Кµпн±сќалы тест тапсырмалары



жүктеу 411.77 Kb.
бет1/2
Дата26.06.2018
өлшемі411.77 Kb.
  1   2

Грамматика

1. Қазақ тілінде тән дыбыстар саны -9 (ә, і, ө, ү, ұ, қ, ғ, ң, һ)+ы

2. Қазақ алфавиттінде әріп саны-42

3. Қазақ тілінде дауысты дыбыс саны-12

4. Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай ашық, қысаң болып бөлінеді

5. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан, жіңішке болып бөлінеді

6. Дауысты дыбыстар еріннің қатысына қарай еріндік,езулік болып бөлінеді

7. Қазақ тілінде ашық дауысты дыбыстар саны-6 ( а,ә,о,ө,е,э)

8. Қазақ тілінде қысаң дауысты дыбыстар саны-6 ( і,ы,ү,ұ,у,и)

9. Қазақ тілінде еріндік дауысты дыбыстар саны-5 ( о,ө,у,ү,ұ)

10.Қазақ тілінде езулік дауысты дыбыстар саны-7 ( е,і,ы,а,ә,и,э)

11. Қазақ тілінде жуан дауысты дыбыстар саны-6 ( а,о,ы,ұ,и,у)

12. Қазақ тілінде жіңішке дауысты дыбыстар саны-8 ( ә,і,ү,ө,е, э,и,у)

13. Қазақ тілінде үнді дауыссыз дыбыстар саны -7 ( р,л,м,н,ң,и,у)

14. Қазақ тілінде ұяң дауыссыз дыбыстар саны -8 ( б,в,г,ғ,д,ж,з,һ)

15. Қазақ тілінде қатаң дауыссыз дыбыстар саны -11 ( к,қ,с,т,п,ф,х,ц,ч,ш,щ,

16. Қазақ тілінде дыбыс бола алмайтын әріптер саны- 4 ( я,ю,ь,ъ,)

17. Қазақ тілінде буын саны-3 ( ашық, тұйық, бітеу)

18. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала- фонетика

19. Сөз құрамын, сөз таптарын, сөзжасамды зерттейтін сала- морфология

20. Сөз тіркестерін, сөйлемдерді зерттейтін сала- синтаксис

21. Тыныс белгілерін зерттейтін сала- пунктуация

22. Сөз мағынасын зерттейтін сала- лексика

23. Тілде пайда болған жаңа сөз- неологизм

24. Басқа тілден енген сөздер- кірме сөздер

25. Бір жергілікті сөйлесу ережелері- диалект

26. Ғылымның арнайы саласындағы сөздер- термин сөздер

27. Мағыналары бірдей, жазылуы әр түрлі сөздер синоним деп аталады.

28. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антоним деп аталады.

29. Жазылуы бірдей, бірақ мағыналары басқа сөздер омоним деп аталады.

30. Зат есім заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз.Туынды зат есім- зат есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғануы арқылы жасалған зат есім.

31. Зат есімнің сұрақтары кім? Не? Кімдер? Нелер?

32. « Кім» сұрағы адамдарға, мамандық атауларға қойылады.

33. Сын есім - заттың түр- түсін, сапасын, дәмін, көлемін білдіретін сөздер.

34. Сын есім мағынасына қарай сапалық, қатыстық болып бөлінеді.

35. Етістік заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер.

36.. Етістіктің өткен, осы, келер шақтары бар.

37. Заттың іс-қимылының мезгілін, мекенін, жай-күйін білдіретін сөздер Үстеу.

38. Үстеу- қимылдың түрлі белгісін, мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын білдіретін сөз табы

Үстеудің сұрақтары: қашан, қалай, қайда, қайдан

39. Сан есім заттың санын, ретін білдіретін сөздер.

40. Сан есімнің сұрақтары: неше, қанша, нешінші, нешеу

41. Сан есім мағынасына қарай 6 топқа бөлінеді ( есептік, реттік, жинақтық, бөлшектік, топтау, болжалдық)

42. Бірнеше сөздің бір-бірімен мағыналық байланысқа түскен топ- сөз тіркесі

43. Бір сөз немесе бірнеше сөз тіркесінен жасалған тиянақты ойдың көрсеткіші- сөйлем

44. Айтылу мақсатына қарай сөйлемдер: хабарлы, сұраулы,лепті, бұйрықты

45. Қазақ тілінде 7 септік ( атау,ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес)

46. Өздігінен сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер- оқшау сөздер ( одағай, қыстырма, қаратпа), шылау

47. Қазақ тілінде 5 сөйлем мүшесі ( бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш. анықтауыш)

48. Сөйлем мүшелері тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш ), тұрлаусыз (толықтауыш, пысықтауыш. анықтауыш) болады

49. Сөйлем мүшелері- сөйлем құрауға қатысатын сөздер

50. Диалог- екі кісінің бір- бірімен тікелей сөйлескен сөзі

51.Белгілі бір ұғымға берілген атауды сөз дейміз

52. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары болады

53.Біреудің сөзін автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуін ТӨЛЕУ СӨЗ дейді.

ТӨЛ СӨЗ-басқа біреудің өзгертілмей айтылған сөзі

54.Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем Құрмалас сөйлем деп аталады.

55.Құрмалас сөйлем құрамына қарай 3 түрлі болады: салалас, сабақтас, аралас

56.Салалас құрмалас сөйлем жалғаулықты және жалғаулықсыз болады.

57.Ыңғайлас С.Қ.С. жалғаулықтары: да,де,та,те, және, әрі

58. Қарсылықты С.Қ.С. жалғаулықтары: бірақ, алайда , дегенмен

59. Себеп-салдар С.Қ.С. жалғаулықтары: сондықтан, себебі, өйткені, енге десең

60. Талғаулы С.Қ.С. жалғаулықтары: не, немесе, я, яғни, әлде, бірде

61. Кезектес С.Қ.С. жалғаулықтары: біресе, кейде, бірде

62.Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі: көптік, тәуелдік, септік, жіктік

63.Сөйлемде « кім», «не» жөнінде айтылатын негізгі ойдың иесін бастауыш дейді

64. Сөйлемде бастауыштың ісін, қимылын, жай-күйін білдіріп, ойды аяқтап тұратын мүше- баяндауыш

65. Бастауыш пен баяндауыш арасында сызықша қойылады:

-бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есім;

- бастауыш сын есім, баяндауыш-зат есім;

- бастауыш та, баяндауыш та – сан есім;

- Бастауыш « бұл, сол, осы, мынау, анау, ол» сілтеу есімдігі болса;

- бастауыш- тұйық етістік болса.

66. Жалаң сөйлемде тек тұрлаулы мүшелер (бастауыш пен баяндауыш) болады.

67. Жайылма сөйлемде тұрлаулы мүшелер де, тұрлаусыз мүшелер ( толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш) болады

68.Түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп айтылуы- Үндестік заңы.

69. Үндестік заңы буын және дыбыс үндестігі болып 2 бөлінеді

70.Буын үндестігіне кейбір қосымшалар бағынбайды ( мен, бен, пен, хана, паз, кер, қой,гөй,т.б)

71. Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Ол бөлшектер сөз құрамы деп аталады.

72. Сөз құрамында түбір және қосымша болады.

73. Қосымшаның 2 түрі бар: жұрнақ және жалғау

74. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша -жалғау

75. Есімдіктің 7 түрі: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау

76.Толықтауыштың 2 түрі : тура ( табыс септік), жанама

77. Етістіктің 4 райы бар :

Ашық ( етістік барлық шақтарда)

бұйрық ( 1 жақ –айын- ейін, айық-ейік

2 жақ – -ың(дар), ің ( дер)

3 жақ- сын-сін)

Қалау ( жұрнақтары- қы-кі, ғы-гі, са-се+ игі еді, ғай-гей, қай-кей) келеді ( келмейді)

Шартты ( са-се)

78. Етіс –орындаушының іс-қимылға қатысы қандай екенін білдіретін етістіктің түрі.



Етістің( залог) түрлері 4: өздік ( жұрнақтары-н,ын,ін)

өзгелік ( жұрнақтары-дыр-дір, тыр-тір, ыр-ір, ғыз-гіз, қыз-кіз)

ырықсыз ( жұрнақтары –ыл,іл,л,н)

ортақ ( жұрнақтары- ыс,іс,с)

79. Есімше жұрнақтары: ған-ген, қан-кен, ар-ер-р, атын-етін, йтын-йтін,

болымсыз етістік жұрнақтары ма-ме,па-пе, ба-бе+с

80.Көсемше жұрнақтары: а-е-й, ғалы-гелі, қалы-келі,ып-іп-п

81. Иелік форманы білдіретін жұрнақтар: нікі,дікі,тікі

82.Тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем түрі - Жалаң

83. Заттың көптігін білдіретін қосымша – көптік жалғау

84.Тек орыс тілінен енген сөздерге қолданылатын белгілер- Ъ, Ь, В,Э,Ч

85. Көсемшенің жұрнақтары –ып, -іп, -п.

86. – ырақ, ірек, рақ,рек қосымшалар арқылы сын есімнің қай шырайы жасалады- салыстырмалы

87.–ыншы, інші, ншы, нші сан есімнің реттік түрінің жұрнақтары

88. Сөз құрамы: дара сөздер- мектеп, оқулық,



күрделі сөздер- Біріккен сөздер- қолөнер

Тіркескен сөздер – Павлодар қаласы

Қос сөздер- ата-ана, салт- дәстүр

Қысқарған сөздер- ПМУ, пединститут

89. Сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудыратын жұрнақ- сөз тудырушы жұрнақ

90.Еліктеу сөз- әр түрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеу және олардың бейнесін елестету мәніндегі сөз табы

Еліктеу сөздер:

еліктеуіш сөздер- түрлі дыбыстарға елікреуден туындаған еліктеу сөздер,

бейнелеуіш сөздер- көру арқылы сипаттайтын еліктеу сөздер.

91. Шылау: Септеулік- атау септіктен кейін- туралы, сияқты, үшін, сайын, арқылы,т.б.



Барыс септіктен кейін- дейін, шейін,қарай, тарта, жуық,т.б.

Шығыс септіктен кейін- кейін, соң, әрі, гөрі, бері,т.б.

Көмектес септіктен кейін- бірге, қабат, қатар,т.б.

92. Демеулік: сұраулық: ма-ме,ба-бе,па-пе, ше



Күшейткіш: -ақ, -ау, -ай, да-де, та-те

Белгісіздік: -ау, -мыс, -міс, кейде

Болымсыздық: түгіл, түрсын, тұрмақ

Шектік: ғана, тек, -ақ, кейде

Нақтылау:-ды, -ді, -ты, -ті, ғой
Тұрақты сөз тіркестері (фразеологизмдер)

1.Атасының арқасында – благодаря деду

2.Бауырына салған – усыновить

3.Қуанышында шек жоқ – безмерно рад

4.Бата алмай тұрған – стоял в нерешительности

5.Кірпіктерінде қуаныш жасы бар еді – слезы радости на глазах

6.Екі көзі оттай жанады – оживляется

7.Алды – артына қарамай – несмотря ни на что

8.Тар жол тайғақ кешу – хождение по мукам

9.Көненің көзі – свидетель старины

10. Өшпес ізі сайрап жатыр – оставлен неизгладимый след

11. Көздің жауын алады – привлекает взоры

12. Мекен – жайына айналдырған – превратил в жилье

13. Шаң жуытпай кеткен – выйти из воды сухим

14. Қабағынан қар жауғандай – мрачен, туча – тучей

15. Көзімен атып жіберердей – смотреть злым взглядом

16. Қол ұшын берген еді – помог

18. Қадір тұтқан адам – уважаемый человек

19. Ұйып тыңдап отыр – слушает внимательно

21. Қиын – қыстау шақта – в трудное время

22. Қабақ шытқан емес – не проявляют недовольство

23. Қарық боласың – вдоволь наешься

24. Жақсы тілектер айтады – желают всего хорошего

25. Көп жаса – живи долго

26. Өркенің өссін – пусть множится твое потомство

27. Мерейлі бол – пусть всегда сопутствует тебе удача

28. Жұрттың көзі түсті – привлечь внимание

29. Жүнжіп кету – быть в подавленном состоянии

30. Екі иығына екі кісі мінгендей – очень широкоплечий

31. Бетіне түгі шықты – рассердился

32. Қой үстіне тауық жұмыртқалаған заман – мирное время

33. Босбелбеу – бесхарактерный, нерешительный

34. Бет моншағы түсу – стесняться, стыдиться

35. Жүзіктің көзінен өткендей – красивый, статный, безупречный

36. Жылқы мінезді – изменчивый, непостоянный

37. Қой аузынан шөп алмас – робкий, скромный, застенчивый

38. Төбе шашы тік тұрды – волосы встали дыбом

39. Мұрнын көкке көтерді –загордился, задрал нос

40. Бетінен оты шықты – стесняться

41. Қой ішіндегі марқа – умный, физический развитый

42. Көзге шыққан сүйелдей – как бельмо на глазу

43. Көргеннен көзақы алу – просить(вещь)

44. Алпыс екі тамырын шымырлату – душой и телом, всей душой

45. Туа біткен мінез – привычка

46. Тірлік тынысы – дыхание жизни

47. Жаңа толқынның үні – голос нового поколения

48. Ұяттың үлкені - өзіңнен өзің ұялу - Лучше всего стыд перед самим собой

49. Бөркін аспанға лақтыру- сильно радоваться

50. Бөрікпен ұрып алу- легко отделаться

51. Тон жамылу – действовать тайно

52. Тонын айналдырып кию – прикинуться порядочным человеком

53. Тон пішу- предполагать.

54.Бір шай қайнатым уақыт- небольшой промежуток времени

55.Сүт пісірім уақыт- около четверти часа,15 минут

56.Иман жүзді- мейірімді

57.Жүрегі жарылу- қуану

58.Жұмған аузын ашпау- үндемеу

59.Қара қылды қақ жарған-әділ

60.Қой аузынан шөп алмас- жуас, момын

61.Бетінен оты шығу-ұялу

62.Бетінен қақпау- еркелету

63.Жаужүрек-батыр

64.Қызыл итке жем болу- қызғану

65.Көз ілмеу- ұйықтамау

66.Төбе шашы тік тұру- қорқу

67.Сөзге келмеу- келісу

68.Өлердегі сөзін айту- жалыну

69.Тісі тісіне тимеу-тоңу

70.Үйді басына көтеру-айқайлау

71. Жүрегінің түгі бар- батыр

72.Екі көзі төрт болу-күту

73.Көзді ашып-жұмғанша- тез, жылдам

74.Ит өлген жерде- алыс

75.Қас пен көздің арасында- жақын

76.Жылқы мінезді- непостоянный

77.Тойған қозыдай- ізетті ( вежливый)

78.Құлан таза- адал ( честный)

79.Бөркін аспанға лақтыру- қуану ( радоваться)

80.Бөрікпен ұрып алу-құтылу ( легко отделаться)

81. Тас жүрек- қатал, қатыгез

82.Жаны мұрнының ұшына келу- қиналу





Мақал – мәтелдер
1.Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ.

2.Ата – ананың ақылы сарқылмайтын көлмен тең.

3.Ана жақсылығын, ауырсаң білерсің.

4.Ағаны көріп іні өсер,

Апаны көріп сіңлі өсер.

5.Басыңа іс түссе ,

Жақсы көмектеседі,

Жаман күліп кетеді.

6.Жаман дос көлеңке:

Басыңа күн шалса,

Қашып құтыла алмайсың.

Басыңды бұлт алса,

Іздеп таба алмайсың.

7.Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан таяғым артық.

8.Адам досымен мықты,

Ағаш жапырағымен мықты.

9.Отанды сүю отбасынан басталады.

10.Ел – елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен жақсы.

11. Туған жердің қадірін

Шетте жүрсең білерсің.

12. Жері байдың – елі бай.

13. Сулы жер – нулы жер,

Бұлақты жер – тұрақты жер.

14. Көлдің көркі – құрақ,

Таудың көркі – бұлақ.

15. Егін ексең - тыңға ек,

Одан өнер өнім бар.

16. Сулы жер құрақсыз болмас,

Таулы жер бұлақсыз болмас.

17. Қоян көлеңкесінен қорқады.

18. Батар күннің атар таңы бар.

19. Бұтаға паналаған торғай да аман қалады.

20. Құс жеткен жеріне қонады.

21. Өнерлі өрге жүзеді.

23. Өнерлінің өрісі кең.

24. Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.

25. Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

26. Шебердің қолы көпке ортақ.

27. Ұста, ұстадан нұсқа.

28. Ұстамен жақын болсаң, ісің бітер.

29. Жеті рет пішіп,

Бір рет кес.

30. Ұста пышаққа жарымас,

Етікші етікке жарымас.

31. Ерлік білекте емес, жүректе.

32. Ел ұлсыз болмас,

Жер гүлсіз болмас.

33. Көз- қорқақ, қол- батыр.

34. Туған жердей жер болмас ,

Туған елдей ел болмас.

35. Батыр туса- ел ырысы,

Жаңбыр жауса- жер ырысы.

36. Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

37. Бейнетсіз рахат жоқ.

38. Ел іші - алтын бесік.

39. Бейнетсіз бірлік жоқ.

40. Ер қанаты – ат.

41. Еңбексіз тапқан мал,

Есепсіз кетер.

42. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

43. Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

44. Жер – қазына,

Су – алтын,

Мал – байлық.

45. Өнер алды- қызыл тіл.

46. Бес саусақ бірдей емес.

47. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.

48. Екеу болсаң, бір-біріңмен кеңес.

Біреу болсаң, қабырғаңмен кеңес.

49. Уәде алтыннан да қымбат.

50. Теңге үнемді сүйеді.

51. Тиыннан теңге құралады.

52. Ырыс алды-ынтымақ.

53. Байлық- байлық емес, бірлік-байлық.

54. Бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар.

55. Жаманға жан жуымас.

56. Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар.

57. Жақсы- көпке ортақ.

58. Жақсы сөз –жарым ырыс.

59. Жақсы –ісімен жақсы.

60. Су-тіршілік көзі.

61. Судың да сұрауы бар.

62. Ата өнері- балаға мұра.

63. Өнерді көп білетін дана болар,

Өнерсіздің ісі шала болар.

64. Өнерімнің өрісі кең.

65. Басқа пәле- тілден.

66. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.

67. Ғылым-теңіз, білім- қайық.

68. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер.

Залыммен жақын болсаң , басың кетер.

69. Кітап-ғылым, тілсіз мұғалім.

70. Кісі елінде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол.

71. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

72. Жеті атасын білмеген-жетімдіктің салдары.

73. Жеті атасын білмеген-жетесіз.

74. Әке- балаға сыншы.

75. Балалы үй-базар, баласыз үй- қу мазар.

76. Әке-асқар тау.

Ана- бауырындағы бұлақ.

Бала-жағасындағы құрақ.

77. Әкеге қарап ұл өсер,

Шешеге қарап қыз өсер.

78. Атаңа не қылсаң алдыңнан сол келер.

79. Әркімнің өз жері-жұмақ.

80. Туған жердің ауасы да шипа.

81. Еңбексіз өмір- сөнген көмір.

82. Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

83. Еңбек өмірді ажарландырады.

84. Еңбек мұратқа жеткізер,

Жалқаулық абыройды кетірер.

85. Еңбектің көзін ашқан

Байлықтың өзін табады.

86. Аз сөз-алтын, көп сөз- күміс.

87. Жақсының сөзі- шамдай жарық,айдай анық.

88. Көп ішінде сөйлеген-көсемдіктің белгісі,

Көпке сөзі ұнаған-шешендіктің белгісі.

89. Досың көп болғанға шаттан,

Дұшпанмен дос болудан сақтан.

90. Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

91. Дос таппай көңіл тыным таппас.

92. Жаңа дос келгенде,ескі достың көзінен жас шығады.

93. Дос тұтқанды қадірле.

94. Шешеннің сөзі-мерген,

Шебердің ісі-мерген.

95. Сөз сүйектен өтеді.

96. Тіл қылыштан да өткір.

97. Көп сөз- көмір, аз сөз-алтын.

98. Көппен көрген ұлы той.

99. Ер жігіттің екі сөйлегені- өлгені.

100. Әлін білмеген әлек.

101. Жері байдың елі бай.

102. Өмір-үлкен мектеп.

103. Мектеп-кеме, білім-теңіз.

104. Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

105. Ойлай білсең, дана боларсың,

Ойнай берсең дана боларсың.

106. Иттің бәрі тазы болмас,

Еттің бәрі қазы болмас.

107. Жек көре білмеген адам сүйе де білмейді.

108. Таза болсаң, судай бол,

Бәрін жуып кетірген.

Жақсы болсаң, жердей бол,

Бәрін шыдап көтерген.

109. Жақсы жолдас – жанға серік,

Жаман жолдас- малға серік.

110. Қайғың болса, досыңа бар.

111. Еңбектің көзін тапқан,

Байлықтың өзін табады.

112. Ер жігіт үйде туып, жорықта өледі.

113. Жер гүлсіз болмайды,ел ерсіз болмайды.

114. Жауын жауса-жердің құты.

115. Ер туса-елдің құты.

116. Еңбек-адамның екінші анасы.

117. Өнер-ердің қанаты.

Өнерліге өлім жоқ.

118. Құссыз көл жетім, елсіз жер жетім.

119. Өнер- таусылмас азық, жұтамас байлық.

120. Адамды заман билейді.

121. Ер- елінде, гүл- жерінде.

122. Ел бірлігі-ел теңдігі.

123. Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді.

124. Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

125. Теңге- тиыннан,

Ынтымақ-ұйымнан.

126. Ынтымақ болмай, іс оңбас.

127. Шашу-оңай, жинау-қиын.

128. Ағаштың тамыры- өскен жерінде.

Адамның жаны-туған елінде.

129. Қыс азығын жаз жина.

130. Мезгілі жетсе, мұз ерір.

131. Қыстың көзі-қырау.

132. Қыстың қамын жаз ойла.

133. Ат-адамның қанаты,

Ас-адамның қуаты.

134.Ақша кетуге тырысады,

Есеп ұстауға тырысады.

135.Есепсіз дүние жоқ.

136.Ел болам десең достас.

Қор болам десең, қастас.

137.Дауды ақыл жеңеді, жауды батыл жеңеді.

138.Жүйелі сөз-жүйесін табар,

Жүйесіз сөз-иесін табар.

139.Сауатсыздың сөзіне сүрініп құларсың.

140.Дерексіз сөз- нанымсыз.

141.Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.

142.Кітап-алтын қазына.

143.Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.

144.Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

145.Ақыл-Алланың бергені,

Білім-адамның тергені.

146. Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады

147. Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас

148.Оқу- инемен құдық қазғандай

149. Көп сөз- көмір, аз сөз- алтын

150. Атаңның баласы болма, адамның баласы бол

151. Ердің сыншысы- халық

152. Жеті рет өлшеп, бір рет кес

153. Досы көпті жау алмайды

154.Балалы үй- базар, баласыз үй- мазар

155. Отан отбасынан басталады

156. Ер жігіттің екі сөйлегені -өлгені

157. Өлімнен ұят күшті

158. Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді

159. Айтылған сөз- атылған оқпен тпең

160. Артық сөйле, кем сөйле, таразылып тең сөйле

161. Өнер алды- қызыл тіл

162. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді

163. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады

164. Күлме досыңа, келер басыңа

165. Бойыңа мақтанба, ойыңа мақтан

166. Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама

167. Білмеске берме, сенбеске айтпа

168. Жолдасы көптің- олжасы көп

169. Еңбексіз тапқан мал, есепсіз кеткен мал

170. Еріншек түске дейін ұйықтайды, кешке дейін есінейді

171.Туға тағзым- тарихқа тағзым

172. Туға құрмет- елге құрмет

173. Отансыз адам- ормансыз бұлбұл

174. Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе өзің жеткенің

175. Ақылсыз достан арлы дұшран артық

176. От пен су- тілсіз жау

177.Адам досымен, ағаш тамырымен мықты

178.Татулық- табылмас бақыт

179. Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам

180.Еңбек етсең ерінбей- тояды қарның тіленбей

181.Еңбегіне қарай өнбегі

182.Еңбек- адамның көркі, адам- заманның көркі

183. Сүйіп істеген іс шаршатпайды

184.Жаман жолдастан таяғым артық

185.Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас

186.Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы

187.Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа,

188.Жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа

189. Өмір-үлкен мектеп

190.Мектеп-кеме, білім-теңіз

191.Кітап-алтын қазына

192.Ұстаздан оқушы озар

193.Күш білімде, білім- кітапта

194.Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім

195.Бірлік бар жерде, тірлік бар

196.Тазалық – денсаулық кепілі

197.Дені саудың- жаны сау

198.Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды

199.Көктемде түскен бір дән, күзді күні мың дән болады

200.Ағаштың тамыры-өскен жерінде, адамның жаны-туған елінде

201.Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті

202.Абыройлы анаң да-Отан, асқар таудай әкең де-Отан.

203.Қыс азығын жаз жина

204.Мезгіл жетсе, мұз ерір

205.Қыстың көзі-қырау

206.Қыстың қамын жазда ойла

207.Ат- адамның қанаты, ас- адамның қуаты

208.Сыйлап берсе, суын іш

209.Той тамағы тәтті

210.Сыйласқанның суын іш

211.Тату үйдің тамағы тәтті

212.Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол

213.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

214.Әке-асқар тау.

215.Ана- бауырындағы бұлақ.

Бала- жағасындағы құрақ.

216.Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

217. Әке- балаға сыншы

218.Атаңа не қылсаң, алдына сол келер.

219.Он үште отау иесі

220.Жеті атасын білмеген-жетесіз

221. Көппен көрген ұлы той

222. Әлін білмеген әлек

223.Жері байдың елі бай

224.Шешеннің сөзі- мерген, шебердің ісі- мерген

225.Сөз сүйектен өтеді

226.Тіл қылыштан өткір

227. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,

Залыммен жақын болсаң, басың кетер.

228.Білімді өлсе, қағазда аты қалар.

Ұста өлсе, істеген заты қалар.

229.Елсіз ер болмайды,

Жұртсыз жігіт болмайды.

230.Өмірде әділ бол,

Ашуда сабыр бол.

231.Пайда ойлама,ар ойла.

232.Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

233.Ана алдында-құрмет,

Ата алдында- қызмет.


Лексикалық тақырыптар бойынша жауап - кілттер

5- сынып

1. Астана қай жылға дейін Ақмола деп аталған? 1998 жыл

2. Астана қаласының бұрынғы аты -Ақмола

3. 1 қыркүйек қандай күн? Білім күні

4. Шахматты қашан, кім ойлап тапты ? 5 ғ. Үндінің ақылгөйі өзінің қожасы үшін ойлап тапқан.

5. Бір аптада неше күн бар? жеті 6. Қазіргі ЭЕМ қанша мамандықты игерген? 2500-ден астам

7. Кәдімгі күн жарығы неше түстен тұратын жарық сәуле? жеті

8. Сансызбай Сарғасқаевтың қандай кітаптары бар? «Сұлутор балалары», «Біз төртеу едік»

9. «Ұжым» дегеніміз не? адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, оқуы

10. Ұжым түрі- шағын және үлкен

11. Бірінші тәрбиеші- ана

12. Екінші - мектеп, еңбек ұжымы

Көп ақша жинап, соғысқа ұшақ сатып алған кім? Қажымұқан.

13. Берлинде сымды мойнына галстук, беліне белбеу сияқты ораған қай палуан?-Қажымұқан

14. Сахнаға 75 пұт жүгі бар арбаны тісімен сүйреп шыққан кім? Қажымұқан

15. Парижде түйені мойнына салып көтеріп шыққан кім? -Қажымұқан

16. 1934 жылы Риддер қаласында елді таңғалдырған әнші кім?- Әміре Қашаубаев

17. Небары 2 сыныптық білімі бар суретші кім?- Әбілхан Қастеев

18. Әбілхан Қастеевке суретшілік әліппесін үйретіп, қамқорлық жасаған суретші кім?- Н.Г.Хлудов

19. Қазақтың атақты суретшісі- Әбілхан Қастеев

20. Қазақ елінің тұңғыш ғарышкері кім?- Тоқтар Әубәкіров

21. Екінші ғарышкер- Талғат Мұсабаев

22. Іле өзені қайда құяды?- Балқашқа

23. Іле қайдан басталады?- Тянь-Шань тауларынан

24. Ертістің ұзындығы- 4331 км

25. Ертіс ағып өтетін жерлер- Шығыстан солтүстігіне қарай: Шығыс Қазақстан және Павлодар облысы арқылы Батыс Сібір ойпаты.

26. Қара Ертіс - Зайсан көліне құйғанға дейін

27. Ертіске құятын өзендер- Кендірлік, Күршім, Нарын,Бөкен, Бұқтырма,Үлбі

28. Компас пен карта не үшін керек?- бағыт беруге

29. Тұңғыш Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрін ұйымдастырған кім? - Ахмет Жұбанов

30. 1936 жылы Мәскеуде өнер көрсеткен оркестр - Құрманғазы атындағы оркестр

31. Ахмет Жұбанов кім?- музыка зерттеушісі, сазгер, дирижер

32. Ғазиза Жұбанова кім? - қазақ композиторы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

33. Қазақтың музыкалық аспаптары-шертер, шаңқобыз, домбыра, дауылпаз, жетіген, даңғыра, қылқобыз,сырнай, сазсырнай, асатаяқ, сыбызғы, адырна

34.Нұрғиса Тілендиев қандай оркестрді ұйымдастырған?- «Отырар сазы»

6- сынып

1. Күз айларын ата- қыркүйек, қазан, қараша

2. Жыл мезгілдері - қыс, көктем, жаз, күз

3. Күнпарақ түрлері- қабырға, үстел, қалта күнпарағы

4. Бір жылда неше күн бар? – 365 күн

5. Бір айда неше апта бар- 4 апта

6. Бір аптада неше күн бар- 7күн

7. Бір тәулікте неше сағат бар?- 24сағат

8. Бір сағатта неше минут бар – 60 минут

9. Бір минутта неше секунд бар- 60 секунд

10. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы - Астана қаласы

11. Ол қайда орналасқан - Есіл өзені бойында, Сарыарқа

12. Елбасы Резиденциясы Парламент үйі қайда - Есіл өзені бойында , Астана

13. Астана қаласы тұрғындарының саны- 518 мың

14. Парламент үйі алдына кімдердің ескерткіштері қойылған - Төле би , Әйтеке би, Қазыбек би

15. «Тұлпар» деген метро станциясы қайда салынып жатыр- Алматы қаласында

16. Алматыда 25 қабатты, биіктігі 107 м, 942 орындық, 472 қонақ бөлмесі бар мейманхана - «Қазақстан» қонақ үйі

17. Алматы қаласының іргетасы қашан,қай өзен бойында қаланған- 1854 ж, Кіші Алматы өзенінің бойында

18. «Медеу» спорт кешені қашан ашылған ?- 1972 ж

19. Мұз айдынның көлемі қанша метрдей?- 11000 м2

20. Трибуналары қанша мыңнан астам көрерменге арналған- 12000 адам

21. ҚР Президенті болып Н.Назарбаев қашан, қай жылы сайланды?- 1.12.1991 ж

22. Қазақстан қайда орналасқан?- Орталық Азияда

23. Халқының саны қанша? - 17 млн адам

24. Қазақстанның жер көлемі қанша? - 27173 км -2,7 млн км2

25. Оның қанша пайызы өзен, көл, теңіз?- 40 %

26. Қанша пайызы шөл мен шөлейт?- 50 %

27. Таулы жері қанша пайыз?- 10 %

28. Республика жері батыстан шығысқа қарай қанша километр?- 3000 км

29. Солтүстіктен оңтүстікке қарай ше?- 6000 км

30. Батыста,солтүстік –батыс және солтүстікте қай елмен шектеседі?- Ресей Федерациясы

31. Оңтүстік және оңтүстік-батыста шекараларымыз- Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, батыста-Каспий арқылы Әзірбайжан.

32. Республикада қанша ұлт өкілдері тұрады?- 130 –ға жуық

33. Әкімшілігі жағынан қанша облыстан тұрады?- 14

34. Республикалық маңызы бар қанша қала бар?- 2 ( Алматы қаласы, Астана қаласы)

35. Қазақстанда қанша қала, неше аудан, қанша ауылдық мекендер бар?- 85 қала, 160 аудан,7719 ауылдық елді мекен бар

36. ҚР мемлекеттік тілі - қазақ тілі

37. Ұлттық валюта- теңге ( 15.11.1993 ж)

38. Жылдың ең қысқа күні мен ұзақ түні қай айда болады?- желтоқсан айы

29. Тәуелсіздік күні- 16 желтоқсан

30. Көкшетаудағы әдемі көл - Бурабай

31. Суы тұщы, айналасы қарағайлы, қайыңды орманды көл- Бурабай

32. Аңшылық түрлері- кәсіптік, спорттық-әуесқойлық, ғылыми

33. Дүниедегі ең өсімтал құс- кекілік

34. Бұлан(лось) қайда кездеседі?- Солтүстік Қазақстан аймағында

35. Оның биіктігі неше метр?- 2 м

36. Бұқаларының мүйіздері қашан түседі?- қаңтар мен ақпан айларында

37. Жаңа мүйіз қашан шығады?- сәуір айында

38. Дүние жүзіндегі ең үлкен кит- көк кит, блювал – ұзындығы 28,7, салмағы 140

39. Көктемде қандай мерекелер бар?- 8-Әйелдер күні, 22 –Наурыз мерекесі,



1 мамыр -Ынтымақ күні және 9 мамыр- Жеңіс күні.

40. Күн мен түн теңелетін кез- наурыз айында

41. Қанша қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды?- 518

42. Тұңғыш рет Батыр атағын алған қазақ қыздары - Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова

43. Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болған қазақстандықтар-

Талғат Бигелдинов, С.Д.Луганский, И.Ф.Павлов

44. Қазақтың басты ұлттық тағамы не- ет

45. Жылқының етінен не дайындайды?- қазы-қарта, жал, жая

46. Ұлттық сусындар- қымыз, айран, шұбат

47. Қазақстанда қымызбен емдейтін санаторий қайда орналасқан?- Көкшетау облысы, Бурабай

48. Ұлттық ойындар- Қыз қуу, асық ойнау, алтыбақан



7 -сынып

1.Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды немесе «Тіл туралы» заң қай жылы қабылданды?- 1-рет 1989 ж.22 .09,



2-рет 1997 ж.11 шілде

2. Бұл заң қанша тарау, неше баптан тұрады?- 6 тарау,27 баптан

3. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?- түркі тілдер тобына

4. «Ана тілім-әнім» өлеңінің авторы кім?- Қ.Қайымов

5. ҚР қандай мемлекет?- егеменді, тәуелсіз

6. Мемлекеттік Ту қай жылы бекітілді?/1992 жылы

7. Авторы кім?- Шәкен Ниязбеков

8. Тудың түсі - көгілдір

9. Елтаңбаның ортасында не?- шаңырақ

екі жағында- қанатты пырақтар

жоғарғы жағында- бес бұрышты жұлдыз

төменгі жағында - «Қазақстан» жазуы

10. Авторлары- Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов

11. Мемлекеттік Әнұран қай жылы өзгертілді?- 2006 жылы

12. Сөзін жазғандар- Н.Назарбаев, Ж. Нәжмиденов

Әнінің авторы - Ш. Қалдаяқов

13. Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?- қазан айы 1991 ж.

14. Қазақстанда газет қанша тілде шығады?- 11

телехабарлар қанша тілде?- 12

радио қанша тілде?- 6

15. ҚР Тәуелсіз болып қай жылы жарияланды?- 1991 ж.16 желтоқсан

16. Қазіргі Ата заң қашан қабылданды ?- 1995, 30 тамыз

17. Тәуелсіздік күні мерекесі -16 желтоқсан

18. 16 желтоқсанда не қабылданды? - Егемендік туралы Декларация

19. «Конституция» сөзінің мағынасы- орнату, құру

20. Ол нені белгілейді?- азаматтардың құқығын, бостандығы мен міндеттерін

21. . Оның маңыздылығы неде?- Республика өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады

22 Ата заң неше бөлім, неше баптан тұрады? - 9 бөлім, 98 баптан

23. Ата заңның нешінші бабында мемлекеттік тіл туралы айтылған?-7-бабында

24. Күн мен түн теңелген күн- 22 наурыз

25. Қазақстанда неше өзен, неше көл, бұлақ бар?- 7,5 мыңдай өзен, 40 мыңға жуық көл, мыңдай бұлақ

26. Қазақстандағы пайдалы қазбалар сан ы- 90 –нан астам

27. Қазақстандағы ең ірі өзендер- Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл, Жайық

28. Ең биік шың- Хантәңірі

Биіктігі -6995 метр

29. Қазақстандағы сүтқоректілер - 158

Құстар-485

Балық-150-ге жуық

дәрі-дәрмектік өсімдіктер- 150-ге жуық

30. Қанша мемлекеттік қорық бар?- 9

31. Есіл өзенінің ұзындығы қанша ?- 2450 шақырым

32. Алғашқы демалыс орны қай жылы,қай жерде ашылды?- 1910 жылы Бурабай көлі жағасында

33. Қазақстан климаты қандай?- шұғыл континенталды

34. Қазақстан облыстары қашан құрылды?- 1932 жылы 20 ақпан

35. Ақмола облысы қашан құрылған?- 1937 жылы

36. Оның жер аумағы- 121,7 км2

37. Ақмоланың ірі өзені- Есіл

38. Солардың ішіндегі үлкендері- Қорғалжын, Қожакөл, Балықты

39. Аңдар мен жануарлар қанша жыл өмір сүреді?/піл-85, жылқы-22, түйе,

маймыл-44 жыл, ешкі -27 ж. қоян-10 жыл

40. Қостанайда қандай кен орны бар?/ «Соколов-Сарыбай» кен орны

41. Қазақстанда қанша көл бар?\ 48262 көл

42. Ең терең көл/Алакөл

43. Тереңдігі /54 м

44. Ең тұщы көл/ Марқакөл

45. Жайық өзенінің ұзындығы/ 2354 км

46. Арал теңізінің деңгейі қанша метрге төмендеді?/14,7 м

47.Қазақстандағы ең ірі көлдер/ Балқаш, Зайсан, Алакөл, Сасықкөл, Марқакөл

48. Қазақстанның оңтүстігінде қандай таулар бар?/ Тянь-Шань

49. Оңтүстік-Шығысында ше?/Жоңғар Алатауы

50. Тарбағатай тауының қай бөлігі кіреді?/ тек батыс бөлігі

51. Теңіздер/Каспий мен Арал

55. Жасыл көл деп аталатын қай көл?/Үлкен Алматы көлі

56. Ол қайда орналасқан? /Алатауда

57. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні/5 маусым

58. «Невада-Семей» қозғалысы қай жылы ұйымдастырылды?/1989 жылы

59. Ұйымдастырған кім?/Олжас Сүлейменов

60. «Табиғатты қорғау қоғамы» қашан құрылды?/1966 жылы

61. Қазақтың тұңғыш ұлтық театры қашан ашылды?/1926 жылы

62. Оны кім басқарды?/ Жұмат Шанин

63. Қазақстан кино өнерінің негізі қай жылы салынды?/ 1930

64. «Амангелді» киносы қай жылы түсірілді?/1938

65. Алғашқы рет оның рөлін кім ойнаған?/Өмірзақов

66. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы қай жылы қай қалада қойылды?/1926 жылы Қызылорда қаласында

67. Қазақ киностудиясы кімнің атымен аталады?/ Шәкен Аймановтың

Оның аты қашан берілді?/1984 жылы

Шәкен Айманов қай жылдары өмір сүрген?/ 1914-1970

Қайда , қай күні туған /Баянауылда, 15.02

Оның мұражайы қашан ашылды?/ 1971

68. Ш. Айманов фильмдері/ «Махаббат туралы аңыз», «Алдаркөсе», «Атаманның ақыры», «Туған жер», «Менің атым- Қожа», «Көксерек»

69. Біздің заманымыздың композиторлары/ Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұбанова, Ш. Қалдаяқов, Сейдолла Бәйтереков

70. «Біржан-Сара операсының» авторы кім?/ Мұқан Төлебаев

71. Ол қай жылы қойылды?/ 1946 жылы 7 қазанда Алматыдағы Қазақ опера және балет театрында

72. Қазақ музыка театрында қазақтың тұңғыш балеті «Қалқаман-Мамыр»қашан қойылды?/ 1938 жылы

73. Атақты күйшілер/Құрманғазы Сағырбаев, Дина Нұрпейісова, Тәттімбет Қазанғапұлы

74. 1818-1889 ж. Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген күйші/ Құрманғазы

75. Оның шығармалары/ «Адай», «Кішкентай», «Көбік шашқан»

76. 1861- 1955 ж Орал облысында дүниеге келген күйші/ Дина Нұрпейісова

77. Оның шығармалары/ «Әсем қоңыр», «Бұлбұл», «Той бастар»

78. 1815-1862 ж Қарағанды облысында дүниеге келген күйші / Тәттіқара

79. Оның шығармалары /«Салқоңыр», «Көкейкесті», «Сылқылдақ»

80. Құрманғазының ұстазы/Ұзақ

81. Құрманғазы мұражайы мен ескерткіші қайда?/ Астрахан облысы, Володар ауданы, Алтынжар ауылы

82. Дина Нұрпейісова Құрманғазы Сағырбаевпен неше жасында кездеседі?/9

83.Құрманғазы Динаға домбырасын қашан ұсынған?/ 1888

84. 94 жасында Алматыда дүние салған күйші/ Дина Нұрпейісова

85. Әбілхан Қастеев қай жылдар ыөмір сүрген?/ 1904-1973

86. Алматыдағы тәуелсіздік монументінің биіктігі неше метр?/28

87. Қазақтың қолөнеріне жататындар/ киіз басу, кілем тоқу, зергерлік

88. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім?/ Абай

89. 1845 жылы Семейде дүниеге келген ұлы ақын, композитор, философ,қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы кім?/Абай

90. Айтыс- қандай жанр?/ Ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр

91. Айтыскерлер/Әсет,Сара,Сүйінбай, Жамбыл,

92 Айтыстар / «Әсет пен Ырысжан», «Жамбыл мен Құлмамбет», «Біржан мен Сара»

93. Тұңғыш « Қазақ хрестоматиясын» жасаған ағартушы-педагог, қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан ұлы ұстаз, атақты ақын, білгір аудармашы кім?/Ы. Алтынсарин

94. «Қазақ хрестоматиясы» қашан шықты?/1879 жылы

95. Ол қай жылы туған?/1841 жылы

96. ҚР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, тұңғыш академик кім?/ Қаныш Сәтбаев

97. Ол қай жылы туған?/1899-1964

98. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қай жылы , қай жерде дүниеге келген?/1946 ж. 2.07 Қарағандыда

99. Оған «Батыр» атағы қай жылы берілді?/1988 ж

100. Ол қай жылы, қандай экипажбен ұшты?/1991 жылы «Қазақстан-Австрия»



8- сынып

1. Қазақстан БҰҰ-ға қай жылы қабылданды?/1992ж. 2наурыз

2. Көк түс ненің белгісі?/адалдық, тазалық белгісі

3. «Қазақстан-2030» Жолдауы қай жылы жарияланды?/1997 10 қазанда

4. Ұлттық валюта қай кезден бастап айналымға түсті?/1993 ж.15.11

5. Теңгенің қанша құпия белгісі бар?/16-ға жуық

6. Валюта дизайнын жасаушы топ жетекшісі болған кім?/Тимур Сүлейменов

7. Қазақстан қандай құрлықта орналасқан?/ «Еуразия» құрлығында

8. «Тамыр» деген ұғым нені білдіреді?/дос-жаран,сыйлас,қимас

9. Семей полигонында бірінші бомба қай жылы жарылды?/1949 жылы,29.08

10. Барлығы неше жарылыс өткізілді?456

11. Ақырғы сынақ қашан болды?/1989,19.10

12. Жер шарының неше пайызы тұщы су?/2,5пайыз

13.Қазір қанша адам тұщы су тапшылығына ұшырады?/1,7млрд.

14. Қазақстанның экономикалық аймақтары/Батыс,Солтүстік, Орталық, Шығыс

15. Батыс Қазақстан аймағына жататындар/Каспий теңізі, Жайық өзені, Маңғыстау шығанағы

16. Солтүстік Қазақстан аймағына жататындар/Қостанай, Солтүстік Қазақстан,Көкшетау,Павлодар,Екібастұз

17.Орталық Қазақстан/Қарағанды, Жезқазған,Ақмола, Павлодар

18. Шығыс Қазақстан/ Семей, Зайсан, Марқакөл

19. Оңтүстік Қазақстан/Қызылорда, Жамбыл, Алматы

20. Ұлы Жібек жолының жалпы ұзындығы неше мың шақырым?/ 7 мың км

21. Қаратау тауының ұзындығы мен биіктігі/420км, биік жері-2176 км

22. Шыңғыстауда дүниеге келген үш кемеңгер ақын-жазушылар кімдер?/Абай,Шәкәрім,Мұхтар

23. Марқакөлдің ұзындығы қандай?/ көгілдір, тереңдігі -27 м

24. Балқаш қаласы қай жылы салынған?/1937ж

25. Кімдерді кәсіпкерлер деп атаған?/ Елімізде шағын және орта бизнеспен айналысатын адамдар

26. Инвестиция дегеніміз не?/ Бірлесіп кәсіпорындардың дамуына шетел қаржыларын тарту

27. Бүгінде елімізде қанша газет-журналшығады?/1500-ден астам

28. «Газет- халықтың көзі, құлағы,тілі »деген кімнің сөзі?/

29. Алғаш рет қазақ тілінде газет қай жылы, қандай газет шыққан?/ «Түркістан уалаяты»,1870 жыл 10 мамыр, Ташкент

30. Қазақтың тұңғыш журналистері/Ешмұхамбет Абылайханов, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Рахымжан Дүйсебаев)

31. «Айқап»журналының редакторы/М.Сералин

32. Әйелдер арасынан тұңғыш журналист/Нәзипа Құлжанова, жастар газеті бойынша-Сара Есова,әйелдер журналын басқарған-Ләзиза Серғазина

33. «Майкрософт» компьютер корпорациясының басшысы кім?/Билл Гейтс

34. Қазақстанның эстрада жұлдыздары кім? Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова, Н.Өнербаев

35. 1925 жылы Парижде, 1927 жылы Майндегі Франкфуртте ән шырқаған кім?/Ә. Қашаубаев

36.Француз жазушысы Анри Барбюс сөзі/ «Мен Әміредей әншіні сирек кездестірдім?»

37. «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі, «Халық қаһарманы» атағын алған сазгер кім?/Н.Тілендиев

38. Оның еңбектері/ 400-ге жуық әндер мен романстар, «Достық жолымен»балеті, «Алтын таулар» операсы, «Ата толғауы»-ның авторы

39. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызылқұм ауданында туған , әнұранның музыкасын жазған кім?/ Ш.Қалдаяқов

40. «Азия дауысы» қандай фестиваль?/халықаралық

41. «Әнші балапан » ше?/ Республикалық

42. Спорт қашан пайда болда?/4 мың жыл бұрын

43. Тәуелсіз Қазақстан қай жылы Дүниежүзілік Олимпиада комитеті мүшесі болды?/ 1994 ж

44. Қазақтың атақты спортшылары/ Серік Қонақбаев,Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бекзат Саттарханов,

45. Шахмат қашан пайда болды?/ 1500-2000 жылдай бұрын Үндістанда, «Чатуранга» деп аталған.

46. Қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық гроссмейстр кім?/ Болат Асанов, 1994 ж

47. Алматыға «Алтын адам» қай жылы қойылды?/ 1993 ж

48. Атыраудан қай жылы табылды?/ 2000 жылы, Зейнолла Самашев тапқан, реставрация жасаған Қырым Алтынбеков

49. Алтын адам қай ғасырлар ескерткіші?/5-4 ғасырлар

50. 1969-1970 жылдары Алматыдан 50 шақырым жерде Есік қорғанынан табылған Алтын адамды тапқан археолог кім?/Кемел Ақышев

51.Қожа Ахмет кесенесі неше бөлмеден тұрады?/35

52. Ондағы қазанның салмағы/2т

53. Салған шебер/Әбілазиз

54. Қанша жыл салынған?/10 жыл

55. Басқарған шебер ұста/Ғұбайдолла Садыр

56. Хандар ант берген орын/ Қ.А.Яссауи кесенесі

57. Түркістанда қанша хан, қанша би жерленген?/81 хан,би, батыр

58. Тұмар патша (тұңғыш әйел патша Томирис) қай жылдары өмір сүрген?/б.з.д. 570-520 жылдары

59. Еділ батыр(Атилла) қай жылдары өмір сүрген?/ 410-453 жылдары

60. Елтаңбадағы бес құрлықты білдіретін таңба/ жұлдыз

61. 1925 жылы Парижде не болған?/ этнографиялық көрме

62. Қашқариядан кейін Шоқан қай жерде баяндама жасады?\Санкт-Петербургте

9- сынып

1. «Құдатғу білік»кітабының авторы кім?/Жүсіп Баласағұн ,1069 жылы жазылған.

2. «Диуани луғат-ат-түрк» авторы/ Махмұт Қашқари,1072-1074 жылдары жазылған-11ғ.

3. Араб әліпбиі қанша жыл қолданылды?/ 900 жыл – 1072-1929жылға дейін

4. Латын әліпбиі ше?/ 1929-1939

5. Орыс әліпбиі ше?/ 1940 жылдан бері

6. Қазіргі әліпби ше?/ Орыс әліпбиі негізінде

7. Қай жылы төл дыбыстарға байланысты өзгеріс енгізілді?/1957 жылы

8. Қазақ тілін зерттеген ғалымдар/ В.В.Радлов(1837-1918), В.В.Бартольд(1869-1930), Н.Т.Сауранбаев(1910-1958), Ғ.Айдаров(1921 ж.)

9. Қазақ хандығы қанша жыл өмір сүрді?/15-асырдың 60-жылдары мен 16-ғасырдың ортасына дейін

10. Шайқастарда танылған кім?/ Батыр

11. Жәңгір ханның баласы, хан/Тәуке

12. Қазақ хандығын күшті мемлекетке айналдырған кім?/ Әйгілі Қасым хан

13. Қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салған хан кім?/ Есім хан

14. 1663 жылы Жамбыл облысы,Шу өзені бойында дүниеге келіп, 1756 жылы Төлеби ауданында дүние салған Төле би неше жыл өмір сүрген?/90 жыл

15. 1667-1764 жылдары өмір сүрген (97 жыл) «Жеті жарғы»-ны жасауға қатысқан би/Қаз дауысты Қазыбек

16. 1644-1700 жж өмір сүрген Тәуке ханның көмекшісі болған би/Әйтеке би,17-18 ғасырлар

17. Шын аты –Ерасыл қай батыр/ Қабанбай (1691-1769)

19. 1680-1775ж өмір сүрген қолбасшы батыр/Бөгенбай

20. Түркістан қай ғасырдан бастап осылай аталған ?/ 15ғ.

21. Киіз үйді пайдаланған адамдар/көшпенділер

22. Жеті қазына / жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік

23. Жеті ырыс/ адам ақылы,ой-санасы;денсаулық, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ит

24. Қазақтың салт-дәстүрлері/шілдехана, қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесу, үйлену

25.Киіз үй қаңқасы мен сыртқы жамылғысына қарай қалай бөлінеді?/4 қанат, 6 қанат, 8 қанат,12 қанат

26. Ұлттық киімдер/1.іш киімдер: жейде, көйлек, дамбал, шалбар, бешпент,камзол,желет

2. сыртқы киімдер:шапан, сырмалы шапан, тон, ішік, шидем

3. бас киім(ұлдар): бөрік, тымақ, малақай, қалпақ, тақия

(қыздар): кимешек, жаулық, бөрік, сәукеле, тақия

4. аяқ киімдер: мәсі, кебіс, әйел етігі, ерлер етігі

27. Киіз үйдің түрлері(қызметіне қарай)/ жаздық үй,мереке-жиынға арналған н/е қадірлі қонаққа арналған салтанатты киіз үй, абылайша немесе жолым үй-жорыққа арналған асхана, қойма ретіндегі киіз үй.

28. Безендірілуі жағынан киіз үй/ ақ үй , боз үй, ақ орда

29. Киіз үйдің іші нешеге бөлінеді?/ 4:оң жақ, сол жақ, төр, кіре беріс

30Дәулеткерей Шығайұлы кім, қашан туған?/ күйші-композитор,1820-1887

31 Оның шығармалары/ «Ысқырма», «Қос алқа», «Ақ желек», «Қаражан ханым»

32 Сүгір Әлиұлы(1882-1961) кім, қайдан?/ күйші, Созақ ауданынан

33Күйлері: Бес жорға,Шалқыма, Аққу

34Музыка аспаптары: ішекті- домбыра,қобыз,жетіген

үрмелі:сыбызғы, сазсырнай, дауылпаз

дабылды-шулы: дабыл, асатаяқ

сарнамалы: ауызсырнай, сырнай

35 1837-1937 жылдары өмір сүрген тілші ғалым/А.Байтұрсынұлы

36 А.Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» оқулығы қашан басылып шықты/1914-1928

37 1835-1865 жылдары өмір сүрген зерттеуші ғалым/ Шоқан Уалиханов

38 «Алты шаһардың жайы туралы» шығармасының авторы/Шоқан

39 1847 жылы 12 жасында Шоқан қайда түседі?/ Сібірдегі Кадет корпусына

40Ыбырай қай жылы мектеп ашқан?/1864ж

41 1883 жылы Ыбырай қандай мектеп ашқан?/мұғалімдер мектебін

42 Шешендік сөздер түрлері/шешендік арнау, толғау, дау

43 Қорықтар:1)Ақсу-Жабағылы-1926/Тянь-Шань тауының солтүстігі

2)Наурызым-1930ж./Торғай облысы

3) Алматы – 1935ж/Алматы

4) Барсакелмес- 1939 ж/ Арал теңізінің солтүстік бөлігі

5) Қорғалжын- 1968 ж/ Астана қаласына 140 км

44 Қазақстан халықтарының форумы қашан өтті?/1992 ж. Желтоқсанда

45 «Білім беру туралы»Заң қашан қабылданды? 1999ж.

46 Абайдың Жидебайдағы мұражайы қайда орналасқан?/ Семей қаласынан 180 шақырым жерде

47 Жамбыл ескерткіші қашан орнатылған?/ 1996 жылы Жамбылдың 150 жылдығына, биіктігі 3 метр, қоладан құйылған.

48 Асыл тастармен жұмыс істейтін адамды кім дейді?/зергер

49 Мұсылман мәдениетінің орталығы/ Түркістан

50. Алматы археологиялық мұражайы қашан құрылды?/1973 жылы

51. Алматы қай жылы Верный деп аталған/1856 жылы

52. Қай жылдан бастап Алматы?/1921 жылдан

53. 1929 жылдан бастап қандай қала болды?/астанасы

54. Күләш Байсейітова халық әртісі атағын қай жасында алды?/24

55. Әбілхан Қастеев қай жылы Халық суретшісі болды?/1944 жылы

56. Қалибек Қуанышбаев кімнің рөлін ойнаған?/Абайдың

57. Қазбек Уәлиев кім?/альпинист

58. Ұшақтан спорт шебері атанған кім, қашан?/Талғат Мұсабаев, 1982 жылы

59.Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры кім?/Талғат Бигелдинов

60. Арал теңізі мәселесімен айналысатын ұйымқашан құрылды? /1993ж

61. Үкілі Ыбырай қайда дүниеге келген?/ 1860ж,Көкшетау обл.,Володар ауд.

62. Балуан Шолақ қайда ержеткен?/ Көкшетауда

63. Ең биік шың/Эверест-Джомолунгма,8848 м

64. Сөздіктер/орфографиялық,түсіндірме,синонимдер,аударма, орфоэпиялық


Каталог: uploads -> doc -> 02a0
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
02a0 -> Сабақ тақырыбы: «Оң және теріс сандарды қосу мен азайтуға есептер шығару»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет