Павлодарда бастауыш сынып оқушылары арасында болған жаппай төбелес салдарынан 4-сынып оқушысы ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 13 наурызда мектептің жанында болған. 4-сынып оқушылары (2011, 2012, 2013 және 2014 жылы туған) арасында жанжал болып, салдарынан балалардың бірі бас жарақатымен ауруханаға жеткізілген. 

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің қатысуымен мінез-құлқы мектеп профилактикалық кеңесінде қаралды.

  • Балалардың мойнына ысқырық пен аты жазылған бейджикті таққан: Алматы облысында оқушылар қабырғалары сөгілген мектепте оқиды
  • "Онсыз да жазамды алдым": Ақтөбе облысында оқушыларды жарысқа өз көлігімен апарып, жол апатына ұшыраған мұғалімге сот үкімі шықты

Полицейлер кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін оның қасақана әрекет жасауына әкеп соққан барлық ата-аналарды жауапкершілікке тартты.

Материалдар шешім шығару үшін сотқа жіберілді.

Осы баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

Айта кетейік, бұған дейін  Алматы мектептерінің бірінің оқушысы белгісіз әлдебір қоспаның артық мөлшерінен уланып қалып, есін жоғалтқаны туралы жазған едік. Алматы қалалық білім басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, мектеп оқушысы әлсіздіктен есінен танып қалған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.