2022 жылы Оңтүстік Америкада пайда болған өлімге әкелетін H5N1 құс тұмауы вирусы жабайы құстар мен теңіз сүтқоректілері арасында бұрынғыдан да жылдам таралып, адамдар үшін үлкен қауіпке айналуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: reuters

Штамм Чили мен Перуде бірнеше дельфинді, жағалаудағы 50 000-ға жуық итбалық пен теңіз арыстандарын және бүкіл аймақтағы жарты миллион құсты өлтірді. Ғалымдар вирустың сүтқоректілерден сүтқоректілерге берілуін растау үшін тірі жануарларға тәжірибе жүргізуі мүмкін.

"Бұл сөзсіз орын алды. Сүтқоректілерден сүтқоректілерге таралатынын нақты дәлелдемей мұндай үлкен инфекциялар мен жойылуларды түсіндіру қиын", — деді Теннесси штаты, Мемфис қаласындағы Сент-Джуд зерттеу ауруханасының вирусологы Ричард Вебби.

Ғалымдар бұл штаммның құстардың ондаған түрлерінде, соның ішінде оны аймақтан тыс жерлерге тарататын кейбір қоныс аударатын түрлерден табылғанын хабарлады. Климаттың өзгеруіне қарай жануарлар бір-бірімен әрекеттесіп, жұптасып, вирустың одан әрі мутациялану мүмкіндіктерін арттырады.

Фото: reuters

Адамзатқа қауіп төндіреді

Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымын (PAHO) құрайтын 35 ел осы аптада Рио-де-Жанейрода кездесу өткізді. Онда аймақтық сарапшылар мен денсаулық сақтау басшылары жиналды. Олар құс тұмауын бақылайтын және күресетін әлемдегі алғашқы аймақтық комиссия құруды жоспарлап отыр. 

Вирус Колумбияда 2022 жылдың қазан айында алғаш рет анықталғаннан еді. Содан бері континентте, яғни Эквадор мен Чилиде екі адам аталған вирусты жұқтырып үлгерген. Екі науқас та құстармен байланыста болған.

Науқастар аман қалғанымен, H5N1 құс тұмауы шамамен 60% жағдайда адам өмірі үшін қауіпті, яғни өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. 

Дәрі өндірушілер, соның ішінде GSK және Moderna адамдарға арналған құс тұмауына қарсы вакцина әзірлеп жатқанын және маусымдық тұмауға қарсы вакциналарды жасау үшін өндірістік желілерді пайдалана отырып, бірнеше ай ішінде жүздеген миллион дозаны шығаруға мүмкіндігі бар екенін айтты.

Оңтүстік Американың H5N1 нұсқаларын зерттейтін Дэвистегі Калифорния университетінің зерттеушісі Ральф Ванстрелс 2023 жылы қараша айында Аргентинадағы Атлант жағалауында жан түршігерлік көрініске тап болғанын айтты. Ол жағажайдан жүздеген өлі және шіріген төлдерді тапқан. Зерттеушінің айтуынша, шамамен итбалықтың 17 400 төлі өлген.

Ғалымдардың айтуынша, бұл төлдердің құстардан вирус жұқтыру ықтималдығы өте аз. Балапандар әдетте аналарымен ғана байланыста болады. Ғалымдар ауру осылай таралды деп күдіктенуде.

Фото: reuters

Ральф Ванстрельс Оңтүстік Америкадағы вирустың генетикалық мутациясын бақылаумен айналысатын ғалымдар тобының бір бөлігі. Бұл топ Вальдес түбегінің жағалауындағы теңіз арыстандарының, итбалықтардың және құстардың үлгілеріне талдау жасады. Бұл үлгілердің геномдарын 2022 жылы Солтүстік Америкада және одан бұрын Азияда жиналған геномдармен салыстыра отырып, топ тоғыз жаңа мутацияны анықтады.

Дәл осындай мутациялар 2022 және 2023 жылдары Чили мен Перуде жиналған үлгілерден табылды. Олар да теңіз арыстандары мен құстардың жаппай қырылуына ұшырады.

"Вирус алғаш рет жабайы табиғатқа осылай бейімделіп отыр. Перу мен Чилидің солтүстігінде олар жаңа мутацияларға ие болды", — деді Ральф Ванстрелс.

Зерттеушілер континенттегі екі адамның бірінде, яғни 53 жастағы ер адамда дәл осындай мутациялар болғанын атап өтті.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл жағдай вирустардың адам денсаулығына едәуір қауіп төндіретінін көрсетеді. 

Айта кетейік, бұған дейін Эпидемиологтартың Маңғыстау облысында тараған құс тұмауының адамдарға жұғу қауіпі туралы айтқанын жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.