Конкурс туралы хабарландыру Таскала ауданы әкімінің аппараты



жүктеу 37.79 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі37.79 Kb.
түріКонкурс

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру
Таскала ауданы әкімінің аппараты
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Тасқала ауданы әкімінің аппараты, 091000, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23, 203 бөлме, анықтама телефоны: 8 (71139), 21-4-39, эл.мекенжай: personal_taskala@mail.ru, бірыңғай конкурстық комиссия құрылған Тасқала ауданының бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына бос орындарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) сәйкес жүргізіледі.
1. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас маманы, E-4 санаты, лауазым индексі №01-08, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейiн.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу; Конкурстық, тәртіптік, комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; Қызметшілердің және жеке істерін, еңбек кітапшаларын толтырылуын қамтамасыз ету; ҚР азаматтарын әскери есепке алу; Мемлекеттік наградаға ұсыну материалдарын дайындау.

Е-4 санаты үшін:

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- нысан бойынша жазылған өтініш (конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны қосымша тіркелді);

- тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесуге басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған Тасқала ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

2-қосымшасы
Нысан

 

______________­­­­­­________________________



______________­­­­­­________________________

______________­­­­­­________________________

(мемлекеттiк орган)
Өтініш

Мен __________________________________________________________________

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________


Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

 

__________                   ____________________________________


(қолы)                         (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

«____»_______________ 20__ ж.



Орындаушы: Т.Д. Бегалиева; Айы-күні: 13.02.2018 ж.; Құжат «Е-қызмет» жүйесінде дайындалған


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет