Танымал спортшы, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қызды болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/ilyailyinforever/

:Жақында спортшы екінші мәрте шаңырақ көтерген еді. Қуанышты жаңалықты спортшы жеке парақшасында жариялады. 

“Сүйінші! Қазақ елі! Танюша екеумізді қызымыздың дүниеге келуімен құттықтауға болады! Қазақстанның және әлемнің жаңа азаматы – Ильина Аили Ильинична. Біз кесарь тілігін таңдадық. Бәрі жақсы өтті! Бойы – 50 см, салмағы – 3.178 келі. Бізді қолдағандардың барлығына алғысымыз шексіз! Біз сені қатты жақсы көреміз!”, – деп жазды спортшы. 

  • Қазақстандық Александр Уваров Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

  • Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта чемпион атана алмады

Желі қолданушылары сәбидің ғұмырының ұзақ болуын тілеп, ақ тілектерін жаудырып жатыр. 

“Құтты болсын! Бауы берік болсын! Ең бастысы анасына тәтті балақайға денсаулық тілеймін! Қазақстанның үлкен азаматша болып, сендерді әрдайым қуантып жүре берсін!”, “Салмағы әкесіне тартқан екен”, “Еліміздің көк туын желбірете берсін!”, “Анасы секілді сұлу қыз болсын”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Татьяна Ильина (@ilyina_tatyana_)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.