Красный Яр №3 орта мектебі



жүктеу 27.94 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі27.94 Kb.
түріСеминар


Красный Яр №3 орта мектебі

ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР


Сабақтың тақырыбы:

Материалық нүкте

Қозғалыс траекториясы

Өткізген: Төлегенова Г.Қ

2007-2008 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Материалық нүкте. Қозғалыс траекториясы.

Сабақтың мақсаты: а)білімділік: материалық нүкте деген не екенін білу, қозғалыс

траекториясын білу, траекторияның түрлерін ажырата білу;

б) дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

в)тәрбиелік: оқушыларды мақсатына жете білуе, физика тілінде таза сөйлеуге, сұрақтарға толық жауап беруге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау.

Сабақтың әдісі: аралас сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың көрменілігі: сурет, кесте, карточкалар, кодоскоп, доп, Ай-жер-Күн макеті, арбаша, серіппе.

Сабақтың құрылысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  2. Үй тапсырмасын тексеру. Карточкаларға сұрақтар жазылған. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

  1. Коперник деген кім?

Ол қай жерлерде оқып, қай салада білім алған?

  1. Н. Коперниктің теориясы бойынша әлемнің құрылысы қандай? Ол жүйе қалай аталды?

  2. Коперник жүйесінің қазіргі кездегі әлем жүйесінен қандай өзгешелігі бар?

  3. Коперниктің ілімін жалғастырушылар кімдер болады?

  4. Коперник теориясының маңызы неде?

  5. Коперник қай елден шыққан ғалым, қай жылдары өмір сүрген?

  6. 1543 жыл туралы тағы Коперникке байланысты не айтуға болады?

III Жаңа тақырыпты түсіндіру



22. Материалық нүкте. Қозғалыс траекториясы.

Балалар! Қозғалыс дешеніміз не еді? Дененің н\се дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруін механикалық қозғалыс деп аталады. Енді қозғалысқа мысалдар келтіреміз: М: автомобильдің, адамның, жан-жануарладрың, алманың, планеталардың, бұлттың, молекулалардың, қанның, жапырақтың қозғалысы.

Механикалық қозғалыс айтылғанда кей жағдайда денені нүкте ретінде қарастырады.
Сұрақ қою арқылы жаңа білімді түсіндіру.


    1. Қай жағдайда денені нүкте ретінде қарастырамыз?

    2. Сапарға шыққан мұхиттағы кемені нүкте деп қарастыруға бола ма?

    3. Қашан планеталарды нүкте деп естейміз?

(Жер радиусы жерден күнге дейінгі қашықтықтан 24000 есе кіші.)

    1. Материалық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайда өлшемдерін өлшеуге болатын денені айтады.

    2. Қай жағдайда оқушыны материалық нүкте деп естейміз, қашан есептелмейді?

    3. Денені қай жағдайда материалық нүкте деп қарастыруға болады, қай жағдайда қарастыруға болмайды?

    4. Қозғалыс траекториясы деп дене немесе материалық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалыс кезінде сызық түрінде қалдырған ізін айтады.

Суретпен жұмыс.

    1. Айдың Жермен салыстырғанда траекториясы қандай? (Ай-Жер-Күн макетімен көрсету).

    2. Дене қозғалысының түзу сызықты немесе қисық сызықты екенін неге қарап ажыратуға болады?

Бекіту: «Қазымыр оқушы»ойынын ойнату.

3 сұрақтан дайындау.



Кодоскоппен сурет көрсету.
Қорыту. Кеспелермен сұраққа жауап беру.

  1. Материалық нүкте деген не?

  2. Қозғалыс траекториясы деген не?

  3. Дене қозғалысының түзу немесе қисық сызықты екенін неге қарап ажыратамыз?

  4. Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай?

  5. Поездың қозғалыс траектормяасы қандай?

Үйге: 22 оқу ,мазмұндау. Сұрақтарға жауап дайындау.

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет