Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына



Дата14.02.2018
өлшемі51 Kb.

Көрсетілетін төлем қызметтері туралы

мәліметтер беру қағидаларына

4-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

«Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер»

Есепті кезең: 20___жылғы_____________________


Индекс: 4–PK

Кезеңділік: ай сайын

Ұсынатындар: төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлер болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер:

1) банктер;

2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

Нысан
Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер



______________________________________________________________

нысанды ұсынатын тұлғаның атауы




Операция түрі

Операцияны жүргізу ортасы

Төлем карточкасын және (немесе) оның деректемелерін пайдалана отырып

төлем карточкасы жүйесінің атауы

операция белгісі

байланыс жүйесі/арнасы

операциялар саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

7





















Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)

__________________________________________________________________ _________

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы


Орындаушы __________ ____________________________ ________ ______________

лауазымы тегі, аты, әкесінің аты қолы телефон нөмірі

(ол болған кезде)        
Есепке қол қойылған күні 20 __ жылғы «_____» _______________
Әкімшілік деректерді жинауға арналған

«Төлем карточкаларын пайдалана отырып


қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша
операциялардың саны мен көлемі туралы
мәліметтер» нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған

«Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер»
нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер


1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған «Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі талаптарды айқындайды.

2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы»


1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабы
1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

3. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ондағы мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.

2-тарау. Нысанды толтыру
4. Нысанда төлем карточкасын және (немесе) оның деректемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылған қолма-қол ақшасыз төлемдер және ақша аударымдары бойынша мәліметтер қамтылады.

5. 1-бағанда операцияның түрі (тауарлар, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу және операциялардың өзге түрлері) көрсетіледі.

6. 2-бағанда операцияны жүргізу ортасы – электрондық терминалдың немесе қашықтан қол жеткізу жүйесінің атауы көрсетіледі.

7. 3 – 7-бағандарда төлем карточкасын және (немесе) оның деректемелерін пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер және ақша аударымдары бойынша мәліметтер көрсетіледі.

8. 3-бағанда төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі, ол бойынша мәліметтер ұсынылады.

9. 4-бағанда операцияға сәйкес келетін белгісі көрсетіледі (банктік шоттан ақшаны есептен шығарған кезде), ол бойынша мынадай мәліметтер ұсынылады:

І – банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

II – банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

III – банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасынан тыс жердегі басқа банктің қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

IV – Қазақстан Республикасының басқа банктерінің, Қазақстан Республикасының банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының төлем карточкаларын пайдалана отырып меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;

V – Қазақстан Республикасының бейрезидент эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар.

10. 5-баған осы түсіндірменің 9-тармағында белгіленген II, III, IV және V операцияның белгілері бар халықаралық төлем жүйелерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша толтырылады. 5-бағанда мынадай деректер көрсетіледі:

1) бір процессинг орталығының пайдаланушылары арасында операция жүргізілген жағдайда, «1PC» байланыс арнасы көрсетіледі;

2) халықаралық төлем жүйесінің қатысуынсыз түрлі процессинг орталықтарының пайдаланушылары арасында операция жүргізілген жағдайда, «H2H» байланыс арнасы көрсетіледі;



3) халықаралық төлем жүйесі арқылы түрлі процессинг орталықтарының пайдаланушылары арасында операция жүргізілген жағдайда, осы жүйенің атауы көрсетіледі.

11. 6 және 7-бағандарда осы түсіндірменің 4 – 10-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес төлем карточкасын және (немесе) оның деректемелерін пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз жүргізілген төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының саны мен сомасы көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет