Конкурс өткізу туралы хабарландыру



жүктеу 89.55 Kb.
Дата21.08.2018
өлшемі89.55 Kb.
түріКонкурс

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ
Шығыс Қазақстан облысының «Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі, 070600. ШҚО, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105, тел: 8(72347) 65-190, e-mail: d.akzamov@akimvko.gov.kz, «Б» корпусының бос немесе уа0ытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:


  1. Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің кірістер және нақты экономикалық салалар секторы бас маманы, Е-R-4 санаты (№1-04-04) (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыстағы кезеңіне). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Аудан экономикасы бойынша ағымдық, орта мерзімдік және перспективалық бағдарламасының жобасын дайындау, аудан экономикасының дамуына мониторинг жүргізіп сараптама жасау. Қала, кент, ауылдық округтердің әлеуметтік – экономикалық дамуы паспортын әзірлеу. Қаланың кешенді даму жоспары, тірек ауылдық елді мекендерді дамыту, орталық усадьбаларды дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуына сараптама және мониторинг жүргізу. Кадрлық қызмет бойынша жұмыс жүргізу.

Мекеме басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



  1. Божығұр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты (№2-05-02) . Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы бағдарламасының дамуын жасауға қатысу, ауыл шаруашылығы өндірісін реформалау мәселесі, жер қатынасымен мемлекеттік ветеринариялық қызмет мәселесін реттеу. Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру, табысы аз адамдарды анықтау, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына, мүгедектерге қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру. Елді мекендердегі мал жаятын орындарды анықтау. Елді мекен аймақтарында абаттандыру, жарықтандыру, сумен жабдықтау,санитарлық тазалықты жүргізуді ұйымдастыру, тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда бас ветеринариялық-санитарлық инспектордың ұсынуы бойынша карантин режимін немесе шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу, тисті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық-санитарлық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантиді тоқтату туралы шешімдер қабылдау,мал қорымы орындарын анықтау, малды қолдан ұрықтандыруын ұйымдастыру, мал сою алаңдарын қадағалап, жұмыстың жүруіне жәрдемдесу. Ауыл шаруашылық санағын жүргізу.Ауыл шаруашылығы, статистика бөліміне тиісті нысанда есептер тапсыру, нақты мал басы бары туралы анықтама беру. Үй шаруашылығы,шаруа қожалықтарының шаруашылық кітабын электронды жүйеде жүргізу, малдың, жердің,техниканың, шаруа қожалық-тары мүшелерін анықтап, толтырып отыру. Шаруа қожалықтарымен меморандумға, кәсіподаққа келісім-шартқа отыру,оның орындалуына есеп жүргізу. Шұғыл медициналық көмек көлік қозғалысын ұйымдастыру,туысы жоқ адамдарға жерлеуді ұйымдастыру. Құқықтық оқуды жүргізу. Қылмыспен күрес жүргізуде қоғамдық ұйымдармен: маскүнемдік және нашақорлықпен күрес жүргізу, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығын қорғау комиссияларымен бірлесіп жұмыс жасау. Ақпарат тобы жұмысын жүргізу, ақсақалдар алқасы мен әйелдер кеңесінің хаттамалық жұмысын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



  1. Делбегетей ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты (№2-08-02). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Спорттық шараларды ұйымдастыру және өткізу. Салық (мүлік, көлік, жер) жинау, мерзімінде банкке тапсыру; салық төлеушілердің базасын жүргізу, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған ұсыныстар еңгізу, шаруа қожалық, жеке кәсіпкерлермен жұмыс жасау; спорт шараларын ұйымдастырып, жастармен жұмыс жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, есебін компьютерлік бағдарламада жүргізу.

18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемакыларды және атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы тұрғындардың өтініштерін қабылдайды, ол өтініштерді учаскелік комиссия қарауына тапсырады жәнеучаскелік комиссия қорытындысын алғаннан кейін балалар жәрдемақысын және атаулы әлеуметтік көмекті төлейтін уәкілетті органға тапсырады.

Әскерге шақырушылардың тізімін жасайды, әскерге шақырушылардың аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізілуін ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



  1. Жайма ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі, E-G-3 санаты (№2-09-02). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Шығыс сметаларының орындалу барысына,ақшалай қаржының және материалдық құндылықтардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету,арнайы қаржылық сметасы бойынша шығыстар мен кірістерге есеп, басқа да бюджеттен тыс қаржылар бойынша операцияларға есеп жүргізу.Белгіленген мерзімге бухгалтерлік есептілікті жасау және ұсыну, субъектілердің қаржылық жұмыстарын жақсартуға бағытталған ұсыныстар жасау. Қызметшілер мен жұмысшыларға еңбекақы есептеу және төлеу есебін жүргізу. Меншік және жоғарғы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау. Мәдени бұқаралық,спорттық шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім («Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент мамандықтары)

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



  1. Қалбатау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, E-G-4 санаты (№2-16-11). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Жеке тұлғалардан жергілікті салықтардың жиналуын және бюджетке құйылуын қамтамасыз ету; Құзіретті органдармен, жер комитетімен, Жылжымайтын мүлік ортылығымен, Ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің мемлекеттік техникалық испекторымен, Жол полициясы бөлімімен жеке тұлғалардың салық салынатын жер телімдерінің көлемін, мүліктің бағалануын, көлік құралдарының двигательдерінің көлемін анықтап, тізімді нақтылау; Өзіне белгіленіп берілген елді мекен, көшелер бойынша жеке тұлғалардан жергілікті салықтардың жиналуын және бюджетке құйылуын қамтамасыз ету; Салық төлеушілерге салық төлеу мерзімі және оның көлемі жөнінде ескертпе тарату; Округке қарасты салық төлеушінің есеп кітабын жүргізу; Алгаритм бойынша қосымша салық көзін табуды жүзеге асыру; Әкім аппараты мен жоғарғы органдардың нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар:

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар.

3) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттардың орналасуға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

4) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

5) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Жарма ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті органның интернет-ресурсында) конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105, 31 кабинетке ұсынылуы қажет.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне бес жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет