Көсемәлі СӘттібай¥лы шарбақтының жалғызы



жүктеу 1.86 Mb.
бет3/6
Дата06.01.2018
өлшемі1.86 Mb.
1   2   3   4   5   6

БІЗДІҢ АУЫЛДЫҢ ШАЛДАРЫ
Дегенде біздің ауылдың адамдары мақтана біледі. Мақ- танғанда, оның қүпиясы қалай мақтануда жатқан сияқты. Әйтпесе тауы да, тасы да, көлі де, көгала үйрегі де жоқ құладүздегі біздің ауылда жүрген қандай мақтан? Жұмаққа бергісіз жер-суын айтып желпінгендері жуасытып тастайтын қандай қүдірет ол? Ойлап отырсам, әңгіменің тақырыбы можантопай адамдарға ауысқанда аманкелділіктердің айы оңынан туып, айдарларынан жел есіп шыға келеді екен.

Мәселенкиге кешегі КСРО деген күндей күркіреген елдің тұсын алайық Сол кезде біздің ат төбеліндей ауылдан Еңбек Ерінің бақандай он екісі шығыпты. «Біле білсеңіздер, бір ауыл түгілі кейбір облыстың маңдайына жазбаған мұндай саяси мәні зор атақты Аманкелдінің шалдарына қалай таратып жібергенін қара басып Сталиннің өзі де білмей қалған» дейді Жолтан жездеміз. Дейді де «енді бұл мәселеде аманкелділіктердің алдына немістер мен жөйттердің өзін жолда қалдыратын менің ошақтыларымның өздері де түсе алмайды» деп жымыңдайды.

Кейде Сарыарқаның төріндегі Астанадан келген қонақтардың Еңбек Ерлерін айтып есін алғандарға онша елең ете қоймайтындары да болады. Ондайда ағаларымыз Аманкелді-ден шыққан ақын-жазушылардың шоғырын көлденең тарта қояды. Ақындардың ең алдында шоқ тілді Шаншархан тұрғасын ба, қымыз ішіп қызара бөртіп отырған шенеунік «бәледен машайық қашыпты» дегендей, жастығына жантая кетеді. Тегінде, Жолтан жездеміздің «Аманкелдінің шөбінің басына дейін сөйлеп тұрады» дейтіні бекер емес.

Ардагерлері мен ақын-жазушыларын арқаланған аман- келділіктер осылай алаңсыз жүре берер ме еді, әлде қайтер еді, бір күні жолың болғыр Жолтан жездеміз қайындарын қағытып-мұқатам деп отырып Амнкелді ауылының ел ескермей жүрген тағы бір артықшылығын жалпақ жұртқа жария етті де жіберді.

Аманкелдінің шөпшілері Жолтанның бортын жалпайтып жайып тастаған «ГАЗ-53»-нің көлеңкесіне таласыптармасып жайғасып алғаннан соң айрандарын сораптап, нандарын бұра-лақтап жеп отырған. Осыны жақтырмады ма, Жолтан:

— Немістердің бомбысы орыстың жері жетпегендей, сендердің ауылға кеп түскен бе осы? - деп күңк ете қалды.

Ештеңеге түсінбей қалған шөпшілер аң-таң болып Жолтанға қараған. Бірақ ол табан астында мүттәйім түрге еніп, кепкісіндегі киқым-сиқымды қаққыштап отыр екен.

— Жездеке-ау, қайдағы бомба?

Қайындары лезде Жолтанды қаумалап алды. «Әй, не тантып отсың? Мытып алайын ба осы?» деп, әзіл-шыны аралас ажырая бастағандары да бар. Осы кезде бомба мәселесінің сыры санасына ақырындап жеткендердің алғашқысы - Аязбектің көзі күлімдеп қоя береді. Сөйтсе, Жолтан жездеміз Аманкелдідегі өңкей ақсақ қайнағаларын кекетіп, қайындарында кеткен есесін қайтарып отырған кезі екен ғой. Аязбек бастап, Сапарғали қоштап санап кеп жіберсе, құданың құдыреті, өңкей ақсақ-тоқсақ шалдар самсап Аманкелдіде жүр екен де. Алақандай ауылдағы ақсақ-тоқсақ шалдардың қарасы бір ауданның мақтанышы болып отырған А. А. Жданов атындағы кеңшардағы ақсақтардан көп деп кім ойлаған. Және ақсақ болғанда қандай! Шетінен «керман» соғысына қатысып келген қаһармандар.

Айтпақшы, о кезде кеңшарда тұратындар орталықтары-ның қайдағы бір Аманкелді емес, Сталиннің «оң қолы» болған А. А. Ждановтың аты-жөнімен аталатынын әжептеуір мақтан тұтатын. Ойық деген аталарының атын қойып алған ауылдың адамдарын мазақ қып, ыржақ-ыржақ күлетін. Ыржақ-ыржақ күлгені бер жағы, кеңес өкіметінің нанына адал бір белсенді аудандық партия комитетіне «көрші ауылдағы коммуиист жолдастар кеңшарларына ата-бабаларының атын қойып алған кертартпа шалдардың саяси сауатсыздығына жол беріп отыр. Ондай ескілікті көксеген рушылдардың мәселесін бюрода қарау керек» деп арыз жазып жіберіпті. Әлгі домалақ арыз қолына тиісімен аупарткомнан көзіне қалың көзілдірік ілген бір қара пұшық нұсқаушы сүрініп-қабынып жетіп келсін. Жетіп кесін де «так, так» деп, тақылдап жүріп айрандай ұйыған жұртты қасқыр тиген қойдай дүрліктірсін. Сөйтіп, Ойық ауылындағы «рушылдық» мәселесі аупарткомның бюросында май шаммен қаралсын. Біраз ойық-коммунистер мен комсомол-ойықтар партия, комсомол қатарынан шеттеліп, қызмет-терінен қуылсын. Құмның жиегінде қойын құрттап, айранын ұрттап жатқан Ойық ауылы Мәскеудің назарына іліксін. Желтоқсан оқиғасындағы Мәскеу айтқан «ұлтшылдықтың» бір ұшығын осы жақтан іздеп тапқан әлгі көзінде қалың көзілдірігі бар қара пұшықтың газетке «Ойық ауылының атын Ұлы Қазан төңкерісі деп өзгерту керек» деген мақаласы бастауыш партия, комсомол ұйымдарында қызу талқыланып жатқан кез де осы тұс еді. Бірақ, Ойықтың ескіше ойлайтын еңкіш шалдарының о баста қойған атын құдай қош көргендей қазақ жұрты аяқ астынан дсрбес саясат ұстаған дербес мемлекет боп шыға келді.

О құдая құдуанда, осыдан кейін әлгі «так, так» дейтін тақылдақ қара пұшығыңыздың ауызндағы «кәлимасы» табан астында 180 градусқа бұрылды. Бұрылғанда, жүзін жіліктеп, ата-бабасының тарихындағы «ақ таңдақтарды» аныктап, ру басыларын ұрандатып шыға келді. Ауылына ата-бабасының атын қойғыш рушылдың нағыз өзі осы қара пұшық екен дә. Бір-екі жылдың мезіретінде Малтабар, Қойбағар деген күлкілі аттардан аяқ алып жүре алмай қалдық. Бірақ, Жолтан жездеміз «оныкі «жау еткен соң қылышыңды боққа шаптың» кері. Сол «так, тағыңыз» Ойыққа келіп тұрып, іргесіндегі Аманкел- дінің кай УЧ.манкелді екенін білмей кеткен жок па? Басында бір шайнам ми болса «тойыс, мынау Аманкелдінің сонында неге Иманов деген фамилия жоқ? Оны неге алып тастағансыңдар?» деп бәле салмас па еді» дер еді ғой» дейді күліп.

Шынында да партия комитетіндегілер Шауыпкел деп атап кеткен қара пұшық Жолтаншалап айтқанда, мұрнына боқтың иісі бармайтын маубастың нағыз өзі еді. Әйтпесе, тексеріп келген арызының отқа май құя түсетін нағыз «күйіп» тұрған жері осы Ойықтың ұрпағы Аманкелдінің атыңда тұрған. Әдетте біздің ауылға келген есті қонақ бір-екі күн жат-қаннан кейін Аманкелді деген аттың соңында Иманов деген фамилияның қосақталып жүрмейтінін аңғара бастар еді. Аңғара бастар еді де «бұл қалай?» деп сұрар еді. Аманкелділіктер болса әңгімені әріден бастайтын. «Әріден бастайтын да «Жоңғар шапқыншылығының жан алып, жан беріскен кезі болса ксрек. Қайда барсаң да «ақ табан шұбырынды, алқа көл сұламаға» ұшырап, «Елім- айды» еңіреткен қазақ. Әйгілі Аңырақай шайқасына Ойық бабамыздың жалғыз ұлы Жауатар да аттанады. Батыр ұл бес қаруын бойына асып, «Әруақ!» деп аттанып кеткенде кимешегінің ұшымен көзінің жасын сүрткіштеп артында қалған жары қошқардай ұл туады. Ойық атамыз ырымдап немересінің атын Аманкелді қояды. Біздің ауылдың аты сол Ойық. атамыздың ұлы Жауатардан қалған тұяқ Аманкелдінің атымен аталады. Иманов берідегі батыр ғой...» дер еді. Таңқалған қонақ талып қала жаздайды. Айнала түгел Большевик, Ленин, Ильич, Коммунизм, XXVII партсьезд... Ал мыналар болса сонау 1723 жылдың ар жақ бер жағында ми-тыңдап әлі жүр. Мұндай тал түстегі таңқалыстар ауылдың шекарасынан аспай, айтылған жерінде қалса жақсы ғой. Бірақ қойдан жуас боп келетін қонақтардың арасында көрген-білгенін аупарткомға сыбырлап қоятын «жетербайлар» да жетерлік. Аупартком болса ауылдың басшыларына шүйлігіп «әй, осы уаққа шейін ауылдарыңның атын өзгертпей шошқа та-ғалап отсыңдар ма? Ең болмаса Аманкелдінің соңына Иманов деп жаза салсаңдар болмайтұғын ба еді? Сендер үшін біз таяқ жейміз де жатамыз» дейді. Сосын ауылдың ақсақалдары ақыл-даса келе осы уақытқа дейін «Аманкелді сегіз жылдық мектебі...» деп жазылып келген мектептің атының соңына Иманов деп жазуға келісімін берді. Ұйғарымдары «ол да бөтен емес». Ата-бабаларының атына адал біздің ауылдың ақсақ шалдарының коммунистік идеологияға қарсы жүргізген «астыр-тын» күресіне осыдан кейін қалай мақтанбайсың енді!

Қойпы, сонымен Жолтан жездеміз Аманкелдіде соғыс мүгедектерінің Ібір - Сібірдің орманындай сыңсып жүргенін ең бірінші болып есімізге салып жіберді. Салғанда, ғалымның хатындай шегеледі де тастады. Бұл сөз енді ойықтардың он-ыншы ұрпағына дейін өлмейді.

Жолтекеңе бұл «қанатты сөзді» айтқызған да әлгі өзінің «бомба түскен» қайнағаларының бірі. Бірі болғанда, Әуесхан көкемнің ұзынды-қысқалы балдақтарының әуресінен шыққан гәп. Жер барып хабарламасын, Әукеңнің иә сол аяғы, иә оң аяғы Герман жерінде қалып қойған. Сол Әукең Жолтанның бастығы. Бастығы болғанда, шөпшілердің бригадирі. Шөпшілерге бөлінген бортын жалпайтып жайып тастаған машинаның шопыры - Жолтан. Ал Жолтан қу ойыққа күйеу. Біздің Аманкелдіде ойықтың бір-бірімен қыз алыспайтын Қызыл-құрт деген баласының үрім-бұтақтары ғана тұрады. Сондық-тан, тілінің қотыры бар Жолтанға аманкелділіктермен күйеу болып ойнау тақыр басын қасығандай рахат!

Әуесхан көкемнің де мінезі оңып тұрған жоқ. Болмашы нәрсеге бола көздері алайып, шатынап пыға келеді. Артық- ауыс сөз бен әзіл-қалжыңды көтере алмайды. Жолтанның машинасын шөпшілерге бекіткелі бері тақыр бас күйеу баласымен талай рет жүз шайысқан. Талай рет татуласқан. Сол жолы да керісіп қалды.

Әукең балдағына сүйеніп Жолтанның машинасының табалдырығына секіріп мінді. Содан соң кабинаға жайғасып, балдақтарын жиыстырып жатыр еді, бүктеуге келмейтін серейген екі ағаш орындықтағы Жолтанның жүні жалбырап жатқан тонына ілініп қалды. Әрі-бері тартқылап көріп еді, ұзын балдақ кәбіңкенің төбесіне тіреліп, жоғарақпанда икемге келе қоймады. Қаны басына шапшыған Әуесхан көкеміз балдақтары да, басы жалтыраған жазықсыз Жолтаңды да бір-ақ қайырды.

— Ой, әкеңнің... Жаман тоныңның жүнін жалбыратып жазда да тастамайсын Кәбіңкенді қуықтай ғып, тарылтып жіберіпті ғой түге.

Жолтанның бойы тапалдау болатын. Пружинасы босап, «ойылып» қалған орындығына қыс киер қара тонын төсеп биіктетіп отырып жүргені сондықтан. Бірақ Әукең сөйдеді екен деп тілін тістеп, сөзден жеңілетін Жолтан жоқ

- Өзің мінгеніңмен қоймай, кабинаға Ждановтың барлық «строй материалдарын» тиеп алсаң, әрине сыймайсың, - деп, қайнағасының саудыраған ағаш балдақтарын кекетіп тақ ете қалады.

Көкеміздің алақұйын ашуымен бірге жөн сөзге жығыла білетін мәрттігі де бар. Күйеу баласының жалтыр басын келістірп бір боқтайды да қояды. Бірақ Жолтанның «строй материалдар» жөніндегі тапқырлығын Аманкелдінің ат төбеліндей қушыкештері біразға дейін жыр ғып жүрді.

Бір аяқтарын немістерге беріп келді демесек, біздің ауылдың Әуесхан бастаған «бомба түскен» шалдарынын ұпайлары түгел еді. Жағдайлары он екі мүшелері сау жоғары білімді дыңдай мұғалімдерден артық болмаса, кем емес. Жолтан жездеміздің тілімен айтқанда «ақсақ-тоқсак» ағаларымның бәрі сол кезде-ақ қызыл шатырлы «модный» үй соғып алғанды. Қара жұмыс істеген біреуін көрген жоқпын. Әуесхан-шөпшілердің бригадирі, Мәдібай-қамба меңгерушісі, Шәкір... әй-теуір о да шіреніп жүреді.

Соңғы жылдары ағаларымыздың әдемі үйлерінің жанына «Запарожец» деген әңгелектей томпиған мәшинелер кеп қаңтарылды. Бұл таңсық дүниені ауылға ең алғаш Берден молда алып келді. Соғыстан кейін қала жақты айналшықтап, туған жеріне соңыра көшіп-қоныстанған Бекеңнің де иә сол аяғы, иә оң аяғы тізеден жоғары жоқ болатын. Өзі бала кезінде Қарақожа мешітінен арабша хат таныған. Сондықтан дін жолына түсіп, кеңес өкіметінін жасқа да, жасамасқа да ортақ саясатынан бойын аулақ ұстап жүретін. Осы Берден молданың тобатайдай «Запарожеці» ауылдағы барлық мүгедек көкелерімнін көкейлеріндегі құртқа айналып, «мүгедек-майдангер» деген құжат жинау, таныс іздеп ауданға, облысқа шапқылау басталды да кетті. Көп кешікпей ауылға «Запарожецтердің» алдыңғы легі де келе бастады. Әуелі Әуесхан көкем алды. Сосын Ақатай, одан кейін Мәдібай мінді. Соңын ала Шәкір де бір «Запорожецті» тақымға басты. Алақандай ауылымыз қызыл, жасыл, көк, сары, ақ түсті «Запорожецтерге » толды да кетті. «Жигули» мен «Москвич» ілуде біреу: атақты шопандар мен автоләпкешілерде ғана бар. «Волга» деген арғымағыңыздың тұяғы Ждановтан бері қарай әлі аспаған. «Кемелденген социализмнің сықпыты осындай болса өлеміз ба енді?» дейтін Жолтан жездеміз бір күні қарап отырмай машинасының кө-леңкесінде тісін шұқып жатып мәселе көтерсін.

- Менің ақсақ-тоқсақ қайнағаларымның арманы жоқ қой, шіркін! Бір-бір аяқтарын бір-бір мәшинеге айырбастап алып, Аманкелді мен Ждановтың арасын шаңдаты-е-еп жүріп жатыр. Бірақ Махамбет қайнағамның не жазығы бар? Кеңес өкіметін тек қана ақсақтар қорғап па? Шолақтарға неғе маши-на бермейді? Соғыста аяқпен жүгірсе, қолмен атысты емес пе?!.

Әй, жатқан жерің жайлы болғыр, Жолтеке-ай! Жазушылардың газет-жорналдардың бір бетіне көлдей ғып жазатын мәселесін сен бір-ақ ауыз сөзбен, онда да бортын жалпайтып жайып тастаған машинаңның көлеңкесінде тісіңе тұрып қал-ған қай күнгі етті тазалап отырып-ақ айта салушы ең- ау!

Жолтан жездеміздің мәселе «көтеретініндей» барды. Шынында да Махамбет сияқты бір қолы жоқ майдангерге өкімет неге мәшине бермейді? Бұл төрт жыл қан кешіп, сонау Курскі доғасы деген жерде бір қолынан айырылып келген майдангерді көпе-көрінеу көзге ілмеу емес пе?

Махаңның да иә сол қолы, иә оң қолы иықтан төмен жоқ болатын. Кәстөмінің салбыраған бос жеңін жан қалтасына, болмаса белдігіне кыстырып алатын. Өзі пошташы. Қазіргі жүгемектерден пошташы туралы «білімін» сүрасаң бақырайған көздерінің алдына Эдуард Успенскийдің экраннан түспейтін «Почтальон Печеині» келіп тұра қалатынына күмәнім жоқ. Тәрбие солай болса амал бар ма. Ал менің көз алдыма «пош-ташы» десе ең алдымен Махамбет көкем елестейді.

Аманкелді сегіз жылдық мектебінде оқып жүрген кезімізде Сымағұл ағайдың есеп сабағы миымызға қонбай жалыға бастасақ терезеден сыртқа телміретінбіз. Себебі, осы есеп сабағы өтетін сәске түске қарай мектептің алдына пошташы Махамбет көкем келіп, қоңыр есегінен түсіп жатады. Қоржынының қос бүйірі толған газет-жорналдар. Махаң үйді-үйді аралауға еріне ме, әлде сол үйлердің бір-бір қара домалағы осы мектепте де оқып жүр ғой, апарып бере салар дей ме, әйтеуір А. А. Жданов атындағы кеңшардағы байланыс бөлімшесінен шыққан бетте біздің мектептің алдына кеп қоңыр есегінің тізгінін бір-ақ тартады.

Пошташы Махамбет көкем келіп қоңыр есегінен түскен соң Сымағұл ағайдың сабағынан сән кетеді. Қолы бос мұғалімдер мен далада улап-шулап жүрген оқушылар Махаңның жанына балға үймелеген арадай құжынап, бір-бір газет- жорналды алып рахатқа батып жатқанда қайдағы сабақ. Сымағұлдың «үй, әт-тәңә нәлет, тақтаға қара!» деп жекірген үнін ешкім тыңдай қоймайды.

Қыстың күні Махаңды да, Махаңның қоңыр есегін де мектегітің алдынан қору қиын. Ауылдағы үйлерді аралауды да сиретеді. Соғысқа берген қолдың шорт кесіліп, қарақотырланып барып жазылған тұсы суыққа шыдамай сырқырайтын болса керек, жып-жылы пештің түбінен көп ұзамайды. Газет-жорнал алдырып оқитындар Махамбетті ауылдың бір шетіндегі үйіне іздеп баруға мәжбүр. Жолтан қудың қыршаңқы тілі ондайда Махаңды да «сыбағасынан» құр қалдырмай бір түйреп өтеді. Әйтпесе, Жолтан Жолтан бола ма?! «Махамбет шолаққа қыстың күні газет-журнал сұрай барсақ «адам жаурап өлейін деп жатқанда қайдағы газет» деп өзіңе ұрсып бәле қылады» деп күліп отыратын. Міне, сол Жолтекең сол Махамбет қайнағасының жыртысын жырта қалыпты деп таңғалудың да жөні жоқ. Жолтекең «дұрыс» дейтін жерде «дұрыс», «бұрыс» дейтін жерде «бұрыс» дейді.

- Махаңа мәшине не паложыны ма сонда?

Аязбек Жолтанға аузын ашып, аңқия қарайды.

- Мәселе қолда көрінеді.

- Бала-шағалары бар емес пе? Солар айдайды ғой.

- Оны сөйдеп мынау кең далада кеңірек кесіп-пішетін біз айтамыз. Ал анау Кремльдің тас қабырғасында отырғандар сол тас қабырғаша сіресіп қалған тәртіпке бағынады. Тас қабырға да тас керең адам сияқты, ештеңе естімейді. Тас қабырғаға дүниеде не боп, не қойып жатқанын көретін көз де бітпеген.

- Осы Махамбет көкемнің қай қолы шолақ?

- Сол қолы.

- Жоқ, оң қолы.

— Оны қайдан білесің?

— Пенсия таратқанда сол қолының саусақтарына түкіріп қойып, ақша санағанда жылдамдығына көз ілеспейді ғой тегі.

Аурушаң апасының зейнетақысын Махамбет көкесінен өзі барып алып тұратын Аязбекке сснбеске ләж жоқ

— Оны неге сұрадың?

— Соғыста «сол қолдар» деген бопты ғой.

— О не пәле тағы.

— Өз қолдарын өздері ататын дезертірлерді сөйдейді екен.

— Сен оны қайдан білесің?

— Виктор Некрасовтың «Сенкасын» оқы...

Жолтан жездеміз өзара күңкілдесіп кеткен Асқар мен Аязбектің сөздеріне елең ете қалған.

— Әй, не деп оттап отсыңдар түге? Мен күйеу болған соң ойнап әрнәрсені айта берем. Сендерге не жоқ Әйтпесе, Аман-келдінің сарбаздары шетінен асылдың сынықтары емес пе!

Жолтан өзінің «ақсақ-тоқсақ» деп, «бомба түскен» деп, кекетіп-мұқатып жүретін шалдарының төбесін кейде осылай көкке бір көтеріп тастайтын.

— Дәстүрлері қандай, тәлім-тәрбиелері қандай!

Жолтан елжірей сөйлейді. Оның да қалжың араластырмай, қабағын түйіп, әр сөзін қорғасындай салмақтап сөйлейтін кезі болады екен.

— Анау атаңа нәлеттерде дәстүр жоқ қой. «Ат тұяғын тай басар» деген қазақтың мәтелін білсе, өсте ме? Махаңды қоңыр есектің үстіне қор ғып отырғызып қойып, хат-хабар тасыта ма? Махаңның қос қолы - Сабыры мен Бабыры бар емес пе! Сабырдың көзі ашық, ізденетін шығар. Әй, Махамбет жәкем-нің де қолы не демесің, аяғы ұзын. Устиновке дейін барады әлі. Бермей көрсін сосын, «Запорожецін»!..

Жолтан жездеміздің бортын жалпайтып жайып тастаған мәшинесінің көлеңкесінде күйіп-пісіп отырып айтқан зары періштенің құлағына шалынды ма, көп ұзамай Махамбет көкем де бір «Запорожецке» ие болды. Ұмытпасам, Берден молда бұл кезде ескі «Запорожецін» өткізіп, жаңасын алған. Ал Әуесхан көкем «Мәскеуішке» ауысып мінген.

* * *


Бүгінде біздің Аманкелдінің «бомба түскен» шалдарының қатары кетік тістей сиреп, орындары үңірейіп-үңірейіп қалған. Оқ пен оттың ортасынан бір қол, бір аяқтарын беріп оралған осы қайсар қара нарлар қалмаған соң ауылдағы өмір де бұрынғыдай қызық емес сияқты. Олардың орнына әскерге майданның соңын ала шақырылып, қираған үйлер мен бықсыған түтіндері ғана көріп қайтқан аяқ-қолдары балғадай, он екі мүшесінде мін жоқ ағаларым ардагер атанған. Әттең Жол-тан жездем тірі болғанда бұл көкелерім де осы сияқты бір әңгіменің тақырыбы болып шыға келер еді.

Айтпақшы, аманкелділіктер десе тілі қышып тұратын Жолтан жездеміздің соғыстан қайтпай қалған алпыс қайнағасы туралы қалжыңдағанын естіген емеспін. Қанша қужақ десек те боздақтардың әруағымен ойнауға дәті бармаған шығар...

ШОПАНБАЙДЫҢ ШАРБАҒЫ
Шалдың мойнына ораған көлдей ақ орамалдағы қыраудай әппақ шаш екі тізесінен сәл жоғарырақ, бір жерде шашусыз жинаулы жатыр. Иіс сабынның көбігіне жабысқан шашын ұстараның жүзінен түскенін түскенше еті қашқан тарамыс саусақтарымен іліп алып, аса бір ұқыптылықпен жинап отырған да шалдың өзі.

- Еркебұлан-әй, мына шашты ал да анау дәу талдың түбіне көміп тасташы.

Немересі кеше ғана әкесі екеуі қораның көңін ойған кетпенге қарай томпаңдай жөнелді. Ауланың төріндегі көлең-кесі үлкен қара талдың қасындағы ошаққа асылған

тай қазандағы қайнап жаткан суды дәліздегі үлкен ақ шылаушынға шелектеп тасып жүрген кемпір:

- Еркеш, терең қазып көм, аяқ асты болмасын, - деп дауыстады.

Кейуана ырымшыл. Бұл мәселе жөнінде ол кісіні «академик» десе де болады. «Үйге қарай жүгірме», «күлді шашпа», «от шығарма», «суға түкірме»... Қариясының қыраудай аппақ шашының қотыр ешкінің қылшығындай жыңғыл қораның қабырғасына ілініп тұрғанын көргісі келмеген шығар.

Шал көзінің қиығымен баласын бағып отыр. Шалдың асылдың сынығындай ардақтап жүретін ұстарасы болатын. Баласы жас кезінде оның қызғылт түсті мүйіз сабына қатты қызығушы еді. Бірақ қытымыр шал оны өзінен басқа тірі жанға үстатпайтын. Шашын алдырып болғаннан кейін мүқият тазалап, жуады. Сосын оны қүрғақ шүберекпен баппен, асық-пай сүртеді. Осыдан кейін ғана ұстарасын барқытпен бипаздап орап, сопақша келген қоңыр қорабына салып, тығып тастайды. Шалдың буырыл шапы тікірейіп қайта шыққанша оған енді бұл үйде ешкім жоламайды. Шал сол өзі бағалап ұстаған дүниенің қадірін баласы білер ме екен, білмес пе екен деген-дей, сынай қарайтын сыңайлы. Шалдың әрбір көзқарасын жас кезінен ұғып өскен баласы бұл «емтиханнан» сүрінбей өткен сияқты. Шал, әсіресе, баласы ұстараның алмастай өткір жүзін жасырып тұрар ұңғысындағы су тамшыларын үрлеп кетіріп, бір тал сіріңкемен шаштың қиқымдарынан тазартқанда масат-тана қозғалақтап қойды.

- Суды томыртқалап қойдым. Таза іш киімің де дәлізде

тұр.

Кемпірдің көңілі хош. Соңғы көздері қыңқыл-сыңқылы көбейіп кеткен шалы бүгін алабөтен қунақ. Күншуаққа шығып баласына шашын алдырып отырып бұған: «Бүлбике-әй, су қайнатшы. Әшірәлім барда бір рахаттанып шомылып алайын» деді.



Бала кезінде кешке дейін аттың үстінде жүріп үйіне шаршап қайтатын әкесі кемпіріне етігін шешкізіп жатып «суыңды томыртқалап әкелші» дейтін. Сонда кемпірі ошақтың үстіндегі буы бұрқырап тұрған құдықтың мұздай суынан араластырып, қанжылым ғып әкелетін. Баласы бұл сөзді естімегелі қашан.

Шалдың шашын алып, сақал-мұртын бастырғанда бұлай қиналмап еді. Дүниеде еті қашқан кісінің терісіне сабын сүйкеуден өткен қиямет-қайым жоқ екен. Жон арқасынан шып-шып тер шықты. Бір кездегі нар кісінін сүйектері қушиған пұшайман халін көру қандай азап. Қолындағы сабынды сүйкеген сайын шалдың қабырғасы ырсиған арқасын қажап жатқандай қысылды. Тізеде шодырайған сүйек қана қалған. Бір қырым ет жоқ. Әйтеуір. өзі отырып, өзі тұрып, жүретіні дәтке қуат. Кемпір дәліздің есігінің сыртынан: «әй, болдыңдар ма түге» деп үшінші рет келгенде, шал мен баласы есіктің ілегін ағытып, сыртқа да шықты-ау...

Шал ақ матадан тігілген кең көйлек-дамбалын киіп, иығына жеңіл шибарқыт шапанын желбегей жамылған соң сұсты қалықпа түсті. Құйқасы аршыған жұмыртқадай әппақ болып түрған басына үлкен дәу дәсорамалын жауып, үстінен қара тақиясын баса киіп алды. Қара талдын көлеңкесіне төселген тақтайдың үстіне дастархан жайып, ас қамдап жүрген кемпір:

- Көптеген бері өзін қүр аттай жеңіл сезінгенін осы шығар, деп өзінен-өзі күбірлеп қояды.

Десе де, бағлан қозының былбырап піскен етінен шал аузына көп салмады. Алдындағы майлы етті баласының тұсына қарай ысыра берді. Жілікті немересіне ұсынды. Бір керемет шөл қысып отырғандай оқтын-оқтын жұтынып, тілімен таңдайын жібітіп, тамсана берді. Шалының көңілі нені қалайтынын қас-қабағынан сезе қоятын кемпір шалына арнап дереу бөлек шай жасады. Жиегіне жез түсті сызық жүргізген ақ кесеге ерні тиіп, сүт қатқан ыстық шайдан шым-шым ұрттаған сайын шалдың реңі кіре бастады.

Маңдайы жіпсіп, тұла бойы бусанды. Көңілі әбден жадыраған мезгілде немересіне:

- Қарагер мен торыны ертте, - деп әмір етті.

Баласы:


- Әке-ау, аттарды ерттетіп неғыласыз? - деп калған.

- Жә, мына Еркебүланға атамекенін корсетіп қайтайық.

- Кепіе жол-жөнекей машинамен келе жатып бәрін корді

ғой.


- Ой, сөзіңе болайын сенің Туған жер төсін атасымен аралағаны бір төбе емес пе. Сосын... саржелдіріп атпен жүр- генге не жетсің! Солай ма, Еркебүлан?

Ырымшыл кемпір қүдайға сыйынып, дүғасын оки бастады. Шалдың кылығынан көңіліне секем алып, шопына бастаған сықылды. Тәрізі «осы жарықтық бой жасағалы жүрмесе неғылсын» дейтінге келеді.

Аттьшы кісілер ауыл сыртындағы қүмның жиегіне жетіп қалды. Шал немересін атына мінгестіріп алыпты. Баласы шөбіне шалғы тимеген даланың кәусәр ауасын ашқарақтана жүтып, жаны жадырап сала берген. Оның айналасына ынтыға қарап, қүм гүлінің жүпар иісімен кеуде кере тыныстап келе жатқанын байқаған шал ақырын жөткірініп алып:

- Даланың келбеті өзгеріп пе, балам? — деген.

- Тайтөбе бала кезімде биік сияқты еді, қазір шөгіп, ала-сарып кеткен бе?

- «Бірге тумак болса да, бірге жүрмек жоқ екен» деген осы. Бір орында түрмақ дүние жоқ.

- Еркебүланды әдейі ертіп шықтым. Көрсін. Түйсін кө- кейіне. Өзің туған жеріңнің төбелерін үмытып қалған жоқ- сың ба?

- Жоға.


- Өткенде қырғыздағы Құрманқұл құдамыз келіп кет- кен, - деді шал қарагердің басын қалың құмның биіктеу бір бұйратына қарай бұра беріп. — Сол әңгіме ғып, күліп отырды қызталақ. Қылжақпас неме ғой өзі. Біздің ауылда біраз қазақтар тұрады дейді. Солар бірде желпініп отырып.

«Біздің шыққан тегіміз мықты. Ақсүйектердің тұқымынанбыз» деп, мақтанса керек. Сонда қырғыз ауылының тіліне теріскен шыққыр қулары: «Мына Манас жақта Ақсүйек деген сай бар. Ашаршылық жылдары ауып келген қазақтар «ақ сүйек» болып, қырылып қалған сайды солай атап кетсе керек. Сіздер, сірә, сол жақтан болдыңыздар ғой» деп, ауыздарына құм құйыпты. Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ. Менің ата-бабаларымның сүйегі де жат жұрттың бір аңғарында әппақ болып курап қалмаса неғылсын.

Алтынбек деген ағайынның қырғыз кұдасын баласы білетін. Ұмытпаса, аты-Құрманқұл. Өзі қушыкеш, әңгімешіл кісі.

- Әшірәлі, - деген бұған бір келгенінде кездесіп қалып,-біздің қырғыздарға қарағанда қазақтардың діні қатты, тілі тәтті. Менің Қатира деген көршім болды. Қазқтың қызы ғой жаманшылық жылы біздің елге келіп, тұрмыс құрып, тұрақтап қалған. Сол апаң өле-өлгенше қазақша сөйлеп кетті. Бүкіл ауыл осы күнге дейін таңғалып отырады. Ал, мына Алтынбек құдам менің қызым Канымчаны айналасы бір-екі жылдың ішінде қазақ қып жіберіпті...

Шал, баласы және немересі бұйрат-бұйрат құмның биік жалына ілікті. Бұл арадан етектегі ауыл да, құмның ортасындағы қорымдар да алақандағыдай анық көрінеді.

- Анау, - деді шал қабырғасы мүжілген шеткері моланы көрсетіп, - Айдарбек атаңның қорымы. Оның жанындағы Әлібек атаңдікі. Атам мен әкемнен тірідей айырылып, шешем екеуміз әр үйге бір түнеп, көрінгенге көзтүрткі болып жүргенде басымызға баспана тұрғызып берген Айдарбек атаң болатын. Ұста еді ғой жарықтық. Жүр, жақынырақ барайық.

Шал қарагерін тебінді. Әкесінің ерсілеу көрінген бүгінгі мінезінен баласы да шошып, қобалжи бастады.

Шал қорымның жанына келіп аттан түсті. Тізгінін құранды ердің қасына іле салып, шылбырдың ұшын белбеуіне қыстырды. Сосын тізе бүгуге лайықты шөбі қалыңдау

жерді таңдап жүріп тауып алды да, жүрелей жайғасты. Қырағыттай оқыған құранын аяқтап, алақанымен бетін сипады. Әләзір асығар ишарасы байқалмайды. Шоп басқан ескі корымның кетеуі кеткен кесегіне айнала қарап жүр.

- Тозып кетіпті-ау.

- Жөндетсе болмас па екен?

- Моланы жаңартпас болар. Мейірімің түссе одан да жұма сайын құран оқытып тұр. Сол сауап болады.

Шал ескі қорымды әлі айналшықтап қарап жүр.

Ұлы қипақтады.

- Әке, біз шыққалы да біраз уақыт болып қалды...

- Жә, асықпа.

_?

-Тындап алыңдар. Мынау екі шалдың моласының жанындағы анау кішкентай алаңқайды көріп тұрмысың Мен көз жұма қалсам сол жерге қойыңдар.



- Ой, сіз де қайдағыны айтады екенсіз. Құдайға шүкір, әлі тыңсыз ғой.

- Қайдағыны айтып тұрған жоқпын. Мен қатыбас өкі-меттерді көп көріп, аузым күйген адаммын. Ата-бабамның малы мен жерін тартып алып, өздерін қаңғыртып жібергендері де болды. Мынау саған көрсеткен жерге ертең ауылдың әкімі үйіндегі төрінен көрі жуық шешесін жерлеймін десе қайтесің?

_ ?

- Ә-ә, әкімнің дегені болады. Анау ылғи бидайық өскен шұрайлы саздың қалай аталатынын ұмытқан жоқпысың?



- Шопанбайдың шарбағы деуші едіңіздер ғой.

- Сол Шопанбай мына біздің бабамыз болады. Осы жер үшін ол қарашекпендермен де қырбай болған. Бірақ, қызыл әскердің қиғылығы одан да асып түсті. Төтеп бере алмады. Байтал түгіл бас қайғымен жан сауғалап, шүршіт асып кетті.

Баласының шалмен тәжікелесуге дәрмені жоқ еді. Қай жылдары еді құдай-ау. Шал сол кездегі кеңшардың директорына барып: «Мынау менің ата-бабамның жері. Елдің

аузында Шопанбайдың шарбағы деп бекерге айтылып жүрген жоқ. Лүқсат етсеқ сол жердің шөбін ауылдың шалғышы жігіттерін жалдап өзім орып алайын» дейді ғой. Кеңшар директоры Ерман деген есті кісі екен. «Ағасы-ау, мен ол жерді мынау Мейірқүлдың ата-бабасының жері. Шөбін өзі орып алсын» деп бүйрық берсем, күні ертең аупарткомның бюросы менің екі аяғымды бір етікке тықпай ма? Баяғы байқүлақтардың жырын жырлап жүрсін деп мені де, анау әні-міні коммунистке өтемін деп далаңдап жүрген прораб балаңды да құртады ғой. Одан да сізге тура Шопанбайдың шарбағының өзі болмаса да, соның іргесіндегі Сасық көлдің бидайығы мен жантағын орғызып берейін» деп қалың қасы қар жауғандай түнеріп отырған шалды үйіне әрең қайтарыпты деп еститін.

- Осы түгін тартсаң майы шғып жатқан жерді бір сенатор бәленбай жылға жалға алыпты дейді.

- Жерді де, малды да түгел бөліп берген жоқ па еді?

- Атасының басы. Жүні жылтыраған мал да, шөбі белуардан келетін шұрайлы жер де бастықтардың қанжығасында кетті. Бұрынғыны ақ патша дедік, кешегіні кеңес өкіметі дедік. Мақұл. Ал бүгінгілерге не жорық. Министрлер, сенаторлар, әкімдер... «Аспаннан туырлық жауса да кедейге ұлтарақ бұйырмайды» дегеннің кері осы.

Ұлы қылпылдай бастады. Шалдың тілі ащы. Бұдан гөрі Құрманқұл қырғыздың қылжағы имантаразы. Әйтеуір абырой болғанда қастарында ауыл басшылары жоқ.

Шал кейіп тұрған сенатордың кім екенін ұлының іші сезеді. Обалы не керек, облысты басқарып тұрған кезінде өзіне деген ықыласы түзу болды. Тиісті орындарға телефон шалып, бұның қызмет көлігін жекешелендіріп алуына ықпал етті. Үмітсіз шайтан. Бір майлы жіліктің басы көрінетін сияқты. Ол қызметке қолы жетсе... Бұйыртса Астанаға барып, арнайы сәлемдесіп шықсам ба деп жүрген. Шалдың сөзінің жаны бар. Сенатор балаларына мыңдаған гектар жерді жалға әперіпті деп бұл да естіген. Бірақ бұ мәселе мұның әкесінің тура жанды жарасының аузын тырнап кететінін білген жоқты. Ол кісінің жерден бөлек жекешелендіріп алған зауыттары қаншама. Шіркін....

- Әке-ау, ол енді қаржысы бар кісілер...

- Жә, неменеге шыр-пыр боп тұрсың. Маған енді анау өзіңе көрсеткен бұзау терісі-шөншіктей ғана жердегі кара бұйра топырақ бұйырса болды.

Шал ашуланамын деп шаршап қалды. Кеудесі сыр-сыр етіп, ентіге демалады. Ерні кеберсіп қалған. Ұлы атының тізгінін әперіп, шалдың шапанының етегіне жабысқан шөп-шаламдарды қаққыштады. Шал қарагерге немересінің сүймелдеуімен әрең мінді. Еркебұлан шалды аяп кетті. Бір жағынан қартайса да емендей илікпейтін қайсар мінезіне таңғалады. Шал, әкесі және өзі. Үшеуі үш бөлек жан. Әкесінің өз пәл-сапасы бар. Шал шындығын бүгін ашты. Апасының айтқаны рас болса...

Мейірқұл кеңес өкіметінің қара жұмысына илікпеді. Үнемі ат үстінде жүрді. Өзі о бастан ыстық, суығына көндіккен жылқы малын бақты. Астында мойнын доғаша иген , сұлу қара айғыр. Кейде оны әкесінен қалған ескі көз —күміс ертұрманмен ерттеп мініп шығады. «Байшікеш!» Бұл - басқарманың сөзі. Мейірқұлдың жүнін жығып, аяғына құлдық ұрғыза алмаған соң айтқаны. Тісін қайраумен талай түнді ұйқысыз өткізді. Ақыры тапты. Мейірқұлдың сағын сындыру үшін оны қалайда жансерігіне айналған қара айғырынан айыру керек. Бұл үшін Мейірқүлдың соңына аудандық милиңияның әпер-бақан бастығын салып қойса болды. Айтқаны келді. Милиңияның бастығы Мейірқұлға «не атты таңда, не түрмені таңда» деп шарт қойды. Ойлануға үш күн пұрсат. Мейірқұл қатты қиналды. Үшінші күн дегенде сылаңдаған қара айғырды қорадан алып шықты. Қорадан алып шықты да құдықтың мөлдір суына әбден шомылдырды. Құйрық-жалын сүзіп, үстіне әппақ ақ жабуын жапты. Күміс ертұрманның айыл-әбзелдерін күнге жарқыратып ерттеді. Қара айғырды тойға баратындай сылап-сипады. Кемпірі көзіне келіп қалған жасты шалына бай-қатпай орамалының ұшымен сүртіп алды...

Мейірқұл бұл кезде ауданға қарай баратын жолға түсіл еді. Майлы топырақты борпылдата кешіп, сонынан «әке» Деп жүгірген баласына да бұрылмады...

Кемпірі сол күні түнімен кірпік ілмей шықты. Мейірқұл таң аққаймақтанып ағып келе жатқанда бір-ақ оралған. Қара жаяу. Түрі өрт сөндіргендей. Әлемтапырық. Қолының саусақтарына, етігінің басына қан дақтары жұғыпты. Екі мұңлық бір-бірінің көңілін айтпай түсінді. Мейіркұл кемпіріне «су әкел» деп ым қақты. Мейірқұл алдымен қалтасынан ұстарасын алып жуды. Оның жүзі де қан екен...

Сәске түсте ауданнан ат терлетіп милициялар жетті. Мейірқұлдың қолын қайырып байлап, бір мәстекке мінгізді. Мейірқұлдың қара айғыры мен күміс ертұрманның тарихы ел аузында жыр боп жүрді. Біреулер Мейірқүл қара айғырын сойып алыпты десті. Енді біреулер қара айғырын құмның ішіне өз қолымен бауыздап, күміс ерімен бірге көміп кетіпті деп жүрді. Түрмеден соң трудармияға алынып, елге соғыс біткен соң бір-ақ оралған Мейіркұл да бұл туралы тіс жарған емес. Еркебұлан қалтасына қолын салды. Имек сапты ұстара қолына тиді. Алақанына салып, сабын қысып-қысып қойды.

- Апа, - дейтін Еркебұлан кішкентай кезінде еркелеп, атам ұстарасын неге тығып қояды?

- Е, қарағым-ай, ол ұстараның жүзінде қан бар ғой... Соны көрсе қай-қайдағы есіне түсетін шығар. Шашын алдырарда амал жоқ шығарды...

Еркебұлан атасының артына міңгесті. Белінен ұстап еді қолы еті жоқ қабырғаға тиді. Қампитып тұрған құр шапан екен. «Қайран атам...»

Қарагер мен торы ауылдың жолына түсті. Үш ұрпақтың өкілі үш түрлі ойдың кұшағында. Еркебұланның қолы ұстарада... Текті тұқымның қаны өз жүлгесін тапқандай лып- лып етіп түбіт мұрт жасөспірімнің алпыс екі тамырын қуалай ақты.


* * *

Ырымшыл кемпір босқа күдіктенбепті. Келесі күні таң- сәріде Шолпан жұлдыз туа шал дүниеден озды. «Арманы жоқ екен. Ақ өліммен өлді деген осы. Баласын шақыртып, бақұлдасып қалды. Қызметте ғой. Немерелері де жеті жұрттың тілін біледі екен. Бақыттымын деген адам Мейірқүлдай-ақ болсын» десті жүрт. Қайтсін. Бақыт деген сөздің мәнін өздерінше ой-лап, өздерінше топшылағаны ғой.

ШАЛ

Этно-мәдени аңсар
Былайғы жұрт өзін ыстық, суыққа бірдей, көнбіс кісі санайтұғын Ақылбай аяқ астынан бүйірі шаншығандай қабағы кіржиіп, әжімі тереңдеген қу шаңдыр өніңдегі кейістікті корсетпейін дегендей, жүзін қабырғаға беріп, бүк түсіп жатты да қалды. «Тұлпар арыса - тулақ, ер арыса - әруақтың» кебі де. Болмаса жалғыз қабат жадағай көрпеше жамбасына тастай батып, үйінің қаракөлеңкелеу бұрышында жатқан қаңбақ шал ғұрлы қарамы жоқ құр сүлдерді сонау жылғы кеудесі аяққап-тай атан жілік Ақылбай еді деуге ыстық ұрттағандай тілің тұтылғаны былай тұрсын, күні кеше ғана осы қара шанырақта болып өткен ақар-шақар қуаныштың ортасында қайғысыз- қамсыз, ақжұлық бөркі аспандап отырған базарлы шал еді деудің өзі күшке түскендей.

Белі еңкейіп, білегінен қайрат тайған қарт сәби деген емес пе? Шал кейіп, қыстығып жатса да келіні келіп: «Ататай, кешіре көріңіз...» деп әне-міне қапсыра құшақтай алатындай ұзақ күтті. Сөйтсс көңіліндегі әб жыландай бас көтерген түйткілді тарс ұмытпақ Зады діні жуас адам ғой, оңдайда оң бүйрегі бүлк-бүлк етіп, алпыс екі тамыры иіп, кәдімгідей ел-жіреп кетеді. Бірақ қанша күтсе де жуығарақпанда келіні кел-меді, иіліп кешірім сұрар да

болмады. Қайта жаңағы әзірде қыбырлап, оны мұны шаруасын айналдырып жүрген сықылды еді, онда шал да анасына өкпелеген баладай өзінің өкпе наласы келінінін жүрегіне шым-шымдап жетсін дегендей ауық-ауық «аһ» ұра күрсініп жатқан, енді түкпіргі бөлмесіне кіріп кетті ме, үйдің іші құлаққа ұрғандай тым-тырыс. Бұл - шал-дын көңілін тарқаған базардың жұртындай одан бетер құла зытты. Ақылбай келініне мән-жайды айтып түсіндірмеген өзіне де ызалы. Бағана үйге көңілі бұзылып енгеннен кейін, кейістігін білдіріп бір ауыз тіл қатайын деп оқталды да жетесінде болса өзі-ақ ұғар деп қисая кеткен. Сол қалпы әлі тыпыр еткен жоқ.

Обалы не керек, келін түскен құтты күннен былайғы бір айдың мәулетіне дейін Ақылбайдың өзіне де, қара есігіне де тыным болған жоқ. Көлдей дастарқанды бар мәзірін жасатып, жайнатып тастады да, азанды кешке, кешті таңға ұрғызып әдейі жинатпай қойған. Онысы, мынау шаңырағына апы кіріп, күпі шығып, қуанышын бөлісіп жүрген халық риза болсын дегені. Онысы, анау қас бағып, қабақ аңдыған қоңсы-қолаңдарының: «Жарымағыр қақбас, жиған-тергенін жалғызының қызығынан аяп қалды» деген сыпсыңнан аулақ болайын дегені.

Қойны сонымен келінінің келісімімен кұдаларға жөнелтілген «өлі-тірінің» 100 мың теңге мен осы иіс-қоңысқа деп жемдеп жүрген құйрығы кетпендей қызыл ісекті есептеп- қисаптамағанның өзінде Ақылбайдың қоңыраулары сылдыр қаққан шеңгел шарбағында құдайысы, беташары, ауыл тойы, тағы несі, о, айтпақшы, құтты болсын айта келгендерге арнап сойғаны бар бір жетінің айналасында сегіз-тоғыз жандықтың терісі жайылып та үлгерді.

Беташар демекші, Ақылбай келінінің жүзін сонда алғаш көріп еді-ау. Үріп ауызға салғандай екен өзі де. Үй боп, отау тігіп кеткен қыздарының: «Келініңіз қаланың қызы екен» дегендерін құлағы шалып еді, асылы сол немелерінін айтқандарының жаны бар сөз болды. Рең-басы мынау Қызыларықтағы анау Құрамыстың бойжеткен қыздарынын

түр-сипатынан бөлек, киімі де жинақы, тал бойына жарасып-ақ тұр. Сол сәт Ақылбайдың пендешілігі қозып, келініңнің анау, мынау емес, мәдениетті от басынан өргеніне қуанған-ды. Тіпті жүрегін мақтаныш сезімі лүп- лүп қағып өткен.

— Балам, - деген сосын бір қағаберісте, «келін» деп агауға тілі түскірі күрмеліп, икемге келмей қойса болар ма. — Өзіңменен әтейі ақылдасайын деп келдім. «Малды ноқта, адамды неке жалғайды» дейді екен аталарымыз. Бұйртса, ару-ақ сыйлаған шаңырақтың табалдырығынан аттап отырсын.. Иә, не айтайын деп ем, ә, біз өзі төменде жоғаргы жақтың заң-зәкүнінен тысқары жатқан ауылмыз. Ал енді өз дәстүріміз бойынша, - деп онысының алды «өлі- тірі» деп аталатынын жұқалап отырып жеткізген.

- Солай, шырағым, кесімін өзің айт. Қартайғанда көрген қарағымның қалыңынан қалған мал - мал, жан - жан....

Келіні жарған жүгерідей әппақ тістерін жарқырата күлімсіреген. Бұл онсыз да борықтай, бәденді немені түлкінің баласындай одан бетер құлпыртып жіберді. «Тіпә, тіпә... «түсі игіден түңілме» деген, түсі жылы екен. Құдая, ауыл аймағына мейірімді қыла гөр...» Шыбын жаны келінінің үстінде, қалт-құлт етіп қарадай өбектеп тұрғанда даусыңнан айналайын «ата» деп тіл қатса болар ма, сыңғырлап. Иә, иә, мұның әлде-қашан беріш болып қатып қалған тулақтай түл денесін керегенің көгіне деп жібіткен көндей был-бы-ра-те-еп «ата» деді ғой. «Ата» деді де:

— Өздеріңіз шеше беріңіздер, папам ренжи қоймас, - дегені.

— Ой, ай-но-лайын! - Бұрынғы бұрынғы ма, Ақылбай енді одан бетер бәйек болда да қалды. - «Жоққа нысап, барға қанағат». Мә, ботам, ендеше мынаны ал-дағыны, - ол шәйі шүберекке оралған қомақты нәрсені келінінің қолына ұстата берді, - құдаларға аттандыратын кісілерімізді ыңғайлап алғанша өзіңде сақтай тұр...


Шәйі шүберектегі қомақты нәрсе Ақылбайдың әлгі «өлі-тіріге» деп сары майдай сақтап жүрген екі жарым мың пұлы еді.

Сол күні Ақылбай үшін дүние-жаһанда келінінен жақын, келінінен сенімді, келінінен жанашыр жан жоқ еді. Қарайып соңынан ергені болмаса осы жаман шалдың ұлы екенмін-ау, іші-бауырына кіріп, ашылып әңгіме дүкен құрайыншы деп қаперіне алмайтын жалғыздан гөрі мынау жүзін төмен салып мөлдіреген, аққудай келіні жанын әп-сәтте баурап алды. Кейін құлағдар болды, сөйтсе Ақылбайдың көрі қойдың жасындай ғана ғұмыры калғанда көрген осы там-тұм қызығының өзін әр саққа жүгірітіп, көрші-қолаңдары кәдімгідей күңкілдесе керек. Оларын хатқа жазсақ былай болып келеді.

- Сақалды басымен келінінің алдына қымсынбастан оңаша қалай барды екен?...

- Япыр-ай, десейші «келін-кепшіктері жоқтай қайын атамыздың мұнысы шынында да ерсі енді».

- Әй, далбасаламаңдар түге, «қуанган мен қорыққан бір-дей» деген осы. О несі сонша, аңсап жүріп жеткен қызығы ғой. Ақылекем бүгін не істесе де жарасады.

- Беу, Бүбіш жер басып жүргенде бұ байғұсты өстіп қазан-ошаққа араластырып қояр деп пе ең? Сорлы кемпір: «Жалғасжанымның табалдырығынан келінімнің оң аяғымен аттағанын көріп өлсем арманым жоқ» деп отырушы еді, дегеніне жете алмай кетті ғой...

- Оның рас-әй, ақ жаулықтысы жоқ үйдің мұндай олпы- солпысы болмай тұрушы ма еді? Бұйртса енді келінді болды, орнында бар оңалар, әлі-ақ түтіндері түзеліп кетеді. Осыған бола бықсытатындай ештеңе бүлінген жоқ.

- Қайдам, біз де келін түсіріп, құда күтіп көріп ек. Бірақ, бүйтіп келініміз босағадан бас сұқпастан жатып айдауына көніп, айтқаның істеп, тайраңдатып қойғанымыз жоқ. Өстіп жүріп келінді еркетотай етіп жібермесе неғылсын...

- Жоға деймін де, тым күрыса кыздарын жіберіп сөйлеспей ме?..

Ақылбай әдепкіде ағайын-туысқандарының қамырдан қыл айырғандай суыртпақтап отырып жеткізген осы сыпсың-дарында иығындағы жұмыр қауағына ой салғандай, болмаса таңдайына салып дәмін алғандай ауыз тұшытарлық түйірдей дән бар болса, шынында бар шығар деп біраз екшеп көрді де, кенет өзінен-өзі осқырынып, оқыс мырс етті.

- Әптілеріңді ұрайын, өңшең шуылдақ, сандалып, оттай береді...

Дегенмен кемпірі жөніндегі әңгіме шалдың қиялын қай-қайдағы, жай-жайдағы ойға жетеледі. Өзі де осы той-томалаққа жеткелі мынау шат-шадыман қуанышқа бөленіп жатқан қара шаңырағында тағы бірдеңенің орны олқы соғып тұрғанын, әрі оның не нәрсе екенін пайымдай алмай көңілі алағызи беріп еді. «Қуанған мен қорыққан бірдей» деуші ме еді, сол айтқандай, есі шығып жүріп бұл мүндар сөйтсе марқұм кемпірін тарс есінен шғарып алыпты. Еһ, қазір жер басып, тірі жүрсе Ақылбай есімі ұмытылып, бұл тойхана алдымен Бүбіш-тікі болар еді ғой.

Тағдыр тауқыметі әуелі беліне түсіп, ерте еңкіш тартқан кемпірі өзінің соншалықты жұпынылығына қарамастан жанының дархандығы жөнінен мұқым ауылға мәлім-ді. Өле- өлген-ше кісінің бетіне келіп, жүз шайыспаған қоңторғай мінезімен жақты ма, кім білсін, абысын-ажындарының алдында да сый-лы еді байғүс. Бір жағынан Жалғасжанын өбектеп, бір жағы-нан шалының шайын қайнатып, онымен де қоймай өмірі бітпейтін қыбыр-жыбыр тірлігіне де үлгеріп жүрген кейуанаға, енді байқай отырса, келін- кепшіктері де үйір екен. Бірі «Осы апамның көмген наны- ай» деп, кемпірінің дастарқанындағы оттан қызара бөртіп жаңа ғана түскен таба нанды тамсанып үзе отырып, көңілін көтерсе, екіншісі: «Ене-ау, құртыңыздан қалды ма? Ойпырмай, сыртына майы шығып, тістесең таңдайың бал татып шыға келетін Жалғастың апасының кұртына аңсарымның ауып тұратыны-ай, осы» деп, алдап-суласа да, кәрі жанына кәдімгідей қанат байлап кететін-ді. Қайсыбірі тіпті: «Апа-ау, балаңызды соқталдай ғылмай үйлендірмейсіз бе?» деп кемпірдің ең осал жерінен ұстайтын. Ондайда күннен-күнге жапрыақтай желкілдеп, өсіп келе жатқан ұлын медет тұта ма, кемпірі: «Тоба, тоба, жеткізсе көп ұзамай біз де келінді болып, тұс-тұсымыздан лақша маңыраған немерелеріміздің ортасында миымыз ашып отырармыз» дейтін еметейі езіліп.

Беу, оның бәрін енді айтты не, айтпады не?

Бүбіш жазған бұл күнді сарылап қанша күтті дейсің Екі қыздан соң пұшпағы қанамаған бейбақтың қырыққа ілінгенде көрген ұлына деген көңілі алабөтен еді ғой. Ырым ғып, ұлының ныспысын Жалғас деп қойған да өзі болатын әуелі. Сол Жалғасының үстінен ызыңдаған шыбын ұшырмай, суға барса да, қой қайырса да арқасынан тастамай, әлпештеп өсірді емес пе. Оған ел-жұрт куә. Айтпақшы, ұлы қызылшамен ауырғанда ғой, мойнына бұршақ салып, Жалғасжаны қашан тәуір болып кеткенше тастамай қойғаны, жарықтықтың қарға тамырлы қазақтын ырымында мұндайдың да болатынын естігені болмаса, осы жасқа келгенше өз көзімен көрмеген Ақылбай бұршак қиып, күлдірген терінің астынан қып-қызыл қаны шығып тұрған Бүбіштің талша мойнына көз тоқтатып қарай алмай жаны ышқынғаны бар сонда. Хақ-тағала сөйткен байғұстың бір екі жыл ғүмырына да сараңдық етті. Өзі де жүрегі бір жаманшылықты сезетіндей ылғи: «Сол күнге жетем бе, жетпеймін бе?» деп отырушы еді. Кейде Ақылбайдың: «Тәйт, әрі сұңқылдамай» деп жекігенін құлағына ілместен саусақтарын бүгіп, жыл санайтын да «Жалғасжаным жиырмаға толғанда мен алпыстың пәленіне келеді екем» дейтұғын күрсініп. Кемпірі күрсінгенде Ақылбайдың жүрегі шым етіп бүре түсетін де, қабағы түйіліп кететін. Бірақ кемпірі сөйлей береді: «Ақыл-бай, менің алыс-жақын абысын-ажындарымды көріп өзіме: «Құдая, осы үйдің табалдырығынан бір шүйке бас оң аяғымен аттап, жақсылықты күнге жеткізсе, келінімнің бетіне жел болып келмеспін деген сертім бар еді. Кім біледі, бүгін бар да, ертен жоқ алмағайып өмір ғой, олай, бұлай болып кетсек, осы өсиетім екеуіміздің де қатерімізде жүрсін» дейтін мұның екі иығына қорғасын артқандай ап-ауыр ғып. Е-е, кепі ақыры, бар міндетті бір мұның мойнына артып...

Көп ұзамай дүрілдеп той да өткен. Тойға келінінің төркіні жағынан келушілерде қисап жоқ Еркектері кілең қасқа бас, ығай мен сығай, әйелдері ылғи алтын мен аптап, күміспен қаптағандай жалт-жұлт көйлек киген әртістер сықылды бір керім. Қойшы, сонымен не дейсін, әйтеуір Ақылбайдың нәміне қарасты үйлердің от басында түгел болып, қалқып ішіп, шалқып жеген соң: «Келіндеріңіздің жасау-жабдығы» деп күллі ағаш саймандарын тиеп әкелген, ащы ішектей ұзын қорапты машиналарына Ақылбай атаған ірі қараларды бірін қалдырмай қолма-қол тиеп алып, тартып отырысты. Ақылбай қадірменді құдаларының бұл қылықтарынан бір ыңғайсыздықты сезсе де сыр бермеді. Бірақ елдің аузына қалайша қақпақ боларсың? Жай жүрсе іштері кебетін жұрт, мынандай тілге өзі тіленіп тұрған гәпті қанын жерге тамызбай іліп ала жөнелді.

- Құдай сый-ла-да-ы... ағайындар-ау не байқадыңдар? Мынау сұмдық қой, күндері өтіп бара жатқандай атаған малды қолма-қол артып әкеткендерді көргенім осы.

- Өзіміз құдаларға мінгізген малымыздың құмның қай түлейінде жүргенінен де бейхабармыз, әуелі.

Ақылбай бүл әңгімелерді естісе де естімеген болды. Бұған салса, қалған жандықтарды қоса тиеп кетсін, мейлі. Айтпап па еді: «Жалғасымның тойынан қалған мал-мал, жан-жан» деп. Ендеше ақымақтар босқа арамтер боп, ойларына келгенін оттаймын десе еріктері білсін. Оған Акылбайдың титтей де қылы қисаймайды. Ау, мал қүдаға деп аталған екен, оны мезгілімнен алып кетсе несі айып? Зәкіржан молда айта беретін қайыр-сауап деген осындайда тимей ме қайта? Кемпірі байғұс мұның береген қолына риза болғандықтан қабірінде жатып бір аунап түскен шығар.
Көріп жүр ғой, әлгіндей деп тантыған көп немелерді, араға жыл аралатып жүреді де жеме-жемге келгенде атаған малдарын «жоғалып кетті» болмаса, «өзін іздеп тауып ап» деуден жүздері жанбайды. Жоқ-жоқ, басқаны қайдам дәл мұндай харамдық Ақылбайдың қолынан келе қоймас, карап жүрмей осы жұрт та қажытып бітті кісіні. Бүйыртса, енді бір демалмақ.

Қоңыртөбел ауылдың қоңырқай тәтті тіршілігі Ақылбайдың шаңырағында басталып та кеткен сөйтіп. Өзіне тарт-қан, аузынан сөзі, қойнынан безі түскен ұлы жұмысына ерте-летіп жөнелгеннен етігіне бір елі шаң қонақтап ымыртта бір-ақ оралады. Үйде келіні екеуі-ақ. Келіні оянғанша анау-мынау тірлікті өзі-ақ тындырып қояды. Қалай дегенмен, үйреніп қалған қолға дауа жоқ екен. Қасқа сиыр болса суалып кеткен, ертелетіп падашының алдына салып бергеннен өзге ауыртпалығы жоқ о қарасанның. Ал шайға қататын бір тостаған сүтті сырт көз байқамасын деп, елең-алаңда қораға кіріп ақ ешкінің бауырынан өзі-ақ тартып ала қояды. Иә, кейде: «Қой, мұным болмас, келініме айтайын, өз тірлігіне өзі бас болып, пысысын» деп оқталғанмен, артынша: «жә, болмапы іске бола әурелемей-ақ қояйын» деп ойлайды. Оның үстіне, соңғы кезде түсіне жиі еніп жүрген кемпірі: «маңдайына жазған жалғыз келініңді әлпештеудің орнына әлден ауыр жұмысқа жегіп, ауылдың салпы етек қатындарының қатарына қосайын деп пе ең?» деп суық қадалып тұрғандай көреді де түрады. Онысы рас, тірі болса Бүбіш жазған бүкшеңдеп жүріп самаурынды өзі-ақ қайнатар еді. Бірақ Ақаң ондайға бармайды. Жоқ, самаурынға бір шелек суды төңкеріп, қу тезекті кәресінге малып, от қойғанды қиынсынғандықтан емес, ауылдастарының сөзінен қаймығады. Ауыздарында сөз тұрмайтын қу көмей ағайынның тағы неге жорырын кім біледі? Сосын жүрелеп отырып алады да, мұрнының астынан ыңылдап сексеуіл жаңқалайды. Келіні орнынан тұрып (ауылдан әлі ыңғайлы жұмыс табылмай жатыр), үйді жинағанша осы қыбыр-қыбыр, осы жыбыр-жыбыр. Әсеті келістіріп дастарқан жайып майысып шай құйғанда да ішінен: «жаратқан иемнің бұнысына да шүкір» деп тәңіріне деген ықыласын ішінен күбірлеп, қайталап айтып отырар еді.

Өстіп жүріп жатқан. Жоқ жерден қамқорси қалатын қашанғы әдеттері ғой, баснылар әшейінде орталықта өтетін жиналысты Бестамға жасаймыз деп бәтуаласа қалыпты. Мұнысы «орталықтан жырақ елді мекеннің жаяу-жалпысы тұрғындарының қамын ойлағандары шығар, мақұл ендеше» деп түйген Ақылбай да жұртқа ілескен.

Жиналыстағы басты мәселе сайлауға байланысты екен, оның аяғы үйреншікті дау-дамайға ұласып кетті. Бәрін бастайтын әлгі Мүсірәлі құрымағыр. «Сайлау, дауыс дегенде әлекедей жалаңдайсыңдар түге, ал азын-аулақ шаруамыз болып алдарыңа барсақ желкелеріннің шұқырын көрсетесіңдер» деп бастады бұл жолы да. Обалы қане, берекесіз дегенмен Мүсірәлінің созінің әбден-ақ жан бар. Бірақ амал қанша, «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпастың» кері, қызыл кенірдек боп керілдескенмен айналып келгенде басшылардікі жөн боп шыға береді. Ақылбай бесенеден белгілі әңгімеге құлақ түріп, тып-тыныш қана отыр еді, біреу жеңінен тартты. Қараса -Қызыларықтағы Қынаша. Ұзын бойлы келген, атжақты, ақ құба өңіне ақ сақалы үйлескен кісі өзі. Сән қуа ма, болмаса туасы сыпа кісі ме, әлгі шылғи ақ түстердің үстіне ақ шапан киіп, атына ақ жабу жауып жүретіні және бар. Сайлау жиналыс Қынашаны да жалықтырса керек:

— Ақа, Бүбіштің қара қазанының құлағын ұстайтын келінді болыпты деп естіп жатырмыз. Сырттай тілектес жанбыз ғой, құтты болсын кадамы, — деп тіл қатты.

— Айтсын, айтсын... — Ақылбай қайта-қайта басын шұлғып, отырған орнында қозғалақтап қойды. Бұл — шын пейілімен разы болғандағысы, Қынаша сөзін жалғады.

— Бұрыннан аралас-құралас, корпемізді тұйықтамаған ағайын ек. Балаңның қуанышына атаған бір жандығың мойнымызда. Қалай деп бола ма, сол тұста ескі сырқатым қозып, қуаныш үстінде қара көрсете алмасам, кешір...

Жо, Қынеке, о не дегенің... Ақылбайдың жүрегі енді тіпті елжіреп кетті. Әсіресе, кемпірі Бүбішті еске алып, аталы сөзін алыстан орағытып бастағанына кәдімгідей риза. «Бір ауылдың абыз тұтқан ақылгөй ақсақалы ғой, ақ батасын алып, үйден дәм-тұз татқызып жіберудің орайы кеп тұр екен өзі». Ойын осылай түйген ол Мүсірәліге: «Жиналыс аяқталғаннан кейін ақсақалдарды ертіп үйге кел, Бүбішке құран түсіртіп жіберейік» деп ескертті де, өзі әкім баладан ұлықсат алып үйіне қайтты.

Келіні үйінің ішін тап-тұйнақтай ғып жинап қойып, кішкентай бөстектің үстінде қолын таянып, журнал оқып отыр екен.

- Қарағым, - деді Ақылбай табалдырықтан аттар-аттамастан, - қазаныңа су құйып, көтере бергің Жиналысқа Қызыларықтан сыйлы аталарыңның бірі келіп қалған екен, қолыңнан дәм-түз татып кетсін. Бүбіш маркұмның барында талай дәм татқан шаңырағы ғой. Сөйтсе ғой, шырағым, мен шарбақтағы тоқтыны Мүсірәлінің тентегіне бауыздата берейін.

Ақылбай келінінің келісімін күтпестен асығыс тысқа қайта шығып кетті. Ойланып жүр. «Бүл бір сәтімен оңғарылған іс болды. «Ақа, келініңіз құтты болсын!» деп тағы біреу-міреусі кеп қала ма деп бір тоқтыны өрістен алып қалып, шарбағына байлап жүр еді, ақыл болған екен. Өзінің де еті уылжып, бал татып тұрған шығар. Қынекем бір мәз болып қалатын болды.

- Ас-су ішіліп, дастарқанның шеті қайырылды. Тіс шұқылаған қонақтар қабырғаға қарай шегініп-шегініп отырысты. Қара тоқтының былбырап піскен басы, келінінің қамырын қардай аппақ ұннан илеп, қағаздай жұп-жұқа ғып жайып салған наны бәрінің көңілдерінен шыққан сияқты. Айран қатқан қышқылтым жас сорпаны тағы бір шыны аяқтан тұшына жұтып-жұтып алысқаннан кейін жағалай қол сүртісіп, Бүбіш марқүмға тие берсін айтылды. Осы тұста әңгіме арнасы да өзінен-өзі кемпірге ойысып кете барған.

- Иманды болғыр, келінінің қызығын көре алмады демесе, ешкімге ауыртпалығын артпай жақсы кетті ғой.

- Соны айтсайшы, балалардың алдында бейшара ғып, кол-аяқтан айырып қойғаннан сақтасын, құдай.

- Опасыз жалған деп несіне айтады дейсін Әйтпесе, басқаны қайдам, тура осы Бүбіштің немере сүйетіндей енбегі бар еді...

Кеудесіне түсіп кеткен басын анда-санда шұлғып қойған Ақылбай әңгімеге елтіп отыр. Дәл қазіргі жайында жаксы лебіз атаулыны осылай отырып өмір бақи тыңдай берсе де жалығар сыңайы байқалмайды. Осы кезде есіне қайдан сап ете түскенін, төргі үйдің қабырғасындағы қалы кілемнің қақ ортасында от басының тыныс-тіршілігін сақшыдай бағып тұратын кемпірінің суретіне бір қарап алғысы келді. Жансыз сурет болса да бір қарап: «Міне, Бүбіш, әруағыңның алдында адалмын, ризамысың?» демекші еді. Бірақ бұрылып, желке тұсына қарай берді де біреу үстіне бір шелек су қүйып жібергендей әлгінде ғана бусанып, былбырап отырған денесі мұздап жүре берді. «Қой, кәрі жанарым сыр берген шығар» деп қайта бұрылып еді, жоқ, шыққыр көзі алдамапты. Сурет орнында жоқ. Кеше ғана, жо-жоқ, осыдан бір жеті бұрын кірген бұл бөлмеге. Сонда жоғын іздеймін деп жүріп, төрдегі кемпірінің жансыз суретімен жанарының тоқайласып қалғаны бар. Бірақ қадалып көп қарауға дәті жетпей, дұғасын күбірлеп, бөлмеден шыға жөнелген. Енді мынау алқа-қотан топтың ортасында емін-еркін бір қарап мауқын баспақ еді, кемпірі... жоқ, сурет құмға сіңген судай зым-зия. Ақылбайдың іші алақұйын болып өрте-ніп жүре берді. Ыстық шай іштегі өртті одан бетер өршітіп, бір-екі рет «аһ» ұра күрсініп те жіберді. Шалдың мұнысын «кемпірін ойлап отырға» жорыды ма, қонақтар өздерімен өз-дері.

Ақылбайдың алдындағы ернеуіне алтын түстес бояу жалатқан ақ кеседегі шай әлдеқашан суып қалған. Дымға тәбеті жоқ. Өзінен-өзі жүрегі айнып, артық-ауыс дем шығарса, әлгінде ғана сүйсіне асаған бір-екі кесек жұмсақ құйрықты қайта құсып тастайтындай. Келіні демдеген, өзі күн сайын бие сауым уақыт отырып сораптайтын қызыл күрең шай да дәл қазір жыланның уындай зәрлі көрініп кетті. «Иә, бүл тек келіннің ісі. Бала бүйтпесе керек. Үйдің ішін сиыр жалағандай жылмитып, төсеніштің үстінен көлденең жатқан бір тал сыпырғыштың сынығын байқаса ішіп отырған ас-суын тастай ұмтылатын тазалық бас шайқаушы еді, міне, сол кұдығының ақыры расқа айналды. Расқа айналғаны сол, үйдің ішіндеғі ескі-құсқыны күйедей жалмап келіп, кемпірінің көзіндей көріп жүрген көне суретке де қол салған екен ақыры. Жазықсыз сурет қай сәндерін бұзды екен? Осыдан кейін енді келінін қайтып жақсы көреді? Ұлын қалай ес тұтады? Ертеңгі күні мандайына жазылған өлшеулі дәм-тұзы түгесіліп, ақ бұйрықты өліммен көз жұма қалса, мұның да киімдерін отқа жағып, тұтынған заттарын қоқысқа лақтырмай ма бұлар? Әлде... «өкенін жинағаны балаға дүние болмайды» деген рас па? Жо-оқ, олай болса, сонау ықылым заманнан бері атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүріміздің де күні тумақ қой. Сонда деймін-ау, бұлардың мынау төрт қабырға тірелген жылтыр ағаштардың тұтқынындағы қуыршақ ғұмыры жылусыз ошақ сияқты қадірсіз бірдеңе болып шықпай ма?!».

Ақылбай жүрегі шаншығандағы әдетімен көзін шарт жұмды. Есіне ертоқым түскен. Иә, әкесінен қалған кәдімгі құранды ертоқым. Әкесі көз жұмғанда, онда бұл шикі өкпе бала кезі, шешесінен сол ертоқымды қалаушыларда қисап болмады. Шешесіне біреуі келіп: мұның әлі ат жалын тартып мінуге жарамаған жас екенін көлденең тартса, енді біреуі күміс ер-тоқымды алып шығып, бар сән-салтанатымен ерттеп міне қоятын аты жоқ екенін беттеріне салық қылды. Анасы бәрібір илікпеген. Қайсысы келсе де жауабы даяр: «Балам жас болса өседі, аты жоқ болса бітеді- Ал, құранды ертоқым сол игілікке деген үміттің басы. Сондықтан оны өзімнің көзім тірі тұрғанда ешкімге ұстата да, бере де алмаймын». Анасы маркұмның ақыры айтқаны келді. Шаңырақтарына мал да бітті, жал да бітті. Сонда Ақылбай қара айғырымен көшеге сар желдіріп шыға келгенде доға мойын қыл құйрыққа бір, тақымындағы әшекейлі айыл-тұрманға бір қызыға қараушылар көп болған. Ие, заман өтті ғой. Бүгінде сол ертоқым да көне тартып барады. Аман болса, әлі оған немересін де өз қолымен қондырар бұл Ақылбай. Ал, бұлардың сынын кемпірінің суреті бұзыпты. Қолдары қалай барды екен десей. Көзін көрмесе де біреуінің өмірден ақ жолын тілеп өткен енесі, енді біреуінің ақ сүтін емізіп асыраған анасы емес пе еді, Бүбіш! Әңгімеге алданып отырып мұны Мүсірәлінің абайламай қалғаны мақұл болды, әйтпесе, «жығылғанға жұдырық», өзі күйреп отырған жанын одан бетер қаусатып тастар еді...»

Бесін кезінде Ақылбай қонақтарымен қош айтысып, шарбақтың сыртына дейін шығарып салды. Білдірмеймін дегенмен қабағында кірбің бар. Өз үйіне өзі кіре алмай қорланып, әулісінде едәуір жүрді. Бір сәт келініне: «Бүбіштің суретін қайда құрттыңдар!» деп бір шүйлігейін деп тұрды да, «өз қолыңды өзің кесесің бе, әзірше «ищә» деспеген қарағымның тілін шығарып аламын ба деп қибыжықтады. Ақыры: «Қой, не де болса анау мәнжубас ұлды күтейін. Төрдегі мұның кемпірінің сүйреті қай сындарын бұзғанын со сүмелектің өз аузынан естиің» - деген ойға тарс бекінген Ақылбайдың аяқ астынан бүк түсіп жатып қалған себебі осы болатын.

Тағы қанша уакыт жатқанын, сырттан кірген кісінің көзі сурінгендей үйдің іші әбден қараңғыланған екен. Ақылбай «битке өкпелеп, тонымды отқа тастаймын ба» одан да тұрып, малды жайғастырайын» деп бір оқталды да, келіні жақтан тықыр еткен дыбыс білінбеген соң қайта тырысып калды. «Нағыз айлакердің өзі екен, жүдә. Ата, аталап жүріп суреттің түбіне жетті, енді бір күні мұның өзін қомсынып, Шоланға қуып иықпасына кім кепіл?..

Осы мезет топсасы шиқылдап сыртқы есік апылды. Жауырынымен сезіп жатыр, біреулер абыр-дабыр әңгімелесіп, үйге кіріп келе жатқан сияқты. Үндерің таныды: келіні мен ұлы. Босағадағы түймені «шырт» дегізіп, шамды жақты. Шал көз қарықтырар жарықтан жасқанып жанарын жұма қойды. Ұлының үні кейісті.

- Елпілдеп, алты қырдың астындағы маған тұра жүгіргенше, үйдің іргесіндегі дәрігерге бармадың ба? Қаяқта жатыр өзі?

- Әне... — Келінінің үні пәс. Ұлы үйге жеткенше өзінің біраз жер-жебіріне жеткен сияқты.

- Әке, не болды? Қай жеріңіз ауырып қалды. Тағы да жүрегіңіз бе? Қазір, сәл шыдаңыз, дәрігер де келіп қалады.

«Келінімнің маналы бері тым-тырыс болып кету себебі енді түсінікті болды». Ақылбайдың жүрегі жұмсара түсті де, сурет есіне түсіп, қайта кіржие қалды.

Ұлы келініне әлі ренжулі.

- Шам жағылмапты, малдар да үрпиісіп қораның сыртында ошарылып тұр. Әбден әкеме арқа сүйеп алғансың,

«Қарайгөр-ей. Қалай-қалай сөйлейді-әй, мынау жаман күшік. Жуас деп жүргенім жуан болып шықпасын».

- Жолшыбай орталыққа соқпағанда бағана-ақ келетін едім. Қарашы енді...

- Алдың ба? Келіні кінәлі үнмен күмілжи тіл қатады. «Әлі бала екен-ау, өзі. Күйеуім ұрсып жатыр екен демейді, «алдың ба?» деп әлденені сұрайды. Әлгі қымбат көйлек- көн-шектерінің бірі болмаса неғылсын тағы. Әні, бұлардың әсілі дүниеге ауған...»

- Алдым, мә, орнына қой да әкемнің киім-кешектерін әзірле. Ауруханаға апарамыз дей қалса, дайын болып тұрайық.

«Әй, әй, мыналар қайтеді-әй. Мені енді ауырмай-сырқамай о дүниеге жөнелткендері ғана қалып еді. «Ақылбай ыңқылдап (ыңқылдамайын-ақ деп еді, оған болмады, үні құрымағыр өзінен-өзі шығып кетті), басын көтере берді де келінінің қолындағы затқа назары түсіп кетті. Сурет! Кемпірінің суреті! Жөнделіп отыра беріп, қайта қарады, Иә, иә, бірақ мынаның жылтырақ қатырма қағазының түсі мен алтын жақ-тау ағашы бөлек пе, қалай өзі? Әлгі Мүсірәлі тамсанып айтып отыратын кәмпүйтіріне жасатты ма екен?

Ақылбай ұлына да, келініне де қарамай суретке қолын соза берді. Жалғас әкесінің ауру тұрмақ бәлесі де жоқ, күндегі сап-сау өңін көріп айран-асыр. Келіншегінің де ұялы жанары шарасынан шығып кетердей бақырайып қалыпты.

- Әкпел бері!..

Әкесінін нені сұрап тұрғанын қас қағысынан ұққан Жалғас лып етіп әлгі ұр жаңа, жиек ағаштары жалт-жұлт еткен суретті ұсына беріп еді, бұрын мұндай оқыс мінез көрсетпейтін шал шекесі тырысып, шақшаң ете қалды.

- Жоқ, анаусын бер деп тұрмын, мен саған!

Әкесінің жанары қадалған жаққа жалт қараған Жалғасың көзі анасының әжім шимайлаған қарапайым жүзі мен мейірімді жанарына жолықты. Көне суреттен күле қараған анасы жәй ғана күбірлеп тұрған сияқты. «Әй, қарағым-ай! Әкеңнің мінезін білмеуші ме едің? Менің сүйретімді қанша арлеп, әспеттегендеріңмен әкелерің үшін сол баяғы Бүбішпін ғой. Жылтырақ нәрсенің жанға жылу болмайтынын шал ғұрлы білмегендерің бе? Одан да ескі суреттің шаңын аптасына бір рет сүртіп, көз алдына іліп қойсаңдар, шал үшін одан асқан құрметтің керегі де жоқ еді ғой...»

Кемпірінің суретімен соншалықты сағына көріскен шалдың жан дүниесіндегі қозғалысқа түскен алай-түлей ағыстың айыпкерін өзі деп ұққан ұл теріс айналып кетті. Қолындағы жаңа жзақтаулы суперсуретті не істерін білмей қиналған келінінің халі одан да мүшкіл еді...


ТҰҒЫРҒА БІТКЕН ТІКЕН

Ауылға келген сайын көрші-қолавдарымның арасынан бір қимас адамымды жоғалтып аламын. Сосын өзі жоқ, көкі- регімде - сөзі, көңілімде - бейнесі қалған асыл жанның касиеті жайлы ал кеп ой қауза. Бір-бірінің қадірін өлгеннен

кейін білетін ағайын бұл жолы ақыреттің ақ жолына Ізтілеуді- аттандырып сап отыр екен...

Қай бір жылы «әйелі өліп, шиеттей бала-шағасымен жағдайы болмай жүр» деп естігем. Өзіне кездейсоқ жолыққанымда «сен тентек те адам болдық ә» деп бір мәз болып еді. Иә, бейкүнә бала сияқты маркұмның өз сөзіне өзі күлетін ерсілеу әдеті бар еді. Бірақ айналасына әжім үйірілген көзіне көзім түскен тұста бұл жолғы күлкісінің шарасыз бейбақтың сайқымазақ күлкісі екенін байқап қалғам.

Кішкентай ғана елді мекеннің үй-жайы кәдімгідей сиреп қалыпты. Отын үшін жаппай отап тастаған ба, шіліңгір шілдеде күннің ыстығын өткізбейтін қалың тал да сиреп қалған.

- Қолындағы оншақты тұяғын алданыш қылған кәрі- құртаңдар болмаса, ауылда ешкім қалған жоқ - деді менің көшкен елдің жұртына тап болған жолаушыдай жетімсіреп қалған жандүниемді байқаған Бақыт.

- Анау Қарақожаның мешітінің орны емес пе?

- Иә.


Бақыт күрсінді.

* * *


Қар еріп, жер қарая бастаған кез. Күмбезіне көрген адамның көзі тоятын Қарақожаның мешітінің алды дегди бастаған. Қожыр-қожыр жердің бетіне ақ ұлпа тозаң да қонақтап үлгеріпті. Тозаң, әрине, Мұсатай бригадир мешітке сонау боқырауда әкеп төккізген бидайдан шығып жатыр. Тоқ етерін айтсам, тозаң мешіттің күншуағындағы «екі иығын» жұлып жеп, селкілдеп тұрған агрегаттын қуыс-қуысынан бұрқырайды. Қарша бораған шан-тозаңнан бидай тазалайтын агрегат таппақ, қасындағы қараң-құраң етіп жұмыс істеп жүрген екеу де аппақ Шаң- тозаң кірпіктеріне дейін кіреукелеген күпәйкелі адамдардың бірі - Ізтілеу. Біреулер оны туа керең екен десе, біреулер әйелі құлағын тазалаймын деп отырып жарғағын жарып алыпты десетін. Бірақ ел аузындағы күңкіл-сүңкілді елең ғып жүрген Ізтілеу жоқ. Әңгіме десе айналасын әжім шимайлаған көзі күлмеңдеп, кебірсіген құрғақ жүзіне шырай жүгіріп, жадырап сала береді.

Ізтілеудің қасындағы - Мұстапа. Оның Ізтілеуден айырмасы - бір ауыз сөзді базардан сатып алғандай салмақтап, «осыны айтсам ба екен, әлде айтпай-ақ қойсам ба екен?» дегендей көмейінен он ойланып, жүз толғанып әрең шығаратын бұл өңірде жоқ сандығы.

-Баяғыда мынау аяқ асты боп жатқан дәннің бір уысын үйіндегі ана сияқты шартық қарындарынын қамы үшін (осы кезде анандай жерде шекесі тырысып отырған шалға қарап ішек-сілесі қата күліп алады) іш көйлегінің ішіне тығып алып қайтқан қатындарды Мұсатай талай шырылдатып еді...

Шақша орнына ұстап жүрген кішкентай құтысын қалтасынан шығарып, онысының шайдың жылтырақ қағазынан сән үшін әдейі орап жасаған «тығынын» саусақтарының арасына салтанатпен қыстырып, ернінің астына тастаган көкбұйра насыбайдың «кәйпі» тарқап кете ме деп қорқа ма, жіпсіктей жанары жасаурап тұрған Мұстапа үндемейді. Шаң қауып, түсі бозғылт тартқан бидайдың бойынан көтерілген тозаң кеңсірігін қытықтап, мешіттің күмбезін жаңғырықтыра түшкіріп-түшкіріп алған Ізтілеу мұны «сенбедіге» жорып, әңгімесін одан әрі тәптіштейді.

- Құдай үшін рас айтам. Қырманнан қайтарда қатын біткеннің қойны-қойнын осы Мүсатай бір-бірлеп тексеріп ііығатын. Бірде Жалкыемес жеңгеміздің іш көйлегіне тығып алған бір дорба бидайын суырып алғаны бар сұмның.

Ізтілеу агрегаттың ұңғысына тұқымдық бидайды қайтадан бұрқыратып лақтыра бастады. Әңгімені де, Мұстапа да жайына қалған. Ақыры езуіндегі насыбайын аулақтата түкіріп тастаған Мұстапа ерінбестен агрегатты айналып Ізтілеудің жанына келді. Ізтілеу де оның бірдеңе демекші болған ыңғайын жақындағанынан сезіп, тұмағының салбыраған баулығын жоғары көтеріп, кұлағын Мұстапаның аузына тоса қойды.

- Әй, неғып үндемей қалдың? Айта бермейсің бе?

- Нені?


- Әлгі ше... Мұстапа оған жаңа ғана өзі айтқан әңгімені ыммен көрсетті.

- Ә-ә...


Ізтілеу әп-сәтте манағы көңілді қалпына қайта түсті де, өзінен-өзі сақылдап тұрып күліп алды.

- О, сойқанның мінезін білмеуші ме ең Келін-кепшіктерінің қойнын ашқан ұятсыз бригадирдің қылығына у- шу болған қатындарға «әй, неменеге шулайсыңдар түге. Қойнымды ашса бөтен деймісің өзімнің ақсақ қайнағам ғой. «Жалкы» деп пе едіңдер» деп салған ғой. Бірақ үйіне барғаннан кейін ыза мен күйіктен әбден жылапты дейді байғұсты...

Мен мұны білмеуші едім. Бірақ Қайырдың апасын үлкен кісілердің Жамал деудің орнына «Жалкыемес» дейтні таң- қалдырып жүретін.

- Ойпырай, ә! Заман да кінәлі.

Әр сөзін сағыздай созып сөйлейтін Мұстапа күлудің орнына ойланып қалған.

- Еріккен қу керең!

Ақсақ бригадир Ізтілеуге деген қыжылын өзі ғана еститіндей ғып ернінен ысылдап қана шығарады. Ізтілеудің қаперінде түк жоқ, қолы қимылдаса тілі де қоса қимылдайды. Біресе өзінен өзі жымың-жымың етіп, біресе сақылдап тұрып күліп алып, «тас дәуіріндегі» тарихты тірілтеді. Екі жүмысшысының әңгімесі қытығына тиіп. қарадай тынысы тарылған Мұсатай отырған жерінені бір тұрып, бір отырды. Жұп-жұқа танауы біресе қусырылып, біресе делдиіп, шалдың кәрі кеудесінен бір ақ сайтанның бас көтеріп келе жатқаны білінеді. Қабағы карс түйіліп, ұрттары жыбыр-жыбыр етеді.

- Қап, тас керең-ай! Әй, қысыр әңгімені тиясыңдар ма, жоқ па?!

Мұндайда сыбырлап айтқан сөзді де қағып ала қоятын Ізтілеу қабағы қырыстанған шалдың қытығына одан сайын тие түсейін дей ме, тағы да қутыңдап шыға келді. Кереңнің сойған түлкідей осы ыржалақтағанынан-ақ зәрезап болған Мұсатай қампысымен қоныпын сарт еткізе бір ұрып, теріс айналып кетті.

- Тіпу, сен саңырауға дауа жоқ шығар!

Бірақ шалдың қытығына тиді екен деп тілінің ұшына келіп қалған сөзді іркіп қалатын Ізтілеу жоқ.

- Ал, енді кеп мына иен тегін бидайға ие бола алмай жатырмыз. Бір кезде Гәләшөкін деген халыққа жаужұмыр жегізіпті ғой. Одан кейін «жоқ, жүгері жақсы» деп Хұрышев шығыпты...

- Бірақ сол өзекті жанға ортақ ашаршылықтың кезінде кейбір шолақ белсенділердің кекірігі азбаған деседі.

Мұстапа қабағын керіп, көзінің қиығымен Мұсатайға қарап қойды. Үлкендерді қайдам, бала атаулы ол кезде Мұсатай бригадирден өлердей қорқатын. Той-домалақ түгілі өлім-жітімнің өзінде көпшілікке көп үйірілмей саяқ жүретін, ал зәуімен алқа-қотан топтың ортасына түсіп қалса, адамдардың арқа-жарқа у-шуын жаратпай, уы сыртына тепкен бүйідей тырсия қалатын. Айналасын ұмсынған кісінің қолы жетпейтін биік шарбақпен шегендеп тастаған үйінің сыртқы көрінісі де тым сұсты. Ішінде не болып, не қойып жатқанын бір құдай білсін. Базда бір келетін айт кезінде кез-келген үйдің табалдырығынан айылын жимай аттайтын ауыл балалары ар жағынан қасқыр иттері қосарлана абалаған Мұсатайдың темір шарбағына келіп, кері қайтатын.

- Әй, әй! Сен найсап, тіл мен жағыңа сүйеніп, аузыңа келгенді оттай берме, білдің бе? Сандалып кетерсің!..

Шал безгек буғандай қалпылдап кетті. Мен оны бұлай ашуланады деп ойламап едім. Үкімі кесіліп, дар ағапының алдына желкелеп әкелген опасыздай екі көзі айранданып, аузынан түкірігі шашырап кетті.

Мұстапаның да ит жыны ұстап, қитыға қалған.

— Қиын қылғаның кызығын тышқан көрген бидайды тазалатпау болса, әнеки күрегің! Құдайдан қорықпай қасиетті мешітті дәрі сасыған қамбаға айналдырған сенен бәрін күтуге болады. Бірақ екі қолға бір кетпен табылатынын да ұмытпа. Ізтілеу, жинал! Кетеміз...

— Әй, Мұстапа, Қой деймін саған. Кеттігің не, әй! Сапхоз ертең себуге тұқым сұрайды. Кежегең кейін тартып тұрса өзің-ақ қайта бер. Ізтілеу, әй, сен ілеспе оған...

Буынып-түйініп, оны-мұныларын жинастыра бастаған екеуді қайтып жұмысқа жеге алмасы жетесіне жеткен Мұсатай қанден итше шабаланды да қалды. Аяқ астынан шыкқан ұрыстың төркінін түсінбей тұрып қалсам керек, Мұсатай жетімсіріп қалған агрегатты тоқтан ажыратып, айнатаға мүлгіген тыныштық орнаған кезде барып есімді жидым.

Міне, сол кездегі түсініксіз дауға менімен бірге куә болған Қарақожа мешітінің орны осы. Шалбарымның балағынан өтіп, балтырымды шым-шым «тістеген» қып- қызыл жантағы болмаса, мешіттің орны жым-жылас, ешқандай белгі қалмаған. Бір кездері Қарақожа атты Құран-кәрімді жатқа оқитын қари осы арадан мешіт соққызып, медресе ашып еді, бірақ кейін заман ағымымен ескіліктің жұрнағы ретінде адыра болып қалған кезінде оған біресе тыңайтқыш, біресе тұқымдық бидай сақтаған Мұсатай бригадир осы жерде Ізтілеу, Мұстапа деген мұндарлармен ұрысып қалып еді десең анау қолпылдаған керзі етігнің қонышы балтырын соғып, сиыр айдап бара жатқан бала иланар ма? Иланса да «Онда тұрған қандай ғибрат бар аға-ау?» деп иығын қушитар-ау...

Қарақожа мешітінің жұртын артқа тастап ауылдың сыртына қарай беттедім. Бағытым — керзі етігі қонышын қаққан қара сирақ бала сиырын қуалап кеткен ескі қырман жақ. Кенет көзім цементтен құйылған түғырға түсті. Мен оны алғаш көрген кезде үстінде ақ түске боялған кісінің мүсіні бар болатын...

Онда жоңышқаның қарауылы Естібай атамның тірі кезі. Бірде сол атамның қара айғырына мінгесіп ауылға келгенмін. Сонда мектептің қасындағы текпішек-текпішек тұғырдың үстіндегі кісіні алғаш рет көргем. Бір қолын кителінің өңіріне салып алыпты, ал екінші қолын алға қарай созып тұр. Бірақ мені қызықтырған текпішек тұғыр да, оның үстіндегі әкпен боялған кісі де емес, соған бір шығып, біртүсіп мәз болып жүрген балалар еді. Қызыққаным сонша аттан секіріп түсіп, асыр салған балаларға араласып кеткім келді.

- Ата, анаң қара...

- Тек, шошайтпа қолыңды! Әй, кәне, көздерінді батырыңдар бұл арадан. Ойнатын жер құрып қалды ма басқа?

Атам менін қолымды қағып тастап, атын тебінді де, әлгі балаларды тас мүсіннін жанынан аулақтата қуып тастаған.

- Түғырға шығып ойнайтынбыз есінс түсіп кетті ме?

- Осы түғырдағы мүсінді алын тастауға жұмысшылардың ешқайсысын көндіре алмағанда топтың ішінен Ізтілеу ғана жұлқынып шығыпты дейді ғой Сол рас па?

- Рас болғанда қандай. Мұстапаның тракторына трос жалғап құлатты да, сол күйі Таластың жағасындағы Талды ауылға сүйреп тастапты. Қанқалары әлі күнге дейін шашылып жатыр. Бірақ ел оны Ізтілеудін «жындылығынан» көріп жүрген жоқ... .

Өзінен өзі жиі күле беретін болған соң Ізтілеуді, «есалаң»

дейтіңдер де бар еді ауылда.

_ Керең де болса бәрін сезеді дейді.

Есіме Қарақожа мешітінің жанындағы баяғы ұрыс- керіс оралды.

Бала кездегі бір мезгіл ермегім- жем тазалайтын агрегатты Мұсатай өшіріп тастаған соң көңілім жабырқап үйге келгем.Қарап отырмай шай үстінде әжем мұңымды шақтым. «Ізтілеуді балағаттаса, ол кәрі құзында иман жоқ екен. Әкесінің түбіне жеткені аз ба еді?» деген сонда әжем. Бірақ ол кезде бұл сөздің мәнісін сұрайтындай жаста ма едім.

- Мұсатай қайтыс болғалы жантақ басып кетті өзін. Уақ малына деп шөп орғанда осы төңіректегі жантақты да тазалап орып алатұғын.

Бақыт тұғырға қарап тұрып Мұсатайды еске алды. Көз алдыма баяғы Естібай атамның қара айғырына мінгесіп ауылға келген кезімдегі тұғыр мен үстіндегі мүсіннің бейнесі елестеді. Бірақ баяғыдай емес... бұл жолы толық кескін- келбетімен көрінді. Бір қолын кителінің өңіріне салып, екінші қолын алға қарай созған қою мұртты, түксиген қалың қабақты кісі. Тол-қындаған шашын артқа қайырып тараған. Бейне бір қайта тірі-ліп «құдайларыңды ұмытып кеттіңдер ме» деп саусағын безеп тұрандай...

- Қой, үйге қайтайық. Сәрсен де шай жасап, күтіп отыр-ған шығар.

Бақыт жүр-жүрдің астына алды. Мені ойдан арашаламақ түрі.

- Бақыт десе...

- Әу.


- Бүгін қолың тисе ата-бабаларымыздың қорымдарына барып құран оқып қайтайықшы.

- Жарайды.

Көңіл-күйімді айтқызбай ұққан Бақыт тез келісті. Күні кеше ғана дүниеден өткен Ізтілеудің рухы да сол қорымда жатыр. Бақыт «енді аялдай бермейік» дегендей, тікен өскен тас тұғырға үрейлене бір қарап қойып, үйіне апаратын жолға бастай берді. Қайтып келе жатып тас тұғырға өскен жантақтың тікені бүгін балтырымызды жырса, «нағыз тікен» Ізтілеудің қақ жүрегіне қадалыпты-ау деп ойладым. Соған шыдамаған ол, о, сұмдык, шер толқытқан ойларын айту үшін өтірік есалаң болып жүруі де мүмкін екен-ау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет