Конспектісі «Медициналық биология»

жүктеу 454.38 Kb.
бет1/3
Дата14.05.2019
өлшемі454.38 Kb.
түріКонспект
  1   2   3

ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

044-30/18б-02.1к-7 (1818)

35 беттің беті

«Медициналық биология» пәнінен дәріс конспектісі

Мамандығы: «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Пән: «Медициналық биология»

Курс және оқу

семестрі: І -2

Шымкент - 2014 ж.

КРЕДИТ №1
1) Тақырып: Кіріспе. Тіршіліктің құрылым деңгейлері. Тіршіліктің түпкілікті қасиеттері. Жасушалық құрылым түрлері.

2) Мақсаты: Түсінік беру: 1) медициналық биология және генетика пәні мен міндеттерін; 2) тірі ағзаның негізгі қасиеттері мен ұйымдасу деңгейлеріне; 3) тірі ағзаның жасушалық ұйымдасу типтеріне.

3) Дәрістер тезисі: Биология – тіршілікті зерттейтін ғылым. Тіршілік – жанның денедегі сипаты, өмір сүру формасы. Тіршілік жан иесінің бұл дүниеге еріксіз келіп, еркінен тыс кетуімен аралықтағы белгілі бір уақыт аралығындағы өмірдің атауы. Жалпы тіршілік иелерінің әлемі сан алуандығымен қатар, қайталанбас ерекшелігімен, таңғажайып сұлулығымен, шебер үйлесімімен ерекшеленеді. Жан қозғаушы күш ретінде тіршіліктің мәні, сонымен қатар оның өмір сүруінің шарты, кепілі. Тіршілік жанға уақытша мекен болатын дененің тіршілік ету формасы. Тіршілік ұғымы өмір ұғымының ауқымында, оған қарағанда мағынасы тар ұғым. Себебі өмір ұғымы – жанға байланысты, оның өмір сүру формасы ретінде қолданылса, тіршілік дененің өмір сүру формасын анықтау үшін қолданылады. “Тірі адам тіршілігін жасайды” деген мақал өмірінің мәні жан сақтау ғана болған адам өмірінің сәттерінен хабар береді. “Тіршілігі бар”, “Күйбең тіршілік” деген сөз тіркестері де адамның тіршілікке бейімділігімен қатар, жан қамынан гөрі тән қамын күйттегенін білдіреді. Адам тіршілігінің мәні тіршілікке еріксіз келіп, еркінен тыс кете тұра өлшеулі тіршілікте берілетін жақсы-жаманды ажыратып таңдай алатындай қалау еркінің берілуімен айқындалады. Әйтсе де адам тіршілікте көптеген жағдайларға тәуелді болады, шын мәніндегі рухани еркіндікке қол жеткізу рухани кемелденудің нәтижесінде ғана мүмкін болады.

«Тіршілік» ұғымының анықтамасы өте көп. Филологтар олардың саны орта есеппен бес жүзге жуық деп дәлелдейді. Бұл тек биологиялық термин емес. Философия немесе діни айқындама тұрғысынан да тіршілік анықтамасы өжептөуір көп. Ең дұрыс анықтаманың бірін Фридрих Энгельс былай деп ұсынған: «Тіршілік дегеніміз - нәруыздық денелердің өмір сүру жолы».

Ғылымда күні бүгінге дейін бірде-бір «бейнәруызды тіршілік» формасы табылған жоқ. Тек киялшыл жазушылар шығармасынан ғана «плазмалы адамдар» немесе «кремнийлі кұбыжық» кейпінде кездестіруге болады. Шындығына келсек, тіршілік ететін ағзалардың барлығы жасушалардан тұрады, олардың кұрғак масса кұрамының, 80%-ы нәруыз. Оның үстіне нәруыздардың химиялық құрамы, қасиеттерінің алуан түрлілігінде шек жоқ, сондай-ақ тірі ағзаның әрқайсысында сирек ұшырасады. Олар химиялық ізденістердің қажетті бағытта өтуін қамтамасыз етеді жөне бүл ізденістері жеке жасушаларда да, біртұтас ағзаларда да бақыланады.

4) Иллюстрациялық материал:

Тіршіліктің деңгейлері

5) Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Биология. Оқулық / В.Н.Ярыгина редакциясында,1-2 кітаптар,2004ж.

2. Қазымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Мед.вуздардың студенттеріне арналған оқу құралы, І-ІІ бөлімдер, Астана 2006-2007жж.

3. Медициналық биология және генетика./Е.Ө. Қуандыков редакциясында, Алматы, 2004ж.

4. Е.Ө.Қуандыков, С.А.Әбілаев. Медициналық биология және генетика. Алматы 2006

5. П.Қ.Қызымбет, Л.Аманжолова, Қ.Нұртаева Медициналық биология Алматы 2002

6. Медициналық биология және генетика. Қуандыков Е.Ө. редакциясында, Алматы 2004

Қосымша:

1. Биология. Медициналық оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы ( В.П.Иванов, Л.А. Гребенник , А.И.Кириленко), Курс 2003ж.

2. Пехов А.П. Биология және жалпы генетика. Оқулық Санкт – Петербург. М. Ростов, 2006ж.

3. Медициналық паразитология. Мед. Оқу орындары студенттерге арналған оқу құралы (Е.Н.Барышников,/М,2005)

4. Жалпы биология және жалпы генетика сұрақтары және есептері./Мед. Оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы (Иткес А.В. редакциясында, М,2004).

5. Стамбеков Е.Ж.Генетика. Оқу құралы. Түз. Толық. Новосибирск, 2002

6. Медициналық паразитология. Оқулық / ҚҰМУ: С.Әміреев; А.Жаханов, Құдайберген ұлы. Алматы Кітап,2005

7. Генетика. Оқу құралы / Р.1 Берсімбаев Қ.Қ. Мұхаметжанов, Алматы, Қазақ ұлттық университеті; 2002.

Ағылшынша оқулық:

1.J.H. Postlethwait, J.L.Hopson, R.C. Veres. Biologi. USA – 1991.

2. Biology. Selvam J. – Deli. – 1992

3. Mange E.J. Manje A.P. Basic Human Genetics Second Edition, -1998,

4. T.A.Brown. Genetics a molecular approach. – Charman and Hall, 1990.

6) Бақылау сұрақтары: (кері байланыс)

1. Жасуша теориясының негізгі жағдайлары.

2. Прокариот және эукариот жасушаларының негізгі құрылымы мен қызметі.

3. Өсімдік, жануарлар және саңырауқұлақ жасушасының құрылысы мен қызметтерінің айырмашылықтары.

4. Жасушаның негізгі компоненттерінің құрылысы мен қызметі (ядро, цитоплазма, жасуша қабықшасы, жасуша органеллалары).
1) Тақырып: Жасушаның структуралық құрылысы. Жасушадағы заттар тасымалы

2) Мақсаты: Жасушаның структуралық құрылымдық ерекшеліктерінің негіздеріне түсінік беру

3) Дәрістер тезисі: Жасушаның негізгі 3 компоненті бар: биомембранасы, цитоплазма және ядросы.

Органеллалар дегеніміз жасушада үнемі, тұрақты түрде кездесетін, белгілі бір құрылысқа ие және нақтылы қызметтерді атқаратын құрылымдар.

Ядро (nucleus) –жасушаның ең үлкен органелласы. Оны 1931 ж. ағылшын оқымыстысы Р.Броун ашқан. Ядро пішіні домалақ, кейде сопақша тәрізді болып келеді. Ол жасушаның ортасына жақын орналасқан, өлшемі-10-25 мкм шамасында.

Ядро-ядро қабықшасынан, ядро матриксінен, хроматиннен, ядро шырынынан (кариоплазма) және бір немесе бірнеше ядрошықтардан тұрады.

Митохондриялар жасушаның міндетті органеллаларының бірі. Оның пішіні түрліше болып келеді: таяқша тәрізді, домалақ, сопақша, гантель тәрізді т.с.с., ал өлшемі 0,5-7 мкм тең. Митохондриялар қос қабат қабықшадан, матрикстан тұрады. Митохондриялар жасушаның энергетикалық орталығы болып саналады, себебі бұл жерде органикалық заттар молекуласы ыдырайды және энергияның әмбебап көзі-аденозинтрифосфат (АТФ) синтезделінеді.

Эндоплазмалық торды өте ұсақ, қос қабат мембранамен шектелген және гиалоплазманы өне бойына тарамданып тесіп өтіп, торланып орналасқан, цитоплазманың үлкен көлемін алып жатқан микроарнашақтар мен микроқуыстар жүйесі болып табылады.

4) Иллюстрациялы материалдар:

Жасуша мембранасының құрылымдық-химиялық сипаттамасы
5) Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Биология. Оқулық / В.Н.Ярыгина редакциясында,1-2 кітаптар,2004ж.

2.Қазымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Мед.вуздардың студенттеріне арналған оқу құралы, І-ІІ бөлімдер, Астана 2006-2007жж.

3.Медициналық биология және генетика./Е.Ө. Қуандыков редакциясында, Алматы, 2004ж.

4.Е.Ө.Қуандыков, С.А.Әбілаев. Медициналық биология және генетика. Алматы 2006

5.П.Қ.Қызымбет, Л.Аманжолова, Қ.Нұртаева Медициналық биология Алматы 2002

6.Медициналық биология және генетика. Қуандыков Е.Ө. редакциясында, Алматы 2004

Қосымша:

1. Биология. Медициналық оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы ( В.П.Иванов, Л.А. Гребенник , А.И.Кириленко), Курс 2003ж.

2. Пехов А.П. Биология және жалпы генетика. Оқулық Санкт – Петербург. М. Ростов, 2006ж.

3. Медициналық паразитология. Мед. Оқу орындары студенттерге арналған оқу құралы (Е.Н.Барышников,/М,2005)

4. Жалпы биология және жалпы генетика сұрақтары және есептері./Мед. Оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы (Иткес А.В. редакциясында, М,2004).

5. Стамбеков Е.Ж.Генетика. Оқу құралы. Түз. Толық. Новосибирск, 2002

6. Медициналық паразитология. Оқулық / ҚҰМУ: С.Әміреев; А.Жаханов, Құдайберген ұлы. Алматы Кітап,2005

7. Генетика. Оқу құралы / Р.1 Берсімбаев Қ.Қ. Мұхаметжанов, Алматы, Қазақ ұлттық университеті; 2002.

Ағылшынша оқулық:

1.J.H. Postlethwait, J.L.Hopson, R.C. Veres. Biologi. USA – 1991.

2. Biology. Selvam J. – Deli. – 1992

3. Mange E.J. Manje A.P. Basic Human Genetics Second Edition, -1998,

4. T.A.Brown. Genetics a molecular approach. – Charman and Hall, 1990.

6) Бақылау сұрақтары: (кері байланыс)
1. Жасуша теориясының негізгі түсініктері

2. Прокариот және эукариот жасушалары құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері

3. Жануар, өсімдік және саңырауқұлақ жасушаларының қызметі мен құрылысы ерекшелітері

4. Жасушаның негізгі компоненттерінің негізгі қызметі мен құрылысы (ядро, цитоплазма, жасуша қабығы, жасуша органеллалары)

1) Тақырып: Жасушалық цикл. Жасушаның бөлінуі. Жасушаның тұқым қуалау аппараты. Кариотип

2) Мақсаты: Жасушалық цикл, оның реттелуі және оның туқым қуалау аппарты туралы түсінік беру

3) Дәрістер тезисі: Ағзалардың түпкілікті қасиеттері-өздігінен өрбу, өздігінен жаңару, өздігінен реттелу, жасушалардың бөлінуіне негізделінетіні бұрыннан белгі.

Жасушалардың митоз, мейоз жолдарымен бөлінуі, митоздың негізгі фазалары (профаза, метафаза, анафаза, телофаза), жасуша циклының кезеңдері (G1, S, G2, М) осыдан 100 жыл бұрын зерттеліп сипатталған.

Жасуша циклы (митоздық цикл) дегеніміз жасушаның пайда болуы, өсуі, атқаратын қызметтеріне икемделуі және әрі қарай бөлінуі кезеңдерінде байқалатын құбылыстар мен үдерістер жиынтығы болып табылады.

Жасуша циклы (митоздық цикл) 4 кезеңдерден тұрады:

G1(Gар-1)-пресинтетикалық кезең-жаңадан пайда болған жасушалардың өсуі, ДНҚ молекуласының синтезделуіне (репликация) дайындалу кезеңі. Осы кезеңде жасушаның кезекті митоздық циклға енуі не бөлінуін тоқтатуы туралы «шешім» қабылданады.

Белгілі бір себептермен бөлінуін тоқтатқан, митоздық циклдан шыққан, жасушаларды Gо-кезең жасушалары деп атайды. Оларға нағыз жіктелген жасушалар және «ұйқыға» кеткен діңгек (ствол) жасушалары жатқызылады.

Жасушалардың митоздық циклдан шығуы біржолата, кері қайтпайтын не уақытша, кері қайтатын күйде болуы мүмкін. Біріншісіне-нағыз жіктелген жасушалар (фибробласттар, лейкоцитер) жатады.

Сол сияқты, жасушаның кезекті митоздық циклға енуі, яғни бөлінуі туралы шешім де, кері қайтатын не кері қайтпайтын күйде болуы мүмкін. Егер жасуша бөлінуіне дайындық мұқият және түпкілікті түрде жүрген болса, онда жасуша қалай болғанда-да, тіпті оған митгендер әсер етпесе-де, келесі S-кезеңге өтеді, яғни жаңа цикл басталады.

Бұл жағдайда жасуша рестрикция нүктесінен өтті деп есептелінеді. Рестрикция нүктесі үнемі бөлінетін жасушаларда G1-кезеңнің аяғында, ал митоздық циклға қайтадан енген жасушаларда (діңгек жасушалары, фибробласттар, лейкоциттер) Gо-кезеңнің аяқ жағында болады.

Көптеген сүтқоректілер жасушаларында бұл кезеңнің ұзақтығы 9-12 сағатқа тең.

S-синетикалық кезең-ядрода ДНҚ молекуласы синтезделінеді (екі еселенеді), цитоплазмада органеллалар, оның ішінде центриолялар, көбейеді. Бұл кезеңнің аяғында жасуша, ДНҚ бойынша, тетраплоидты болады. Бұл кезеңнің ұзақтығы шамамен 10 сағатқа тең.

G2 (Gар-2)-постсинтетикалық кезең-жасуша бөлінуге дайындалады, яғни митоздың қалыпты жүруі үшін қажет барлық ақуыздар, оның ішінде бөліну жіпшесін қалыптастыратын тубулин синтезделінеді. Бұл кезеңнің ұзақтығы 4,5-5,0 сағатқа тең.

М-митоз-жасушаның бөліну кезеңі, ол 4 фазадан-профаза, метафаза, анафаза, телофазадан тұрады. Митоздың жалпы ұзақтығы 30-40 мин.

4) Иллюстрациялы материалдар:

Митоз. I—III — профаза;

IV — метафаза;

V—VI — анафаза;

VII—VIII — телофаза
6) Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Биология. Оқулық / В.Н.Ярыгина редакциясында,1-2 кітаптар,2004ж.

2.Қазымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Мед.вуздардың студенттеріне арналған оқу құралы, І-ІІ бөлімдер, Астана 2006-2007жж.

3.Медициналық биология және генетика./Е.Ө. Қуандыков редакциясында, Алматы, 2004ж.

4.Е.Ө.Қуандыков, С.А.Әбілаев. Медициналық биология және генетика. Алматы 2006

5.П.Қ.Қызымбет, Л.Аманжолова, Қ.Нұртаева Медициналық биология Алматы 2002

6.Медициналық биология және генетика. Қуандыков Е.Ө. редакциясында, Алматы 2004

Қосымша:

1. Биология. Медициналық оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы ( В.П.Иванов, Л.А. Гребенник , А.И.Кириленко), Курс 2003ж.

2. Пехов А.П. Биология және жалпы генетика. Оқулық Санкт – Петербург. М. Ростов, 2006ж.

3. Медициналық паразитология. Мед. Оқу орындары студенттерге арналған оқу құралы (Е.Н.Барышников,/М,2005)

4. Жалпы биология және жалпы генетика сұрақтары және есептері./Мед. Оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы (Иткес А.В. редакциясында, М,2004).

5. Стамбеков Е.Ж.Генетика. Оқу құралы. Түз. Толық. Новосибирск, 2002

6. Медициналық паразитология. Оқулық / ҚҰМУ: С.Әміреев; А.Жаханов, Құдайберген ұлы. Алматы Кітап,2005

7. Генетика. Оқу құралы / Р.1 Берсімбаев Қ.Қ. Мұхаметжанов, Алматы, Қазақ ұлттық университеті; 2002.

Ағылшынша оқулық:

1.J.H. Postlethwait, J.L.Hopson, R.C. Veres. Biologi. USA – 1991.

2. Biology. Selvam J. – Deli. – 1992

3. Mange E.J. Manje A.P. Basic Human Genetics Second Edition, -1998,

4. T.A.Brown. Genetics a molecular approach. – Charman and Hall, 1990.

6) Бақылау сұрақтары: (кері байланыс)

1. Генетикалық код дегеніміз не?

2. Кодондар саны, оның ішінде мағыналы кодондар саны қанша?

3. ДНҚ репликациясы дегеніміз не?

4. Транскрипция дегеніміз не?

5. Трансляция (ақуыз синтезі) дегеніміз не?

1) Тақырып: Жалпы және медициналық генетика негіздері. Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары.

2) Мақсаты: Генетика ғылымының міндеті мен мақсаты, медицинадағы маңызы; Г.Менделдің тәуелсіз тұқым қуалау; Т.Морган тіркес тұқым қуалау теориялары туралы түсінік беру.

3) Дәрістер тезисі: Генетика – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым. Оның қалыптасуы 1900 жылдан басталады, ал негізін қалаушысы, «атасы» болып Г.Мендель саналады.

Тұқым қуалаушылық тірі ағзалардың негізгі қасиеттерінің бірі–ол ата-ана белгілерінің, қасиеттерінің ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз беріліп отыруы болып табылады. Тұқым қуалаушылықтың екі мәні белгілі: 1) тұрақты, консервативті болуы, яғни ұрпақтан-ұрпаққа ағзалардың негізгі белгілері мен қасиеттерінің өзгеріссіз беріліп отыруы. Оған мысал ретінде қойдан қозының, түйеден ботаның, биеден құлынның, иттен күшіктің туылуын атауға болады; бидай сепсек бидай жинаймыз, жүгерідін жүгері өнеді, асқабақтан асқабақ жетіледі т.с.с. Тұқым қуалаушылықтың консервативтілігінің нәтижесінде биологиялық түрлердің, тіршіліктің тұрақтылығы, біртұтастығы қалыптасады; 2) тұқым қуалаушылықтың өзгергіштігі, яғни әр түрлі себептер салдарынан ағзалардың белгілері мен қасиеттері азды-көпті өзгеріске ұшырайды. Оған мыңдаған мысал келтіруге болады. Бір отбасының балалары бір-бірінен аз да болса ерекше, өзгеше болады; егістіктегі бидай, жүгері, арпа т.с.с. өсімдіктер биіктігі, өнімділігі жағынан түрліше. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің нәтижесінде тіршіліктің сан алуан түрлері пайда болады.

Генетика ғылымыгың негізгі мақсаты–тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеп,тіршіліктің негізгі заңдылықтарының сырын ашу, анықтау.

Оның медицина, ауыл шаруашылығы т.б. салалар үшін маңызы өте зор. Адам ауруларының көбісі тұқым қуалайды, ал тұқым қуаламайтын инфекциялық, инвазиялық және т.б. аурулардың зілділігі тұқымқуалаушылықпен анықталады. Оларды анықтау, емдеу, болдырмай алдын алу үшін, генетиканы жақсы игеру қажет.

Ағзалардың тұқым қуалаушылық қасиеті ертедегі грек оқымыстыларына белгілі болған, бірақ оның мәнін дұрыс түсіндіре алмаған.Адам генетикасының адамдардың денсаулығын сақтаудағы рөлі өте зор, себебі кез-келген ауру–зат алмасудың, не зат алмасуға қатысып оны реттейтін, жеделдететін ферменттердің қызметтерінің бұзылуына байланысты. Ал, фермент дегеніміз ақуыз, ол гендердің экспрессиялануының өнімі болып саналады. Демек, нақтылы бұзылған гендерді зерттеп, оны әр түрлі жолдармен жөндеп – генетикалық инженерия әдістерімен, түрліше аурулармен күресуге болады.

4) Иллюстрациялы материалдар:

Г.Мендель тәжірибелері Ұрықтану кезіндегі зиготалардың варианттары

5) Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Биология. Оқулық / В.Н.Ярыгина редакциясында,1-2 кітаптар,2004ж.

2.Қазымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Мед.вуздардың студенттеріне арналған оқу құралы, І-ІІ бөлімдер, Астана 2006-2007жж.

3.Медициналық биология және генетика./Е.Ө. Қуандыков редакциясында, Алматы, 2004ж.

4.Е.Ө.Қуандыков, С.А.Әбілаев. Медициналық биология және генетика. Алматы 2006

5.П.Қ.Қызымбет, Л.Аманжолова, Қ.Нұртаева Медициналық биология Алматы 2002

6.Медициналық биология және генетика. Қуандыков Е.Ө. редакциясында, Алматы 2004

Қосымша:

1. Биология. Медициналық оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы ( В.П.Иванов, Л.А. Гребенник , А.И.Кириленко), Курс 2003ж.

2. Пехов А.П. Биология және жалпы генетика. Оқулық Санкт – Петербург. М. Ростов, 2006ж.

3. Медициналық паразитология. Мед. Оқу орындары студенттерге арналған оқу құралы (Е.Н.Барышников,/М,2005)

4. Жалпы биология және жалпы генетика сұрақтары және есептері./Мед. Оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы (Иткес А.В. редакциясында, М,2004).

5. Стамбеков Е.Ж.Генетика. Оқу құралы. Түз. Толық. Новосибирск, 2002

6. Медициналық паразитология. Оқулық / ҚҰМУ: С.Әміреев; А.Жаханов, Құдайберген ұлы. Алматы Кітап,2005

7. Генетика. Оқу құралы / Р.1 Берсімбаев Қ.Қ. Мұхаметжанов, Алматы, Қазақ ұлттық университеті; 2002.

Ағылшынша оқулық:

1.J.H. Postlethwait, J.L.Hopson, R.C. Veres. Biologi. USA – 1991.

2. Biology. Selvam J. – Deli. – 1992

3. Mange E.J. Manje A.P. Basic Human Genetics Second Edition, -1998,

4. T.A.Brown. Genetics a molecular approach. – Charman and Hall, 1990.

6) Бақылау сұрақтары: (кері байланыс)

1. Генетиканың негізін қалаушы кім?

2. Генетиканың медицина үшін маңызы?

3. Тәуелсіз тұқым қуалау ерекшеліктері?

4. Тіркес тұқым қуалау ерекшеліктері?

5. Адамның тұқым қуалайтын ауруларының даму себептері?

6. Адамдардың тұқым қуалайтын ауруларын емдеуге болады ма?
2 КРЕДИТ
1) Тақырып: Тіркесті тұқым қуалау. Жыныспен тіркескен тұқым қуалау. Фенотиптің қалыптасуына орта мен тұқым қуалаушылықтың әсері. Гендердің өзара әрекеттесуі

2) Мақсаты: Генетика ғылымының міндеті мен мақсаты, медицинадағы маңызы; Г.Менделдің тәуелсіз тұқым қуалау; Т.Морган тіркес тұқым қуалау теориялары туралы түсінік беру

3) Дәрістер тезисі: Генетика – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым. Оның қалыптасуы 1900 жылдан басталады, ал негізін қалаушысы, «атасы» болып Г.Мендель саналады.

Тұқым қуалаушылық тірі ағзалардың негізгі қасиеттерінің бірі–ол ата-ана белгілерінің, қасиеттерінің ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз беріліп отыруы болып табылады. Тұқым қуалаушылықтың екі мәні белгілі: 1) тұрақты, консервативті болуы, яғни ұрпақтан-ұрпаққа ағзалардың негізгі белгілері мен қасиеттерінің өзгеріссіз беріліп отыруы. Оған мысал ретінде қойдан қозының, түйеден ботаның, биеден құлынның, иттен күшіктің туылуын атауға болады; бидай сепсек бидай жинаймыз, жүгерідін жүгері өнеді, асқабақтан асқабақ жетіледі т.с.с. Тұқым қуалаушылықтың консервативтілігінің нәтижесінде биологиялық түрлердің, тіршіліктің тұрақтылығы, біртұтастығы қалыптасады; 2) тұқым қуалаушылықтың өзгергіштігі, яғни әр түрлі себептер салдарынан ағзалардың белгілері мен қасиеттері азды-көпті өзгеріске ұшырайды. Оған мыңдаған мысал келтіруге болады. Бір отбасының балалары бір-бірінен аз да болса ерекше, өзгеше болады; егістіктегі бидай, жүгері, арпа т.с.с. өсімдіктер биіктігі, өнімділігі жағынан түрліше. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің нәтижесінде тіршіліктің сан алуан түрлері пайда болады.

Генетика ғылымыгың негізгі мақсаты–тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеп,тіршіліктің негізгі заңдылықтарының сырын ашу, анықтау.

Оның медицина, ауыл шаруашылығы т.б. салалар үшін маңызы өте зор. Адам ауруларының көбісі тұқым қуалайды, ал тұқым қуаламайтын инфекциялық, инвазиялық және т.б. аурулардың зілділігі тұқымқуалаушылықпен анықталады. Оларды анықтау, емдеу, болдырмай алдын алу үшін, генетиканы жақсы игеру қажет.

Ағзалардың тұқым қуалаушылық қасиеті ертедегі грек оқымыстыларына белгілі болған, бірақ оның мәнін дұрыс түсіндіре алмаған.Адам генетикасының адамдардың денсаулығын сақтаудағы рөлі өте зор, себебі кез-келген ауру–зат алмасудың, не зат алмасуға қатысып оны реттейтін, жеделдететін ферменттердің қызметтерінің бұзылуына байланысты. Ал, фермент дегеніміз ақуыз, ол гендердің экспрессиялануының өнімі болып саналады. Демек, нақтылы бұзылған гендерді зерттеп, оны әр түрлі жолдармен жөндеп – генетикалық инженерия әдістерімен, түрліше аурулармен күресуге болады.

4) Иллюстрациялы материалдар:

Г.Мендель тәжірибелері Ұрықтану кезіндегі зиготалардың варианттары

5) Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Биология. Оқулық / В.Н.Ярыгина редакциясында,1-2 кітаптар,2004ж.

2.Қазымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Мед.вуздардың студенттеріне арналған оқу құралы, І-ІІ бөлімдер, Астана 2006-2007жж.

3.Медициналық биология және генетика./Е.Ө. Қуандыков редакциясында, Алматы, 2004ж.

4.Е.Ө.Қуандыков, С.А.Әбілаев. Медициналық биология және генетика. Алматы 2006

5.П.Қ.Қызымбет, Л.Аманжолова, Қ.Нұртаева Медициналық биология Алматы 2002

6.Медициналық биология және генетика. Қуандыков Е.Ө. редакциясында, Алматы 2004

Қосымша:

1. Биология. Медициналық оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы ( В.П.Иванов, Л.А. Гребенник , А.И.Кириленко), Курс 2003ж.

2. Пехов А.П. Биология және жалпы генетика. Оқулық Санкт – Петербург. М. Ростов, 2006ж.

3. Медициналық паразитология. Мед. Оқу орындары студенттерге арналған оқу құралы (Е.Н.Барышников,/М,2005)

4. Жалпы биология және жалпы генетика сұрақтары және есептері./Мед. Оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы (Иткес А.В. редакциясында, М,2004).

5. Стамбеков Е.Ж.Генетика. Оқу құралы. Түз. Толық. Новосибирск, 2002

6. Медициналық паразитология. Оқулық / ҚҰМУ: С.Әміреев; А.Жаханов, Құдайберген ұлы. Алматы Кітап,2005

7. Генетика. Оқу құралы / Р.1 Берсімбаев Қ.Қ. Мұхаметжанов, Алматы, Қазақ ұлттық университеті; 2002.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3

©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет