Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қазақстанда жаңа премьер-министрдің қалай тағайындалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

"Конституциямызға сәйкес, “Аманат” саяси партиясы премьер -министрдің кандидатурасын ұсынады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партиясы ұсынған кандидатурасыны мақұлдап, парламент мәжілісінің қарауына енгізеді. Егер мәжіліс келісімін берсе, президент бұл қызметке жаңа премьер-министрді тағайындайды", – дейді Берік Уәли.

Артынша Қазақстан Республикасы үкіметі қайта құрылады. 

"Бұған дейін хабарлағанымыздай, 7 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді", – дейді ол.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел үкіметін отставкаға жіберу туралы қаулыға қол қойды.

Экология вице-министрі Мансұр Ошурбаев ұсталды – БАҚ


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.