Конкурс тақырыбы: Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтары мен конституциялық құқықтын қазіргі уақыттағы мәселелері



жүктеу 77.03 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі77.03 Kb.
түріКонкурс

Академик Е.А.Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Конкурс тақырыбы: Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтары мен конституциялық құқықтын қазіргі уақыттағы мәселелері

Конституцияның әрекет етуінің тиімділігі және арттыру жолдары

ЭССЕ

Конституция тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері

Автор туралы мәліметтер:

Академик Е.А.Бөкетова атындағы Қарағанды

мемлекеттік университетінің заң факультетінің

(5В030100-Құқықтану)2 курс студенті

Жазыбекова Сабина Абишевна

Ұялы телефон: 87788625939, sabina.zhazybekova@bk.ru



Жетекші туралы мәлімет:

Академик Е.А.Бөкетова атындағы Қарағанды

мемлекеттік университетінің конституциялық

және халықаралық құқық кафедрасының



аға оқытушысы Базарова Гульмира Сеиловна
Қарағанда, 2018
Конституция тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері


Қоғам мен мемлекетте құқықтық тәртіптін сақталуын қамтамасыз ететін алғы шарттарға – мемлекетте тиімді және сапалы әрекет ететін негізгі заң Конституцияның болуы саналады. Конституция мемлекеттін негізгі заңы ретінде қоғамның барлық күштерін жұмылдырып, құқық жүйесінің нәтижелі жұмыс істеуіне саяси-құқықтық негіздерін қалыптастырады. Сол себептен де замануи демократиялық, құқықтық мемлекеттердін құқық жүйесі қоғам өмірінің маңызды бөліктерін реттейтін, ұлттық құқық жүйесінің дамуына бағыт беретін Конституциясыз мүмкін емес. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес «Мемлекеттік және қоғамдық институттардың күш-жігері елдің Негізгі заңының барлық конституциялық айқындамаларда қамтылған жасампаз әлеуетінің жүзеге асырылуы төңірегінде шоғырлануы тиіс. Заңнаманы жетілдіру процесінде және құқық қолдану қызметі барысында Конституцияның үстемдік принциптерін және төменгі деңгейдегі актілердің жоғары деңгейдегі актілердің нормаларына сәйкестігін бұлжытпай сақтау қажет» деп еліміздін құқық жүйесінің дамуының негізгі принципі бектіліген болатын[1]. Ал тұжырымдаманың негізгі идеясы Конституция қоғамдағы өзгерістерге сай дамуы және өзгеріп отырған құқық жүйенің тиімді әрекет етуі арқылы құқықтық тәртіптін сақталуына негіз болуын жобалап отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларының тиімді әрекет етуі сапалы заңнаманың қалыптасу мен Конституциялық Кеңестін ресми талқылауларын қабылдау арқылы мүмкін болып отыр.


Конституциялық нормалардын тиімділігі тұрақты көрсеткіш емес. Конституцияның нормаларының тиімділігінің көрсеткіші әлеуметтік жағдайлардын өзгеруімен байланысты. Қолайлы жағдайлар қалыптасқанда конституция нормаларының тиімділігі артып, ал қоғамның дамуында қолайсыз жағдайлар болған жағдайда конституцияның әрекет ету тиімділігі төмендейді. Құқықтық әдебиеттерде конституциялық нормалардын тиімділігі оның жүзеге асырылуы арқылы ғана мүмкін. Конституциялық нормалардын жүзеге асырылу нысандары ретінде пайдалану, орындау, сақтау және қолдануды атауға болады[2, 128]. Конституциялық нормалардын пайдалануы кезінде субъектілер конституциялық нормалармен рұқсат еткен әрекеттерді ғана жүзеге асыра алады. Негізінен конституцияның нормаларының пайдалануы субъектілердін бастамасымен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Конституцияның тиімді әрекет етуі конституциялық тәжірибеде әр-түрлі нысандар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Орындау – конституция нормаларының орындалу нысаны ретінде Конституция нормаларымен тікелей бекітіледі және бұл нормалар құқық субъектілерміндеттемелер мен әрекет ету нұсқауларын орындауға бағыттайды. Конституциялық нормаларын сақтау конституция нормаларын қолдану нысаны ретінде субъектілерді құқықтық тыим салу шектерімен әрекет ету міндеттерін жүктейді. Қолдану конституциялық нормаларды жүзеге асырылу нысаны ретінде нормада бекіткен субъектілермен ғана және арнайы процедуралардын сақталуы арқылы қамтамасыз етіледі.

Конституцияның тиімді әрекет етуін қамтамасыз етудін бірінші нысаны -конституциялық реформалар немесе өзгерістер жүргізу.Мемлекетердін конституциялық тәжірибесінде конституциялық реформалар әр-түрлі негіздерде және кезендерде жүргізіліп отырады. Қазақстан Республикасының қалыптасу кезеңдерінде де конституциялық өзгерістер өзіндік ерекшеліктерге ие болды.



Аталмыш Конституция тәуелсіз егеменді мемлекет ретінде Қазақстанның қалыптасуына өз үлесін қосқан болатын. 1993 жылға Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздін жаңа форматағы органдарының қалыптасуына, экономикалық және әлеуметтік процесстердін дамуының басымды бағыттарын бекіткен болатын. Конституциялық нормалардын тиімділігінің төмен болуы 1995 жылы 30 тамызда егеменді Қазақстанның жаңа конституциясын қабылдауға себеп болды. 1995 жылы қабылдаған конституция алдынға конституциядан көптеген нормаларымен және құрылымымен ерекшеленді. Жаңа қабылданған конституция нормасына сай мемлекеттін басқару нысаны, билік тармақтарының арасындағы қарым-қатынас, мемлекет басшысының мәртебесі, парламенттін қалыптасуы сияқты маңызды мәселелр елеулі өзгерістерге ұшырап, қоғамдағы демократия институттарының даму талаптарына сай келтірілді. Демкоратия мен Қазақстан мемлекеттілігінің негізгі принциптерін бекіте отырып Конституция, дегенмен, мазмұнын дамып өзгеріп отырған қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында өзгерту жүргізуге ашық болып келеді. Қоғамның саяси жүйесінің дамуы 1998, 2007 және 2017 жылдары Қазақстан конституциясына елеулі өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасының конституциясына енгізілген өзгерістер мемлекеттілігіміздін дамуының әр кезенінде конституциялық нормалардын тиімділігін арттыруға бағытталған болатын.

Конституцияның тиімді әрекетін қамтамасыз етудін екінші нысаны – Конституция нормаларын ресми талқылау. Конституция нормаларына талқылау жасау норманы қолдану кезінде жасалынатын «интерпретация» кезінде жалпы конституцияның идеясына, құқық принциптеріне келтіретін қайшылықтарды болдырмау мақсатында жүргізіледі. Конституциялық Кеңестің ең сындарлы өкілеттіктерінің бірі - Конституцияны ресми түсіндіру құқығы, ол Қазақстанның бүкіл құқықтық жүйесі үшін маңызды теориялық және практикалық мәні бар. Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген нормалар Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне ресми түсіндіру айрықша құқығы бекітілген[3]. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы конституциялық заңы Конституциялық Кеңестін мемлекеттiк орган ретiнде мәртебесін «Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi:1) өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде дербес және мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсiз, Республика Конституциясына ғана бағынады әрi саяси және өзге себептердi негiзге ала алмайды» деген мазмұнда бекіткен[4].


Конституцияның тиімді әрекетін қамтамасыз етудін үшінші нысаны – конституциялық бақылауды жүзеге асыру.

1995 жылғы Конституцияға сай Қазақстан Республикасында конституциялық бақылаудың жаңа моделі – Конституциялық Кеңес белгіленген болатын. Қазақстан Республикасы Конституциясының алтыншы тарауы Республикадағы конституциялық бақылауды бекітуші іргелі шарттардан құралған. Конституциялық Кеңес – сот жүйесіне кірмейтін, Республика Конституциясының Негізгі Заң ретінде Қазақстанның бүкіл аумағында үстемдік құруын қамтамасыз ететін дербес мемлекеттік орган. Бұл мемлекеттік органның басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының Республиканың бүкіл аумағында үстемдігін қамтамасыз ету.

Мемлекет құрылысы тарихында конституциялық бақылаудың пайда болуы конституциялардың өмірге келуімен, олардың іске асырылуын және қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігімен үздіксіз байланысты болып келеді. ХХ ғасырдың басына дейін ол Еуропа үшін бейтаныс болатын. Қазіргі дәуірде ол әмбебап сипатқа ие болды. Конституциялық бақылау – қазіргі түрінде биліктің бөлінуі жүйесінде маңызды элемент болып табылады.

Конституциялық іс жүргізуді қозғау және материалдарды қарауға дайындау тәртібі, өтініштерді отырыстарда қарау, шешімдер қабылдау тәртібі және өзге де мәселелер Конституциялық Кеңестің қаулысымен бекітілген Регламентпен реттеледі. Оның құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 29-желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заңы, Республика Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Регламенті саналады.

Конституциялық бақылау институты – мемлекеттегі демократияның аса маңызды институты. Конституциялық бақылаудын тиімді әрекет етуі ата заңымыздын сақталуын қамтамасыз етеді, конституциялық тұрақтылық пен конституциялық нормалардын тиімділігін жоғарлатады. Осы тұрғыдан алғанда Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының үстемдігін бақылау және қадағалау арқылы құқық жүйесінінің сапалы болуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады деуге болады.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мемлекет пен қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыруға негіз салып, еліміздін құқық жұйесінің барлық элементтерін қамти отыра қызметін атқарады десе болады. Ол:

- қабылданатын заңның ҚР Конституциясына сәйкестігін тексеру арқылы заң шығарушылық қызметке тікелей араласуынан;

- жалпы ұлттық құқықтық саясат тұжырымдамасына қатысты мемлекеттік билік органдарымен ынтымақтастық орнату арқылы ортақ шешім қабылдаудың негізінде, құқықтық сана мен идеологияның қалыптасуына тікелей атсалысуынан;

- жекелеген мәселелерге қатысты ғылыми ортадан ғалымдарды тарту арқылы тәжірибе мен теорияның ұштасуына ықпал етуінен және өзге де жағдайлардан көрініс табады.

Жалпы мемлекетте нормативтік актілердін конституциялық сипатта болуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған Конституциялық Кеңестін Конституция нормаларына талқылау жасау бойынша белсенділігі еліміздін құқық жүйесінің дамуы мен құқыққолданудын тиімділігін арттырады. Сол себептен де 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының конституциясына енгізілген өзгерістер конституциялық бақылау институтының мәртебесі жоғарлатып, Конституцияның қолданылу тиімділігін арттыруға бағытталған болатын.

Қорыта келе жұмыста жасалынған талдаулар конституциялық нормалардын тиімділігі тек мазмұнымен ғана қамамасыз етілмей, сонымен қатар олардын қолдануы мен қоғамның даму денгейңне сай келуі керек. Сол себептен де конституциялық нормалардын тиімділігінің көрсеткіші ретінде сандық және сапалық көрсеткіштер негізге алынып, конституциялық нормалардын қажеттілігі мен нақты қоғамдық қатынастарға әсер ету денгейін айтуға болады.

1 Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 858 Жарлығымен бекітілген.//adilet.zan.kz/kaz/docs/U090000858_



2 Авакьян С.А. Конституционное право России: Учебный курс. – В 2 т. Т.1 – М.: Юристъ, 2005. – 719 с.

3 Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды(өзгерістер мен толықтырулармен бірге)// adilet.zan.kz

4 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы конституциялық заңы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 29 желтоқсан// adilet.zan.kz




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет