Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола жүлде жеңіп алған Әбиба Абужақынова алтын алуға не жетпегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жартылай финалға дейін қарсыластарын қоғадай жапырған балуан ақтық айқасқа жолдаманы сарапқа салатын сында үш дүркін әлем чемпионы, жапондық Нацуми Цунодаға өз қателігінен есе жіберген.

“Негізі Нацуми Цуноданы жеңуге 100% дайындалып келгенмін. Оның қалай күресу тактикасын жақсы білем, ол да менің қалай күресітінімді біледі. Белдесу барысында алданып қалдым. Ондай әдіс жасайды деп күтпедім. Осы олқылықты олимпиада ойындарында толықтыруға тырысамыз. Парижге бұндай қателікті жібермеуге, мықты бабымда болып баруға әрекет жасаймын”– деді Әбиба.

Дзюдошылар Түркиядағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті

Айта кетейік, бұл Әбибаның Grand Slam турнирдердегі жетінші жүлдесі. Ол наурыздың басында Ташкентте алғаш рет күміс алса, осыған дейін тек қола жүлдеге ие болған. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.