17 қаңтарда Шымкенттегі бірнеше құрылыс дүкенін өрт шарпыды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Шымкент ТЖД

Өрт тұтанғаны туралы ақпарат төтенше жағдайлар департаментіне түнгі 01:15 шамасында түскен. 

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің ақпараты бойынша, "Евролюкс", "Гармония", "Марморит", "Медина" құрылыс дүкендері мен Әйтеке би көшесіндегі қойма өртенген.

"Қызыл жалын 1300 шаршы метр аумақты шарпыған. Ал ғимараттың жалпы аумағы – 1400 шаршы метр. Департамент оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", – делінген Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Өрт түтіні Шымкенттегі көптеген құрылыс дүкендері орналасқан Ескі қала көшесінен бірнеше шақырым жерден көрініпті. Куәгерлердің сөзінше, ешкім зардап шекпеген. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.