Конкурс туралы хабарландыру «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы»



жүктеу 121.04 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі121.04 Kb.
түріКонкурс


«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 090000, Орал қаласы, Досмұхамедов көшесі, 45, 311 бөлме, анықтама үшін телефон 8(7112) 504617, е-mail: turizm-sport09@mail.ru.


  1. Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің экономикалық жұмыс жөніндегі бас маманы («D-О-4» санаты, № 05-13)

     «D-О-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83 353 (min) теңгеден 112 376 (max) теңгеге дейiн.

 Функционалдық мiндеттерi:

Облыс аумағын дамыту бағдарламасының «Бюджеттік бағдарламалар» бөлігін әзірлеуге қатысу, инвестициялық жобалар бағдарламасына, спорт ғимараттарының желісін дамыту бағдарламасына ұсыныстар және олардың экономикалық негіздемелерін дайындау. Басқарманың бюджеттік бағдарламасын әзірлеу, жүзеге асырылу барысы туралы есеп беру. Мемлекеттік-жеке серіктестік жобасын консультативтік сүйемелдеуге бюджеттік өтінімді дайындау, ұсыну. Басқарманың бюджеттік бағдарламалары бойынша және басқармаға қарасты ұйымдардың бюджет жобасын жоспарлау және белгіленген мерзімде тиісті органдарға тапсыру. Басқарманың штат кестесін және басқармаға қарасты ұйымдардың штат кестелерін, тарификациялық тізімдерін тексеріп, бекітуге ұсыну. Бағдарламалар мен ерекшеліктер тұрғысынан бюджет қаржыларының шығын сметаларына өзгерістер енгізу. Басқарманың қаржы-экономикалық қызметіне экономикалық талдау жасау. «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арқылы басқарманың электрондық қаржылық құжаттарының қозғалысын қамтамасыз ету. Келісім-шарттарды тіркеуге өтінімдерді беру, төлем шоттарды әзірлеу.



Білімі мен мамандығы бойынша қойылатын талаптар:

Жоғары білімді: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы.



Құзыреттер бойынша қойылатын талаптар:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық,  әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Жұмыс тәжіребесіне қойылатын талаптар:

Мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым (D-О-4 санаты бойынша) төменгі болуына сәйкес, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.




  1. Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спортты дамыту бөлімінің бас маманы («D-О-4» санаты, № 03-06)

     «D-О-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83 353 (min) теңгеден 112 376 (max) теңгеге дейiн.



Функционалдық мiндеттерi: Облыста бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамыту. Облыста аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерінен облыстық, республикалық және халықаралық спорттық шараларын ұйымдастыру және өткізу. Облыста дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады. Білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолдану. Спорт түрлерін дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіру, саланың өзекті проблемаларының шешімін табуға қатысты мәселелер бойынша аудандар мен Орал қаласы әкімдіктерімен өзара әрекет ету. Облыстық деңгейде бұқаралық және спорт түрлерінен спорттық шараларды өткізу жұмыстарын жүргізу. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіру. Спорт түрлерінен спорттық шаралардың айлық, тоқсандық, жылдық жоспарларын дайындау. Дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген нысанда және мерзімінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынады. Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Білімі мен мамандығы бойынша қойылатын талаптар:

Жоғары білімді: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару); Құқық (құқықтану); Білім (дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық).



Құзыреттер бойынша қойылатын талаптар:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық,  әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Жұмыс тәжіребесіне қойылатын талаптар:

Мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазымдардың (D-О-4) санаты бойынша төменгі болуына сәйкес, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.


Жалпы конкурсқа қатысу үшін құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш(конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны қосымша тіркелді);

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiктiзiмі(конкурсқа қатысу үшін қызметтік тізімнің нысаны қосымша тіркелді);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.


Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында әңгімелесуден өтеді.


Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларындан жерлерге, сондай-ақ оның интернет ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негiзiнде жүргiзiледi.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан


__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.


Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________________________________________

Мекен жайы және байланыстелефоны__________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

ФОТО


(түрлі түсті/ цветное,

3х4)

I. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР


ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

____________________________

тегi, аты, әкесiнiңаты (болған жағдайда)/


фамилия, имя, отчество (при наличии)
________________________

(лауазымы/должность, санаты/ категория

болған жағдайда/ при наличии)


ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

Туылған күні және жері/
Дата и место рождения




Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)






Оқуорнынбiтiргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




Шетел тiлдерiн бiлуi/

Владение иностранными языками






Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда)/

Государственные награды, почетные звания(при наличии)






Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi (болған жағдайда)/
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)







ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/

должность, место работы, местонахождение организации



қабылданған/ приема

босатылған/ увольнения




























________________ ______________

Кандидаттың қолы күні/дата



Подпись кандидата




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет