Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар



жүктеу 97.21 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі97.21 Kb.
түріКонкурс

Ақжайық ауданы әкімі аппараты: 090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 70 үй, 29 бөлме, анықтама телефоны: 8 (71136) 91-8-23, эл.мекенжай: akimakzhaik@inbox.ru, бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің кадрлармен жұмыс жөніндегі бас маманы «E–4»*** санаты, индексі 04-02, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейін.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі, ауылдық округ әкімі аппараттарына және бөлімдерге қызметкерлерді бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес конкурстық таңдаумен қабылдауды ұйымдастыру. Персоналды пайдалану үрдісін талдау, кадрлардың кәсіби деңгейін көтерудің шараларын жасақтау және оларды бақылауға алу. Аудан әкімі аппаратының конкурстық, бағалау және аттестациялық комиссияларының құжаттарын жүргізу. Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін, еңбек кітапшаларын, қызметтік тізімдерін және басқа да қажетті кадрлық құжаттарды жүргізу. Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тәлімгерлік, тағылымдамадан өту құжаттарын жүргізу. «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жұмыстарды жүргізу. Аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің, ауылдық округі әкімдері мен бөлім басшыларының әскери есебін жүргізу жұмыстарымен айналысу. Аудан әкімі аппараты басшысының жеке құрам жөніндегі бұйрықтарын дайындау және тіркеу. Мемлекеттік наградаға ұсыну құжаттарын дайындау және жолдау.

E–4*** мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

*** Ескерту: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


2. Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы уақытына) E-G-4 санаты, индекс 19-02, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру және №1 ОЛ нысанды статистикалық есепті жүргізу. Ауылдық округ әкімінің азаматтарды жеке мәселері бойынша қабылдануын ұйымдастыру. Ауылдық округ әкімі аппаратының құжаттар, іс-қағаздар айналымын жүзеге асыру, орындалуын бақылау.Жергілікті салық жинауды ұйымдастырып, орындалуын қадағалау. Жергілікті қауымдастықтың жиыны мен қоғамдастық жиналыстарын өткізуді ұйымдастыру. Тұрғындар және ауыл әкімі жанындағы комиссия отырысы жиынының хаттамаларын әзірлеу және түскен ұсыныс-пікірлерді талдап, орындалуын қадағалау. Қоғамдық ұйымдармен жұмыс. Өзінің функционалдық міндеттері бағытында Үкімет, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларының және басқа да тапсырмаларының орындау. Әлеуметтік сала бойынша жұмыстарды үйлестіру және қадағалау. (Мүгедектермен, кедейшілікпен күрес т.б.) Жұмыссыздар есебін жүргізу, ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.
3. Қабыршақты ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы уақытына) E-G-4 санаты, индекс 27-02, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру және №1 ОЛ нысанды статистикалық есепті жүргізу. Ауылдық округ әкімінің азаматтарды жеке мәселері бойынша қабылдануын ұйымдастыру. Ауылдық округ әкімі аппаратының құжаттар, іс-қағаздар айналымын жүзеге асыру, орындалуын бақылау.Жергілікті салық жинауды ұйымдастырып, орындалуын қадағалау.Жергілікті қауымдастықтың жиыны мен қоғамдастық жиналыстарын өткізуді ұйымдастыру. Тұрғындар және ауыл әкімі жанындағы комиссия отырысы жиынының хаттамаларын әзірлеу және түскен ұсыныс-пікірлерді талдап, орындалуын қадағалау. Қоғамдық ұйымдармен жұмыс. Әлеуметтік сала бойынша жұмыстарды үйлестіру және қадағалау. (Мүгедектермен, кедейшілікпен күрес т.б.) Жұмыссыздар есебін жүргізу, ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.Ауылдық әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге қатысу. Ауылдық округтегі кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік, аумақтық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету; Кәсіпкерлік субьектілерін несиелендіру мәселелері бойынша жұмыстану; Ауылшаруашылығы кешенін дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру және жүзеге асыру; Ауылдық округ әкімінің құзіреті шегіндегі жер қатынастарын реттеу, шаруа қожалықтарын үйлестіріп отыру.Ауылдық округі аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс шараларын белгілеу туралы шешімдерді әзірлеу, Ауылдық округі аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдерді әзірлеу. Мал бағымы жұмыстарын ұйымдастыру. Өзінің функционалдық міндеттері бағытында Үкімет, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларының және басқа да тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.
4. Сарытоғай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (есепші) E-G-4 санаты, индекс 32-04, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламаларын әзірлеп, ұсыну. Ауылдық округ әкімі аппаратының жылдық шығыс жобасын әзірлеу және бекітуге ұсыну. Ауылдық округ әкімі аппаратындағы бухгалтерлік есептерді жүргізу. «Бюджет кодексі», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау. Бекітілген кесте бойынша уақытылы қызметкерлердің еңбек ақыларын есептеу, төлеу. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақытылы аудару. Ауылдық округ аппараты бойынша жанар-жағар майдың материалдық есебін жүргізу. Инвентаризация жүргізу. Қаржының мақсаты және тиімді жұмсалуын қадағалау. Төлемдер жөніндегі шарттардың талаптарын орындалуын жүзеге асыру. Бағдарламалар бойынша шығыстар төлемінің төлем құжаттарын дайындау. Бюджеттік шоттар бойынша ақша қозғалысын есепке алу және операцияны көрсету. Бюджеттік шоттағы ақша қалдығын № 4-20 нысанымен салыстыру. Қазынашылық-Клиент бағдарламалары кешендерін дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарын арнайы веб-порталға орналастыру жұмыстарымен айналысу. Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақша түсімдер мен шығыстарының жоспарын жасақтау. Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және коммуналдық мүлікті жалға беру жұмыстарын ұйымдастыру. Кіріс көздерін қалыптастыру. Өзінің функционалдық міндеттері бағытында Үкімет, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларының және басқа да тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.
5. Құрайлысай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (есепші) E-G-4 санаты, индекс 29-04, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламаларын әзірлеп, ұсыну. Ауылдық округ әкімі аппаратының жылдық шығыс жобасын әзірлеу және бекітуге ұсыну. Ауылдық округ әкімі аппаратындағы бухгалтерлік есептерді жүргізу. «Бюджет кодексі», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау. Бекітілген кесте бойынша уақытылы қызметкерлердің еңбек ақыларын есептеу, төлеу. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақытылы аудару. Ауылдық округ аппараты бойынша жанар-жағар майдың материалдық есебін жүргізу. Инвентаризация жүргізу. Қаржының мақсаты және тиімді жұмсалуын қадағалау. Төлемдер жөніндегі шарттардың талаптарын орындалуын жүзеге асыру. Бағдарламалар бойынша шығыстар төлемінің төлем құжаттарын дайындау. Бюджеттік шоттар бойынша ақша қозғалысын есепке алу және операцияны көрсету. Бюджеттік шоттағы ақша қалдығын № 4-20 нысанымен салыстыру. Қазынашылық-Клиент бағдарламалары кешендерін дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарын арнайы веб-порталға орналастыру жұмыстарымен айналысу. Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақша түсімдер мен шығыстарының жоспарын жасақтау. Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және коммуналдық мүлікті жалға беру жұмыстарын ұйымдастыру. Кіріс көздерін қалыптастыру. Өзінің функционалдық міндеттері бағытында Үкімет, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларының және басқа да тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.

E-G-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс.   

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;


      2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
       3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
       4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
     5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
      8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.


Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Егер де азамат еңбек етпеген болса және конкурс жарияланып отырған бос лауазымға еңбек өтілі талап етілмесе, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін тапсыру талап етілмейді.

Білімі туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында алған азаматтар («Болашақ» бағдарламасының түлектерінен басқа) білімі туралы құжаттарын тану немесе нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.

Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Ақжайық ауданы әкімі аппаратында өтеді.



Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет