Көптен күткен Наурыз тойы арайлы



жүктеу 46.28 Kb.
Дата14.04.2018
өлшемі46.28 Kb.

Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды тәрбиеленушілерге кеңінен насихаттай отырып, ұлтжанды, мейірімді, халықтық дәстүрді дәріптеуге баулу.

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 


Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды! 
Мал біткеннің бал татыған уызы, 
Қуат болып қанымызға тарайды. 
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. 
«Аман ба» деп мал жаның? 
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. 
- Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! 
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 
Ақ мол болсын! 
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін! 

- Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. 


Топқа бөлу. (Қиындыны құрастыру)



  1. Жұмбақ 
    - Ал енді балалар! Жұмбақ шешуін табыңдар: 
    Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, 
    Қонақтарды көңілдене сыйлайды. 
    (дастархан) 
    Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? 



Қазақтың ұлттық тағамдары, 
Жасымнан жақын маған бәрі. 
Теңермес ем оларға мен, 
Ешбір асты ғаламдағы – дей келе құрметті қонақтар дәм алып отырыңыздар! 

Келесі сайыс сұрақ - жауап. Мына жасырын қағаздың ішінде сұрақ берілген соны бәріміз ақылдаса отырып жауап береміз.

Сұрақтар:

1-топ
1. Ерулік беру дегенді қалай түсінесіз?


Ерулік - басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерден бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонақ шақырады.
2. Құдайы қонақ дегеніміз не?
Құдайы қонақ дегеніміз - бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы тиетін қонақ.
3. Мәйек дегеніміз не?
Мәйек дегеніміз - жас қозының ұлтабары. Оны ірімшікті ұйыту үшін пайдаланады.
4. Қымызмұрындық дегеніміз не?
Қымызмұрындық дегеніміз - бұл жаз тойы, мамыр айынан басталып, маусым айына дейін созылатын үлкен той. Осы күні биелер желіге байланып ағайын жекжат бірігіп қымызға шақырады.
5. Тоқымқағар дегеніміз не?
Тоқымқағар дегеніміз - жас жігіт алғашқы сапарға шыққанда оның ата - анасы тоқымқағар жасап, мал сойылып, үлкен кішіні шақырып қонақ етеді.
2-топ
6. Ең көп сақталатын ұлттық тағам?
Ең көп сақталатын ұлттық тағам - құрт
7. Бастаңғы дегеніміз не?
Бастаңғы дегеніміз - үлкендер жоқ кезде үйде қалған жастар жиналып достарына тамақ береді.
8. Соғым сойғанда алыстағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде?
Соғым сойғанда алыстағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде - ол сыбаға.
9. Арнайы қонақ дегеніміз не?
Арнайы қонақ дегеніміз - алыстан әдейі іздеп келген тума - туыстар, жолдастар. Бұлар нағыз сыйлы, сағына күткен қонақтар.
10. Үш арсызды ата?
Үш арсыз - тамақ, ұйқы, күлкі.
Мақал - мәтелдерді жалғастыру:
1. Би болмасаң да -..........
2. Алтау ала болса -...........
Төртеу түгел болса -.........
3. Дүниесіз қыз болса да -.......
4. Айдағаны бес ешкі -..........

Жауаптары:
1. Би болмасаң да - би түсетін үй бол.
2. Алтау ала болса - ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса - төбедегі келеді.
3. Дүниесіз қыз болса да - кәдесіз қыз болмайды.
4. Айдағаны бес ешкі - ысқырығы жер жарады.

Қазақтың көптеген ұлттық ойындары бар. Солардың бірі «Сақина салу» ойыны. Қане бастайық. (Сергіту сәті)


(Жастар жиналады. Арай сақина салып жүреді.)

Қане менің сақинам кімде екен, ортаға шық. 1-2 рет ойнату керек.


(Бір бала ұсталып қалу керек.)
Арай: Қане айыбыңды қалай өтер екенсің?
Бала: Наурызда ән айтпай, би билемей кету айып болар. Қазақтың ұлттық биіне айналып жүрген «Қаражорға» биін билеп берейін.
(Бәрі билейді.)

Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,


Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен балалар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
1. Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)
2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы - қарта т. б.)
3. Наурыз тілек деген не? (Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)
4. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)
5. Наурыз бата дегеніміз не? (Жауабы: халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата.

Әрі қызық, әрі қисық сұрақтармен ойын: «Ыстық орындық» 5-сұрақтан әр топқа


  1. Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар)
    2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)
    3. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дер)
    4. Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық)
    5. Қарғыстың ең жаманы не? (Өзің білме, білгеннің тілін алма)
    6. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр. (Көз қорқақ, қол батыр)
    7. Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас)
    8. Үлкен көз, үлкен сөз бол ма? (Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен)
    9. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді) 10. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман)

Менің мына қоржыным сұраққа толы, ауыр болып тұрғаны, Менің сұрақтарыма жауап беріңдерші. Балалар қоржыннан асықтарды алады. Асықтың нөмірлеріне сәйкес сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
№1. Бір жылда неше ай бар? (12ай бар) №2. Аптаның бесінші күні (жұма)
№3. Апта күндерін ата. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
№4. Төрт түлікті ата. (түйе, жылқы, сиыр, қой - ешкі)
№5. Сүт тағамдарын ата. (сүт, айран, қымыз, шұбат, ірімшік, май, қаймақ, құрт)

Бүгінгі таңда мемлекетімізде қаншама ұлт өкілдері мекен етеді. Осыған байланысты Жаңа жыл мерекесін қашан, қалай тойлаған дұрыс екендігін әлі күнге талқыға салып жүрміз. Осы сұраққа жауапты біздің «6 қалпақ» әдісіміз арқылы көз жеткізсек.


«Тұсау кесер» дәстүрі (Көрініс)
Осы алған мағлұматтарды жинақтай келе, постер құру, қорғау.

Отшашу.

Екі топ бір-біріне бата береді:


Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын, Бақ дарысын бәріңе!
Төрт түлік ақты болсын! Ой қосылып ойыңа,
Ұлыс береке берсін, Бой қосылсын бойыңа!
Бәле – жала жерге енсін! Аман – есен жетейік.
Ұлы халқым тоқ болсын, Келер Наурыз тойына!
Көйлектерің көк болсын!
Уайым – қайғы жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

М. Маметова атындағы орта мектеп


Сыныптан тыс шара


Тақырыбы:
«Ұлыстың ұлы күні»



Өткізген: Ш.Айтжанова
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет