Астана халықаралық әуежайында жолаушының чемоданынан шамамен 160 мың доллар (72 миллион теңге) табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Иллюстративті фото

Жолаушының жүктерін тексеру бөлімшесінің қызметкерлері әуежайда жолаушының рұқсат етілген шектен де көп ақшамен жүргенін анықтады. Осыдан кейін жолаушы ақшамен бірге тиісті мекеме қызметкерлеріне тапсырылды.

  • "Заңдағы ұры": 10 жылдан аса уақыт іздеуде болған ер адам Алматы әуежайында ұсталды
  • Астана әуежайын БАӘ компаниясы басқармақ

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" жарлығына сәйкес, елде 10 мың доллардан асатын (4 миллион 512 мың теңге) қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынады.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.