Ақтөбе қаласы аумағында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Осыған орай, Ақтөбе қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальенының қызметкерлері қала аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға және қозғалыс ережелерін өрескел бұзушылықтың алдын алу мақсатында күнделікті жұмыстар атқарады.
Мәселен “Қауіпсіз жол” республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы кезеңінде патрульдік полиция батальенының қызметкерлері тарапынан 1615-тен астам құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылды.
Жыл басынан көлік құралын басқару қүқығынан айырылғандар – 43;
Оның ішінде өрескел бұзушылықтар:
— 608-бап бойынша (мас күйінде көлік тізгінін басқарған)-23;
— 612 баптың 3 бөлігі бойынша (көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғандар)-6;
— ҚР ҚК 346 бабы бойынша (көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра мас күйінде көлік тізгінін басқарғандар)-2;
Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандардың көлік басқаруы-2 дерегі анықталды.
Жол көлік оқиғаларының негізгі себептері: жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы сонымен қатар көліктердің қарсы бағытқа шығуы, қиылыстардан өту тәртібін бұзуы және жүргізушілердің жаяу жүргізушілерге жол бермеуі болып табылады.
Іс шараның негізгі мақсаты жол-көлік оқиғаларын азайту және оның жолын кесу, көлік құралын мас күйінде басқару, жылдамдық тәртібін сақтамау сияқты өрескел бұзушылықтарды анықтау.
Осыған орай, Ақтөбе қаласының жүргізушілерін және жаяу жүргізушілерін жол көлік оқиғасын болдырмау мақсатында жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырамыз!
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.