Көркем негізгі мектебінде 1 қазан Халықаралық қарттар күні аталып өтті



жүктеу 14.53 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі14.53 Kb.


Көркем негізгі мектебінде 1 қазан-Халықаралық қарттар күні аталып өтті.

Мақсаты: Оқушыларды бірлестікке, қамқорлыққа бауылу, үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсетуіне, ықпалын тигізу. Жасөспірім балардың  жан-жақты дамытып,олардың ой-өрісін арығарай өркендеуіне, білімділікке,жақсы қасиеттерге итермелеу. Қарттарды сыйлауға, оларға көмектесуге әрқашан қамқоршы ретінде болуларына,тәрбиелеу.

 Міндеті:Балалар мен  жасөспірімдер бірлестігінің мәдениеті мен мақсатын жүзеге асыруға атсалысу. Өсіп келе жатқан балалар  жасөспірімдердің арасында рухани бай жан-жақты , салауатты өмір салтына беймдеу.

 Мектебімізде 01.10.2016-01.11.2016 күндері аралығында 1 қазан қарттар күніне байланысты «Қарттар – үйдің қазынасы» тақырыбында  іс-шаралар өтті.Іс –шара барысында сынып жетекшілері құрылған жоспар бойынша жауапкершілікпен атқарып шықты. 1-9 сыныбы «Қарттар- үйдің қазынасы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.



1-4 сынып оқушылары өз ата- әжелерінің ерекше қасиеттері жайында дайындап әкелген ата-әжелеріне арнайы тақпақтар оқыды.1 сынып жетекшісі Мухамедиярова Ш.Ж-қызының дайындауымен Жұмабай Жұлдыз «Әжемнің ыстық шайы» өлеңін өз әжесіне тарту етті.2 сынып жетекшісі Жаркынбекова Ж.О-қызының дайындауымен Сейілбекова Назерке «Асыл әжем» әнін өз әжесіне арнаса, Рахметова Г.А-қызының дайындауымен 5-6 сынып қыздары «Банана» биін және 7-9 сынып оқушылары Муканова Рышан апайдың дайындауымен «Әке толғауы» биін ата-әжелеріне тарту етті.Қарттарға арнайы дастархан әзірленіп, Муканова Р.Ж-қызымен,Туякова Д.Ө-қызының дайындауымен «Өткен өмір жолдары» атты ауыл қарттарының өткен өмір жолдарынан жинақталған бейнебаян көрсетілді.Бейнебаян көре отырып, ата-әжелер жастық шақтарын еске алып, осындай бейнебаянды, мерекелік концертті ұйымдастырғанға ризашылықтарын білдіріп, көңілді күймен тарқасты.



Орындаған: Муканова Р.Ж

тел.2-33-03

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет