Конкурстық құжаттама Мәртөк ауданы бойынша жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын



жүктеу 57.17 Kb.
Дата22.10.2017
өлшемі57.17 Kb.
түріКонкурс

«БЕКІТЕМІН»

Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығы

бөлімінің басшысы
___________ Ш. Саринов

«29» наурыз 2017 жылы



Конкурстық құжаттама

Мәртөк ауданы бойынша жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын

және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде
I. Кіріспе
1. Осы конкурстық құжаттама конкурсты өткізу тәртібі жөнінде толық ақпарат беру мақсатында әзірленді.

2. Конкурс проводится жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелері бекітіп берілетін тұлғаларды анықтау мақсатында өткізіледі.


ІІ. Конкурсты өткізу тәртібі
3. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурсты өткiзу тәртібі мен конкурс қатысушыларына қойылатын біліктілік талаптарын ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.03.2015 жылғы № 18-04/245 бұйрығында көрсетілген.

4. Конкурсқа қойылатын балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелері:






Су айдынының атауы

Бекітіп беру мерзімі

Балық шаруашылығын жүргізу мақсаты

Балықтандырудың түрі және көлемі

1

Казанка - 1 тоғаны Мәртөк ауданы

10 жыл

КТБШ

карп - 3200

ақ амур - 800

2

Казанка - 2 тоғаны Мәртөк ауданы

10 жыл

КТБШ

карп - 4800

ақ амур - 1200

3

Қаратау-2 тоғаны Мәртөк ауданы

10 жыл

КТБШ

карп - 2400

4

Қарашай тоғаны Мәртөк ауданы

10 жыл

КТБШ

карп - 2600
5. Конкурс ұйымдастырушысы «Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ.

6. Конкурстық құжаттама пакетін 30.03.2017 ж бастап 13.04.2017 ж сағат 1800 ге дейін /жұмыс уақыты кезінде/ Мәртөк ауылы Сейфуллин көш, 38, № 8 каб, тел: 8 /71331/ 21844, 21695 мекен-жайы бойынша алуға және конкурстық өтінімдерді тапсыруға болады.

7. Конкурстық өтінімдері бар конверттер 14.04.2017 жылы сағат1100 де ашылады.

8. Өтінім тігілген күйінде, нөмірленген беттерімен беріледі және соңғы беті қол қою арқылы және мөрмен куәландырылады (бар болғанда).

9. Жеке немесе заңды тұлғалар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес әрбір мәлімделетін балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жеке конкурстық өтінім дайындап, оны хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша:

1) қатысушының толық атауы мен мекенжайы (егер ол кешіккен болып танылса, конкурстық өтінімді ашылмаған күйінде қайтару мақсатында);

2) Конкурсты ұйымдастырушының мекенжайы;

3) «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс» деген сөздер көрсетілген мөр басылған конвертте ұсынады.

10. Конкурстық өтінім тіркелген сәттен бастап өтінім берген тұлға Конкурсқа қатысушы болады.
IІI. Конкурстық өтінімге және конкурс қатысушыларына қойылатын талаптары
11. Конкурстық өтінім қамтуы тиіс:

1) осы конкурстық құжаттамаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі Конкурсқа қатысуға арналған өтініш (түпнұсқа);

2) өтінім берушінің Конкурсқа қатысушыларға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

жеке тұлғалар үшін - ҚР азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаты, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқық беретін құжаттар (көшірмесі);

заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік (көшірмесі);

3) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.03.2015 жылғы № 18-04/287 бұйрығымен бекітілген үлгі нысан бойынша өтінім берушінің басшысы бекіткен әрбір су айдыны және (немесе) учаскесі бойынша 3 жылға арналған балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспары (түпнұсқа);

4) Заңның 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мыналарды жүзеге асыру үшін сервитут беру туралы өтінім берушінің басшысы қол қойған жазбаша міндеттемені (түпнұсқа):

бақылау үшін аулауды - ведомствоға және (немесе) оның аумақтық бөлімшесіне;

ғылыми-зерттеу үшін аулауды - жеке немесе заңды тұлғаларға;

әуесқойлық (спорттық) балық аулауды - жеке тұлғаларға сервитут ұсыну туралы жазбаша міндеттемені (түпнұсқасы).

12. Өтінімге қосымша келесі құжаттар тіркеледі:

1) ғылыми ұсыныстар негізінде КТБШ құру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу жөнінде 3 жылдан аспайтын мерзімге арналған аумақтық бөлімшемен келісімделген және өтінім берушінің басшысы бекіткен балық шаруашылығын дамыту жоспары (түпнұсқа);

2) мелиорациялық жұмыстардың жүргізілуі туралы анықтама (түпнұсқа);

3) балық шаруашылығы саласында маманның болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарты мен дипломның көшірмелері).

14. Өсімін молайту іс-шараларына (балықтандыруға) қаржы қаражатын салу туралы мәліметтерді аумақтық бөлімше береді (бұдан бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері) бекітіп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін).

15. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1) салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;

Конкурс ұйымдастырушысы салық төлеушінің берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

2) Балық шаруашылығын дамыту жоспарлары бойынша осының алдындағы жылдар үшін берешектің болмауы.

16. Осы 15-тармақта көрсетілген біліктілік талаптарынан басқа, Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:

1) балық шаруашылығы саласында маманның болуы;

2) меншік құқығымен балық өсіру-мелиоративтік техниканың болуы.


Мәртөк ауданы бойынша

балық шаруашылығы су айдындарын

және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде

конкурстық құжаттамаға қосымша


Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтініш

______________________________________________________ (су айдындары, учаскелері)

бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі Конкурсқа қатысуға рұқсат етуді сұраймын.

1. Өтінім беруші туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, деректемелері, мекенжайы, БСН, ЖСН) __________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2._____________________________________________________________ мақсатында.

(кәсіптік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, балық өсіру)

3. ________________ облысы әкімдігінің 20____жылғы «__»______ № ___ қаулысына және _______________ жергілікті атқарушы органмен жасалған 20__ жылғы «__» _________ № ___ балық шаруашылығын жүргізу шартына сәйкес бұдан бұрын бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі _____________________________________

4. Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі _________

Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру ______ жыл.

5. Берiлген ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теріс мәліметтер берілгені үшiн жауаптылықтан хабардармын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.


Берілген күні 20____ жылғы «____»___________________
Өтінім беруші _____________________________________

(Т.А.Ә. немесе ұйымның атауы)



М.О. (болған жағдайда) қолы __________________






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет