Танымал журналист, тележүргізуші Анна Данченко анасының жағдайына алаңдап жатқан оқырмандарына алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/ann_2905/

Тележурналистің айтуынша, күн сайын жедел жәрдем шақырып отырған көрінеді. 

“Бәрі ақыл айтқанды жақсы көреді. Мен ғана ақылсыз, ақымақ сияқтымын. Егер мені қолдағыларың келсе, үндемегендерің жөн. Маған қалай қиын екенін білсеңіздер ғой?! Әкемнің ауырғаны, көз алдымда дүниеден өткені маған оңай тиген жоқ. Анамның жағдайы да мәз емес. Денсаулығы күннен күнге әлсіреп бара жатыр. Осы күнге дейін жағдайының қалыпқа келуі үшін қолымнан келгенінің бәрін жасадым. Анам жүрмейді, аппаратпен демалады. Күн сайын жедел жәрдем шақырамыз. Қолдан келгенін мен де, дәрігерлер де ажсап жатыр”, – деп жазды журналист. 

  • Енді қазақстандықтар дәрігерге терапевтің жолдамасынсыз бара алады

  • 50 жылдан бері АҚШ кемесі алғаш рет Айға қонды

Одан кейін тележүргізушінің оқырмандары, үйге келген фельдшерлердің аяқ киімін шешпегеніне шүйлікті. Оқиғаны мән-жайын журналист өзі түсіндірді. 

“Жалпы, жедел жәрдем шақырғанда олар ескертіп айтады. “Аяқ киімді шешпейді” деп. Ондай кезде кілемдерді жинап қоюға болады. Жаңбыр күні шақырғанда балшықпен кіріп кеткендер болды. Содан кейін кілемді химиялық тазалауға бердім. Кеше екі әйел келді. Әтірі мен темекілерінің иісі бөлмені алып кетті. Анамнан бұрын, өзім қатты қиналып кеттім. Ештеңе істемей тағы кетіп қалды. Дәл қазір түсірілімдемін. Түнімен жылап, көзім ісіп кетті”, – деп баяндап берді тележүргізуші. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.