Конкурс туралы хабарландыру



жүктеу 138.43 Kb.
Дата11.11.2018
өлшемі138.43 Kb.
түріКонкурс





«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс туралы хабарландыру
Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-O-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалы, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



Санат

Қызмет еткен жылдарына қарай




min

max

D-O-4


195895

255514



«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, № 1 ғимарат, 3-қабат, 336 б кабинет, анықтама телефондары 8 (7292) 311910, тел/факс: 421271, e-mail: k.tasmaganbe-tova@mangystau.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс жариялайды:
1. Кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы-заңгер D-O-4 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Құрылтай құжаттарды әзірлеу, оларға өзгерістер енгізу және оларды әділет аумақтық органында тіркеу. Құқықтық құжаттардың кейбір түрлерінің нотариалдық куәлігін қамтамасыз ету. Басқарманың құқықтық актілерін (бұйрықтар) дайындау. Облыс әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын дайындауға қатысу. Басқарма басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер және басқа құқықтық сипаттағы құжаттардың заңнамаға сәйкестігін тексеру, жауапты қызметкерлердің құжаттар жобасын келісу кезеңдерін тексеру, құжаттар жобасына қол қою. Жеке және заңды тұлғаларды Басқарма мәселелері бойынша нормативтік актілерді, бұйрықтарды, шешімдерді және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындау. Басқарманың құқықтық мектебінің жұмысын ұйымдастыру. Есептік-тіркеу тәртібін бақылау жөніндегі комиссия жұмысын ұйымдастыру. Басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен, облыс аудандары мен қалаларының тиісті органдарымен және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен құқықтық мәселелер жөнінде заңнамалық кеңес беру жұмыстарын жүргізу. Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары мен белгіленген іс-әрекеттерді жасаудан бас тарту жөніндегі қабылданған шектеулерді және қызметтік этиканы сақтау. Мүдделердің дау-шарларын реттеуді бақылау. Облыс әкімдігінің және облыстық мәслихаттың нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын әзірлеуге қатысу. Облыс әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау. Тексерушілер қорытындыларының процессуалдық әрекеттердің, құқықтық негізділігін және дұрыстығын сақтауын құқықтық бақылау мақсатында, бақылау-тексеру органдарының жүргізетін тексерулері кезінде басқарманың мүддесіне өкілдік ету. Бақылау-тексеру органдарының лауазымдық тұлғаларының басқармаға дұрыс емес тартылған әкімшілік жаза немесе заңнаманы бұзу туралы хабарлама жасау әрекеттеріне шағым жасау, қарсылық ету. Бухгалтерлік (қаржылық) қызметке кәсіпорын және мекемеге келтірілген материалдық залалдың орнын өтеу, басқарма қызметкерлеріне материалдық залалдарды өтеуді жүктеу кезінде заңнамамен қарастырылған тәртіп пен кепілдікті сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарына құқықтық көмек көрсету. Басқарма қызметкерлеріне басқарма қызметін жүзеге асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістері туралы уақытылы жеткізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық: (құқықтану).

2. Бюджеттік жоспарлау бөлімінің облыс бюджетін жинақтау жөніндегі бас (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша 22.04.2019 жылғы дейін демалыста болу кезеңіне) маманы, D-O-4 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Бірыңғай бюджеттік сыныптама бойынша бекітілген облыс бюджеті жөнінде материалдар әзірлеу. Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес облыстық бюджеттің мәселелері бойынша облыстық мәслихатқа материалдар дайындау. Облыстық бюджет және аудандар мен қалалардың бюджеті бөлігінде еңбекақы қоры туралы ақпарат дайындап, белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігіне ұсыну. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша жергілікті бюджет шығыстарының лимиттерін қалыптастыруға қатысу. Басқарманың бюджеттік жоспарлау функцияларымен облыс бюджетінің жобасы бойынша есептік деректерді жиынтықтау. Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес, облыстық бюджетті қаржыландырудың жылдық жоспарын жасау. Бюджеттік кредиттеуді жоспарлауды және талдауды жүзеге асыру. Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кредиттеу өлшемдеріне сәйкестігіне қарау. Басшылықтың нұсқауы бойынша аудандар мен қалалардың және облыс бюджетінің жергілікті бюджеті игерілуін сипаттайтын анықтамалар, кестелік және басқа да материалдар дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, экономика, әлемдік экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

  3. бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге болады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нің және мемлекеттік қызметі істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Маңғыстау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-не құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не k.tasmaganbe-tova@mangystau.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда, тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпыі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нде өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысымен келісу бойынша конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.


Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына орналасуға

конкурс өткізу қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан


_________________________________

(мемлекеттік орган)


Өтініш

Мені_________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

_____________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны ____________________________________________

_____________________________________________________________________________


__________ _______________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«____»_______________ 20__ жыл





 

"Б" корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 




"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты /
фамилия, имя, отчество

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)



3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения



4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками



6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ




Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения










___________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет