Көше бойлап келе жатқан аруға, Байқалғаны нанның жерде жатқаны



жүктеу 0.63 Mb.
бет3/4
Дата19.10.2017
өлшемі0.63 Mb.
түріПоэма
1   2   3   4

Өмірдің шындығы.
Сезім-мәңгілік,

Жастық-жаңғырық.

Көңіл көктемдей,

Қызға тән қылық.

Өмір-ай...
Ажал-алдаспан,

Ұрпақ жалғасқан.

Қаншама жан өткен,

Өмірге қанбастан.

Жалған-ай...
Сұлулық санада,

Мейірім анада.

Әкені түсіну,

Кеш болар балаға.

Арман-ай...
Адамдық парызың,

Еленер әр ізің,

Жылы сөз естісең,

Қайтару қарызың.

Заңдылық!
Адамгершілік, ар-дастан,

Сөз өткір алмастан.

Жақсылық жеңіспен,

Келеді айқастан.

Мәңгілік!

09.09.2009жыл.


Гүл-сезім.

Қуантсам сені жүректе толқып гүл сезім,

Шаттанып кетем, ұмытылмай қалар бұл кезім.

Дидарың шуақ, бал үнің қуат бергеннен,

Қаладым жырдың күмбезін.
Жылылық тапқам мәні бар сөзден, күлкіңнен,

Арпалыс, күрес, бір күнің қызық бір күннен.

Жақсы іске асық, өмірге ғашық жансың сен,

Қырандай шыңда сілкінген.


Қызығып кетем, мейірім толы жүрегің,

Көтеріп жүрсің әлемнің ұлы тілегін.

Жарық қып жанды, өмірді мәнді көркейтер,

Жүрекке жақын гүл едің.


Жанарда бір сәт сағыныш тамшы тұнғанда,

Жанымды қинар, қимастық сезім сырғанда.

Жырымнан ғана жүрекке шипа іздегем,

Таба алмай демеу бұл маңда.


Дауыл жел-тағдыр, жапырақтайсың қалықтар,

Үзілмес үміт, шыңдарың алда шарықтар.

Адамдық бейнең алтын әріптермен жазылса,

Болашақ зерттеп, анықтар!

10.09.2009жыл.
Гүлді қара.
Гүлді қара, жыр екен жүректегі,

Еріксізден өн бойым дір еткені.

Сұлулықтың сарқылмас сыры бөлек,

Нәзіктіктің тылсым күй түлеткені.


Гүлді қара, келбеті келіскенде,

Нұр шашқанда қуанар тегіс пенде.

Күле алмай,жылай да алмай жалған өтпек,

Не жетсін қуанышты бөліскенге?!


Гүлге қара, сұлуды түсіндіріп,

Тұрған жоқ па қиылып мүсін-қылық?

Жұпар иісі аңқыған жомарттықтан,

Көп нәрсені сезесің, ішің біліп.


Гүлге қара, сезерсің жылылықты,

Мөлдірліктен жан дүниең тынығыпты.

Үлбіреген үміттің үлесінде,

Сағынышпен бұл өмір құрылыпты.


Гүлді қара, жүрек-күй, сенім-берік,

Сезім-алау кеткендей жаның еріп.

Нәзіктіктен ерекше алабұртып,

Сұлулықтан сезіндім сені көріп...

11.09-14.09.2009жыл.
Ішкі дауыс.
Кезім жоқ сені кем көрген,

Үмітің сенім дем берген.

Үніңнен әсем емделгем.

Мөлдірей қалған келбеттен,

Жауынды жырды селдеткем.

Қымбат қой өмір сендермен!


Қайтейін енді қинасам,

Өзіме өзім сыймасам.

Жаныма жарық жинасам.

Бақытқа бастап барам деп

Жүрекке салған жарам көп.

Кешіре білші, сыйласаң.


Асып та кетпей арнадан,

Бүршіксің гүлін жармаған.

Қанатың көкте талмаған.

Бұлақсың еркем мөлдіреп,

Тілеулес болдым елжіреп,

Амандық тілеп Алладан!


Бағыңды сезіп жанардан,

Қарамай шашқа ағарған.

Кеудеге толған сан арман.

Бойыма еніп жылы леп,

Құдірет тылсым үні кеп,

Жаныма жақын баға алғам!


Сезіммен адам қауышқан,

Үмітпен күндер ауысқан.

Ынтымақ ырыс табысқан.

Түсінісе алмай көп пенде,

Өкінер өмір өткенде,

Нәр алмай ішкі дауыстан.

15.09.2009жыл. Қадыр кеші.
Табиғат-адам үндескен.

Бұлттар-ай, бұлттар қашықсың,

Жарқырар күнге асықсың.

Аймалар желге ғашықсың.

Тағдырың толқып құйында,

Қаз қатар тұрсың ұйымда,

Өрнегің шабыт тасытсын!
Суық жел соқса мұздаған,

Бұлт та бір бейне қыз балаң.

Сағыныш самғап сыздаған.

Іштегі шері толғанда,

Жастарын төгіп жалғанға,

Жүректің қылын қозғаған.


Табиғат-адам үндескен,

Өзгеше күйде тілдескен.

Айырылмастай тіркескен.

Жанына жара салғаны,

Ұмыту иман Алланы,

Табиғат заңын білместен.


Балалық шағың көктемің,

Осы бір тұста көктеуің.

Найзағай-ұрыс-өктем үн.

Түзу боп өссін тал шыбық,

Қалмасын торда жаншылып,

Жарамас бәрін шектеуің.


Жастық шақ үндес жазбенен,

Күш қайрат бойда саз дер ем.

Еркелік, ерлік, наз да өлең.

Ата-анаң қоршап аялап,

Бауырлар бейне сая бақ.

Ұшасың көңіл сазбенен.


Байыпты шағың күз тегі,

Байқалар еңбек іздері.

Сағыныштардың тізбегі.

Қиқулап қайтқан құстардай,

Қариялықты нұсқардай,

Күз-жүрек нені іздеді?


Қысқа жіп келмес күрмеуге,

Қыс та бір қарттық сүрлеуде.

Иманы артып ірілеуде.

Айып та емес шын қарттық.

Әр заман түрлі сын арттық,

Қария бола білмеуге...

16.09.2009жыл.
Мәңгілікке жалғану.
Өмірге сондай құштармын...

Жаныма жақын тұстардың,

Қымбатын есте ұстармын.

Қуанып келем шаттанып,

Ерекше көңіл, бақ дарып,

Мың уайымдардан тыс қалдым!


Өмірге бүгін ғашықпын,

Көңілді күйге тасыттым.

Жақсылықтарға асықпын.

Жүрекпен ұғып саралап,

Еңбекпен келер дара бақ.

Сезіммен сеніп, жас ұқтым.


Өрнекті өмір аңсадым,

Уайымды сәттер қанша мың.

Соғып тұр жүрек, бал шағым.

Көркейтіп көркем көңілді,

Жайнатып жақсы өмірді,

Иманды нұрмен қоршағын!


Ынтықпын ыстық пейілге,

Қарайық нәзік көңілге.

Өмірдің өзі жеңіл ме?

Қазағым нені көрмеген?

Сындарда өрге өрлеген!

Намысы мұра кейінге!


Өрінде өстім арманның,

Бірлікте бүршік жарғанмын.

Тұмары болып талғамның,

Елімнің есіп ескегін,

Қасиетке еніп кешкенім,

Мәңгілікке енді жалғандым!

16.09.2009жыл.

Күз келді...

Жанымда ескен жылылық,

Сезіндім күннен шуақты.

Келемін жырмен тынығып,

Кеудемнен көркем күй ақты.
Өмірге барам құнығып,

Тербелтті сезім қуатты.

Сезімнен әлем жылынып,

Мөлдіреп тұрған сияқты.


Бұлттар да көшіп булығып,

Сыр бермес шыңға сын артты.

Жапырақ желден жұлынып,

Бұтақты аңсап құмартты.


Күз келді, нәзік гүлін ұқ,

Тоңбаса екен, таң атты.

Қария қыс та суынып,

Алыстан көзін алартты.


Сұлулықтармен құрылып,

Сағыныш, жүрек тулаттым.

Әлемдік әсер жиылып,

Ерекше күзді ұнаттым.

17.09.2009жыл.
Қырық қыз және күйеу тас. (Аңыз-поэма)
Орны бөлек Қазығұрттың аймағы,

Аңыздарға толы әрбір тау тасы.

Қорғандар-ай, үйіндіде қаңқасы,

Аңыздар да ақиқатқа жақындау,

Осы маңда сұлулықтың қаймағы.

Жазу жеткен балбал тастың арқасы.

Жартас шыңдар жаудан қорған қалқасы.

Ұлылықты жөн болады мақұлдау.


Сенбегендер балбал тастан үй салып,

Жиһаз жинап айналдырған сарайға.

Зәулім үйі құт болмаған алайда,

Тыныштығын әруақ бұзып, мазалар.

Тастап қашқан, күйінішті күй қалып,

Ашкөзділік опа бермес маңайда,

Қасиетті қаралаған талайға,

Түптің түбі жаза бар.


Ұқсас аңыз, нұр құйылып санамда,

Өгем, Таңмен, Қаржантаулар үндескен.

Үш аңыз бар бір-бірімен үйлескен.

Жанға жақын табиғаттың ғажабы.

Тіл жетпейтін керемет көп ғаламда.

Не айтамыз кешегіні білместен?

Өткен күндер, небір қайғы мұң кешкен.

Қатар жүрген рахаты азабы.


Ел аузында аңыз былай сақталған:

Серуенге шыққан қырық қыз гүл теріп,

Ару қыздар иманына шын берік.

Әрбір ауыз дуалы еді ол заман.

Қызғалтақтар көз қуантар тәтті арман,

Кенет шыққан жаулар жылдам үнге еріп,

Жалмауыздық жыртқыш аңдық күйге еніп,

Дәмеленген оңай түсер олжадан.


Мөлдіреген табиғатта сыр тұнған,

Осы маңда батыр жігіт қырағы.

Бақылайтын, көрші ауылда тұрағы.

Сырттай ғашық, сездіре алмас ынтығып,

Жауды көріп, үміт жібі қырқылған.

Құтқаруға жанын сала ұмтылған.

Ер екенін көрсететін күн туып.
Жанұшыра қыздар қашып жаулардан,

Құтқармасын біліп, дұшпан азабын,

Сезіп тағы арды таптар мазағын,

Бір Құдайдан жылап тілек тілеген.

Пана таппай небір әсем баулардан,

Бірте-бірте тасқа айналды ғажабым.

Қара түнек тұрып алды азалы үн,

Нет тілесең тәңір берер шын екен.


«Құтқарам»-деп жеткен батыр соңынан,

Тасқа айналған бірте-бірте ол дағы.

Бар амалын жасағанмен қолдағы,

Қорған болып, тас мүсінге айналған.

Заманымның туса да айы оңынан,

Зерттей алмай тұр ғой ұлы олжаны.

Бірі болып көз тартатын жолдағы,

Сыры жұмбақ тас түйін боп байланған.


Осы аңыздан тазалықты ұққамыз,

Ар намыстың туы жеткен желбіреп.

Арулардың рухы елес мөлдіреп.

Табиғатта әз таңбасын қалдырған.

Жаңғырық боп даламызда бұл аңыз,

Сол заманнан жүрек келер елжіреп.

Әр уақытта елге, жерге ер тірек.

Ерлігімен санаға ой салдырған.


Бұлжымайтын дала заңы, тау салты,

Есті жанды ерліктерге бастаған.

Құпияда қаншама жыр дастан ән.

Алыптықты айқын ете алдық па?

Болашаққа сақтала ма сол қалпы?

Жалғана ма үзіп, кесіп тастаған?

Неге келді бұл өмірге баста Адам?

Ойланбаймыз, тасқа айналып қалдық па???

19.09.2009жыл.
Әдемі-ау...
Әдемі-ау, Елігім-ау, Асыл арман,

Сен деген сезім қалай таусыла алған?

Өлең боп өрілесің өмірімде,

Ән болып төгілерсің ғасырлардан.


Көркемсің, киік мүсін келбетіңнен,

Үніңнен алыстағы тербетілгем.

Жаныңа жырларыммен жарық берем.

Демеусің көшкенімше жер бетінен.


Аққусың, айдай сұлу ажарыңнан,

Бұлаққа теңеп сені тазарылғам.

Жыр мүсінге айналтсам ақ аруды,

Ұтқаным мына өмір базарынан.


Сүйкімді сүйікті боп қалады екен,

Ерекше бір күй кештім ала бөтен.

Мәңгілік жас боп тұрар қайран жүрек,

Ал уақыт өз дегенін алады екен.


Әдемі-ау, Елігім-ау, Асыл арман,

Шабытпен өрге өрлеттің жасыра алман.

Көңілі көктем болып адамзаттың,

Өмірі қия алмайтын жасыл орман.

21.09.2009жыл.

Жаныңа керек үндестік.

Алыстан көңіл аңсаған,

Жақынды жаның сезе ме?

Сағынышта жүрген барша адам,

Арманын іздеп кезе ме?
Қымбат боп қиыр шеттегі,

Жандағы көзге ілінбес.

Әр күнің тарих беттері,

Өтуде өмір, білінбес.


Бәрін де ойлап, күн кештік,

Ту етіп ар мен ұятты,

Жаныңа керек үндестік,

Бір нәрсе жетпес сияқты.


Ардақтап барлық жандарды,

Үздігіп «Ел»-деп үдейсің.

Жылы сөзден көңіл заңғар-ды,

Өзің де соны тілейсің.


Қиналған жанға қарасып,

Жаралы жаның жүдеген,

Өзіңдей жанмен жарасып,

Сүйікті әлем гүлдеген.


Өткінші бәрі, аңғардым,

От болып лаулап жандық па?

Өмірдей қымбат жандардың,

Қадіріне жете алдық па?

23.09.2009жыл.

Шымқалам мәңгі жасай бер!
Жастыққа мәңгі куәсің,

Көңілде тұрар нұр қала!

Арманды асқақ қуасың,

Шабытпен шырқап шыңдала.


Үкілі үміт үлбірер,

Шаттықтың шыңы Шымқала!

Намыстың туы желбірер,

Дәстүрі берік күн қала!


Шуаққа толы мейірім,

Жандары неткен жағымды.

Қазақтың танып пейілін,

Бауырлар мұнда ағылды.


Салттарын сақтап саналы,

Шымқала үлгі ет бағыңды.

Асанбай Асқар ағаны,

Бүгінде халқы сағынды.


Қыс жазы жылы жүрегі,

Жер жәннат, сұлу осы-ай жер.

Салт,дәстүр, тілдің тірегі,

Шымқалам мәңгі жасай бер!

24.09.2009жыл.


Сағыныш.

Тағы да сені сағындым,

Жанымнан алыс кеттің де.

Ең ыстық нұрлы шағымның,

Елесі болып өттің де.
Бал шырын әсем бағымның,

Келбетін көркем өптім бе?

Ағысы қатты ағынның,

Кеніне қанып жеттім бе?


Жайнауы қалып лағылдың,

Қиялда кеуіп кептім де.

Тағдырым саған таңылдым,

Езілдім өткен екпінге.


Жоғалттым, қалай жаңылдым?

Аңсарым қалды тек күнде.

Сарғайып күзде сағындым,

Алаңдап, уайым шектім де.


Алыстан үн боп табылдың,

Жұлдызым болып бек түнде.

Жауқазыны деп жанымның,

Қарап та қалам пәк гүлге.


Сұлуы сырлы сағымның,

Жазуы жүрек беттің де.

Аңсаудан моншақ тағындым,

Сезімдей, ыстық өрттен де.

28.09.2009жыл.
Сезім-шуақ.

Сені көріп, сені сезіп шуақтан,

Алатаудай көңілімді құлатқам.

Жылылығың есіледі жел болып,

Қамқорлығың сезіледі жырақтан.
Құтылмадым сансыз ойдан сұрақтан,

Елесіңмен елжіреттің гүл атқан.

Жүрегімде жырланасың жыр болып,

Тілегімде нұрланасың ұнатқан.


Тұрады екен өмір шіркін сынақтан,

Мөлдіреуің аумай қалған бұлақтан.

Тағдыр бізді алыстатты қаншама,

Ал сағыныш жақындатты бірақтан.


Сені ойлаумен күн де батып таң да атқан,

Демеу алғам салиқалы санаттан.

Жебеу болған жабыққанда жыр өрнек,

Сырласым боп көз тартады парақтан.


Күміс күлкің күй төгілтер әр аптам,

Ай дидарың ажарлана қаратқан.

Қиыр шетте жүрсең дағы сағынам,

Абырой бер, амандық бер жаратқан!

29.09.2009жыл.
ӘН: Ұландар ұраны.

Біз Отанды сүйеміз,

Білім құмар баламыз.

Болашаққа иеміз,

Елге қорған боламыз.
Ана тілді сүйеміз,

Бар қасиет сақталар.

Салт дәстүрлер-киеміз,

Өсер ұрпақ мақтанар.


Мектебіміз ұямыз,

Ата-анамыз сүйікті.

Жақсылықты жиямыз,

Армандаймыз биікті.


Еңбек әркез ер еткен,

Талпынамыз шыңдарға.

Ынтымақ-гүл ел еккен,

Солымас мәңгі біз барда.

30.09.2009жыл.

Қыз-жұмбақ мәңгі қашан да!
Қыз-мәңгі жұмбақ, қашан да,

Мөлдірер көзден сырын ұқ.

Көрініп тұрып тасамда,

Ашылмай кеткен құрылық.


Қыз сырын ұға алмадық,

Гүлденді-ау әлем солардан.

Өмірді сүйдік, қанбадық,

Жандырды жанды мол арман.


Құпия сырын ашпайтын,

Қыз болмыс мүлдем бөлек-ті.

Бақытқа ғана бастайтын,

Аялау оны керек-ті.


Көктемдей жайнар жолы екен,

Жаз көңілі оның ғажабы.

Жемісі күзде мол екен,

Қыс-тағдыр оның азабы.


Қыз сырын шеше алдық па?

Сұлу боп сәнге талпынған.

Тағдырға оны таңдық та,

Ажырата алмай алтыннан.


Қыз-жұмбақ мәңгі құлыпта,

Айтылмай кетер ішкі арман.

Бұлақтай мөлдір тұныққа,

Жарасар таза ұсталған.

01.10.2009жыл.
Ұстаздардың ұлы күні мерекем!
Ұстаздардың ұлы күні мерекем!

Абыроймен кірер әркез берекең.

Болашаққа арнайтын бар ғұмырын,

Мұғалімнің алар орны төр екен.


Шәкіртімен күліп және мұңайып,

Білмей тұрса оқушысы шын айып.

Білімімен биіктесе балалар,

Ұстаздардан ең әдемі шырай ұқ.


Күндіз күлмей, түн ұйықтамай тілекпен,

Шәкіртінің жүрегімен дір еткен.

Сынақтарда сараланар саңлақтар,

Ұстаздар-ай мектебінде күні өткен.


Өмір сүрген білімге ынтық баламен,

Дараланған биік өре санамен.

Қоғамның да көркеюі біліммен,

Ата-ана, бала, ұстаз-данамен.


Ұстаздарым білім-нәрімен кен екен,

Ұстаз қауым қарапайым ел екен.

Күн көңілін көркейтетін күн бүгін,

Құрмет етіп, қуанта алсақ жөн екен.

Құтты болсын, құтты болсын мерекең!!!

02.10.2009жыл.


Сағыныш отта өртендім.
Сағыныш сені не етейін?

Аңсау мен ару өзіңнен.

Айналып сені кетейін,

Өмір тұр сыршыл сезіммен.


Өртеніп кетер от кеуде,

Жүрекке демеу таппасаң.

Көңілсіз өмір, өтпеуде,

Сенімсіз жүрген шақта сан.

Сағыныш туған жеріңе,

Сағыныш ата-анаға.

Сағыныш өскен еліңе,

Сағыныш сәби санаға.


Сағыныш кетпес көңілден,

Тілектер жетер желбіреп.

Не қымбат мына өмірден?

Адаммен тұрған мөлдіреп.


Арманға ғана ауысып,

Абыройын ойлап ертеңнің.

Аңсаумен жаңа қауышып,

Сағыныш отта өртендім.

03.10.2009жыл.
Тәтті өмірдің ұмытылмас шырыны.
Таңның сүйіп салқын ерке самалын,

Жүрегімді елжіретті сан ағын.

Кербез көше мөлдіреген гүлімен,

Әрбір сәттен елесіңді табамын.


Айқындалды жапырақтың сыр үні,

Жүрегіммен үндеседі дірілі.

Сағыныш-ай айырықша сарғайтар,

Тәтті өмірдің ұмытылмас шырыны.


Сол бір бақта айқындалған келбетің,

Сұлу бейнең мөлдір еткен көл бетін.

Ақ қайыңдар ынтығады сені іздеп,

Бар сұлулық көрсеткендей құдіретін.


Еркелеген сені күтіп тал шыбық,

Сені ойлаумен шалғын шөптер жаншылып.

Адам-ағаш айқара ашты құшағын,

Таң атпастан жапырағында тамшы үміт.


Қимай тұрдым құшағында саялап,

Жүректегі ақ арманды аялап.

Көңіліме қуат берді өткен күн,

Өміріме нұр құяды сая бақ!

06.10.2009жыл.

Мәңгілік жырсың жазылған!

Көңілдің тілеп көктемін,

Өрт болып іште өпкенім.

Нұр толы күш пе шеккенім?

Соншалық неге тартылдым?

Үмітке қоса артылдым.

Ұшырып арман кептерін.
Қылығы тәтті сұлусың,

Жүрекке жақын жылусың.

Баянды әрбір ұлы ісің.

Қарлығаштайсың қалықтар,

Бақытың алда анық бар.

Өмірдің жайнар гүлісің.


Тал бойың әсем көріксің,

Шыдамды шыңдай беріксің.

Еркелеу өскен еліксің.

Қызығып саған тамсанып,

Жырларды жаздым жан салып,

Өлеңім өрт боп ерітсін!


Қиыла қалған құралай,

Кезің жоқ қалған ұнамай.

Мөлдірер түнде қырағы ай.

Арусың, алтын ажарың,

Жүректің үні-ғажабым,

Биікте самға құламай.


Тәнті еткен ерке назыңнан,

Еліткен үнің сазыңнан.

Жалыным жарқын жазыңнан.

Тірегім болдың алыстан,

Тілегім балғын ғарыштан,

Мәңгілік жырсың жазылған!

07.10.2009жыл.


Жарық күн.
Күн сәулесі шуақ боп төгілгенде,

Жапырақтар төбемнен себілгенде.

Күз келбеті алыстан сені ұғынтар,

Сағыныштан жүрегім егілгенде.


Ғашық жүрек-жапырақ алыстағы,

Қуатымсың беймәлім ғарыштағы.

Сұлулығың сиқырлы күйге бөлеп,

Көңіл жүйрік дайын тұр жарысқалы.


Құрмет тұттым жаныңның тазалығын,

Жан дүниемді тартады ғажап үнің.

Абайсызда жүректі жараладым,

Әйтеуір өз-өзімнен жазалымын.


Сені іздедім, жан дүнием тарыққанда,

Мөлдірлігің сезілер анық таңда.

Сені іздедім жанымды тазартам деп,

Жалғанның алдауынан жалыққанда.


Халықтың қасиетінен халықтығы,

Адамның ақылынан алыптығы.

Көктемсің көңілімді көрікті еткен,

Жанымның жадыратар жарық күні!

08.10.2009жыл.
Гүл тағдыр.

Әр адам бейне таң гүлі,

Нәзіктік-жаны бір екен.

Төгілмес ішкі жаңбыры,

Ашылмай кетер сыры екен.
Ұқсастық неткен жағымды,

Жүрексіз ғана ұға алмас.

Тағдырға гүлдер таңылды,

Сол жолдан өтер, шыға алмас.


Қыз да бір бейне гүл тектес,

Мөлдірей қалған жанары.

Табылса жақсы тілектес,

Тағдыры-жайнау, солары.


Арманға қарай асықтық,

Елемей тағдыр ызғарды.

Өмірге сондай құштар қып,

Жаратқан гүлдей қыздарды.


Жаралап жанды жұбантып,

Сыйладық гүлді бір күнге.

Тіршілікті үзіп, қуантып,

Бақытты болу мүмкін бе?

09.10.2009жыл.
Жан шуағым. (Әнге арналған)
Сені аңсаумен өмір өткен,

Әсем үнің тебіренткен.

Қоңыр күзде алаңдадым,

Жан шуағым көңілі көктем.

Қайырмасы:
Сағынышым сарғайдым да,

Сағындым ғой шалғай мұнда.

Аққуымсың қонармысың,

Жан шуағым жыр айдынға


Мөлдірлігің таңғы шықтай,

Елеңдедім бал қылыққа-ай.

Жаным саған тартылды да,

Жүрек қалды мәңгі ұмытпай.

12.10.2009жыл.
Ана-өмір.

Жарығым-ау абайлап жүрсең еді,

Асығасың өн бойың белсенеді.

Болашақтың бақытын уайымдайсың,

Өз жайыңды бір сәтке білсең еді.
Жер шарына ұқсайтын сияқтанып,

Жібердің ғой көңілден күй ақтарып.

Бүкіл әлем қозғалыс заңдылықта,

Адам қалай тұра алар тұрақталып?


Жақсылықтан үзілмес байланысың,

Өмір қанат күреспен жайғаны шын.

Ана ғана ғажайып жаратылыс,

Жаралғандай ұрпағын ойлауы үшін.


Елестетіп алаңдар арғымақты,

Ана көңілі бір сәтке қалғымапты.

Күні түні көтерген тауқыметін,

Жаным сезіп, жүрегім мәңгі ұнатты.


Өмір сырлы беймәлім сынағымен,

Өмір тылсым жауапсыз сұрағымен.

Адам мұзға айналып кетер ме еді,

Жылынбаса ананың шуағымен???

13.10.2009жыл.
Жыр ғұмыр.
Аққумысың айдын көлде таранған?

Жаның нәзік жылылықтан жаралған.

Бал бақыттың базарында балқысам,

Кезге жетпес дидарыңнан нәр алған.


Іштей сезіп мөлдіреген жанардан,

Елесіңді іздеп салқын самалдан.

Іздеп таппай көңілімнің бағынан,

Өлең өріп, ой орманда қамалғам.


Баса алмай сағыныштың тасқынын,

Ардақтадым жүрегімнің жас гүлін.

Көңілімнің түкпірінде көлбеңдеп,

Аңсары ауып шыңғырады аш құлын.


Сабыр сақтап, түсе берем сабама,

Бар нәрсені осы өмірде бағала.

Сендер барда мен мәңгілік өлмеспін,

Пәк жырларым өмір сүрер санада.

Адамдықта бар қасиет, асқақ үн,

Сыйластығың, ар ұтарың, аспағың.

Өлеңменен өзгеше өртте өріліп,

Жырларыммен жаңа ғұмыр бастадым.

14.10.2009жыл.
Мөлдір бақ.
Самғап жеткен бал үніңнен жылындым,

Секілдісің үздік сыйым ұғымдым.

Сені аңсасам бақ түседі ойыма,

Елесіңмен қайта баратұғынмын.


Көк орманда адасқанбыз талай біз,

Қайда жүрсек сол ағашты қалаймыз.

Жер түбінен шақырғанда сол ағаш,

Секілденген қол бұлғайтын арай қыз.


Сол бір бақтың әсем еді кештері,

Барғандардың жиылмайтын естері.

Тура жүріп тұңғиыққа батасың,

Сұлулықтан қайырылмайсың еш кері.


Тұнық ауа, мөлдіреген тыныштық,

Тұнып тұрған жанға дауа тым ыстық,

Талдан түскен сыйлықтарды тересің,

Өз-өзіңді қуантасың ырыс қып.


Көздің жауын алатұғын бақтағы,

Бүгін елес сағынышты шақтағы.

Қуанса да, шаттанса да жан жүрек,

Сол бір бақтың рахатын таппады...

15.10.2009жыл.
Бір тыныс.
Әсем бақты аңсай берем күн сайын,

Өзгеше әлем, тілдесетін мың қайың.

Жүрек тартып ораласың мұнда сен,

Тек оңынан туса айың.


Бар әлемнің әсемдігі иілген,

Көріктіге көңіл ауып сүйінген.

Осы маңда құсалықтан арылып,

Осы бауда шешілесің түйіннен.


Сұлулықтың тауып сырын, төтесін,

Көріктінің бәрін жақын етесің.

Осы жақта ұмытасың өкпеңді,

Осы бақта ғашық болып кетесің.


Бұлбұл үнін өн бойыңа ендір де,

Қаттылықты мейірімге жеңдір де.

Табиғаттың талғамымен тазарып,

Өзің дағы айналасың мөлдірге.


Тұнық бәрі, мүлгіп орман тып-тыныш,

Жарық іздер нәзік талда ұмтылыс.

Сағындырар аяулының ажары,

Жетпей тұрар сол бақтағы бір тыныс.

19.10.2009жыл.
Ақ таң.
Ақ таңға сені ұқсатам,

Ауадан сені сезіндім.

Соншалық сұлу, қысқа таң,

Куәсі мөлдір кезімнің.


Керемет көркем келбетің,

Нұр сәуле болып құйылды.

Жақсылық күтер жер бетін,

Таң болып көру бұйырды.


Жапырақ жүрек талдағы,

Дірілдеп кетті желменен.

Сағыныш саған самғады,

Аңсарым ауып дембе дем.

Талдарға қарап иілген,

Сағыныш баста сырлы әдет.

Көңілім көкке сүйінген,

Сен болып қарап тұр ма деп.


Жылылық тауып жүрекке,

Сезіндім сені жан жақтан.

Айналған сезім тірекке,

Бүгінгі әсем таң да атқан.


Сабақты болар сәтті ине,

Өзіңмен өткен шақтарым.

Тап-таза әппақ пәк күйде,

Жүректе сені сақтадым.

21.10.2009жыл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет