Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Әбдіжаппар Әлқожа “той әншісі” деп сынаған дәстүрлі әнші Ақмарал Ноғайбаеваны орнына қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/abdizhappar_alkozha/

Қос өнер иесі “Бес жұлдыз” бағдарламасында дауласып қалды. 

“Бес жұлдыз" бағдарламасында маған "Қашанғы халықтың ығына қарап жұмыс істейміз?" деді. Бұл – эстрада, театр емес, консерватория емес. Біз халықтың ығына жұмыс істейміз, халық тойына шақырса барамыз, халық "концерт бер" десе, береміз! Сол үшін біз эстрада әншісіміз. Мен Ақмарал Ноғайбаева әпкеме әңгіме айта алмаймын. Керісінше, ауыр айтып қойсам кешірім сұраймын. Бірақ әр өнер адамының өзіндік пікірі бар. Айта алуға хақылы етіп осы "Бес жұлдыз" бағдарламасын Мейрамбек Бесбаев ашқан", – деді әнші.

  • Алтай Көлгінов жаңа лауазымға тағайындалды

  • Жапондық БАД-тың кесірінен 2 адам көз жұмып, 100 науқас ауруханаға жеткізілді

Сонымен қатар өнер иесі бағдарламаға қатыспаған әпкесі Роза Әлқожаны да әділқазы мүшесі тілге тиек еткенін ұнатпай қалған.

"Менің ол жерде айтқым келіп, барымды салған себебім, "той әншісі" деп мені бөлектеді. Одан кейін Роза әпкемді "той әншісі" деп жоқ адамды араға қосты. Бауырым үшін тұрмасам несіне жігітпін?! Ақмарал әпкеден де басқа жандар "той әншісі бұлар, анау-мынау" деп арманын айтты. Бірақ ол жерлерін эфирден қырқып тастапты. Иә, мен той әншісімін! "Музарт" тойға шықпай ма? Тоқтар, Саят, Досымжан, "Жігіттер", Қайрат ағалар тойға шықпай ма? Керек десеңіз, дәстүрлі әншінің, филармония әншілерінің талайын көрдік, эстрадалық әндерге дауыс жаздырып, тойда тіршілік етіп жүр. Ал бағдарламаға келгенде барлығы "руханият" деп әңгіме айтып қалады. Тойсыз елмен қауышу, тура осы қазақша әндер орындайтын адамдарға мүмкін емес нәрсе деп ойлаймын. Айтарым көп, негізі. Бірақ тоқтай білейін…" – деді Әбдіжаппар Әлқожа.

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Abdizhappar Malikov (@abdizhappar_alkozha)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.