Костюмнің ҚҰрастыру мүшелеу сипаттамаларын талдау. Б. М. Уалиев М. Х. Дулати атындағы ТарМУ



жүктеу 107.29 Kb.
Дата11.04.2019
өлшемі107.29 Kb.

ӘОЖ 687.016
КОСТЮМНІҢ ҚҰРАСТЫРУ МҮШЕЛЕУ СИПАТТАМАЛАРЫН ТАЛДАУ.
Б.М. Уалиев

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ
Киім әшекейлік өнер туындысы ретінде үлкен шеберлікті, биік көзқарас пен дағдылықты талап етеді. Киім адам үшін біріңғай қажет нәрсе болып табылады. Киім жобалау барысында суретші – өндіріс тұтынушы жүйесіндегі суретші, жобалаушы мен тұтынушы бір тізбектің екі жиегі тәрізді. Өндірістік қатынастардың желісі болып табылатын қоғам киімінің жобалауына әсер ететін әрі аса ғаламат тапсырыс беруші және тұтынушы болатын ең бастапқы және соңғы фактор.

Бұл бөлімдегі негізгі мақсатымыз, құрастыру принциптердің қатынасты байланыстары, немесе, құрастыру мүшелеулердің пішіндері мен бұйымдардың жалпы пішіндерінің үйлесімді және сәндік мүшелеулердің композициялық шешімдерінің байланыстарын қарастырамыз. Бұдан басқа, жүргізілген зерттеу негізінде киімнің құрастырулық және сәндік мүшеленулерін көркем композициялық сипаттамалары арқылы талдай отырып мүшелеу сызықтардың топтастыруын көздеудеміз.

Костюмнің және өндіріс бұйымдарының көркемдік жобалау процесінде негізгі болып пішін құру процесі болып келеді де, сол кезде пішін категориясы бастапқы орынға ие болады. Костюмнің пішіні композициялық теңгерілу және бүтіндік ретінде барлық элементтерінің қарым-қатынастары арқылы қаралады. Костюм пішінінің композициялық бүтіндігі құрылымды шешімдердің қатынастарын және олардың логикалық шағылысуын, өзара бағыну заңдылықтарының негізінде анықталады.

Костюмнің бар элементтері бір-бірімен тығыз байланысты. Элементтер костюмнің функциональдық қасиеттерімен, эстетикалық және композициялық бейнелеуімен, геометриялық пішінімен элементтердің қатынас сипаттамаларына үйлесімдік байланыс тудырады. Пішіннің элементтері тепе-теңдік және қарама-қайшылық әдістер арқылы дамиды, ал бұларды костюмнің ансамблінің структурасы біріктіріледі. Ансамбль күрделі структураға ие болады. Структура түрлі бөліктерден тұрады, оның көркемдік образын толық анықтау үшін оған қолданатын әдіс-тәсілдердің ережелерін біле қолдану қажет. Әр костюмнің ішкі пішінінде белгілі бірлік тенденциясы болады. Бұл тенденция элементтердің бір-бірімен бірігуін білдіреді (киім, аяқ киім, бас киім және аксесуарлар).

Қазіргі уақыттағы костюмде үш геометриялық структура бар – тіктөртбұрышты, трапециялық және сопақтық .

Бұл костюмнің түрлері өзінің кезеңіне сай, өзінің стиліне, қолданатын мезгіліне және сәнге сай бір уақыт аралықта алмасып тұрады. Алмасу костюмнің, бұйымдардың пішін құрастыру процесіне байланысты /3/.

Пішін еш уақытта да түгел жойылып кетпейді, ол уақыт мерзіміне сәйкес өзгереді. Костюмде, аяқ киімде және басқа да бұйымдардың пішінінің дамуы және пайда болуы кезеңдерде, пішін мына қасиеттерге ие болады: өсуін және төмендеуін қадағалайтын ішкі тербелісі, трансформация, акценттің бір бөліктен екіншіге ауысуы. Соңғы қасиеті өте маңызды, себебі, пішіннің моральді тозуы мен ұзақ жылдар тұрақтылығы қазіргі конструкцияда күрделі мәселенің бірі болып саналады.

Пішіннің уақыт мерзіміне сәйкес өзгеруі, тұрақтылық және тұрақсыздық түсініктеріне байланысты, яғни, оның элементтерінің біркелкілігі. Пішіннің элементтері әр түрлі тұрақтылық қасиетіне ие. Тұрақсыздарға мына элементтерді жатқызуға болады: композициялық сипатта болатын элементтер, олардың үлгілеу және мүшелеу сызықтары, түсі, сәндік элементтері, матасы, себебі олар сәнді және уақытты тенденцияларды айқындайды /2/.

Пішіннің құрылымы мен структурасы ең тұрақты болып келеді. Пішіннің құрылымының өзгеруі бірден болмайды. Ең алғаш ішкі элементтердің қысымының өзгеруі, қозғалысы, орын ауыстыру процестері пайда болады. Олар пішіннің даму тенденцияларының бағытын тудырады, яғни оның өсуін немесе төмендеуін. Пішін өзінің шегіне жеткен соң, яғни шеңберге, квадратқа немесе үшбұрышқа максимальді түрде жақындаған соң, немқұрайлық жағдайға ұшырайды, бұл оның өзгеруін айқындайды. Бұл пішіннің дамуының бірінші заңдылығы.

Пішіннің дамуының екінші заңдылығы оның ырғақты түрде соғуы, ол бөлшектерінің үйлесімділігінің өзгеруімен байланысты болады. Пішін өз білігін айнала айналғандай, белгілі уақыт ішінде ырғақты соғып мына әр кезеңге де костюмнің әр бөліктеріне назар аударылады. Белгілі уақыт кезеңінде, пішін жойылады, оның орнына жаңа қасиетке ие болып жаңа пішін пайда болады. Бірақ жаңа пішін, ескі пішін бойында дамиды.

Үшінші заңдылық – циклдылық. Циклдылық дегеніміз – бұл пішіннің ішкі мүшелігі бағытқа, оның тұрақтылық-тұрақсыздығын айқындайтын қасиеттерге ие болады. Сызықтар бірде жоғары бет алып, пішіннің динамикасын күшейтеді, бірде тоқтап, тыныштық және біркелкілік сезім тудырады /3/.

Пішіннің элементтерінің әр түрлі дамуының шексіз болуы мүмкін емес, сондықтан белгілі даму стадиясы цикл қоршауында белгіленеді. Әр бөлек циклдардан, сәнді және негізгі пішін периоды жинақталады.

Бізге белгілі үш геометриялық денелердің үйлесімділігінен бұйым пішіндерінің көптеген түрі пішінделеді. Осы элементтердің әрқайсысы, пішіннің геометриялық және пластикалық қасиеттерінің ерекшелігін көрсетеді, егер овалды пішін орын алса, онда сәнде пластикалық кезең, егер төртбұрышты пішін орын алса, онда сәнде геометриялық кезең болады.

Пішіннің элементі – ол белгілі жүйенің белгісі, сондықтан оған қарап бүкіл жүйе жайында айтуға болады. ХХІ ғасырдың костюм пішінінің құрылым апрокциммациясы уақыт бірлігінде олардың кезектесу заңдылығын айқындап отырады. Осыдан, бір пішін кезектеп екіншісінің орнын басады: бір пішін орын алса, екіншісі оған бағынады, бірақ толық жойылмайды, сондықтан, әр уақыт сән бағытында - әр геометриялық пішіннің таралуының әр келкі түрі және әр түрлі тенденциялар өмір сүреді.

Пішін, жоғарыда айта кеткендей, көркемдік жобалаудың процесінде бастапқы орындардың бірін алады деп айтуға болады, себебі, бәрімізге мәлім, пішіннің әсемдігі, сұлулығы тұтастық және шектелгендік арқылы анықталады. Әр затта пішін затпен шектелген. Заттың материалы, құрылымы пішін арқылы пайда болады. Зат пен бұйым элементтер арқылы жазықтықта бір-бірімен байланысып, көлемді-жазықтықтық структура құрады.

Костюм пішінінің пайда болуын зерттеу, оның ішкі мүшелену структурасын анықтау және үлгілердің элементтерін үйлестіру, киімнің дәстүрлі құралына, сыртқы көрінісін өзгерту үшін айтарлықтай өзгерістер ендіруге мүмкіндік береді.

Көркемдік жобалауындағы костюм пішінінің көлем құру тәсілдеріне арналған сұрақтар аз зерттелген. Костюмнің пішін құруына зерттеу жүргізу көркемдік жобалаудың көзқарасы бойынша киімнің сапасын жоғарылату, утилитарлық және эстетикалық қасиеттерін жақсарту, дәлелдік зерттеу жұмыстарының кейбір негізгі бағыттарын анықтай отырып, киімдегі даму саласында эстетикалық сапалы бұйымдардың әзірлеу процесін айқындайды.

Бұйымның композициясымен жұмыс істеу аяғында, оның қолайлы пішінін анықтап алу керек. Ол пішін атқаратын міндетіне, адам дене бітімімен бұйымның құрамына, өндірістің технологиясына лайық және эстетикалық талаптарға жауап беру керек.

Киімнің пішіні өте күрделі болып келеді де, ал мүшелеу сызықтары, яғни, құрастыру және сәндік тігістері көп және күрделі түрде кездеседі. Бұлардың пішін құру әдістерін, заңдылықтарын, композициялық талдауын, ішкі структурасын үйлестіру мақсатымен талдап игеру, үлгілердің элементтерін жазық бөлшектер арқылы пішіп, осылардың көлемді пішінді құру әдістерін байқауға және өндірісті осы айтып отырған өнімді шығаруға техникалық дайындық жасауға мүмкіндік беріп отырады. Киімнің бөлшектерінің көркемдік жобалауы жұмыстың өте бір күрделі және жауапты кезеңдері болып келеді, себебі, бұл жерде барлық құрастырулық, сәндік және үлгілердің көркемдік элементтері нағыз дәләлдікпен орындалу керек /1/.

Тігістер үш түрге бөлінеді – құрастыру, сәнді және құрастыру-сәнді болып. Бұлардың барлығын костюмнің көркем жобалауында мүшелеу сызықтар дейді. Мүшелеу сызықтарға безендіру элементтерде (ою-өрнек, кесте, жапсырма) жатады.

Құрастыру мүшелеу сызықтарға киімнің жазықтық бөлшектерін тігу арқылы біріктіріп, көлемді тұйық пішінді тудыру жатады. Бұның негізгі мағынасы, құрастыру мүшелеулердің пішін құрылымы бұйымның адам тұлғасындағы ыңғайлығына әсер етеді.

Сәндік мүшелеу сызықтар бұйымның сыртқы көрінісіне эстетикалық әсер береді. Эстетикалық әсер әр түрлі киімдердің бөлшектерінің бетін көркемдеу, бір тегісті, немесе жарым-жартылай әшекейлеу, оны геометриялық, өсімдік т.б. элементтермен толтыру, жазықтықтың шетін кестелеу, оюлау арқылы пайда болады.

Құрастыру-сәнді мүшелеу сызықтар екі қызмет атқарады. Біріншіден, ол киімнің, бұйымдардың пішінін біріктіріп тігіс арқылы қарастырып тұрса, екінші жағынан атап кеткен бұйымдардың бетін әшекей элементтермен безендіріп отырады.

Жүргізілген талдау костюмдерді көркемдік-композициялық сипаттама арқылы пішіндердің құрастыру және сәнді мүшелену түрлерін анықтайды. Ішкі мүшелеу сызықтардың салыстырмалы дәрежелі белгілері, олардың маңыздылығы және костюмнің пішінінің аппроксимациясы үш баздық пішіндерді – тік төртбұрышты, трапециялық, овалды түрлерге бөлуге мүмкіндік береді. Осы пішіндердің элементтері түрлі геометриялық денелер, кластар, топтар болып бөлінеді.

Талдаудың нәтижесінде, талдамалық костюмдердің ассортименттері киімдерді толтыратын мүшелеу сызықтары арқылы көп түрге бөлінеді. Осы жағдайда пішінді толтыру негізгі тәсілдері мен әдістерін байқау қажеттілігі пайда болады да, сонымен бірге костюмнің ішкі пішінінің толтыру заңдылықтарын анықтай отырып, үлгілердің эстетикалық және техникалық толық сипаттамаларына анықтама беру қажет болады.

Графикалық салыстыру әдісін қолдана отырып белгіленген мүшелерді бір масштабқа келтірдік. Бұл бізге әр конструктивті негізіне қорытылған құрастыру және сәнді мүшелеулерді, өздеріне белгілі тән сипаттамалармен ұымдастыруға мүмкіндік туғызады.

Мүшелеу бұйымның көркемдік композициясын құру кезеңдерінде үлкен роль атқаратыны белгілі. Олар пішінді жұмсартылады және оның динамикалық қозғалысына ерекше көңіл аударып, бұйымның көркемдік айқындылығын алмастырып отырады. Мүшелеу сызықтарды қолдана отырып ұзынынан бойлата және көлденеңнен мүшелеп көрініс иллюзиясы арқылы пішіннің қысқаруын және кеңеюін байқауға болады. Сонымен бірге, пішінді түрлі сызықтар арқылы құрастыру кезеңдерінде бұйымның структурасында статика және динамика түрлері айқындалуы мүмкін.

Костюмнің баздық негізінде ішкі структуралық мүшелеу пішіндері орналасады. Мүшелеу сызықтардың түрлеріне назар аударсақ, үлгілердің структуралары көп варианттық екенін байқауға болады. Ішкі мүшелеу сызықтардың орналасуы үлгілік жазықтық негізінде бір қалыпты емес, ал кейбір бөлімшелерінде мүшелеу сызықтардың жиілігі көпше түрде кездеседі. Бұл бөлімшелерді шартты түрде зона деп атаймыз. Мүшелеуі көп зоналар үлгілердің жоғарғы жағында, ал мүшелеуі аз үлгілердің төменгі жағында орналасады.

Талдап отырған үлгілердің структурасын алсақ, мүшелеу сызықтар үш геометриялық денелерде бір тәртібі арқылы орналасады /2/.

Сонымен, киімнің пішінінің элементтерінің қорытынды структурасын байқасақ, барлық мүшелеу сызықтардың көпшілігі аз деформациялық зоналарда жиналады, яғни, үлгінің материалы утилитарлық қызмет атқару кезеңінде белсене деформацияға ұшырамайды. Екіншіден, орталық орналасу заңдылығы арқылы, костюмнің барлық бөліктері көлемді-жазықтықтық пішіннің орта орналасқан бастапқы композициялық бөлікке бағынышты болады. Композициялық шешім белгілі бір ереже және теңсіз қасиеттер арқылы шешілуі мүмкін.

Костюмнің сыртқы структурасын пішіннің көлемдік ұйымдастыру жағынан және мүшелеу сипаттамалар арқылы қарастырсақ, мынадай қорытындыға келуге болады. Мүшелеу сызықтар (құрастыру, сәнді, құрастыру-сәнді) баздық негіздерде бір қалыпты орналасқан емес, олар өздерінің белгілі заңдылықтарына ие болады.

Сонымен, мынандай қорытынды жасауға болады: функционалдық көзқарастан, деформациялық жіктеуге қатыспайтын бос бөлімшелер сәндік зоналар болып ішкі мүшелеу сызықтар арқылы белгіленеді.

Мүшелеу сызықтардың осындай орналасуын трапециялық және овалдық костюм негіздерінде байқауға болады.

Сонымен, біз, мүшелеудің негізгі орналасуын анықтадық. Осы мүшелеулердің позициялық орналасуы пішіннің композициялық структурасының құрылымына байланысты, ал орналасу принципі пішіннің құрастыру мүшеленуіне бағынышты болып композициялық әдістер арқылы анықталады. Пайда болған мәліметтер зерттеу жұмысымыздың нақтылы шекті заңдылық емес, себебі, бұйымдардың бас зоналарында сәнді мүшелеулердің түрлерінде кездескенін байқадық.

Қарастырылған үлгілеріне қайта оралсақ, мыналарды байқауға болады, ішкі мүшелеу сызықтарының неше түрлі орналасу мүмкіншіліктері, белгілеп отырған сызықтардың бір түріне жатады. Әр мүшелеу сызықтың өзінің суреті, өзінің пішіні және жалпы композицияға бағынышты көркемдік шешімі бар. Сәндік тігістердің үлгілерде орналасуы пішіннің композициялық құрастыру заңдылықтарына байланысты. Үлгілердегі сәндік тігістердің орналасуы осы заңдылықтарға бағынышты болып келеді де, костюм пішінінің жалпы структурасын анықтайды.

Ішкі мүшелеу сызықтарды сызықтық сипаттамалар арқылы қарастырсақ, олар көркемдік ойға байланысты түрлі айқындық пішін мен сызықтық дене құрылымға ие болады. Бұл жерде структураны қарама-қайшылық және тепе-теңдік принциптері арқылы шешілген түрлерін байқауға болады. Осы позицияны байқай отырып талдау жүргізсек, бір геометриялық элемент, я, көлем, даму арқылы түрлі вариацияда қайталанады. Сонымен бірге үлгілердің ішкі мүшелеу сызықтарының үйлесімді сипаттамасына, симметриялық тұрғызу заңдылықтары әсер етеді. Бұл заңдылықтар барлық үлгі негізінде байқалуда.

Сонымен, костюм үлгілерінің ішкі мүшелеу структурасын зерттеу кезеңдерінде, ішкі пішінді, композициялық ұйымдастыру ережелер арқылы және үйлестіру заңдылықтарымен пішіннің ішкі структурасын толықтыру ерекшеліктерімен қалыптастыру болып табылады. Мәліметтелген мүшелеу сызықтар костюмінің пішін құруына әсер етеді. Ішкі мүшелеу сызықтар өздеріне тән зоналарда, үлгінің утилитарлық қызметіне және пішіннің құрылу заңдылықтары мен композицияның көркемдік шешіміне сәйкес орналасқан. Мүшелеудің орналасуы және құрастыру элементтердің мөлшерлері сәндік шешімдердің ізденістерінде қолдануға болады, себебі, олар өте қозғалмалы, түрлі жағдайларда, түрлі шешімдерде қолдана отырып костюмнің сыртқы көрінісін қазіргі уақыттың сәніне сай шешуге болады.

Сонымен, сәндік элементтердің орналасу ережелері мен заңдылықтары бұйымға өзіне тән көркемдік айқындық, композициялық шындыққа және қойылған мақсатқа бағыныштылық, сол бағыныштылық келісімділік арқылы пішін мен сәндік элементі, сәндік элемент пен бөлшектердің пішінін байланыстырып, жалпы бұйымның пішінін құруға әсер етеді.

Оюлардың кейбір элементтерін үлгі бөлшектеріне қолдана отырып түрлі сәндік шешімдерді іздестіруге болады.

Анықталған үлгілердің структураларын графикалық тәсілі арқылы бір масштабқа келтіріп, костюм үлгілерін геометриялық қорытынды денелерге бөліп, олардың құрылымындағы ішкі мүшелеу сызықтарын негізгі бөлімшелер мен зоналарға бөлуіне мүмкіндік берді.

Пішіннің структурасын талдау негізінде, сәндік мүшелеу сызықтар, олардың түрлері үлгінің өзіне тән жерлеріне орналасып, сәндік және утилитарлық қызметін атқарып және композициялық шешімдердің ізденістеріне мол мүмкіншілік беретіні дәлелденді.

Қазіргі уақыттағы костюм мен тұрмыстық бұйымдарының көркемдік жобалауының дамуы, заттардың функционалдық және эстетикалық сапаларын халық мотивтер арқылы жоғарылатып, өндіріс ассортиментін жақсартып және көбейтіп, сонымен бірге ұлттың салт-дәстүрін сақтай отырады.


Қолданылған әдебиет тізімі


  1. Козлова Т.В. «Художественное проектирование костюма» М: Легкая и пищевая промышленность, 1982 – 144с.

  2. Уалиев Б.М., Козлова Т.В. «Основы закономерности структуры костюма» №3 Изв. Вузов. тех. и легкой промышленности, 1988 – 87-89с.

  3. Рачинская Е.Н. и др. «Моделирование и художественное оформление одежды» Ростов на Дону: Феникс, 2002.


Мақаланың рәсімделу үлгісі
Аты-жөні Уалиев Болыс Матмұсаұлы

Мекемесі ТарМУ М.Х. Дулати атындағы, «Д және ЖӨТ» кафедрасы,

Қызметі кафедра меңгерушісі

Ғылыми дәрежесі - т.ғ.к., доцент

Мақала тақырыбы Костюмнің ішкі мүшелеу сипаттамаларының

заңдылықтарын талдау.

Бағыты техника ғылымдар

Меке-жайыңыз 080012 Тараз қаласы, Сулеймен көшесі 7



Телефон нөмірі 87262-45-79-73

Қолы
Каталог: rus -> all.doc -> Best-stat'i
all.doc -> Ғылыми кітапхана
all.doc -> Өмірбаяны байбатша Ә. Б
all.doc -> Библиографиялық құралдар құрастыру Кеңес Библиографиялық құрал
all.doc -> Әож 80: 930. 24 МҰхаммед хайдар дулатидің Ұстазы бабыр және оның Өмір сүрген кезеңІ
all.doc -> Ғылыми кітапхана Көркем әдебиет секторы «Бір ел – бір кітап» акциясы
all.doc -> Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: Библиографиялық көрсеткіш/ Құраст. Д. Искакова. Тараз: ТарМУ. Ғылыми кітапхана, 2013. 63б. «Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы»
all.doc -> Кµрмені ќалай безендіруге болады
Best-stat'i -> Р. С. Болжанбаева


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет