Костюмнің сырт келбетінің Қалыптасу үдерісін талдау көшкінбаева Н. Р



жүктеу 51.98 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі51.98 Kb.
түріПрограмма

ӘОЖ 624.155
КОСТЮМНІҢ СЫРТ КЕЛБЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ҮДЕРІСІН ТАЛДАУ
Көшкінбаева Н.Р.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Дизайн – сөзі бір сөз болғанымен біздің санамызға көп мағына береді: элитті дизайн, китч, стайлинг, поп дизайн, арт-дизайн, қалалық көптік – арт, архитектуралық дизайн, тарихи футуро- дизайн, болжамдық болашақтық дизайн, фито – дизайн, коммерциялық – жарнамалық дизайн, информациялық – программалық және мәтіндік дизайн, ғылыми дизайн. Өнердің жекелеген түрлерін және олардың бір-бірінен ерекшеліктерін білу, ажырату адамзатты көнеден бері толғандырып келеді. «Дизайн» термині біздің елімізде мұнда пайда болды. Бұған дейін бұйымжы жобалау «көркемдік конструкциялау» деп аталып келді. Ағылшын тілінен аударғанда «дизайн» сөзі бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз: дизайнер – суретші – конструктор, «дизайн» - пішін – заттың сыртқы келбеті және т.б. түсініктерді білдіреді. Бейнелеу – дүниені көзбен көріп түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнерінің белгілері сәулет, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы тиіс. Сондықтан шартты түрде оларды да бейнелеу өнері қатарына жатқызамыз. Сондай-ақ, театр, кино, теледидарға безендіруді, көркем дизайнды да бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Дизайн дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болды. Дизайн өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Дизайнер бұйымды жасамас бұрын этнографияны, халықтың демографиялық жағдайын, социологиялық жағдайын, психологияны, физиологияны, медиацияны, эргономиканы, жасалатын бұйымның технологиясын, бұйымның материал құрамын, инженерлік конструкторлық шешімін толық меңгеру керек. Біздің әлемде барлық жан – дүние бір-бірімен тығыз байланыста екені адам баласына белгілі. Алғашқы көз-қарас санаға әр – түрлі информация береді. Түстік үйлесім адам психологиясының тереңіне кетеді. Мысалыға алатын болсақ, салмақтары бір болса да қара жәшікті көтергеннен сары жәшікті көтерген жеңілірек болып көрінеді. Бұл колористика болады.

Дизайн мамандық ретінде ХХ ғасырда ғана енді. Бірақ бұл мамандық болмаса да дизайн қоғам пайда болғаннан бері пайда болған. Рухани мәдениетіміздің зерттелу тарихын дәл мына уақыттан басталады деп басып айту қиын. Халықтық мәдениет көне болса, оның зерттелу тарихы да соншалықты тереңге тартады. Дизайн өнері өте ерте шықты. Алғашқы адамдар кейінгі ұрпаққа тас балталар мен сүйектен жасалған найзалар ғана қалдырған жоқ. Сонымен қатар үңгірлердің қабырғаларына салынған түрлі суреттер, балшықтан, тастан жасалған бейнелер де қалдырған. Бұл қағидалар сол заманда да бейнелеудің болғанын, стильдің болғанын, адам баласының сәндеуге, әрлеуге ұмтылысын көрсетеді. Әдемілік, көркемділік, үйлесімділік, ыңғайлылық – күнделікті өмірде үлкен роль атқарады. Адамды қоршаған орта көркем болса, оның өзі адамды көңілдендіріп, еңбек пен өмірге деген құштарлығын тудырады. Адам тек ғылым заңдарына сәкес қана емес «әдемілік заңы бойынша » да еңбек етеді деп атап көрсеткен болатын К. Маркс. Дизайнның ерекшелігі сол - ол ұғым қоғамдық сананың эстетикалық сезімін тудырады, эмоциясына әсер етеді, үйлесімділік ретінде танылған кемелдік бейнені жасайды, адамның әмбебаптығын ашады. Адам баласы заманына сай киім үлгілерін тауып, ол арқылы өз заманының жетістіктерін көрсете білген. Әр халық тұрғылықты мекенінің табиғатына, қоршаған ортасына, айналысатын кәсібіне байланысты, талғамына қарай киімдерін әшекейлеп, көркемдеп отырған. Заманына қарай адамы дегендей әр заманның өз талғамы болған. Заман ағымына қарай киіну мәнері де жаңарып, қоршаған ортаның ықпалына, жаңашылдылықтың ықпалына бағынышты болып өзгеріп отырған. Алғашқы адамдар аң терісіне оранса кейін келе мата өңдеуді үйреніп, матадан сан түрлі киімдер тігіп жаңарып отырған. Сол сияқты қазіргі заман киім үлгілері де сонша ғасырлардан, сан түрлі дағдарыстардан талқыланып, толықтырылып сонша жылдардан келе жатқан талғамның жаңарып тұруларынан, сонша талғамнан шыққан, туындаған киімдер деп білуге болады. Костюм – бұл киім, яғни адамды қорғайтын жасанды жамылғы. Бірақ, адамның тұрмыс заттары, оларды көркемдеп, безендіргенде өнер туындыларына айналады [1].

Біздің қарамағымызда жылы әрі ыңғайлы киім болғанын қалаймыз, сонымен қатар ол эстетикалық тұрғыдан әдемі, сәнді және өзімізге қонымды болғанын қалаймыз. Бірақ, костюмді пайдалануды осы екі функциямен – қорғау және эстетикалық – шектеу дұрыс емес, оның мазмұны одан да көп. «Костюм» және «киім» ұғымдарын біз көбінесе бірдей түсінеміз, бірақ екеуінің арасында айырмашылықтар бар. Бұл екі термин бір мәселенің екі жағын көрсетеді, көйлекке қатысты екіжақты функцияны суреттейді. Бірінші жағдайда көйлек утилитарлық қызмет атқарады, «киім» сөзі денені сыртқы әсерлерден қорғау үшін бүркемелеу, жасару мағынасын береді. Екінші жағдайда, қоғам және жеке топтың, топтың ұстанатын тұрмыс дәстүрін көрсетеді, оларды бәрі мойындайтын әдеттер жиынтығы деп қарастыруға да болады, және оларды жазылған (және жазылмаған) заң нормалары қорғайды.

Сонымен, егер «киім» терминімен көйлектің материалдық функциясы белгіленетін болса, оның утилитарлық мағынасы бар, ал «костюм» термині туалеттің бейнелі жағын көрсететін стилистикалық функциясы болып табылады. Басқаша айтқанда, көйлек-киім денені жабатын зат болса, ал көйлек-костюм жеке адамды жалпы адамдар тобынан ерекше бөліп көрсетеді, қоғам мүшелерін таптық, байлық және мамандық жағынан ерекшелейді.

Бірнеше ғасыр бойы қалыптасып келе жатқан киім пішіндері оның ерекше бөлшектері, әсемделіп әрленуі, түстер үйлесуі киімдердің табиғатқа тәуелді екендігін көрсетеді [2].

Киім ерекшелігі жасқа, әлеуметтік жағдайына, өмірге деген көз қарасына, қуанышты немесе қайғылы оқиғаға, күнделікті тұрмысқа байланысты анықталған. Бұл нормалар мен талаптар қолданатын матаға, сурет бейнесіне, түсіне, көлеміне, пішініне және киім бөліктеріне әсер етеді. Қазіргі заманауи үлгілерде адамға ыңғайлылық пен әсемдікті, гигиенаны, сақтай отырып , жаңа технологиялардың дамуына қарай оларды сан түрлі етіп, безендіру, әшекейлеу ассортименттері көбейіп келеді. Әр бұйымның бағалылығы оның екі басталымында – пайдасы және сырт көрінісінің әдемілігінде. Бұйымдар белгілі өлшем көлеміне ие. Көлем арқылы бұйымның кескіні көрінеді. Көлемді безендіру арқылы санаға әр түрлі информация беруге болады. Әшекей бұйымдарды қолдану адам көзін өзіне тартып көлемді екінші орынға қояды. Қазіргі кезде киімдік ассортимент өте кең және безендіру тәсілдері де көп. Көздің жауын алатын әртүрлі әшекей тастар, сумоншақтар, суреттер, фото-суреттер, жазбалар, моншақтар тағы да басқа әшекей бұйымдары бар. Уақыттың жаңалықтары киім бұйымдарында көрінеді. Киімдердің пішіндері ХХ ғасырдан бері айрықша өзгере қойған жоқ, бірақ көркемдік безендіру жағы өзгергені анық. Мысалыға киімдерде басылатын неше түрлі әйгілі жұлдыздардың фото суреттері, әйгілі адамдардың қолтаңбалары, автокөліктердің, жаңа техникалардың суреттерін көруге болады. Бұл безендіру тәсілдері киімнің жаңаша сырт келбетін көрсетеді. Мұндай бейнелердің де өз тұтынушылары, өз табынушылары бар. Кәсіпорындар тұтынушылықты арттыру үшін, бәсекелестікті жеңу үшін заман талабына сай, тұтынушылар талаптарын толық қанағатандыратын, жоғары сұранысқа ие бұйымдарды шығаруға тырысады және ассортименттік құрылымды көбейту үшін стайлинг дизайнды киім бұйымдарда кеңінен қолданады. Сонымен, қазіргі таңда толық жарнамаланған атақты киім өндіруші кәсіпорындар өз тауарларын бір тауар маркасы астында шығарады. Бұл тауар маркалары бұйымның төл құжаты ретінде өз тұтынушылары алдында белгілі бір дәрежеге ие.


Әдебиет


  1. Беляева С.Н. Экземплярская. Моделирование одежды по законам зрительного восприятия. – М., 1996.

  2. Меркулова И.Г. Искусство средних веков. – М.: 1974.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет