Ұйымдастырушы:

- осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;



  • Сараптау комиссиясының құрамын және өтінімдерді бағалау жүйесі мен өлшемдерін бекітеді;

  • конкурстың барлық ресімдерініңөткізілу тәртібін анықтайды және конкурс жеңімпаздарын марапаттауды қамтамасыз етеді;

  • конкурс қорытындыларын бекітеді;

  • www.zko.assembly.kz сайтында конкурс жарияланғаны туралы ақпарат орналастырады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы конкурстың қорытындылары туралы ақпарат береді.

5.4. Конкурс жеңімпаздарын анықтау мақсатында Ұйымдастырушы қатысушылардан қосымша ақпарат алуға құқылы.

5.5. Сараптау комиссиясының ғылыми жұмыстарды іріктейді және Ұйымдастырушыға дауыс беру нәтижелерімен бірге отырыстар хаттамасын тапсырады.


6.Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі
5.1. Конкурс 2016 жылдың сәуір – қараша айлары аралығындаөтеді, күнтізбелік жоспарға (1Қосымша) сәйкес 3 кезеңнен тұрады:

- өңірлік кезеңі Астана және Алматы қалалары мен облыстар деңгейінде конкурс өткізуді қамтиды. Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер 2016 жылғы 10 қыркүйекке дейін өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ-не немесе Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылықтарына жіберіледі. Сараптау комиссиясыныңталдауларының қорытындысы (2 Қосымша)бойынша, іріктелген өтінімдер конкурстың республикалық кезеңіне жіберіледі;

- республикалық кезең – 2016 жылдың 5 қазан– 5 қараша айлары аралығында өтеді. Конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары 2016 жылғы 5 қазанға дейінөтінімді (3 Қосымша)өңірлерден түскен жобаларға талдау, бағалау және жеңімпаздарды анықтайтын Ұйымдастырушының мекенжайына жібереді;

- үшінші кезең (2016 жылғы қараша) – жеңімпаздарды марапаттау, 2016 жылғы 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында ҚХА ҒСК отырысында өтеді.

5.2. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер конкурс қорытындысы туралы ақпаратты қатысушының көрсеткен мекенжайына жазбаша хабарландыру немесе электрондық пошта арқылы алады.
7. Конкурстық өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
7.1 Республикалық конкурсқа қатысу үшін қатысушылар келесі құжаттарды жолдайды:

- Конкурсқа қатысуға өтінім – 1 дана;

- 70 беттен кем болмайтынғылыми жұмыстыңбасылып, тігілген мәтіні – 1 дана;

- Конкурсқа қатысуға өтінімнің электрондық нұсқасыжәне СD дискіге жазылған ғылыми жұмыстың мәтіні – 1 дана;

- қатысушының жеке куәлігінің көшірмесі.

7.2Конкурсқа қатысуға өтінім беру қатысушының осы Ережемен белгіленген конкурсқа қатысу талаптары мен шарттарына келісімін білдіреді.

7.3 Конкурсқа қатысуға түскен өтінімдерді конкурсты ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, конкурсқа қатысуға тіркейді.

7.4 Конкурсқа қатысуға түскен өтінім конкурс талаптарына сәйкес келмеген жағдайда немесе белгіленген мерзімнен кешігіп жіберілген жағдайда қабылданбайды. Конкурстық өтінімнің қабылданбау себебі авторларға хабарланбайды. Конкурстық өтінімнің материалдары авторларға қайтарылмайды.


8.Жобаларды іріктеу өлшемдері
8.1 Конкурсқа қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты ғылыми тұрғыдан дамытуға үлес қосатын ғылыми-зерттеу еңбектері, сонымен қатар, инновациялық тәсілдер әзірлемелері жіберіледі.

8.2 Жұмыстыбағалау кезінде келесі өлшемдер есепке алынады:

- жұмыстың конкурс мақсатына және міндеттеріне сай келуі;

- тақырыптың өзектілігі;

- құрылымының және баяндау логикасының негізділігі;

- жобаның ғылыми жаңашылдығы;

- міндеттерді орындау жолында жаңаша авторлық көзқарас;

- ғылыми жұмыстыңәдіснамасының тиімділігі, талдаудың заманауи тәсілдерін қолдану;

- қорытындылар мен тәжірибелік ұсынымдардың болуы.
8.3 Конкурстың өңірлік кезеңіне құжаттар БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-і мекенжайына жолданады.

Мекенжайы: 090000, Орал қ., Астана шағын ауданы, 10 (Достық Үиі). Тел.: 8 (7112) 24-42-33, 24-42-32.



9. Жұмысты ресімдеу тәртібі
9.1Ғылыми жұмыс мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

9.2 Жұмысты ресімдеудің ұсынылатын реті:

Негізгі бет.

Конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтер.

Жұмыс аннотациясы.

Мазмұны.
Кіріспе.


Жұмыстың негізгі тараулары (бөлімдері).

Қорытынды.


Иллюстрациялар, фотосуреттер, таблицалар, сызбалар және т.б. түріндегі қосымшалар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Көлемі – 70 беттен кем емес; форматы – А-4; парақтың жиектері: сол жағы – 3 см., жоғарғы және төменгі – 2 см, оң жағы – 1 см; шрифт - Times New Roman, шрифт өлшемі – 14,сілтемелерді номерлеу – алмаспайтын; тармақаралық интервал – 1,5; азат жол басындағы бос жер – 1,3 см; негізгі мәтінді тегістеу – ені бойынша; редактор – Microsoft Word 2007.
10. Конкурс қорытындысын шығару
10.1. Конкурс қорытындысын шығару Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы аясында 2016 жылғы қараша айында шығарылады.

10.2 Ұйымдастырушы конкурс жеңімпаздарын www.assembly.kz сайтында жариялайды.

10.3 Үздік жұмыстар басылымға және олардың авторлары бағалы сыйлықтармен марапаттауға ұсынылады.


Өңірлік кезеңінің ұйымдастырушының деректері:
Мекенжайы: 090000, Орал қ., Астана шағын ауданы, 10 (Достық Үиі). Тел.: 8 (7112) 24-42-33, 24-42-32, kgukkzko@mail.ru




1 Қосымша
КОНКУРСТЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ




Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

Жауапты құрылым

1

Конкурс Ережесін әзірлеу және жіберу

2016 жылғы

сәуір


Республикалық конкурстың ұйымдастырушылары

2

Ғылыми жобаларды бағалаудың әдістемесін дайындау

2016 жылғы

сәуір


Республикалық конкурстың ұйымдастырушылары

3

Өңірлік конкурстар өткізу

2016 жылғы

сәуір - қыркүйек



Республикалық конкурстың ұйымдастырушылары

4

Өңірлік конкурстардыңқорытындысы бойынша республикалық сырттай іріктеуге өтінімдер жіберу

2016 жылғы

5 қазанға дейін




Республикалық конкурстың ұйымдастырушылары

5

Өңірлік конкурстың жеңімпаздарын БҚО ҚХА ҒСТ отырысында салтанатты марапаттау

2016 жылғы қазан

БҚО ҚХАХ, БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі

6

Республикалық қорытынды конкурс өткізу

2016 жылғы

5 қарашаға дейін




Республикалық конкурстың ұйымдастырушылары

7

Конкурс жеңімпаздарын ҚХА ҒСК отырысында салтанатты марапаттау

2016 жылғы

қараша


Республикалық конкурстың ұйымдастырушылары








2 Қосымша
Конкурсқа ұсынылған ғылыми жұмыстарды сарапшылық бағалау
Қатысушының аты, әкесінің аты, фамилиясы:

______________________________________________________

______________________________________________________

Жұмыстың атауы:

_______________________________________________________

___________________________________________________________


Өлшемдер

балл (max)

Бағалауды негіздеу

Таңдалған тақырыптың өзектілігі


15



Құрылымының және баяндау логикасының негізділігі


15




Ғылыми жаңашылдығы

15




Автордың қойылған міндеттерді шешу жолында жаңаша көзқарасы

15




Ғылыми жұмыстың әдіснамасының тиімділігі, талдаудың заманауи тәсілдерін қолдану

15




Қорытындылар мен ұсынымдардың тәжірибелік мәні


15




Барлығы:

90





Жалпы қорытынды:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Комиссия төрағасы ______________ (тегі, әкесінің аты, аты, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

(қолы)
Комиссия мүшелері:

______________ (тегі, әкесінің аты, аты, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

(қолы)


______________ (тегі, әкесінің аты, аты, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

(қолы)


_____________ (тегі, әкесінің аты, аты, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

(қолы)


______________ (тегі, әкесінің аты, аты, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

(қолы)


3 Қосымша

Конкурсқа қатысуға өтінім


(1 беттен аспауы тиіс)

Ғылыми жұмыстың авторы (тең авторы)


Тегі, әкесінің аты, аты, (толық):___________________________

Ғылыми дәрежесі_______________________

Жұмыс орны________________________

Лауазымы___________________________

Байланыс телефондары________________

E-mail: ___________________________



Облыс (қала, аудан)_______________________


Жобаның тақырыбы



Жұмыстың түсініктемесі

(0,5беттен артық емес)


Ғылыми нәтижесінің қолданылу саласы


Өтінімнің тапсырылған күні




Автордың қолы





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет