Конкурс туралы хабарландыру Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты мм, 070019



жүктеу 179.23 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі179.23 Kb.
түріКонкурс



Бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға өткізілетін азаматтар арасында жалпы конкурс туралы хабарландыру


Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ, 070019,

Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17-үй, 208 кабинет,

анықтама телефоны/факс: 8 (7232) –26-90-79,

электрондық пошта мекен-жайыe.berdybekova@akimvko.gov.kz.

келесі бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды:


  1. E-R-4 санаты – «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік сатып алу және құқықпен қамтамасыз ету секторының бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге теңгеге дейін - 1 бірлік.

Жұмысының функционалдық бағыттары: Конкурстық құжаттамаларды дайындау. Мемлекеттік сатып алу конкурстарын ұйымдастыру. Конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін және мемлекеттік сатып алулардың қортындыларын шығарғаннан кейін мердігер ұйымдармен ҚМЖ өндірістігіне, жабдықтаушы қызметтерінің инжиниринг қызметтерін көрсетуі, авторлық қадағалау қызметтерін және қосымша келісім-шарттарды құрастыру. Құрылыс ұйымдарының келісім-шарттық міндеттемелерінің орында-луын қамтамасыз етуді, мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарттарының орындалуын іске асыру. Қаулылардың жобаларын және басқа да қала әкімдігінің қарауындағы сұрақтар бойынша нормативті-құқықтық актілерді өңдеу. Құрылыс бөлімінің мүддесін сот атқару билігі органдарында ұсыну. Ағымдағы жылға мемлекеттік сатып алудың қаржыландыру жоспарын құру. Күнделікті хаттармен, бөлімнің қызметіне қатысты сұрақтармен жұмыс. Құрылыс-монтаждық жұмыстарына рұқсат беру үшін құжаттарды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға, «Құқық», «Техникалық ғылым және технология» немесе «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы) бөлімдерінің мамандықтары бойынша рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білімі бар болған жағдайда жұмыс тәжірибесі қажет емес.


  1. E-R-4 санаты – «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Көріктендіру және автомобиль жолдары секторының бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге теңгеге дейін - 1 бірлік.

Жұмысының функционалдық бағыттары: Өскемен қаласының сыртқы абаттандыру объектілері мен автомобиль жолдарын сақтау және пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру; жаңа және күрделі құрылыс объектілерінің жобалық-сметалық құжаттамаларын жасау үшін шығыс деректерін жинау; орындалатын жұмыстардың мерзімдеріне, көлемдеріне және сапасына бақылауды жүзеге асыру, орындалған жұмыстардың құжаттарда толық және сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету, егер объект бойынша техникалық қадағалау жеке шартпен қарастырылмаса, мердігер ұйымдар тартылатын, жетекшілік ететін объектілер бойынша орындалған жұмыстардың актілерін қабылдау және олардың нақтылығына жауап беру; жетекшілік ететін мәселелер бойынша Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасының мониторингі бойынша мониторинг жүргізу, бағалау және есептілікті ұсыну; іс жүзінде орындалғандарды есепке ала отырып, көрсеткіштерді түзету бойынша ұсыныстар, Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы бойынша мәліметтердің жоғары тұрған органдармен келісілуін қамтамасыз ету; нақты көрсеткіштер бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептілікті дайындауға қатысу; нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісімдерді ресімдеу және келісу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; келісімнің қосымшаларына сәйкес ақпарат, аралық және қорытынды есептерді ұсыну; облыс және қала әкімдері шешімдерінің (өкімдерінің, қаулыларының) орындалуына бақылауды жүзеге асыру, оларды бақылаудан алу бойынша ақпаратты уақытында ұсыну, Өскемен қаласының әкімі бекіткен жұмыс регламентіне сәйкес азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жауаптарды дайындау; қаражаттар бөлу үшін бюджеттік өтінімдерді, конкурстық рәсімдерді өткізу үшін техникалық ерекшеліктерді дайындау; жетекшілік ететін объектілер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша комиссияларға қатысу; салынған және қайта жаңартылған объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша жұмыс комиссияларына қатысу; қаланы абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, санитарлық күтіп ұстау мәселелері бойынша мәслихат сессиясы мен әкімдіктер алқасының қарауына материалдарды дайындау; қызметтік хаттарға жауаптар дайындау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары келесі бөлімдер мамандары бойынша «Техникалық ғылым және технология» (машина жасау; көлік, көліктік техника және технология; электр энергетикасы; құрылыс; көлік құрылысы), немесе «Қызметтер» (тасымалдауды, жүрісті ұйымдастыру және көлікті пайдалану; кадастр), немесе мамандар бойынша «автомобиль жолдары», «өндіріс және азаматтық құрылыс», мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі, келесі мамандар тобынан «металлургия» (металлургия және машина жасау), немесе «геодезия и картография» (геодезия и картография), немесе «электр энергетикасы» (энергетика; электрмен жабдықтау (салалар бойынша); электр энергетикасы (салалар бойынша), немесе «құрылыс», «көлік құрылысы» (ғимараттар мен имараттар құрылысы және пайдалану; құрылыс және коммуналдық шаруашылық; қалалық жол қатынастары құрылысы және пайдалану; автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану; көпірлер мен көліктік тоннелдер), немесе «тасымалдауды, жүрісті ұйымдастыру және көлікті пайдалану» (тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білімі бар болған жағдайда жұмыс тәжірибесі қажет емес.


  1. E-R-4 санаты – «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Коммуналдық шаруашылық секторының бас маманы (негізгі жұмыскердің уақытша жұмысқа жарамсыздық кезеңіне), лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге теңгеге дейін - 1 бірлік.

Жұмысының функционалдық бағыттары: Жылу энергиясы, телекоммуникациялар, электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру бойынша қызметтерді жеткізуші ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасау, нормативтерге сәйкес тиісті сападағы және мөлшердегі жылу тасымалдағыштардың берілуін бақылау, қала тұрғындарын және бюджеттік ұйымдарды жылу энергиясымен, электр энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етудің барлық мәселелерін қарау; жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау объектілерін қайта жаңарту, салу, одан әрі дамыту бойынша инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; шұғыл басқаруға тапсырылған иесіз электр желілерінің пайдаланылуын қамтамасыз ету; тұрғындардан және бюджеттік ұйымдардан жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау қызметтері үшін қаражаттардың келіп түсуін бақылау; жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау мәселелері бойынша өкімдердің, шешімдердің, қаулылардың жобаларын, анықтама-ақпараттық материалдарды дайындау; шұғыл шешімді талап ететін жеке және заңды тұлғалардың ауызша өтініштерін қарау; қалалық объектілердің жылу беру маусымындағы жұмысқа дайындығын бақылау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау мәселелері бойынша қаулылардың, шешімдердің, өкімдердің жобаларын дайындау; орындалған жұмыстардың құжаттарда толық және сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету (орындалған жұмыстардың актілерін қабылдау). Жетекшілік ететін мәселелер бойынша Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасының мониторингі бойынша мониторинг жүргізу, есепті ұсыну және бағалау. Іс жүзінде орындалғандарды есепке ала отырып, көрсеткіштерді түзету бойынша ұсыныстар енгізу, Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы бойынша мәліметтердің жоғары тұрған органдармен келісңлуін қамтамасыз ету. Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу және бөлімнің бюджеттік қаражаттарын басқару тиімділігін бағалау бойынша, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеп дайындау. Нысаналы трансферттар жөніндегі нәтижелер туралы келісімді ресімдеу және келісу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; келісімнің қосымшаларына сәйкес ақпаратты, аралық және қорытынды есептерді ұсыну; қызметтік хаттарды және азаматтардың өтініштерін қарау. Қаражаттар бөлу үшін бюджеттік өтінімдерді дайындау. Конкурстық рәсімдерді өткізу үшін техникалық ерекшеліктерді дайындау. Жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау объектілерін салу барысына бақылауды жүзеге асыру. Салынған және қайта жаңартылған жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау объектілерін пайдаланушы ұйымдардың балансына тапсыру үшін құжаттарды дайындау және келісу. Жетекшілік ететін объектілер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша комиссияларға қатысады. Салынған және қайта жаңартылған объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша жұмыс комиссияларына қатысады. Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары келесі бөлімдер мамандары бойынша «Техникалық ғылым және технология» (жылу энергетикасы; электр энергетикасы; құрылыс; инженерлік жүйелер мен желілер), немесе «Әлеуметтік ғылым және бизнес» (экономика), немесе мамандар бойынша «жылыту-газбен жабдықтау және желдету», «сумен жабдықтау, суды бұру және су ресурстарын қорғау»; «жол құрылыс машиналары және жабдықтары», мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі, келесі мамандар тобынан «электр энергетикасы», «жылу энергетикасы» (энергетика; электрмен жабдықтау (салалар бойынша); электр энергетикасы (салалар бойынша); жылу электр станцияларының жылу-энергетикалық, жылыту қондырғылары; жылу-техникалық жабдығы және жылумен жабдықтау жүйесі; электрлі және электр-механикалық жабдықты техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу), немесе «құрылыс» (сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту имараты; құрылыс және коммуналдық шаруашылық; ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйені монтаждау және пайдалану; газбен жабдықтау жүйесі мен жабдығын монтаждау және пайдалану; магистралдық локалды және желілік құбыр өткізгіштерін монтаждау), немесе «экономика» (экономика (салалар бойынша), бағалау (салалар және қолдану салалары бойынша).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


  1. E-R-4 санаты – «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Әлеуметтік-экономикалық даму және фискалды саясат секторының бас маманы (негізгі жұмыскердің бала күтімі демалысы кезеңіне байланысты), лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге теңгеге дейін - 1 бірлік.

Жұмысының функционалдық бағыттары: Инвестиция бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын орындауға талдау. Қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне, экономиканың секторына талдау мен мониторинг өткізу. Қаланың әлеуметтік-экономикалық төлқұжатын құру. Қаланың ірі мен орта кәсіпорындарында орта айлық еңбекақы төлеміне мониторинг. Инновационалдық өнімнің көлеміне талдау жүргізумен қаланың кәсіпорындарына инновационалдық дамуға мониторинг. Қала кәсіпорындарын жергілікті, өңірлік, республикалық отандық тауар өндірушілердің көрмелеріне қатысуға тарту. Аумақты дамыту Бағдарламасына түзету мен өзіне қарасты салалар бойынша іс-шаралар жоспарымен жұмыс. Өзіне қарасты салалар бойынша іс-шаралар жоспары мен Аумақты дамыту бағдарламасы бойынша есепті дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің, қызметтік құжатайналым, өтініш берушілерге жауап дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» бөлімінің (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит, мемлекеттік аудит, әлемдік экономика) мамандықтары бойынша жоғары, «экономика», «қаржы», «мемлекеттік және жергілікті басқару», «есеп және аудит», «мемлекеттік аудит», «әлемдік экономика» бөлімінің: экономика (салалары бойынша), қаржы (салалары бойынша), есеп және аудит (салалары бойынша), бухгалтер, бухгалетр-ревизор (аудитор), экономист-бухгалтер, қаржы жұмыстары бойынша экономист, статистика, салық ісі, менеджмент (салалары бойынша) мамандықтары тобының мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

2) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

3) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші;

  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

  3. бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;


  1. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  4. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  5. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілеттіорганның ресми сайтында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.Құжаттар мына мекен-жай бойынша: Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17, «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ, 208-кабинет, e-mail: e.berdybekova@akimvko.gov.kzқабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер 3 жұмыс күні ішінде «Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ-де әңгімелесуден өтеді.

Жұмыстың айқындылығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссиясының отырысына қадағалаушылар шақырылады.Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары және барлық деңгейдегі мәслихат өкілдері, ақпарат құралдар өкілдері, аккредиттік тәртіпте,Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте, басқа мемлекеттік органдар,біріккен қоғамдық (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдар және саяси партиялар, уәкілеттік органдардың қызметкерлері конкурстық комиссиясы отырысының қадағалаушылары ретінде қатыса алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының2-қосымшасы

Нысан
__________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш
     

Мені___________________________________________________________


____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»




_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)







_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы(болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттік наградалары, құрметтіатақтары(болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені(болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі(болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігін жыл сайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттік әкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕКЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения












_____________________


Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________


күні/дата



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет