Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: д-о-4 санаты үшін: Жоғары білім



жүктеу 158.22 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі158.22 Kb.
түріКонкурс

Б» корпусының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Д-О-4 санаты үшін: Жоғары білім.

Келесі құзыреттер болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;*

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.*


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-О-4

83 282

112 431


Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты 160023, Шымкент қ., Нұрсәт ш/а, Астана даңғылы, ӘІО ғимараты «В» корпусы, 302 бөлме. Анықтама үшін сымтетік: 24-71-74, эл. почта d.egizbaev@ontustik.gov.kz
1. Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының денсаулық сақтау және мәдениет бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Денсаулық сақтау және мәдениет саласында мемлекеттік (жергілікті) бюджет саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Аудандық және қалалық әкімдіктерді, бюджеттік бағдарлама әкімшілерін және басқа да құрылымдарды тарту арқылы, экономиканың денсаулық сақтау және мәдентиет салаласының дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, денсаулық сақтау және мәдениет саласы бойынша шығыстарды, экономикалық негізделген жоспарлаудың негізінде алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетінің жобасын жасауға, облыстық бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарлама жоспарының жобасын дайындауға қатысады. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджет шығыстарының лимитін және даму бағдарламасының көрсеткіштерін қалыптастыруға қатысады және бюджет шығыстарының лимитін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жеткізуді жүзеге асырады. Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетке, республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда облыстың бюджеттік комиссиясының қарауына материалдарды дайындауға қатысады. Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша, бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына материалдарды ұсынуға қатысады. Бюджет жобасын әзірлеу барысында бюджет қаржыларын тиімді жоспарлау бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізуді, бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады, бағалау нәтижесі бойынша қорытынды дайындайды. Денсаулық сақтау және мәдениет саласы бойынша басқа да есептердің мониторингін жүргізеді. Құжаттардың, іс-қағаздардың дұрыс жүргізілуіне тұрақты түрде бақылауды және бақылауға алынған тапсырмалар мен орталықтандырылған тапсырмаларының орындалуын жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары).
2. Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының экономикалық даму бөлімінің бас маманы (негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс уақытында), Д-О-4 санаты, 1 бірлік:
Функционалдық міндеттері: Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге қатысу; облыс экономикасының негізгі салаларын дамытудың басымды бағыттарына талдау жасауға қатысу; шағын және моноқалаларды, дамыту бойынша жұмыстарын үйлестіру; облыс әкімдігінің мәжілістері мен отырыстарына, ақпараттық материалдар дайындау және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы бойынша бөлім басшысына есеп беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары).
3. Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маман-бухгалтері, Д-О-4 санаты, 1 бірлік:
Функционалдық міндеттері: Қабылдаған операциялардың көрсетілуі есеп саясатына сәйкестігін; есептік кезең ішінде активтер мен міндеттемелер бағасының өзгермеуін; жүзеге асырылатын барлық операциялар есепті кезеңдегі есепте көрсетілуінің; есепті кезеңде кірістер мен шығыстардың жатқызылуы дұрыстығын; әр айдың басындағы синтетикалық есеп шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтардың талдамалы есебі деректерінің теңдігін қамтамасыз етеді.

Басқарманың мұқтажына қажетті жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы жүргізеді, қызметшілердің жалақысын, іс-сапар шығындарын және материалдық құндылықтарға есеп жүргізеді, тоқсан сайын атқарылған жұмысы бойынша бөлім басшысына есеп береді.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит мамандықтары).
4. Оңтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы құжаттандыруды қамтамасыз ету, жұмыстарды ұйымдастыру және заң қызметі бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттардың орындалуын қадағалау. Басқарманың құрылымдық бөлімдеріне құқықтық құжаттарды дайындау мен ресімделуіне және талаптарды қайтару жауаптарын негізді дайындауда әдістемелік көмек көрсету. Басқарманың ережесін Заңға сәйкес әзірленуін ұйымдастыру. Басқарманың қызметінде қолданыстағы заңдардың сақталуын және іс-жүзінде қолданылуына талдау жүргізу, құқықтық оқытуды ұйымдастыру, белгіленген тәртіпте сотта және басқа да мекемелерде басқарма қызметінің заңдылығын қарау барысында мемлекеттік орган мүддесіне өкілдік ету. Мемлекеттік орган атынан құзіретіне қатысты құқықтық мәселелер бойынша түсініктеме беру. Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын құруды ұйымдастыру. Тексеру жүргізген мемлекеттік органдарының нәтижелері бойынша түзілген анықтамалар мен актілерге монитооринг жүргізуді ұйымдастыру. Облыс әкімінің және басқарма басшысының тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарауды ұйымдастыру. Қолданыстағы заңнамада және басқарманың Ережесінде қаралған функциялардың, сонымен қатар Басқарма басшысы айқындайтын басқа да функциялардың орындалуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (юриспруденция, құқықтану), білім (құқық және экономика негіздері, орыс тілі және әдебиеті, қазақ тілі және әдебиеті).
5. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы құрылыс және техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Денсаулық сақтау санитарлық автокөліктерді қолданудың, медициналық ұйымдарда материалдық - техникалық базасының мониторинг жасау, құрал-жабдықтарды сатып алу жөніндегі төлем тапсырмаларын орындау, дайындау, жеткізіп беру мониторингін жүргізу, жабдықтарды сатып алу кезінде қаржы процедурасын жүргізуге қатысу; Басқармаға қарасты медициналық ұйымдарды медициналық құрал-жабдықтармен, телефонмен және автокөліктермін қамтамасыз ету жөнінде жұмыстар жүргізу және денсаулық сақтау жүйесіне біріңғай ақпараттық (ЕИСЗ) жүйеге қалыптастыру жөнінде жұмыстар жүргізу; Медициналық техниканың бар болуы туралы есепті түзу, облыстың медициналық ұйымдарындағы медициналық техниканы паспорттау; Медициналық құрал-жабдықтарды, автокөлікті қолданудың, сатып алудың заңдылықтарын сақтауын бақылау; Медициналық құрал-жабдықтарды, санитарлық автокөлікті қолдану жөніндегі жұмыстарын үйлестіру; Басқармаға қарасты медициналық ұйымдардағы медициналық құрал-жабдықтарды, санитарлық автокөліктерді теңгерімнен теңгерімге беру жұмыстарын жүргізу; Жаңадан құрылысы салынатын медициналық ұйымдардың жобалау-сметалық құжаттамаларындағы медициналық құрал-жабдықтармен келісу жұмыстарын жүргізу; Төтенше жағдайдың алдын алу шараларына қатысты жұмыстарды жүргізу; Денсаулық сақтау басқармасының оперативтік кеңестеріне ақпарат дайындау; Ісқағаздарын жүргізу, жоспарлар жасау, атқарылған жұмыстар туралы есеп түзу; Ведомстволық қарасты ұйымдарға кеңес беру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарды және конструкциялау өндіру, жылу энергетика, электроэнергетика, инженерлік, медициналық, заңгерлік және экономикалық, информатика, бухгалтерлік мамандықтары бойынша.
6. Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының әкімшілік-заң жұмысы бөлімінің бас маман- заңгері, Д-О-4 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беру, ҚР Президенті Жарлықтары, Үкімет қаулылары мен өкімдері, облыс әкімі шешімдері мен өкімдері, облыс әкімдігі қаулыларын орындау. Басқарманың негізгі функционалдық қызметтері бойынша облыс әкімдігінің қаулылары мен шешімдерінің жобасын жасауға қатысу. Мемлекеттік сатып алулар бойынша өткізілген конкурстарға қойылған талап-арыздар мен ұсынымдар бойынша жұмыс жасау, экономикалық сот процестеріне қатысу. Құқықтық маңызы бар құжаттарды дайындауға қатысу және әзірлеу. Басқарманың құрылымдық бөлімдеріне құқық жұмыстары бойынша құқықтық құжаттарды дайындау мен ресімделуіне және талаптарды қайтару жауаптарын негізді дайындауда әдістемелік көмек көрсету. Лауазымды тұлғалар мен басқарма қызметкерлерінің қызметтеріне қарасты қолданыстағы заң актілері мен оларға енгізілген өзгерістер туралы таныстырып, хабардар ету. Басқарма қызметінде заңдылықтардың сақталуын бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқықтану.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).



Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________


______________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА

НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»


_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)


ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)


_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)





ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения





2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)





3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения





4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)





5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками





6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)





7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)





8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)





ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема


босатылған/
увольнения














_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата


_______________
күні/дата





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет