Конкурсты ұйымдастыратын «Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы» кмм. Ең үздік жұмыстар «Тәуелсіздік Қазақстан: бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы»



жүктеу 18.05 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі18.05 Kb.
түріКонкурс

«Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы»

шығармашылық жұмыстар конкурсын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ
Конкурсты ұйымдастыратын «Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы» КММ.

Ең үздік жұмыстар «Тәуелсіздік Қазақстан: бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» көрмеге қойылады.



Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:

  • таланттарды анықтау және қолдау, ҚР территориясында тұрып жатқан халықтарының тарихы мен дәстүрлеріне қызығушылықты жоғарлату;

  • қала және Қостанай облысының тұрғындарын ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған шараларға қатыстыру.


Қатысу шарттары.

Конкурс келесі жас санаттары бойынша өткізіледі:



  • мектеп жасына дейінгі балалар, бастауыш мектеп жастағы балалар – 5-11 жас,

  • оқушылар, студенттер – 12-17 жас,

  • ересектер – 17 жасынан бастап.

Шығармашылық жұмыстар келесі номинациялар бойынша қабылданады:

  1. «Мен Тәуелсіздік Қазақстанды бейнелеймін» (А3 форматтағы суреттер)

  2. «Тәуелсіздіктің бейнелері» (кәдесыйлар, макеттер қатты түпқоймада болу керек, өлшемі – 45х45 см, 40х40 см, 31х48 см, биіктігі ерікті)

  3. «Бірлігімен бірікке отбасында» (сәндік-қолданбалы өнер)


Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Әр жұмыста аталуы, автордың тегі, толық есімі, жасы, оқу орны, байланыс

телефондары, сонымен бірге ұстаздың аты-жөні жазылған ілеспе мәтіні болу керек.
Конкурстың ұйымдастырылуы.

Жұмыстар 2016 жылдың 10 қарашадан бастап 20 қарашаға дейін Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында, келесі мекен – жайы бойынша қабылданады: Мир көш., 32 (МҮ ғимараты, кіру оңтүстік жағынан). Конкурстың бір және бірнеше номинацияға қатысуға болады. Конкурсқа жеке немес топпен (5 адамнан көп емес) қатысуға болады.

Көрмеге қойылатын жұмыстарды Конкурстық комиссия 2016 жылдың 22 қарашасында іріктеп алады. Іріктеу комиссиядан өтпеген жұмыстар авторларға қайтарылады.

Жеңімпаздар Конкурстық комиссиясының дауыс беру нәтижесі бойынша 2016 жылдың 12 желтоқсанында анықталады және марапатталады.



Іріктеу комиссиядан өткен қатысушылар грамоталармен, ал әр жас санаттағы жеңімпаздар жүлделермен марапатталады. Үздік жұмыстар музей сайтында және Facebook парақшасында орналастырылады.
Сұрақатар үшін телефон: 87143338926


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет