Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 27-29 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Синоптиктердің болжауынша, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда атмосфералық фронттардың ықпалынан қар аралас жаңбыр, кей жерлерде қар жауып, жел күшейеді.
Сондай-ақ республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінің таулы аймақтарында жауын жауып, көктайғақ болады. Тұман түсуі де әбден мүмкін. Бұған атмосфералық фронтальді бөліктер ықпал етеді.
"Еліміздің батысында жоғары қысымды орталық басым болады. Бұл өңірде жауын-шашынсыз, тыныш ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы 0-5 градусқа дейін жетеді", – деп мәлімдеді "Қазгидромет".
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.