Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер



жүктеу 0.62 Mb.
бет1/5
Дата08.05.2018
өлшемі0.62 Mb.
түріКонкурс
  1   2   3   4   5







Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің

Аэроғарыш комитеті Төрағасының

2017 жылғы 12 қыркүйектегі

№ 76/нқ бұйрығымен бекітілген




2018-2020 жылдарға арналған

бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру

шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізуге

конкурстық құжаттама



  1. Жалпы ережелер

Осы конкурстық құжаттама салалық уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасы шеңберінде 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысуға рұқсат етілетін өтінім нысандарына талаптарды бекіту мақсатында әзірлеген.

2. Конкурс «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес жарияланған.

3. Конкурс «Қазақстан-2050» стратегиясын, мемлекет Басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын және басқа стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыруға бағытталған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар (қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша өткізіледі.

4. 2018-2020 жылдарға арналған ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру конкурсының мақсаты ғарыш саласының стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған ғылыми зерттеулерді ынталандыру және қолдау көрсету болып табылады.

5. Салалық уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті.

6. Зерттеулер түрі - қолданбалы ғылыми зерттеулер.

7. Үш жылдық кезеңге арналған барлық қаржыландыру көлемі - 2 130 млн. теңге, оның ішінде 2018 жылға - 708 млн. теңге, 2019 жылға – 711 млн. теңге, 2020 жылға – 711 млн. теңге. «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енген жағдайда, көрсетілген қаржыландыру көлемдеріне заңнамамен белгіленген тәртіпте өзгерістер енгізілуі мүмкін.





  1. Басым және мамандандырылған ғылыми бағыттардың атауы




Басым ғылыми бағыттар

Мамандандырылған ғылыми бағыттары

Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер

3. Ғарыштық технологиялар;

3.1 Ғарыштық және геодинамикалық үрдістерге, табиғи ресурстарға мониторинг жүргізу және болжау мен Жерді қашықтықтан зондтау.

3.2 Ғарыштық техника және жерүсті-ғарыштық инфрақұрылым үшін аппараттық-бағдарламалық қаражаттарды және аспаптарды әзірлеу технологиялары.

3.3 Алыс және жақын ғарышты зерттеулердің ғылыми және тәжірибелік базасын дамыту.





  1. Конкурстық өтінім нысанына қойылатын талаптар

2. Конкурсқа қатысу үшін өтінім:

а) осы конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасында ұсынылған нысан бойынша құрылуы тиіс;

б) Нөмірленуі тиіс. Конкурсқа қатысу үшін парақтарды нөмірлеу толассыз және оң жақтағы төменгі бұрышқа қаламсаппен қойылуы тиіс. Өзінің жеке нөмірі бар қонкурсқа қатысу өтінімінің құжаттарын нөмірлеу кезінде, нөмірді қаламсаппен сыртқы бетінің сол жақ бұрышына қою ұсынылады;

в) қағаз пломбамен тігілуі және бекітілуі тиіс, онда тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, өтінім берушінің сенімді өкілі қол қояды, белгіленген тәртіп бойынша дөңгелек мөрмен (заңды тұлғалар үшін) немесе жеке тұлғаның қолымен бекітіледі. Конкурсқа қатысушы құжаттарға факсимильді қол қоюға рұқсат етілмейді;

г) екі данада ұсынылады, бұл ретте, әрбір дана қағаз және электрондық нұсқада (тасымалдаушыда) болуы тиіс;

д) әлеуетті орындаушы Өтінімді конвертке жапсырады, оның сыртқы бетінде:

1) әлеуетті орындаушының толық атауы және почталық мекен-жайы (ашылмаған Өтінімді қайтару мақсатымен, егер ол «кешіккен» болып хабарланса);

2) салалық уәкілеттік органның толық атауы және почталық мекен-жайы;

3) келесі мазмұндағы мәтін: «2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің кеңсесіне жіберілсін. Ашуға болмайды».

ж) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасының 10-тармағының талаптарына сәйкес жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі - ЖТН) болуы:

1) ЖТН алу үшін конкурс жарияланған кезден бастап тапсырыс беруші өтінім қабылдайтын соңғы мерзімге дейін конкурсқа қатысушылар «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» (бұдан әрі - Орталық) интернет-ресурсында: is.ncste.kz өтінімнің электрондық нұсқасын салып Орталықтың ақпараттық жүйесінде тіркейді;

2) ЖТН Орталықтың ақпараттық жүйесінде тіркелгеннен кейін өтінімнің қағаз нұсқасының бірінше бетінде жазылады.

2. Өтінімдер тапсырыс пошта байланысы арқылы мына адрес бойынша ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті, «Мәңгілік Ел» даңғылы 8, 12-кіреберіс, №349 кабинет, Конкурс жарияланған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.

3. Өтінімде авторлық және (немесе) өтінім берушінің басқа да құқықтарына болашақта зиян келтіретін, коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат болмауы тиіс.

4. Өтінімнің мазмұны келесі бөлімдерді қосу керек:

- жалпы ақпарат;

- бағдарламаның сипаттамасы;

- зерттеу әдістері және этикалық мәселелер;

- бағдарламаны жоспарлау және басқару;

- зерттеу тобы;

- зерттеу ортасы;

- күтілетін нәтижелер;

- библиография;

- қосымшалар.

5. Салалық уәкілетті органмен ұсынылу мерзімі өткеннен соң алынған барлық Өтінімдер ашылмайды және оларды ұсынған әлеуетті орындаушыларға Өтініммен бірге ұсынылған конверттерде көрсетілген пошталық мекен-жай бойынша немесе жеке әлеуетті орындаушылардың уәкілетті өкілдеріне алу туралы қол қойғызып қайтарылады.

6. Әлеуетті орындаушылар ұсынған Өтінімдер нөмір беріліп, Өтінім қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетіліп тиісті журналда тіркеледі.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған соң, салалық уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

1) Өтінімдер бар конвертті ашады;

2) құжаттардың болу тізімдеуін жүзеге асырады;

3) конверттерді ашу хаттамасын жасайды;

4) сараптама орталығына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін жолдайды.



Осы талаптарға жауап бермейтін қонкурсқа қатысу өтінімдері, конкурстық комиссия тарапынан конкурсқа қатысуға жіберілмейді.



  1. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінім

ұсынылатын тіл
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінім мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады. Бұл ретте, аударманың дұрыстығына толық жауапкершілікті әлеуетті орындаушы жауапты болады.



  1. Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру




  1. Ұйымдастырушының атына пошта арқылы жіберілген конкурсқа қатысу өтінімі бар конверттің өз уақытында келіп түсуіне өтінімді жіберген Конкурс қатысушысы жауап береді.

  2. Конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген конкурсқа қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі аяқталған соң Ұйымдастырушының атына келіп түскен өтінім кешіктірілген деп саналады және Ұйымдастырушы тарапынан қабылданбайды.

  3. Талаптарға сәйкес келмейтін келесі Өтінімдер кері қайтарылады:

а) ЖТН жоқ өтінімдер;

ә) осы конкурстық құжаттама талаптарына мазмұны мен ресімделуі сәйкес келмейтін өтінімдер;

б) қажетті құжаттар толық күйде ұсынылмаған өтінімдер;

в) конкурсқа қатысушының өтінімдерінде мыналардың болмауы:

- ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу туралы куәлік;

- ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға


лицензия .

«Байқоңыр» ғарыш айлағының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін қосымша:

- қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге мемлекеттік лицензиясы (лицензияланған қызмет түрлерінің тізбесі бойынша: табиғатты қорғау жобалары, шаруашылық және басқа да қызметтің 1-санатына арналған нормалау);




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет