Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыров желіде тараған аудиожазбаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынды

Осыған дейін Нұрлан Сабыров пен ресейлік журналист Тина Канделакидің телефон арқылы сөйлескен аудиожазбасы тараған. Әзілкеш бұл аудожазбаның фейк екенін айтты

"Тинамен телефон арқылы сөйлескен жоқпын. Бұл – фейк. Қолдауларыңызға рахмет. Баршаңызға тыныштық пен бейбітшілік тілеймін. Қазақстан, алға!" – деп жазды Сабыров желідегі парақшасында.

Бұған дейін ресейлік журналист Тина Канделаки Telegram-арнасына жазба жариялап, “Қазақстан орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр" деп айыптаған еді. 

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Канделакиға Қазақстанға кіруге рұқсат етілмейтінін айтты. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.