Конкурс «Тілдердің үштұғырлығы»



жүктеу 55.42 Kb.
Дата30.12.2017
өлшемі55.42 Kb.
түріКонкурс

Жастардың шешендік өнерге арналған

«Еркін дауыс» атты

үштілді конкурсын өткізу туралы

Ереже



  1. Жалпы ереже

1.1. Осы Ереже жастардың шешендік өнерге арналған «Еркін дауыс» атты үштілді конкурсын ұйымдастырып, өткізу шарттарын нақтылайды (бұдан әрі – Конкурс).

1.2. Конкурс «Тілдердің үштұғырлығы» республикалық мәдени жоба, «Алаш» ұлттық-демократиялық қозғалысының 100 жылдығы және «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында өткізіледі.

1.3. Конкурс құрылтайшылары – ШҚО Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ.

1.5. Конкурсты ұйымдастырушы – А.С.Пушкин кітапханасының Америка бұрышы.



2. Конкурстың мақсаты және міндеті:

2.1. Қазақстандық тілдердің үштұғырлығы идеясын жүзеге асыру мотивациясын көтеру: қазақ тілін дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

2.2. Қазақстандық жастарды патриотизм және ұлттық ынтымақ рухында тәрбиелеу.

2.3. Қазақ әдебиетін насихаттау, кітап оқуға тарту, Қазақстанның тарихи-әдеби мұрасын зерттеуге деген ынта мен қызығуды дамыту.

2.4. Көпшілік алдында үш тілде сөйлеу машығын жетілдіру, шешендік өнер насихаты.


3. Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі:

3.1. Конкурсқа дер кезінде өтініш берген 9-11сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттері қатыса алады (әр оқу орнынан үш қатысушыдан артық емес).

3.2. Конкурсқа қатысушыларға үш тілде «Еркін дауыс. Сұлтанмахмұт Торайғыров» тақырыбында ауызша сөз сөйлеу ұсынылады (кез келген иллюстрацияны қолдануға болады: презентация, PowerPoint-та бейнежазба т.б.). Үштілділікті әртүрлі әдіспен ұсынуға болады, мысалы: қазақ тілінде шығармадан үзінді оқу, орыс тілінде С.Торайғыров өмірінен қызықты деректер келтіру, қорытынды – ағылшын тілінде. Немесе орыс тілінде шығармадан үзінді оқу, қазақ тілінде С.Торайғыров өмірінен қызықты деректер келтіру, қорытынды – ағылшын тілінде. Сондай-ақ, қатысушы өз қалауына қарай нұсқаны таңдай алады.

3.3. Хабарлама ұзақтығы – бес минут. Сөйлеген соң сұрақтарға жауап беруге 1-2 мин. беріледі. Сұрақты қазылар алқасының мүшесі, көрермендер немесе Конкурсқа қатысушылар қоюы мүмкін.

3.4. Конкурсты өткізу үшін Ұйымдастыру комитеті бекітіледі. Олардың құқығы:

- өтініштерді қабылдау және өңдеу;

- белгіленген мерзімнен кешіккен өтініштер қаралмайды;

- үштілді шешендік өнерді бағалайтын қазылар алқасы құрамын анықтау, осы Ереженің №2 Қосымшасында көрсетілген бағалау өлшеміне сәйкес;

- Конкурс өткізу кезеңінде жұмыстар ұйымдастыру;

- Конкурсқа ақпараттық қолдау беру;

- Конкурс қорытындысын шығару;

- бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын материалдарды әзірлеу.

3.5. Конкурсқа қатысуға қойылатын шарттар:

- өтініш толтыру (Қосымша №1) және оны 2017 ж. 5 мамырына дейін ұйымдастыру комитетінің басшысы Марина Михайловна Максимованың электронды адресіне maxi_mar@mail.ru жіберу керек. Хат мәтінінде – «Еркін дауыс» шешендік өнер конкурсына деп көрсету:

Байланыс телефоны: 8 705 318 0950.

- өзімен бірге сөйлейтін сөздің мәтіні болуы керек (баспа және электронды нұсқада);

- өзі туралы деректермен танысу және өңдеуге келісімді жазбаша ұсыну қажет;
4. Конкурс қорытындысын шығару:
4.1. Конкурс 2017 ж. 12 мамырда сағ. 15.00-де А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының мәжіліс залында өткізіледі (Қазақстан көшесі, 102).

4.2. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлер жас шамасына қарай екі топ бойынша анықталады: 13-16 жас, 17-22 жас, жинаған баллдарына қарай (Қосымша № 2).

4.3. Конкурс Құрылтайшысы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді конкурс қорытындысы бойынша I, II, III дәрежелі диплом, грамоталармен марапаттайды.

4.4. Конкурс Құрылтайшысы Конкурсқа қатысушыларды әзірлеген педагогтарды Алғыс хатпен марапаттайды.



Қосымша 1
«Еркін дауыс» конкурсына қатысуға өтініш беру





Конкурсқа қатысушы

ның аты-жөні, тегі



Туған жылы және сынып/

курсы


мектеп № немесе колледж /ВУЗ атауы, факультетін көрсету

Байланыс телефоны және эл. адресі

Мұғалімнің аты-жөні, тегі және байланыс тел.(оқушылар үшін)



Қосымша 2

Конкурсқа қатысушылардың сөйлеген сөзін бағалау критерийі



Шешендік сөз мазмұны (баллдың жоғарғы көрсеткіші – 15)


Тақырып, стиль, жанрға сәйкестік және регламент сақтау

Сөз сөйлеу - тақырып, таңдаған стилі мен жанрына сәйкес; сөйлеу ұзақтығы бес минуттан аспайды

5

Логикалық-композициялық ұйымдастыру:

ұсынылған композицияның тұтастығы



Сөз сөйлеу - композициялық ресімделуі (мәтін құрылымы, құрамдас бөлімдерінің орналасуы – кіріспе, негізгі бөлімі және қорытынды – оның мазмұны және мақсатымен шартталған), құрылымдық тәртібі және логикасымен сипатталған.

5

Тақырыптың толық ашылуы, тұтастығы, дәлелді болуы, ой тереңдігі және аудитория қойған сұрақтарға жауаптың сәйкестігі

Сөз сөйлеу - тақырыптың толық ашылуы, идеясының ерекшелігі, қорытындылары, бағалармен сипатталады, жаңашылдығы және тартымдылығымен ерекшеленеді.

5


Шешендік шеберлік (баллдың жоғарғы көрсеткіші – 6)


Жеке аспект

Сөз сөйлеу- шешеннің рухани байлығын көрсетуімен; сөзінің нақтылығы (аудиториямен байланыс), әртістік шеберлігі және ақпарат ұсыну ерекшелігімен сипатталады.

3

Вербалды емес байланыс құралдарын пайдалану

Сөз сөйлеу байланыс түрлерін орынды пайдаланумен сипатталады: ым-ишарат, қимыл-қозғалыс, эмоционалдық көңіл-күй, кіріспе мен қорытындының әсерлі болуы

3


Тілдік ресімдеу (баллдың жоғарғы көрсеткіші – 9)

Сөйлеуді лексикалық ресімдеу



Сөз сөйлеуде жарқын, мәнерлі, лексикаға бай тіл көрінеді (метафора, эпитет, идиома, шешендік өнер т.б.); Лексикалық қателіктер болған жоқ

3

Сөйлеуді грамматикалық ресімдеу

Сөздің грамматикалық құрылымының әртүрлі болуы, грамматикалық қателіктің болмауы.

3

Сөйлеуді фонетикалық ресімдеу

Сөз дұрыс фонетика мен интонация, тыныс алу, сөз екпіні және дауыс деңгейі, екпін және дауыс ырғағымен сипатталады.

3


Шешендік сөз өнері баллының жоғарғы көрсеткіші - 30



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет