Ұлттар лигасындаГрецияға қарсы ойында Қазақстан құрамасына шақырту алған футболшылардың нақты тізімі жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:Kff.kz

Футбол Қазақстан құрамасы 8 наурыздан бастап Дубай қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп, наурыз айындағы матчтарға дайындалады. Бас бапкер Магомед Адиев 21 наурызда Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі аясында Грекияға қарсы өтетін матчқа шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. 

Қақпашылар: Игорь Шацкий (Ақтөбе), Бекхан Шайзада (Ордабасы), Данил Устименко (Қайрат).

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы Астана), Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин (Тобыл), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (Ордабасы), Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов (Ақтөбе), Нуралы Әліп (Зенит). 

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов (Ақтөбе), Абзал Байсебеков, Исламбек Қуат, Эльхан Астанов (Астана), Асхат Тағыберген, (Ордабасы), Әділет Садыбеков (Қайрат), Ислам Чесноков (Тобыл), Бақтиер Зайнутдинов (Бешікташ), Александр Зуев (Арсенал, Ресей).

Шабуылшылар: Рамазан Кәрімов (Астана), Абат Айымбетов (Адана Демирспор, Түркия).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін таласады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.