Конспекті Білім беру саласы «Таным» «Суды зерттеу»



жүктеу 44.91 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі44.91 Kb.
түріКонспект

Павлодар қаласының әкімдігі

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының №50 сәбилер бақшасы»

мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

Қалалық интернет-фестивалі

«Қоршаған айналамен таныстыру» сабағының конспекті

Білім беру саласы «Таным»

«Суды зерттеу»

Құрастырған: Г.М. Калиева

Павлодар қаласы 2013ж.

Қоршаған айналамен таныстыру сабағы

Естияр тобы

Білім беру саласы: «Таным».
Такырыбы: «Суды зерттеу» (эксперименттік зертхана).

Максаты: Су туралы мағлұмат беру, тәжірибе жасау аркылы судың қасиеттерімен таныстыру.

Міндеттері: Балалардың су туралы білімдерін, судың адам өміріңдегі рөлі туралы білімдерін молайту, тәжірибе өткізу дағдыларын дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.

Құралдар: су, құм, колбалар, сүт, мұз, ғаламшар, термометр, термос, жайпақ табақ.

Сөздік жүмыс: сұйық, сусымалы.


Мотивациялық қозғаушы кезең

Шаттық шеңбері:

Күндей жарқырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық






-Балалар, табиғат дегеніміз не?

Табиғат дегеніміз бізді қоршаған орта.

-Табиғат қандай болады?

Тірі табиғат және өлі табиғат.

-Тірі табиғатқа және өлі табиғатқа нелер жатады?

Тірі табиғатқа ағаштар, жәндіктер, жануарлар, гүлдер, ал өлі табиғатқа қар, жаңбыр, су, тас жатады.



Ұйымдастырушылық

ізденіс

Негізгі кезең

Рефлексивтік түзету

Жұмбақтар жасыру:

Дәмі де жоқ,түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ

Бұл не? (Су).

Аспаннан домалап

Көп моншақ төгілді

Бұл не? (Жаңбыр).

- Олай болса бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз осы су туралы.

- Балалар, менің қолымда ғаламшар.

- Ғаламшар деген не?

- Ғаламшар - жердің макеті. Шар.

- Ғаламшарды айналдырсақ бір нақ түсті ғана болып көрінеді. Себебі, жер бетінде су өте көп. Сондықтан картада, ғаламшарда суды көк түспен белгілейді. Көк түс - судың түсі. Мұхиттардың, теңіздердің, өзен - көлдердің түсі.

Асанали су және суға қатысты тыйым сөздер туралы айтады:

Сылдыр, сылдыр, сылдыр су,

Сылдыр суға бетіңді жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақ бетің, маңдайын.

Ал енді балалар су туралы мақал-мәтелдер оқиды:

Айсна: Су - тірішілік көзі.

Жазира: Судың да сұрауы бар.

Асанали: Сусыз өмір жоқ.

Альмира: Су тазалықтың досы.

Аянат: Бұлақ көрсең көзін аш.

Диляра: Сумен жер көгерер.

Медина: Су бар жерде өмір бар.

- Балалар, бүгін біз тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысамыз.

1. Судың түсін ажырату және судың түсі қандай болатынын тәжірибе арқылы көреміз.

- Бір стақан суға, шәй қасықты салу. Көріне ме?

- Көрінеді.

- Бір стақан сүтке шәй қасықты салу. Көріне ме?

- Жоқ. Сүттің ішінде көрінбейді.

- Әр балаға суы бар стақан және бояу жағылған таяқшалар береді.

- Бояу жағылған таяқшалар арқылы суды балалар бояйды.

- Балалар, судың түсін өзгертуге бола ма екен?

- Болады.

2. Мына ыдыс - колба. Менде екі колба бар, пішіндері әр түрлі.

- Балалар, бұлардың ішінде су бар.

- Судың пішіні қандай?

- Колбаның пішініндей.

- Дұрыс, суды қандай ыдысқа құйса, сол ыдыстың пішіндей пішінге айналады.

- Су сүйық зат екен.

3. Енді колбаға құм саламын.

- Ол да колбаның пішініндей болды. Сонда құм сұйық зат болғаны ма? Осыны тексеріп көз жеткіземіз.

- Суды жайпақ табаққа төгемін, су жайылып кетті.

Яғни су - сүйық зат.

- Ал, құмды төгейік, ол үйіліп түр. Олай болса, құм сұйық зат емес, сусымалы зат екен. Демек, су мен құм әртүрлі заттар. Құм - сусымалы зат, су – сұйық зат.

4. Тәжірибе. Мұз, жылы су, ыстық су, салқын су.

- Мұзды еріту. Суды ысытуға, мұздатуға және оны ерітуге болатынын көрсету.

- Қайнаған ыстық суы бар шәйнектің қақпағын ашсақ, бу шығады. Бу су тамшыларына айналады.

Балалар, бүгінгі сабақта алған білімдерімізді бекітейік.

Балалар өз ойларын айтып тәжірибелердің қызықты болғанын айтады.

Балалар, сендердің жұмысқа белсенді қатысқандарың үшін алғысымды білдіремін.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: судың сұйық зат екенін біледі.

Меңгеруі: тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгертіп отыратынын менгереді.

Жасай білуі: тәжірибе жасап, бастаған істерін аяғына жеткізе алады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет