Көрнекіліктер: балапан. Керекті құрал-жабдықтар



жүктеу 21.91 Kb.
Дата13.05.2019
өлшемі21.91 Kb.

Ойнаймыз, үйренеміз

Тренинг мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту және ойын барысында құм терапиясын қолдану.

Тренинг ережесі: Балаларды тәртіптіліке, тыңдай білуге дағдыландыру, қауіпсіздік ережесін сақтау.

Көрнекіліктер: балапан.

Керекті құрал-жабдықтар: әр балаға арналған арнайы құм тақтайшалары.

1.Құммен танысамыз: Сәлеметсіңдерме балалар? Біз бүгінгі жаңа ойын іс-әрекетімізді құммен танысу арқылы бастаймыз. Балалар, сендер құмды білесіңдерме? Құмның біздің ойындарымызды қызықты ететін ерекшеліктері бар екен. Біз құммен сурет саламыз, түрлі мүсіндер жасаймыз, құмды өлшеп санаймыз, құмның түйіршіктерін байқап сезінеміз.

2.Тосын сәт:Балалар құммен жұмыс жасау үшін біз алақанымызды жылытып алуымыз керек. Ендеше барлығымыз өзіміздің достарымыздың қолдарынан ұстаймыз.

-Аружан, неге сенің көңіл-күйің жоқ?

-Апай мен өзімнің досымды таппай тұрмын.

-Сенің досың кім?

-Әмина

-Қане балалар, олай болса барлығымыз бірге Аружанның досын тауып беруге көмектесейікші.



-Әмина.Әмина.Әмина!

3.Жылулық шеңбері:

-Ой,балалар қараңдаршы! Әминаның қолында бір нәрсе бар екен. Әмина бұл не?

-Бұл балапан

-Әмина сен балапанды қайдан алдың?

-Мен бұл балапанды даладан тауып алдым ол жаурап қалыпты

-Қане,балалар, ендеше біз осы балапанды алақанымыздың жылуымен жылытайық!

-Жарайсыңдар балалар!

-Балапан сендерге өз алғысын білдіріп жатыр.



4.Алақанмен жұмыс: Балалар , біз бүгін өз қолымыздың суретін саламыз. Қолымызды көтереміз, алақанымызды ашамыз, құмды басамыз, міне өте әдемі алақанның суреті шықты.

5.Ойна да сана: Балалар алақан арасында құмды санайды және сипап сезеді. Құм арасындағы суреттерді тауып, тапсырманы орындайды.

6.Шеңбер саламыз: Балалар өз еркімен 1минут шеңбердің суретін салып ойнайды. Шеңбер салу барысында балалардың ойлау қабілеті дамиды.

7. Миға шабуыл:Жүргізілген ойын барысында балаларға сұрақ қою.

Релаксация: Қане балалар денемізді тік ұстап еркін отырамыз. Терең дем аламыз, дем шығарамыз. Жарайсыңдар балалар біздің ойын іс-әрекетіміз осымен аяқталды.

Қарасу ауылы «Ақжелкен» бөбекжайы




«Ойнаймыз, үйренеміз»

(құм тераписы арқылы жүргізілетін дамытушы ойын)



Өткізген: психолог Қажияқпар Жанар Қобландықызы

2017ж.
Каталог: 2018
2018 -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
2018 -> Тақырып 1 Қортынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері
2018 -> Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет