Көсемәлі СӘттібай¥лы шарбақтының жалғызы


СОҢҒЫ ХАБАР ӘУМЕСТЕР АҚПАРАҚ



жүктеу 1.86 Mb.
бет6/6
Дата06.01.2018
өлшемі1.86 Mb.
1   2   3   4   5   6
СОҢҒЫ ХАБАР ӘУМЕСТЕР АҚПАРАҚ
Қарлығаштардың ұясына мамық іздеп шыққан Ақпа- рақтың жолы болмады. Әуелі Қаралымен шекісіп қалды. Сосын Қызыл Айдардың патшалығына жасаған сапары да сәтсіз аяқталды. Ақпарақ қайырымды болса Қарлыгаштарға өзінің мамығын сыйлау керек еді.
САУЫСҚАН

Ашуланған Тышқан газетті лақтырып жібере жаздады.

- Өсекші Сауысқан, Ақпараққа бекерге тіл тигізіпті ғой. Оқымысты-Тотықүс болса Ақпарақтың көңіл-күйі өзіне

түк әсер етпегендей бүрынғыдан бетер маңызданды.

- Олай деуғе болмайды.

- Ой, болмайдыңмен бар бол сен! Жаңа ғана өз қүла- ғыммен естіп келдім. Қараланың мамығы түлеп, желге босқа ұшып жүргенге байгұс Ақпарақ елпілдеп жетіп барған ғой. Ал, ол болса...

- Дегенмен, Акпарақтың әуелі ойланып алғаны мақұл

еді.


Тышқан Оқымысты-Тотықұстан опа таппасын білді де мына жерден тезірек кеткісі келіп ініне қарай жүгіре жонелді. Жүгіріп бара жатып дүрбісі қазыққа ілініп қалды да шаңға тағы бір аунап тұрды. Қасы - көзі аппак шаң

СЕГІЗІНШІ ТАРАУ


Ақпарақ ақ самаурындағы өзінің бейнесімен ойнаи, Қарлығаштарға сый-сияпат әзірледі. Тынымсыз-Тыш- қанның әңгімесі біраз жәйттн шетін иығарды. Ақнарақ іске кіріспес бұрын самаурындағы озінің бейнесіне тесіліп біраз түрды. Бейне бір өзіне-өзі: «мынау күлағы селтиіп, қутың-қутың етіп түрған күшік шынымен-ак мен бе?» дейтін сияқты. Самаурындағы жүні қағаздай әппақ, түмсығы мен көзі мойыл-дай кап-қара күшік тым коңілді. «Бір-бірімізбен осылай «үндемес» ойнап қашанға дейін түрар екенбіз?» дегендей ол да орнынан тапжылар емес. Ақыры бұл Акпарақ шыдамады. Күнге шағылысып жарқыраған әппақ самаурындағы күшіктен көзін айырмаған күйі басың оң иығына қарай әнтек қисай- тыңқырап, тікірейғен қүлағын қайнылап-қайшылап жіберіп еді, мазақтағандай ол да мұның істегендерін айнытпай қайталады. Бүл оның Ақпарақтың коңілін көтеріп жіберді. «Енді не істесем екен?» Әп, бәлем, қазір састырайын сені. Акпарақ шолақ құйрығын астына басып отыра- қалған. Қу екен, ол да шол-тиған кішкене құйрығып астына басып шоқиып отыра кетті!

Көк аспанның төріне шығып алған Күн-Ана аула ішін жып-жылы шуаққа бөлеп тұр. Ақпарақ жападан-жалғаз. Ол үшін қазір осы жалғыздық қолайлы.

Ақпарақ қолындағы жүзі қылпып түрған өткір қайшы- сын саусақтарына іліп, ыңғайлап алды да іске кірісті. Самауыр — айнадан бәрі ап-анық корініп түр..

Ақпарақ алдымен қүлағының үшындағы шашақтырын қиып алды. Сонан соң аяқтарындағы жалбыраған балақ жүндерін қырықты. Оһо, осының озі-ақ бір ұяға жетіп артылады. әуелі. Бәрінен бұрын Қарлығаштарды айтсайны, бір қуанып қалатын болды. Ақпарақтың Қарлығаштарға берген мамығы жайлы естіген Қарала мсн Қызыл Айдар өздерінің сараңдықтарына ұялатын болады әлі.

Қой, енді уақытты өткізбей Қарлығаштарға барайын. Әлбетте, олар сондай мейірімді қустар ғой, мұның өздері үшін осыншама әуреге түскен хикаясын естіп «Ақпарақ- ау, өзіміз-ақ бірдеңе ғып ілдәлдалап жазды өткізер едік қой, түу...» деп, екеуі екі жақтан ал кеп өкінер. Бүл болса, әрине, бәрібір сыр бермейді. «Ой, мен қиналатындай ештеңе болған жоқ. Ә-ә, Қызыл Айдар мен Қараланың қиқанын айтасыздар ма? Ой, мен олардың мінезіне үйреніп кеткенмін» дейді. Сол кезде үябасар Қарлығаш бұған жанарыңдағы бар жылуын сыйлап, мөлдірей қарайды да ата Қарлығашқа әсем мойнын наздана бұрады.

- Қайтеміз енді, Ақпарақтай ағайдың көңілін қалдырға- нымыз үят болар. Осы кезде ата Қарлығаш қанатын қайшылай қозғап, ризашылығы болар, елпілдеп қалады.

- Әрине, әрине....бірақ осы мамығы түскірді өзіміз де өйтіп-бүйтіп жинап алып едік. Мейлі енді, артық болмас.

Қуаиған үябасар мүның қолындағы мамықты ұясына би-паздап төсей бастайды. Озі балаша мәз. Тамағын қырағыттап, назданып та қояды.

- Ой, мамық деп міне, осыны айт! Ақпарақ аға, Сізге көп-көп рахмет!

Өзінің момын қүстарға жақсылық жасағанына жүрегі кеудесіне сйймай өрекіпіп, шын қуанып түрса да бүл әрине, сыр бермей сабыр сақгайды. Ойткені аға деген аты бар емес пе? Сондықтан, лажы болса олардың рахметіне жосықсыз елпілдемей, кысқа ғана жауап қайтарғаны абзал. Мәселен, былай: «Жар-р-рай-ды!» деген сиякты. Жоқ, бүл тым мардым-сыған мырзаларға тән сөз сияқты. Сонда не деуім керек енді? Былай десем қалай болады? «Окасы жоқ, айналайындар! Бір-бірімізге қол ұшын беріп, көмектесу қай-қайсымыздың да парызымыз ғой». О-о, осы дүрыс сияқты. Тек «үрпақтарыңның аспаны ашық болсын, айналайыңдар!» дегенді үмытпау ке-рек...

- Ақпарақ! Ау, Ақпарақ!

Ақпарақтың балдай тәтті ойын аяғының астынан шің- кілдей естілген жіңішке үн бөліп жіберді. Бұл кезде Ақпарақ

мамықтарын себетке салып, Қарлығаштардың шанырағына қарай енді бет алғалы түрған.

- Оу, Тышқанбысың! Аяққа оратылып қайдан жүрсің?

- Ой, несін сүрайсың Ақпарак, өзіңе айтатын әңгімем көп.

Тышқан әбден шаршаған сыңай танытып отыра кетті. Тышқанның әңгімесі шынында көп еді.

Әңгіме болғанда, бәрі әлгі Қызыл Айдардың патшалы- ғында өзі куә болған оқиғадан басталды ғой. Оның үстіне Оқымысты-Тотықүстың ызасы тағы бар. Шынында мүндай окиғадан кейін Тышқан сияқтылардың ештеңе болмағандай үйінде аяғын аспанға көтеріп алаңсыз жатуы мүмкін емес- ті. Сондықтан ол інінен атып пығып, жорғалай жөнелген. Әдеп-кіде лағып жүріп, өзінің қайда бағыт үстауы керек екенін де зерделеген жоқ. Бір гәбі болар деген де қойған. Ең бастысы, әйтеуір, біреуге қастандық ойлау ниетінен аулақ қой.

Бір уақытта қараса, қүдықтың басына жақындап қалып- ты. Дүрыс, дүрыс, дәл осы уақытта Қарлығаштар қүдықтың жанындағы шалпыққа келіп конақтайды. Ойлап қараса, Тышқанның іздеп шыққаны да осы Қарлығаштар екен. Қарлығаштар коп күттірген жоқ. Тышқанның үстінен шыр айнала үшып, төңіректен қауіпті ештеңе білінбеген соң судың шетіне келіп қонақтады. Қос мүңлық шөлін басып, ауық-ауық тамақтарын қырағыттай шықылықтап өзара әңгіме-дүкенге кіріскен кезде Тышқан да тіл қатқан.

- Армысыңдар, нау қүстарым!

Қарлығаштар домбыранаң шірей бүралған астыңғы ішеғінің үніндей жіңішке дауыстан сескеніп, орындарынан қанат қағып көтеріле берді де дауыс иесінің Тышкан екенін көріп, жерге қайта бауыр басты. Қарлығаштардың өзінен үркіп үпып кетпегеніне Тышканның да кәдімгідей мерейі өсіп қалды.

- Достарым, тапа-тал түстс ауланың ішінде асықпай қыдырып жүрген қандай ақымақ Тышқан деп ойлап қалмаңдар. Мен осында сендердің үрпақтарыңның қамы

үшін шыбын жанымды шүберекке түйіп келіп отырмын. Әңгіме былай. Сендердің үяларыңа мамық қажет екенін екеуара әңгімелеріңнен естіп қалған Ақпарақ деген қожайынымыздың күшігі Қарала атты мысыққа барып, келісімін алп қайтты. Қазір Қарала ауланың ортасына келіп көсіліп жатады.Сендер болсаңдар сол кезде зулап үшқан бойларыңда Қараланың үстіндегі бүрқырап түлеп жүрген жүндерін іліп алып, үяларыңа біртіңдеп таси беріқцер, таси беріңдер....

«Осы Тышқан өзі рас айтып отыр ма?» дегендей, Қарлығаштар бір-біріне сүраулы жүзбен мойын бүрысып қойды.

- Немене, сенбей түрсыңдар ма? Әне, Қараланың өзі де келе жатыр. Ал, қайыр-қош, мен кеттім. Егер Қарала мені көзі шалып қалса, уөдесінен айнып қалуы мүмкін. Сондықтан өзі келісіп түрғанда, қапы қалмаңдар, айналайындар!

Тышқан осыны айтты да, тіпті Қарлығаштардың жауа- бын да күтпестен шарбақтың қуысына қойды да кетті.

Қарлығаштар қанат кағып, бірден үшып жөнеле қойма- ған. Бірақ «қүланның қасуына, мылтықтың басуы» дегендей, Қарлығаштардың осы әрі-сәрі ойына дөп келгендей Қарала да ауланың ортасына келіп, үзынынан көсіле жатсын... Басын керенау көтеріп, түрпідей тілімен жамбас жүнін біраз сылап-сипап алды да, салқын жерге қайтадан басын қойды. Қарлығаштар байқап тұр: Қарала, Тышқан айтқандай, шынында түлеп жүр екен, жұмсақ самалдың лебі желпіген сайын мамықтары қызғалдақтың жапырағындай үлбіреп, көздің жауын алады. Ұябасар шыдамады.

- Егер Тышқан өтірік айтса, Қарала ауланың ортасында бүйтіп керіліп жатпас еді.

- Жә, тоқтай тұр. Тағы біраз күтейік.

Арада біраз уақыт өтті. Денесін күн қыздырып, сүйек- сүйегі балқып, маужырап жатқан Қарала өліп қалғандай тыпыр етер емес.

- Әне, көрдің бе, Ақпарақтың Қараламен сөз байласқаны рас болды.

- Ойпырай, ә!... - Осы сөз ата Қарлығаштың аузынан шыққанша ұябасар аспаңға көтеріліп, Қараланы торуылдай бастап еді...

Тышқан әңгімесін мұқият тыңдаған Ақпарақ ашуланарын да, қуанарын да білмей дағдарды.

- Демек, сен екенсің ғой бәрін бүлдіріп жүрген...

- Қайтемін енді, сені аяп кеттім. Кегімді бір қайтарайын деп едім.

Тышқанның үні айыпты жаңдай, бәсең шықты.

- Есіңде болсын, «таспен атқанды, аспен атқан» ләзім. Екі ортада Қараланың тырнағына мен арандап кала жазда- дым... Айтпақиы, сен осы қылығың үшін Қарлығаштардан ке-шірім сүрамаушы ма едің?

- Әрине, кешірім сүраймын.

- Олай болса, жүр...

Ақпарақ өзінің Қарлығаштарға апарып бергелі отырған себет толы жүнін корсетіп еді, таңғалғаннан Тышканның көзі бағжаң ете қалды. Сөйтті де адымдай жөнелген Ақпараққа «Өлке таңындағы» хабардың жай-жапсарын айтып, сонынан қүлдырандай ілесе жөнелді. Ақпарақтың ауладан Қараланы көрген кезде есіне түскен окиға, міне, осы еді.
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
Қожайыны далаға ііықты дегенше Ақпарақ үшін тыл- сым дүниенің өңі кіріп, түрленіп жүре береді. Аспандағы айшықты кемгіірқосақты қауыздың үстінен кез-келген уақытта көруге болады. Осы өлкедегі ең қырсық адам...

Сықырлай ашылған есіктің ар жағынан есіктің ар жағы- нан бой көрсеткен қожайыны балдақтарына сүйеніп табалдырықтан бері аттағанда қап-қара сүйкімді көзін ойнакшытып, селтигеп шолақ қүйрығын қал-қадерінше бүлғаңдатып, еркелей қарсы алу Акпарақтың сүйікті әдеті.

Өйткені таң атып, кожайыны далаға шықты дегенше Ақпарақ үшін тылсым дүниенің өңі кіріп, түрленіп жүре береді.

Ақпарақтың қожайыны үйінен пыққан кезде қуанған- нан секіріп-секіріп түсетін екінші сөмкеге тезірек ие болу. Ал сомкеге ие болу дегеніңіз, көшеге шығып, дүкен аралап дегендей, бой жазып, қыдырып қайту ғой. Бұған атасы да үйреніп алған. «Қалай, Ақпарағым, түн тыныш өтті ме?» деп, құлағының түбінсн қасылап, еркелетеді де, қолындағы сөмкені ұстата береді. Әрине, Ақпарақ атасы сөмкені өзіне ыңғайлы болу үшін бауынан тістеп алады да, шалдың алдына түсіп, үйреншікті жолымен жортақтай жөнелді. Ақпарақ содан соңындағы қос балдақты жерге шегеше қадап, жалғыз аяғымен қасқая адымдап келе жатқан атасына жалтақ-жалтақ қарайлап қойып, әуелі газет сатушының шағын күркесінің тұсына аялдайды. Атасы бұл күркеден түрлі газет-жорналдармен бірге «Қазақстан» деген ақ қорапшалы темекі сатып алғанша Ақпарақ анадай жердегі көк майсаның ортасындағы фонтанды тамашалап қайтады. Фонтанның аспанға атқылаған мөп-мөлдір моншақтарға ұқсас кәусар суы-айналаға салқын дым бүркіп, Ақпарақтың көңілін одан сайын сергітіп жібереді.

Кейде фонтан әлдеқайдан леки соққан самалдың лебімен мұның үстіне жаңбыр жаудырып, көңілді ойынға шақыратыны бар. Жаңбыр демекші, бір ғажабы аспандағы айшықты кемпір-қосақты қауыздың үстінен кез-келген уакытта, тіпті қол созым жерден көріп, тамашалай беруге болады. Қай түсін қалайсың: көгін бе, сарысын ба, жасылын ба, қызылын ба, ерік өзіңде.

Ақпарақ көшеге шыққан кезде әнтек көңілденіп кететін. Өйткені шарбақтас көршілері Қарала, Қызыл Айдардай емес, кошеде Акпарақты сыйлайтындар көп. Олар кездсскен жерінде бүған тоқтап, жол береді. Коздерінсн шуақты нүр төгіліп, ерекше қүрметпенен қарайды. Енді озінен үлкен сөмкеге азық-түлікті сықита толтырып ап, балдақты қожайынының алдына түсіп тыпыңдап келе жатқан күшікті кім жек көрсін.

Бірақ, бүгін Әлімбек атасы сөмкені беруін бергенмен, бұ болса сөмкені бауынан салбыратып тістеуін тістегенмен, қожайыны дүкеннің үйреншікті жолынан бұра тартты. Қайда барады? Ол жағын жанындай жақсы көретін Ақпарақтан әл-әзір жасырып келеді.

Ақыры қожайыны бір үйдің жанына тоқтады да: «сен осында күте тұр» деп, бұны есіктің аузына қалдырып, өзі ішке еніп кетті. Таудай үйдің қасында, түймедей ғана болып көрінетін Ақпарақ жападан-жалғыз елегізи бастады. «Еһ, осындайда Тышқан болар ма еді?» дегенше болған жоқ:

- Мен мұндамын! - деген Тышқанның шіңкілдеген көңілді үнін естіген.

- Ой, сен қайдан сап ете қалдың? Мына үйде кім бар еді?

- Е, мұнда осы өлкедегі ең қырсық адам отырады. Жұрт оның түр-түсі Қабаннан айнымайтын болған соң Қабан деп атайды. Ал, сенің қожайыныңның ол немеде қандай зәру жұмысы бола қалғанын қәзір білеміз.

Тышқан жамбасындағы дүрбісімен бірге жүретін қорапты алды да, тетіктерін сарт-сұрт бұрай бастады.

- Тышқан - ау, бұның не өзі?

- Мұның атын сиқырлы қорапша, яғни видеотелефон дейді. Қазір іске қоссам болды, мынау үйдің ішіндегі қожайыныңды тура телевизордан көргендей боласын

- Ойпырай, ә! - Ақпарақтың таңғалғаны сонша көзі бақырайып, аузы аңқиды да қалды.

Шынында Тышқанның сиқырлы қорапшасының экраны біруақ жыпылықтап тұрды да, кенет жарқ ете түскен көгілдір шыныдан бөлме іші көрінді. Бөлменің қақ ортасында қаққан қазықтай түрегеп тұрған қожайыны көзіне оттай басылған Ақпарақ ұмтылып-ақ қалған. Тыңііы: «әй, абайла, сындырасың» демегенде, кім білсін, сиқырлы кобдидың түбіне жететін бе еді.

Бөлменің төріндегі емен столдың ар жағында желкесі күжірейіп біреу отыр. Қабаннан айнымайды екен. Жүрт қалай тауып қояды атты.

- Сен кімсің?

- Әй, береке тапқыр, неғып танымай калдың? Осыдан бір апта бүрын келген жоқпын ба?

- Жүмыс деген шаш етектен, қайсы бірің есте қаласың? Шаруаңды айт!

- Айтсам, майдангерлерге тиісті отынымды әлі алғам жоқ.

- Так... келесі аптада кел.

- Өткенде де өстіп уәде бергенсің Келесі аптада тағы үмытып кетесің. Қабанға үқсас адам ашуға булығып орнынан атып түрды.

Көзілдірігі секіріп барып мүрнының үшына қонақтады.

- Бар, боссың!

Ол столды жүдырығымен қойып қалған кезде сауыт- саймандары еденеге үшып-үшып түсті.

- Ырр-р-р...

Ақпарақтың сиқырлы қобдиды бүдан ары тамашалауға пыдамы жетпей, қожайынына дауыс көтерген тоңмойын пәлені жағадан ала түспекке шаппып есікке үмтылды. Есік ішке қарай шалқасынан ашылып, Ақпарақ бөлменің ортасына төрт аяқтап дік ете түскенде Қабанның жан дауысы шыға баж ете қалды да, терезеден қарғып жоқ болды. Ақпарақ адымын аштырмай қуып жетіп, желкесінен бүре түсейін деп еді «Ақ-парак, тоқта!» деген қожайынының мейірімді үніне еріксіз қайырылды.


ОНЫНШЫ ТАРАУ
Қабандікі дұрыс па? Айтпақшы, Тышқан қайда? Шіркін, құстың бекзаты деп Қарлығаштарды айт! «Жан- жануарлар театрын» ашу үшін не істеу керек?!

Әйтсе де ақылы асып туған Ақпарақтың жаны нәзік болатын. Кебеже қарын Қабанға байланысты әлгі аяғы насырға шапқан оқиғадан кейін қамкөңіл шіркін ал кеп ойға батсын. «Қалай болды өзі? Дұрыс істемедім білем, сірә. Әлде, қожайынымның әмірін күтуім керек пе еді? Әй, не де болса бас шұлғи қоймас... Бірақ Қабандікі дұрыс па? Бұдан былай кісімен жөндеп сөйлесетін болсын өзі».

Айтпақшы, Тышқан қайда? Тасыр-тұсыр шыққан жерден жаны азар да, безер байғұс зытқын ғой шамасы. Тышқан-бастың деғен, таппайтыны болсайшы өзінің! Қожайынын бұған тура алақанында тұрғандай ғып көрсеткен жоқ па? Тіпті құлаққа жағымды қоңыр даусына дейін санасына жатталып қалыпты. «Үйім суық...тауықтарымның күркесі құлағалы тұр...» Бәле, бұл сонда Қарала мен Қызыл Айдарға бекерге өклелеп жүрген болып шықты ғой. Тышқан болса тіпті Қарлығаштардың аңқаулығын малданып Қарала байғұстан шыңғыртып тұрып өшін де алды-ау...

Қарлығаштар... Шіркін, құстың бекзаты деп, міне, соларды айт! Жүздерінен имандары төгіліп түр-ау! Біреуге деген жаман ой олардың санасына сірәғысында кірмес. Қараладан өшін алам деп өтірік айдап салған Тышқанға өкпелегендерінің бар болғаны сол: «Ұятты болып қалдық» деген жалғыз ауыз сөз болды. Тышқанға осының өзі де жетіп жатыр, қарадай жерге кіріп кете жаздады. Қарлығаштардың сондағы айтқаны ғой, кіп-кішкентай болып алып бастарына осынша ақыл-ой қалай сиып жүр десейші!

- Көкжасыл жапыраққа оранған өлкелеріңіз шынында да ғажап! Күн-Ана да ерекше мейірімді. Бірақ, біз түсінбейгін бір жәйт - мұнда әркім өз бетінше өмір сүреді екен. Біреудің - біреуде шаруасы жоқ...

- Неге, мәселен, Ақпарақ екеуміз...

Тышқан шыдамсыз әдетіне басып ақтала берді де ата Қарлығаштың қас кере қалғанын байқап, оның үстіне өзі айыпты ғой, әрі біреудің сөзін бөлу әбестік деп отыратын Оқымысты — Тотықұстың ақылы есне түсіп, аузын жұма қойды. Ата Қарлығаш сөзін жалғастырды.

- Ақпарақ аға, Сіз балаларды жақсы көрссіз бе?

- Әлбетте.

Ақпарақ бұл қай сұрағаның дегендей иығын қушитып, алақанын жайды.

- Ендеше, олардың әрбір күнін көңілді өткізуге неге атсалыспаймыз?

- Олар онсыз да көңілді емес пе?

Ақпарақтың есіне қожайынымен бірге дүкенге барып жүргенде қауыздың көкпеңбек мөлдір суына шомылып, төңіректеріне күмістей сыңғырлаған күлкілерімен шашу шашып, өздерінше жәрмеңке жасап жататын қара сирақ балалар түскен. Олар мұның екі бүйірі тыңқиған қара сөмкені қайқайта көтеріп келе жатқанын анадайдан көрісімен масадай қаптап қоршап алатын әуелі. Бір-біріне Ақпарақты нұсқап, ым қағып: «қандай ақылды, ә» деп, жарыса мақтайтындары да жадында. Ал қастарына атасы келіп тоқ сөмкеден бас-басына ыссы бәліш алып үлестіргенде - олар үшін бұл дүниеде мынау жұдырықтай күшік пен Әлімбек аталарынан аскан мейірімді адам болмайтын. Ендеше неге көңілсіз болады олар?

Ата Қарлығаш Ақпарақтың ішіне түсіп ныққандай өзі- нің Тышқан сүйіп тывдайтын әдемі мақамын одан әрі жалғастырады.

- Рас, балалар мұнда сабақ оқиды, Бау-бақтарды аралап, компьютер ойнауға барады, кафеден балмұздақ сатып алып жейді. Ғажап-ақ! Бірақ сендердің мынадай көркем өлкелерің-нің балдырғандары үшін осы гажайыптар да көп болып па?!

- Сонда не істеуіміз керек?

Ақпарақ пен Тышқан ата Қарлығашқа аңтарыла қарады.

- Ол оп-оңай. Азырақ тер төксеңдер болды. Мәселен, осы ауладан неге «ЖАН-ЖАНУАРЛАР ТЕАТРЫН» ашпас- қа?...

- Сонда қалай, дәл цирктегідей ойын көрсетеміз бе? - Ақпарақ ойланып қалды.

- Цирктегіден де қатырып жіберуге болады. Бірақ бұл үшін көп достар табуымыз керек. Анау Қарала мен Қызыл

Айдардың шікірейіп, кеуде қақанына сендер де қырын қарай бермеңдер. Тілдерін тауып, дос болуға шақырыңдар.

- Ой, - кенет Ақпарақ мүңайып отыра кстті, - біздің өлкемізде Піл жоқ қой. Ал бала біткеннің бәрі циркке Пілге бола баратын әдеттері.

- Түу, Ақпарақ аға, мұндай уайымшыл боларсыз ба? - Ата Қарлығаш қасын керіп, ренжігендей кейіп танытты. - Гәп Пілдің бар, жоғында емес, сіздердің ойындарыңызға байланысты ғой. Орайын тауып еліктіре білсеңіздер балалар үшін сіздерден аскан шын дос жоқ.

- Алақай, алақай! Мен таптым!

- Нені? — Кенеттен айқай сапған Тышқанға жалт қараған Қарлығаштар қосарлана үн қатқан.

- Ирек мойын ше?

- Қай ирек мойынды айтасың?

- Түйенің баласы...

Ақпарақ сықылықтан күліп жіберді.

- Оны Түйенің баласы демейді, Ботасы дейді. Сосын осындай оп-одемі аты бар түлікті Ирек мойын деуің жарас- пайды.

Тышқан жорта бүртиып қалды.

- Онда мені негс Тынымсыз-Тышқан дейеіңдер?

- Ол үшін өкпеңді Қарапаға айт.

- Жә, мынау ұсынысың жақсы екен Тыіиқан. Былай, жөндеп айтшы, ол неғылған Ботақан өзі?

Өзінің жаңалығына ата Қарлығаштың ден қойын, әуес- тене сұрағанына кәдімгідей марқайып қалған Тышқан көп іркілмеді.

- Ой, бүл бір аянышгы оқиға. Ақпарақ, сен Қабанды білесің ғой, Ботақанның қазіргі иесі сол. Енесінен адасып қалған жерінен үстап алыпты.

- Қабан дейсің бе?

Ата Қарлығаш таңғала сүрады.

- Осында Қабаннан аумайтын біреу бар. Өзінің қара басының қамын ғана ойлайды. Міне, сол Ботақаңды күнде көшеге алып шығады да, кешке дейін тап-тақыр тастың

үстіне шөгеріп қояды. Ал Ботақанды тамашалап, үстіне мініп суретке түскендер әлгіге ақша төлейді. Бота да шыдамады ғой, Қабанның дегеніне бағынып, кешке дейін тыпыр етпей жата береді. Қазір көрсең түрі адам аяғандай. Өркештері жығылып, әбден арықтап кеткен.

Ана Қарлығаштың мойылдай мөлдір жанарына лезде жас үйіріліп шыға келді.

- Ойпырмай, неткен қатыгез еді!

- Мен мұны білген жоқ едім. - Ойланып қалған Ақпарақ шынын айтты. Өткенде қожайынына жақтасам деп Қабанмен қақтығысқалы есіне анасы Аққаннық орала беріп еді. Иә, иә, дәл сол күнгі алып тіршілік иесі, аузынан от бүріккен темір таяқ.. Ол мұның анасына жазықсыз оқ атыгі, ұяластарын тірідей көмген болатын. Ал мынау аспан да, жер де от болып жанып тұрғанда Ботаны тірідей тулаққа айналдырып тас алаңның үстіне байлап қояды екен. Ұқсас... түрі де, тірлігі де үқсас...

Ата Қарлығаштың да жаны тым нәзік екен, демде шыр- пыр болды да қалды.

- Олай болса, Ботақанды тезірек құтқару керек. Меніңше, жаңа ғана сөз еткен ойымызды осы Ботақаңды құтқарудан бастағанымыз абзал.

Ата Қарлығаштың ұсынысына ешқайсысы қарсы болған жоқ.


ОН БІРІНШІ ТАРАУ
Аққаншық - Ақпарақтың анасы. Қала сыртындағы үйдің қасындағы оқиға

Ақпарақтың жарық дүниенің кадірін ертерек біліп, өзі құралпы жан-жануарлардан ақылды болып өсуінің әлі ешкімге айтылмаған сыры бар еді. Онда оның әлі ана бауырының жылылығы деген үғымнын не екенін айырып білмейтін сары езу шағы болатын. Санасында қалғаны, бір топ ұяластарымен бірге бірін-бірі жұмсақ бүйірге түрткілеп, енесінің борпылдақ емшегін іздейтін де әбден шаршаған кезде бұйығып, ұйқыға бас қоятын. Содан енелері Аққаншық әлде-қайдан оралғанша тәтті ұйқыны соғатын. Енесінің келетін сәті де есінде: ол булар жатқан ұяның қуысына зып беріп асығыс енетін де бауырын күшіктерінің аузыңа тосып, аяқтарын созып тастап, тыпыр етпей жататын. Сол кезде күшіктері енесінің бауырын-дағы қатар- қатар тізілген қып-қызыл емшектерге қомағайлана ауыз салуиы еді. Ал енесі болса жүмсақ ырылдап қойып, бұлардың езулері ақ көбікке малынып емшегін ашқарақтана борп-борп сорған тәтті қылыктары арқылы ілуде біреу ғана сезініп, түсіне алатын беу, дүние-ай, бір бақытты күйді басынан өткерер еді. Ақылды Ақпарақ болса мүны тәніне тарап жатқан енесінің қанжылым кышқыл сүтінен айыратын...

Өстіп жүргенде Ақпарақ пен басқа да ұяластарының көздері жартыкештеніп ашылды да, тірсектері майысып бауыр көтерді: сосын бір аттап, екі аттап, жығылып-тұрып жүре де бастаған.

Ақпарақтың құлдыраңдап жүгіретін халге жеткен кездегі ашқан алғашқы жаңалығы - ұяластарының ішіндегі анасына ұқсас, қардай әппағы өзі екен. Екінші жаңалығы, неге екені белгісіз, бұлардың мекендері қаладан алшақ бір жақ қабырғасы құлаған ескі үйдің қуысына орналасыпты. Тағы бір байқайтыны, енесі тіршілік сарыны күндізтүні дамылсыз естіліп жататын сол қалаға қарай ертелі-кеш бүлк-бүлк желіп бара жатады. Ондайда Ақпарақтың тентек қиялы алып-ұшып, тезірек өсіп, ит болсам екен, сөйтіп сонау көрінген шаһардың думаңды қызығына мен де араласып, тыныс-тіршілігіне етене бауыр басып кетсем екен деп шарқ ұрушы еді. Бірақ кейіннен бұл тәтті арманынан жер май ішкендей өзінен-өзі қараптан-қарап жеріген...

Сол күні басына әні-міне төнгелі тұрған қауіп-қатер айдады ма, кім білсін, Ақпарақ әйтеуір ұяластарынан жырылып, ескі үйдің маңайынан шалғайлау шығып кетті. Төніректі қызыға тамашалап, көрінген қарайғанға әуестікпен алып-ұшып жетіп барады. Міне, мынау енесі жортатын сүрлеу: табанға жабысатын май топырағында енесінің ізіне дейін сайрап жатыр. Ол осы соқпақпен анау сағымға шомылған сиқырлы шаһарға барады....

Кенет, Ақпарақ ойының ұшығына жетіп үлгерместен қарсы алдынан бір мойны күжірейген алып тіршілік иесі көктен түскендей пайда бола кетті. Бірақ Ақпарақ одан қорыққан жоқ. Қайта озіне тән әуестікпен әлгіге арсалаңдап-ақ ұмтылган. Бірақ ғажайып тіршілік иесі исі қолқа қабатын былғары етігімен мұны маңына жолатпай, кейін қарай шеки лақтырып тастады. Ақпарақ қыңсылап, қайта ұмтылды. Анау мұны тың-қиған жұмсақ карнынан әлгі иісі қолқа қабатын етігінің бақа бас тұмсығымен іліп алып, тағы да лақтырып жіберді. Бұл жолы тәніне тепкі кәдімгідей батып кетті. Міне, Ақпарақтың жанары өзі бұрын көрмеген тіршілік иесінің жанарымен осы кезде тұңғыш рет тоқайласып еді. Бірақ, Ақпарақ одан енесінің көзіндегі жылы ұшқыңды көре алмай, денесі дір етіп, жалт бұрылды да келген ізімен қорбаңдап қаша жөнелді. Жұмбақ тіршілік иесі соңынан құйрық тістесіп қалар емес, өкшелеп отырып ескі үйге Ақпарақпен қатар жетті. Жеткен бетте өзіне топырлай ұмтылған, әлі ештеңенің мәнісін ажырата қоймаған күшіктерді қолындағы темір таяғымен жандарына батыра нұқып, жасқап тастады. Оғаш қылығын мұнымен доғарса жақсы ғой, қыңсылап-қыңсылап қарадай жүні жығылып қалған ұяластарын бірінен соң бірін құлақтарынан тартып, желкесінен шымшып, жоғары көтеріп ойнай бастады....

Осы кезде кала жақтағы кезең үстінен бой көрсеткен енесі бір сұмдықтың болатынын сезгендей шарасыз үнмен ұлып-ұлып жіберген. Сол-ақ екен әлгі алып тіршілік иесі жүрелеп отырған қалпы артына жалт бүрылып, мүның енесіне темір таяғын кезене берді.... Сосын оның кырылдаған үнін құлақ тұндылар тарс еткен дауыс пен әлгі темір таяқтың ұшынан лап ете қалған жалын мен көк түтін алмастырып жүре берген. Сол кезде анасынын жанұшыра қыңсылаған үні жеткен құлағына. Акпарақтың жүрегін осып-осып өткен анасының бұл кыңсылы темір ұнғылы таяқ екінші рет қүлақ тұндыра тарс етіп, екінші рет қызыл жалын араласа көк түтін көңірсіп қол-қаны қапканда, бірте-бірте саябырсып барып, біржола сем-ген...

Темір таяқты мұнымсн де қанағат таппады. Қан аңсаған қорқау қасқырдай құтырынып алған ол «осыларды қайтсем екен?» дегендей, бекүнә күшіктердің төбесінен тесірейіп төніп тұрды да «қорғасыңдарымды шығындап қайтемін» деген бо-луы керек, темір таяғын апарып былай қойды. Сөйтті де жамбасындағы шолақ күрегін жұмсақ топыраққа кірш-кірш қадап, шұңқыр қаза бастады.

Аналарының емшегін аңсап аянышты қыңсылға басқан күшіктер әп-сәтте не болып, не қойғанын білмей, ырс-ырс етіп асыгыс жер қазып жатқан оның аяғына оратылып, одан күректің жүзіне түсе жаздап, бір-екеуі тіпті әлі дайын болмаған шұңқырға домалап түсіп кетіп әбден қорлық көрді. Өйткені жаңа ғана енелерінің түбіне жеткен қанішердің енді өздеріне ажал апанын дайындап жатқанынан көзін жаңа ғана ашқан ұяластары да, өзі де бейхабар еді.

Шұңқыр дайын болған. Ылғалы мол, сап-салқын топырақ шағын ордың шетінде қарауытып көрінеді. Жүректері әлдебір жаманшылықты сезгендей бір-біріне ұйлығыса тығылып, толассыз қыңсылған күшіктерге карап тосыннан тап болған тіршілік иесі сөйлеп қояды.

- Тұқымның түргесілгірдің, тұқымынын берекелісін көрдің бе сонша! Қанша өздері, кұдай-ау? Бір, ек, үш... бес... сегіз! Ойбай-ау, мыналар ертең өрігі шыға келсе, тауықтарыма бір зауал келді дей бер. Мынаны қара, мынаусы өзінен айны-май қалыпты!

Ол орнынан кенет ышқына атып тұрды. Атып тұрған бетте мұның ұяластарының домаланған жұмсақ қарнынан күректің басымен ұрып, шұңқырға құлата бастады. Акпарақ әлсіз қарсылыққа көшіп, шұңкырдың ернеуіне тырнақтарын батырып жіберіп, ажалға ал мойынсұынсайшы! Енді болмаса осы тырбаңдаған қалпы сыртқа шығып та кеткендей еді, бірак әлгінің күрекпен бірге аяғы да жұмыс істеп, керзі етік тұмсығына сарт ете түсті де, сорлы Ақпарақ ұяластарымен бірге шұңқырдың түбіне тұмақтай болып ұшып кетті. Көзін әрең дегенде ашып, жарық дүниеге соңғы рет үңілгенде жүзін тер жкып кеткен белгісіз тіршілік иесі әлденеден сескенгендей жанұшыра асығыс қимылдап, мұның үстіне сап-салқан топырақты түйдек-түйдегімен қарша боратып жатыр екен. Жентектелген бір уыс топырақ тәлтіректеп, кеудесін шұңқырдың сыз табанынан әрең көтере берген Ақпарақты ұшырып түсірді. Сол сәтте жарық Күннің бетіне әлдекім байқаусыз қара сия төгіп алғандай айнала соқыр қараңғылыққа оранды да, Ақпарақ шыркөбелек айналып, түпсіз тұңғиыққа шым-шым батып бара жатты....


ОН ЕКІНШІ ТАРАУ
Қарала қараптан-қарап қапа болды. Қызыл Айдар неге

Ақпарақты мақтайды? Ақтиін де ақылды ә....

Қарала күншуаққа қыздырынып жата-жата жалықты. Егер біреу-міреу сыртынан сөз қылып, әр кылығына тамсана таңдай қағып тұрса, онда одан бетер керіле түсер еді. Бірақ қас қылғандай аула тым-тырыс. Күн сайын неше түрлі мінез шығарып, қырық кұбылып жүретіні-әшейін Ақпараққа көрсеткен қыры екен. Ақпарақ та мұның әр қылығын жалықпай бақылайтын. Енді ол жоқ. Әнеукүнгі окиғадан кейін көңілі қалған ғой, сірә. Осылай жаны жүдеу тартқанда бұрыштан бұрышқа қуып, көңілін көтеріп алатын Тышқан да құмға сіңген судай жым-жылас болып әлдеқайда құрып кетті. Сірә, бұлардың бәрі бүйте берсе бұл түптің түбінде жалғыз қалар тегі. Ал жападан жалғыз қалғаннан кейін сенің аяқты шеки басатын әйбат жүрісің, көзді аиып-жұмғанша зау теректің басына өр-мелеп шығып кететін әбжіл қимылың кімге дәрі!?

Кеше жападан-жалғыз қалған бұл аулаға сыймай Қызыл Айдарға барған. Үй, бүйтіп барғаны бар болсын! Қызыл Айдар мұн конақ екен деп төрге шақыру түгілі, үйге кір

деп те айтпады. Табалдырықта тұрып сөйлесті. Сенбегені ғой.

«Мен, — дейді кербезденіп.-өткенде Ақпарақты бекерге ренжітіппін. Ол біз жаман болсын демейді екен. Өзің ойлапы, біздің сарайымызды жөндету үшін көмек сұрай барған қожайынымыздың жер-жебіріне жеткен Қабанды бұдан былай адамға қарап дауыс көтермейтіндей ғып үрейін ұшырыпты».

Демек Қараланың енді Қызыл Айдарға да кереп жоқ болғаны ғой.

- Әй, Қарала. Неғып мұңайып отырсың? - Желкесінен шыққан оқыс үннен Қарала шошып кеткен. Артына жалт бұрылғанда байқады, қалың ойдың өсерімен Ақтиін мекендейтін қалың қарағайдың арасына еніп кетіпті. Жаңағы өзін селк еткізген оқыс үннің иесі де сол Ақтиін болып шықты.

- Кел, ойнайық. Жалғыз өзімнің әбден ішім пысты. - Қарала ағынан жарылып, Ақтінге жабыса кетті.

Бірақ бұтақтарға кептіріп қойған саңырауқұлактарын ұясына көз ілеспейтін шапшаңдықпен тасып жүрген Ақтіннің ойнауға мұршасы жоқ еді.

- Еңбекпен айналысуың керек, Қарала. Ал сенің дастарқаның жаюлы, төсегің салулы. Ештеңеге бас ауыртып, қинал-майсың... Тіпті күн сайын таңертең тұрып ішіп алатын сүтіңді де дүкеннен ақылды Ақпарақ таситынын білгің келмейді...

_ ?


- Еһ, Ақпараққа ешқайсымыз жетпейміз ғой. Кеше осы қарағайдың түбінде Тышқан екеуінің, иө, айтпақшы жанында Қарлығаштар да бар екен ғой, құпия әнгімелерін естіп таң-тамаша қалдым.

- Ол қандай кұпия? Айтсаңшы маған да.

- Жоқ ежелгі жаулығыңа басып, істеріне кесіріңді тигізіп жүрерсің, айтпаймын.

- Үйден жаңғак өкеліп берейін, айтііы енді, Актиін.

- Жаңғакты әлдеқашан жинап алғанмын.

- Кәмпитті де алмайсың ба?

- Кәмпит дейсің бе? - Ақтиін ойланып қалды. Барлық балалар сияқты конфетті Ақтиін де жақсы көретін. Конфетке үйреткен де осы баққа қыдырып келетін сол балалардың өзі. Кейде олардың бір-бірімен бәсекелесіп көп конфет әкелетіні соншалық Ақтиін ұясына тасып үлгере алмайтын. Бірақ бұл жолы Ақтиін аузының суы құрып, тамсанып тұрса да келіспеді.

- Жоқ, маған жаңғақтың да, конфеттің де керегі жоқ. Маған сенің оларға бұдан былай тиіспеймін деген уәден керек.

- Оллаһи, білләһи! - Қарала екі қолын кеудесіне айқастыра жүгінді де Ақтиіннің алдына тізерлеп отыра қалды. — Күн-Анамыз куә!

- Бұл уөде емес. Сен оларға деген достық ниетінді іспен дәлелдеуің керек. Сенің берген уәдеңнің шындығына сонда ғана көз жеткізуге болады.

- Ол үшін не істеуім керек?

- Ақылың болса өзің ойланбайсың ба? Осында келгеніңе міне, аттай бір сағат болды. Ал маған көмектесу ойыңа да кіріп шығатын емес. Осыдан кейін қалай сенуге болады саған?!

Қарала өмірінде бірінші рет шынымен ұялды. Тіпті қысылғаннан қап-қара тұмсығының ұшына дейін төрлеп кетті.
ОН ҮШІНШІ ТАРАУ
Ақпарактың куанышында шек жоқ «Ботакан» операциясы сәтті өтті.

Ақпарақ бүгін өте көнілді. Көңілді болмай ше? Біріншіден, Қабанның құрсауында жүнжіп жүрген Ботақанды құтқарып әкелді. Қазір Ботақан бұрынғысына қарағанда әл жинап, диланып қалған. Енді біраз күнде түбіттері құндыздай құлпырып, көздің жауын алып шыға келетін түрі бар. Екіншіден, Ботаканды құтқару операциясына Қарала да келіп қатысты. Бәрекелді, айтпакшы оны Актиін ертіп келгенге ұқсайды. Тышқанның сөзіне бақса солай. Мейлі ғой, әйтеуір Ақпарақтың өздеріне қастық ойламайтынын қайсысы болса да ұққандары жақсы. Үшіншіден, Қарлығаштардың ұсынысы да іске асатын сияқты. Міне, бір жеті болды «ЖАН-ЖАНУАРЛАР ТЕАТРЫНЫҢ» алғашқы ойынына дайындалып жатыр. Театрдың сахнасы, әрине, Әлімбек қарияның ауласы болмақ. Есіктің аузында Әлімбек атайдың өзі тұрады. Өйткені теріс ойлы, бөгде жандарға мұнда орын жоқ. Өткенде мекиендері мен шөжелерін бастап кербез әтеш- Қызыл Айдар да келіп кетті. Құр қол емес, сахнаға шыққанда Ботақанның кекіліне байласын деп қызылды- жасылды әсем қауырсындарын тарту етс келіпті. Кеш те болса түсінгенін айтпайсың ба!

Ботақанды құтқаруға Әлімбек аталарының да көп көмегі тиді. Қалай болып еді? Бәрекелді, бұлар келгенде тас алаң-қайдың беті оттан суырған табадай күйіп түр екен. Анда-санда ұп еткен керімсал әлгі ыстық лепті үйіріп әкеліп жүзіңе ұрады. Тамырларын тереңге жайған корі емендер болмаса, балаң өскіндердің жапырақтары нәр аңсап, бүрісіп-бүрісіп қалған. Осындай шыжыған ыстықта қимылдауға әлі жоқ Ботақанды көру қандай аянышты десеңші! Бірақ бұлар Ботақанды да, қасындағы қожайынын да жорта елемегенсіп, өздерімен-өздері ән салып, би билеп, асыр салып ойнай бастады.

Сол сол-ақ екен су сататын күркешіктің алдында кезек күтіп топырлаған балалар бүларды лезде қоршап алды. Әлім-бек атайға да керегі осы еді. Балаларды жан- жануарлардың жанына кезек-кезек тұрғызып суретке түсіре бастады. Балалар болса қолдарындағы тәттілерін бұлардың аузына тосып мәз. Өйткені олар ақылды күшік Ақпарақты, кіп-кішкентай болса да пысық Тышқанды, Оқымысты- Тотықұсты, көкжасыл көркем өлкенің қонақтары қос Қарлығашты, Ақтиін мен Қараланың қол ұстасып, бірге жүргенін өмірі көрмеген еді.

Кенет Ақпарақтың көзі Ботақанға түсіп кетті.

Көңілді топты көріп, Ботакапның да жанары жасқа толып шыға келген екен. Ақпарақтың да көңілі босап кетті. Қалай жұбатқаны дұрыс? Ол өзінің достарына білдірмей жырылып оңаша шықты да Ботақанға жақындады.

- Ботақан, сәл шыда. Біз сені құтқаруға келдік. - Өзінің бас бостандығы жөнінде ойламақ тұрғай, түсінде де көрмеген Ботақан қапелімде не дерін білмей сасып қалды. Оны лезде сезе қойған Ақпарақ егер Ботақан сөйлесе көңілі босап, бірдеңені бүлдіріп алатынын сезді де:

- Жә, мен кеттім. Анау қожайының сезіктеніп қалар, — деп лезде өзінің көңілді тобына қосылды.

Алайда Қабанның Ботақанмен ісі де жоқ еді. Оның есіл

- дерті мынау кішкентай достардың ойынында болатын. «Егер бұлар менің қолыма түссе Ботақанның бір айда тапқан табысын бір күннің ішінде табар едім» дейді күбірлеп. Тәтті қиял түрткілеген ол Әлімбек атайға «мына жан-жануарларыңды маған сат» деп жата кеп жабысты. Әлімбек атайға да керегі осы болатын.

- Сатайын, бірақ ақысына не бересің? - деп, тақ ете қалды.

- Үйіңе отын түсіріп беремін, тауықтарыңның күркесін жөндетемін....

- Жоқ,- Әлімбек атай басын шайқады, - оларға енді сенің көмегінсіз-ақ шамам келеді.

- Ендеше ақшаға келісейік.

- Ақшаның да керегі жоқ - Әлімбек қария «көрдің бе, міне» дегендей, өзінің кішкентай жан-жануарларының бірер сағаттың ішіндегі ойынынан түскен теңгелерін миығынан күліп тұрып нұсқап қойды.

- Енді не қалайсың? Өзің айтшы?

- Жарайды, қадалып қоймадың ғой. - Әлімбек атай өтірік қиналған бола қалады. Қандай қу өзі. Егер Ботақанның басына бостаңдық берсек мен бұларды саған берейін. Бірақ бір шартым бар: анау Қарлығаштардың самғайтан аспаны, Ақтиіннің сайран салатын орман-тоғайы бар екенін ұмытпа. Ертеңгі күні олар сол мекендеріне қашып кетсе, онда маған өк-пелеме!

Ары қарай бәрі алдын-ала ойластырғандай болды. Ақпарақ Әлімбек атасы екеуі Ботаканды бұйдасынан жетелеп үйлеріне қайтты да, Қарлығаштар Қабанның иелігінде қалды. «Ботақан» операциясы бойынша олар кешке дейін балаларды қызыққа бөлеп, түнде Қабанның корасынан қанып кетуі керек. Бәрі соғыста барлауны болған Әлімбек атайларының ойластырып жүргені ғой....


ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ
Ботақан күшті болып шықты. Сауысқанның жағымсыз жаңалығы.Ботақан нағыз ойынпаз болып шықты. Тіпті «ЖАН - ЖАНУАРЛАР ТЕАТРЫНЫҢ» барлық нөмірі соған қатысты десе де болады. Өркешіне Ақпарақтан бастап Тышқанға шейін жабыла мініп алғанда мыңқ демейтін күшін айтсаңны! Өлке-мізде осындай түліктің бар екенін айтқан Тышқанға рахмет! Ол болмағанда Ботақанның күні ендігі не болар еді?

Бәрекелді, енді театрдың анылғаны жөнінде хабарландырулар жазып, көшедегі афиша біткенге дасыра берсе де болады. Ақпарақ қолына қылқаламын алды да, өзінің ойланған сәттегі сүйікті әдеті бойынша басын оң жағына әнтек қисайтыңқырап қойып былай деп жаза бастады.

ҚҰРМЕТТІ БҮЛДІРШІНДЕР!

Ертең жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00 де Әлімбек атайдың ауласында «ЖАН-ЖАНУАРЛАР ТЕАТРЫНЫҢ» ойыны болады. Ойыннан Ботақанның, Ақтиіннің, бекзат Қарлығаштар мен кербез Әтеш Қызыл Айдардың ойынын көріп тамашалайсыздар. Оқымысты- Тотықұс та қатысады.

Театрдың ашылуына келіңіздер!

ӘЛІМБЕК АТАЙ.

Ақпарақ хабарландыруға соңғы нүктені қойып, столдан белін жаза бергені сол еді құлағының түбінен Саысқан:

- Ойын болмайды, - деп, саңқ ете түсті.Ақпарақ күтпе- ген қонақтың жайсыз хабарына ашуланып калды.

- Неге болмайды?

- Қабан сенедердің қожайындарыңның өзін алдап соққанын біліп ашуланып жатыр. Ертең ойын басталған кезде келіп, жұрттың алдында соны жария етпекші....

Осылай деді де Сауысқан жалбаңдап ұша жөнелді.

- Қап, жамандық хабар жеткізбесең тыныш жүре алмайтын қашанғы әдетің ғой сен өсекшінің. - Ақпарақ ызадан жылап жібере жаздады.

- Саспа, Ақпарақ. Қайта Сауысқанның дер кезінде хабар бергеніне алғыс айтайық. Сен қазір Тышқанға барып хабарландыруды ілгізе бер. Ад мен Қабанды бұл ауланың маңынан жүрмейтіндей қылатын бір амалын ойластырып көрейін.

Қараланың қиналғанда қасынан табылып, көңіліне дем бергеніне Ақпарақтың кәдімгідей мерейі өсіп калды. Ал Қараланың оз есебі бар болатын. Себебі, өткенде Ақтиін өзін әбден ұялтқалы бері Ақпарақ пен Тышқанның сеніміне кіретіндей бір жақсыльіқ жасағысы келіп армандап жүрген. Міне, соның сәтті осы жолы түскен сияқты.

ОНБЕСІНШІ ТАРАУ
Қарала көмекке келді. Қу түлкі Қабанды жер қаптырды.

- Қабан десе, маған бір ой келіп тұр. Бүгін аңға барсақ қайтеді? - Өзінің бұрынғы достыгы бойынша Қабанның үйіне еркін енген Қарала сенімді түрде тіл қатты.

- Аңға шығатын көңіл-күйім болмай жатыр. Естіген жоқсың ба?

- Пәлі, Ақпарақтың алдап соққанын айтамысың Соны да сөз дегі. Егер сәтін салып Түлкіні ұстап алсаң, әлі-ақ ісің оңғарылып жүре береді.

- Жарайды, қай жақтан аулаймыз.

- Қаланың сыртындағы тоғайдан.

- Қараланың күткен жауабы да осы еді. Өйткені ол алдын-ала тоғайды мекендейтін Қу Түлкімен келісіп келген болатын. Түлкінің міндеті Қабанның алдына түсіп біраз қашқаннан кейін кез-келген үңгірге кіріп жоқ болса болды, одан арғы іс Қараланың өз қолында.

Қарала каққан дабылдан әуелі тоғайдағы қарғалар азан-қазан көкке көтеріліп, әлден уакытта шоқ талдың түбінен қүйрығы жарты кез кызыл Түлкі сылаңдап қаша жөнелді.

Түлкіні көрген бетте соңынан тұра ұмтылған Қабан әні жеттім, міне жеттіммен әбден сілесі қатты. Уәде бойынша Түлкі де бірден қара үзіп кетпей, не темір үңғының қарауылына ілінетін ұрымтал түсқа жақындамай, Қабанның әбден зықысын шығарды. Бір кезде Қабанның өзін бұдан арыға қууға шамасы жоқ екенін байқады ма Түлкі бірінші кездескен үңгірге зып берді де, екінші шетіндегі жасырын тесіктен атып шығып, өз жөніне зулап кете барды.

Ырс-ырс еткен Қабан мен Қарала Түлкі кіріп кеткен үңгірге қатар жеткен.

- Қап, құтылып кетгі, - деді Қабан Қаралаға ашуланып.

- Құтылған жоқ әлі. Іннің ішінде жатыр. Мен бұл үңгірді жақсы білемін. Аузы тар болғанмен, іші кең. Ертеде осында Айдаһардың алтын көмбесі болған дейді. Қалай түсіп көреміз бе? Бәлкім, Түлкіден де кымбат қазынаға кез болармыз.

Қабан мұрнын шұқылап ойланып қалды.

- Қайдам, бекерге әуре болып жүрмесек.

- Түу, сен де жоқты айтады екенсіқ Кәні, баста!

Қабан жүрелеп отырды да, қорбаңдап үңгірдің ішіне

басын сұға бастады.

Оның қазандай басы үңгірдің ішіне толық кіргені сол тынысы тарылып қоя берді. Басын қайтып суырып ала қояйын деп еді, келсаптай басы іннің тар аузына кептелді де қалды. Кебеже қарнын қозғау да қиынға соқты. Қабанның енді қайтып тысқа шыға алмайтынына көзі анық жеткен.

Қарала сақылдап тұрып күліп жіберді.

- Ха-ха.... Ал, достым, жер бауырлап жата бер осылай. Ертең келіп іннің аузын қазып, иығарып аламыз.

- Құт-қарыңдар! - Өкіре айғайлаған Қабан сыртта қалған екі аяғын дәрменсіз тырбаңдатып айдалада қала берді. Айғайын ешкім естіген жоқ.
ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Ақжүрек Ақпарақтың жеңісі. Оның достарының нықтарынан бір зілмауыр жүк түскендей болды.

Қарақтарым!

Көкжасыл көркем өлкедегі ертегімізді осымен аяқтасақ та болатын еді. Бірақ ақжүрек Ақпарағымыз Қараланың айласына риза болғанымен Қабанды үңгірге тұңшықтырып тастап кеткенін онша құптай қоймады. Әсіресе, бүгінгідей мереке күні! Ақпарақ жалма-жан сағатына қарады да:

- Достарым, дайындығымызды бастауға дейін әлі уакыт бар екен. Жүріңдер, егер қарсы болмасаңдар, Қабанды іннен шығарып келейік, - деді, достары ұлардай шулап қоя берді.

- Оны босатсақ өзіміз құримыз ғой.

- Теартрдың ашылуына қырсығы тиіп кетепесін.

- Менің сөзіме сеніңдер, осыдан кейін ол бізге тиіспейтін болады.

Ақпарақтың кішкентай достары тағы да шулап кетті.

- Қалайша?

- Ол нағыз жауыздың өзі ғой.

- Білем, сондықтан да казір Қабан жатқан үңгірге баруымыз керек. Кәні, қайсың ілесесің?

- Мен, - бірінші болып Тышқан алға шықты.

- Мен де, - бүл Ботақан еді. Жанары жәудіреп тұр.

Келесі сәтге бәрі қол ұстасып қала сыртындағы тоғайға

қарай келе жатты. Көк аспанның төріндегі Күн-Ана өзінің кішкентай достарының тіршіліктеріне сүйсініп, күлім қағады.

Қабанды олар талаурап жатқан жерінен тапты. Басы үңгірдің аузына кептеліп былқ-сылқ еткен денені тар қыспақтан әрең дегенде құтқарып алды. Аузына су

тамғызған кезде Қабан кірпігін қимылдатып, аяқ-қолын созды.

Ақпарақ достарынан қалам-қағаз алып, үлкен әріптер- мен: «ҚАБАН» деп жазды. Біз сені кешірдік. Егер осы ақымақтытың букіл көкжасыл көркем өлкеге жарияланып, масқара болмайын десең, бұдан былай Әлімбек атай мен оның кішкентай достарына жолаушы болма! Марқұм анамның атымен ант етемін, екінші жолы аямаймын!

Бір топ куәлер кол қойған қол-хаттың бір данасы өмір бойы менде болады!

Ақпарақ.


Ақпарақ достарын қолхаттың мазмұнымен таныстырды да бәрін қол қоюға шақырды.

- Тышқан, мә, мына қолхаттың бір данасын Қабанның қалтасына салып қой. Есін жиған кезде оқысын, - деді Ақпарақ қолхатқа бәрі қол қойып болған кезде.

- Алақай!

Ақпарақтың достары иықтарынан бір зілмауыр жүк түскендей қуанып, коңілдене айғайлап қоя берді....

Ақпарақтың көзі жасаурап, көңілі босап кетті. Анасын атып өлтіріп, ұяластарын тірідей көмген қарала күн есіне түскен. Ақпарақ есін жиғанда Әлімбек атасының алақанында жатыр екен. Көзін ашқан бетте санасына сіңісті әдетпен жұмсақ алақанды түрткілеп енесінің емшегін іздеген. Одан кейін ұяластарының тұмсық қытықтар ашқылтым иісін аңсаған. Аңсаған да босанбаққа ниет қып бұлқынған. Бірақ қанша бұлқынса да атасының шырыш алақаны басынан, құлағының түбінен сипалап босатар болмады. Мұны босатпай бауырына басқан күйі үйіне кіріп ыдысқа сүт құйып әкелді.

- Кәні, іш, іше ғой, күшім!

Бұл тартыншақтаған. Денесі дір-дір етіп, әлсіз қыңсылайды. Адамзат атаулыдан әбден жүрегі ұшып, қорқып қалса керек.

- Әппағым, Ақпарағым менің, деген сол кезде атасы алғаш рет...


ОН ЖЕТІНШІ ТАРЛУ
немесе Ертегінің тобықтай түйіні
Ақпарақ ертеңіне таң акқаймақтанып атып келе жатқан кезде тұрды. Көңілі алып-ұшып Әлімбек атасының ауласындағы өздері безендірген театрдың қызылды- жасылды сахнасына Күн-Ананың алтын сәулесі түскенше тағат тауып отыра алатын емес.

Әні, Күн-Ана да үясынан көтеріліп келеді. Ал Айдаһарға ұқсас қыр баяғы сұлық түскен қалпы қара жонданып қозғал-май жатыр. Мейлі, қозғалмаса, қозғалмай- ақ қойсың. Қазір қара да түр әдемі киінген әйбат балалар Әлімбек атасының ауласына қарай ағылады. Өйткені, бүгін 1 МАМЫР күні көкжасыл көркем өлкедегі бұл қызыл шатырлы үйде тұңғыш рет «ЖАН-ЖАНУАРЛАР ТЕАТРЫ» өнер көрсетпекші....


М А 3 М Ұ Н Ы


Бірінші болім. Әңгімелер, хикаяттар 3

Шаншудың балконы 4

Соп-тиак-ти 24

Шарбақтының жалгызы 41

Электорат 53

Біздің ауылдың шалдары 66

Шопанбайдың шарбағы 76

Шал 85


Түғырға біткен тікен 99

Шеткері үйдің жарығы 107

Екінші бөлім.. Ғақлиялар 125

Жасасын қузғындар 126

Қүзғындар қазы облса 126

Сүңкардың сыйы 127

Жапалақ 128

Тырақы 128

Тектілік 128

Күшік пен шенеунік 129

Автономия 130

Акылбайдың аты 13 1

Көлеңке 13 1

Қаза туралы аза 132

Ушінші бөлім. Ертегілер 134

Күнге ғашық өлкеде 134



Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ

ШАРБАҚТЫНЫҢ ЖАЛҒЫЗЫ

Редакторы: Амапов Ш.

Тех редакторы: Жұбаниязов Р.

Суретші-дизайн: Ортаев Ж.

Компьютерлік қалыптау: Бердібектова Г.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет