Краткая информация



жүктеу 238.61 Kb.
Дата23.06.2018
өлшемі238.61 Kb.





2018-2020 жылдарға арналған

Жосалы кентінің

азаматтық бюджеті





Кент бюджетін жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау)

Жосалы кенті, 2018 жыл

Сіздердің назарларыңызға Жосалы кенті бойынша 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады, онда кент бюджетінің негізгі көрсеткіштері туралы, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттік қаражаттардың шығындалу бағыттары туралы ақпарат берілген.



2018-2020 жылдарға арналған Жосалы кентінің

азаматтық бюджеті
Кент бюджетін жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау)
I. 2018-2020 жылдарға арналған Жосалы кентінің

әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Жосалы кентінде 4246 отбасында 20877 адам тұрады.

Жосалы кенті бойынша тіркелген кәсіпкерлерлік субъекті саны 1681 болса, оның ішінде жұмыс жасап тұрған субъекті саны 1375.

2018 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша Жосалы кенті бойынша 7471 бас мүйізді ірі қара, 7495 бас уақ мал, 1447 бас жылқы, 845 бас түйе болды.

Жосалы кентіндегі индустриялық аймақтан 2,5 гектар жер телімін алған «Мир-2001» ЖШС-і құмқыш жасау жұмыстарымен айналысуда. Келешекте мекеме өңірімізде атқарылатын құрылыстарға қажетті бетон, брюсчатка, блок шығаруды және қосымша 18 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, аталмыш индустриялық аймақтан жеке кәсіпкер Қайрат Бердібаев өз қаражаты есебінен темірді қайта өңдеу цехына арналған ғимараттың құрылысын жүргізуде. Өндіріс орны толыққанды іске қосылған уақытта кәсіпкер темірді қайта өңдеу арқылы құрылысқа қажетті бұйым шығару және 10 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлауда.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 49 азамат төрт кезең бойынша «Бастау Бизнес» жобасы аясында білімдерін жетілдірді. І және ІІ кезеңдер бойынша 32 адам түрлі көлемдегі несиемен қаржыландырылып, бүгінде олар кәсіптерін атқаруда.

«Ауылшаруашылығы қаржылай қолдау қоры» арқылы 16 азамат несие алды.

Сонымен бірге, мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» шеңберінде «Бизнес Кеңесші» жобалық курсында Жосалы кенті бойынша 8 азамат білімдерін жетілдіріп, олардың барлығы да өздері жасаған жобалары бойынша қажеттелігіне қарай несиемен қаржыландырылды. Жоба бойынша несие алған жеке кәсіпкер Дина Серікбаева наубайханасын қайта жаңғыртса, Дастан Даңлыбаев құм тиегіш тракторын сатып алып, 1 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Даму аймақтар» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Ербол Ешмұратов Жосалы кентінен қызанақ, қияр және басқа да ауылшаруашылығы дақылдарын өндіруге байланысты жылыжай салып, 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Алдағы уақытта кәсіпкер жылыжай көлемін арттырып, цитрусты лимон дақылдарын егуді жоспарлап отыр.


«2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 113-VI Заңында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді:

1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 28 284 теңге;

2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 15 274 теңге;

3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 33 745 теңге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу їшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 405 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 28 284 теңге болып белгiленсiн.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін – өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу тапсырылған болатын.

Жергілікті өзін – өзі басқару бюджеті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан асатын әкімшілік аумақтық бірлікте мемлекеттік бюджеттің 4 – деңгейі ретінде, яғни Қармақшы ауданы бойынша 2 кент және 6 ауылдық округ енген, ал 2020 жылдан бастап қалған 6 ауылдық округтер енгізілетін болады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Жосалы кенті бюджетінің түсімдері және шығындары
2018-2020 жылдарға арналған кент бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарының 98-қадамын іске асыру шеңберінде, Қармақшы ауданының 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары негізінде әзірленді.

«2018-2020 жылдарға арналған кенттер, ауылдық округтер бюджеттері» Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №148 шешімімен Жосалы кенті бюджеті бекітілді.


2018-2020 жылдарға арналған Жосалы кенті бюджетінің негізгі параметрлері

млн. теңге

Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

бекітілген жоспар

бекітілген жоспар

бекітілген жоспар

Түсімдер

669,3

435,6

451,2

1. Кірістер, оның ішінде:

669,3

435,6

451,2

Салықтық түсімдер

53,4

57,2

60,4

Салықтық емес түсiмдер

0

0

0

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

0

0

0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

615,9

378,4

390,8

Субвенция

369,9

378,4

390,8

Ағымдағы нысаналы трансферттер

246,0

0

0

Нысаналы даму трансферттері

0

0

0

Бюджеттік кредиттерді өтеу

0

0

0

Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0

0

0

Қарыздар түсімі

0

0

0

Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары

0

0

0

Шығыстар

669,3

435,6

451,2

Шығындар, оның ішінде:

669,3

435,6

451,2

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

63,9

64,7

66,8

Қорғаныс

0

0

0

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

0

0

0

Бiлiм беру

318,1

290,6

303,2

Денсаулық сақтау

0

0

0

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

28,2

27,5

28,5

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

156,2

52,8

52,7

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

0

0

0

Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану

0

0

0

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

0

0

0

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

0

0

0

Көлiк және коммуникация

102,9

0

0

Өзгелер

0

0

0

Борышқа қызмет көрсету

0

0

0

Трансферттер

0

0

0

Бюджеттік кредиттер

0

0

0

Қаржы активтерін сатып алу

0

0

0

Қарыздарды өтеу

0

0

0

Ескерту: сырғымалы негізде жыл сайын жоспарлы кезеңге белгіленетін аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін қоспағанда, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері әрбір үш жыл сайын өзгертуге жатады.
Түсімдері
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2000-нан астам халқы бар қала, кент және ауылдық округтерде бюджеттің 4-деңгейі енгізілуіне байланысты Жосалы кенті өз дербес бюджетін қалыптастыратын болады. Осыған сәйкес кент әкімі Бюджет кодексінің 52-1 бапқа сәйкес жергілікті салық түсімдерінен және кент әкімінің иелігіндегі меншікті жалға беруден түсетін кірістерден, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылардан, әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлдардан, жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдарынан қолма қол бақылау шоттарына түсімдер түсіру арқылы кірістері жоспарланып, шығындары мен айырмасы субвенция ретінде жоспарланды.

2018-2020 жылдарға арналған кенттің бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, Қазақстан Республикасының Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалуда.

2018-2020 жылдарға арналған Жосалы кенті бюджетінің өз кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) төмендегідей көлемде белгіленді.

2018 жылға – 53,4 млн. теңге;

2019 жылға – 57,2 млн. теңге;

2020 жылға – 60,4 млн. теңге.


Жалпы сипаттағы трансферттер (бюджет субвенциялар)
Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.

Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Бюджеттік кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну їшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.


Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.

2018-2020 жылдарға аудандық бюджеттен Жосалы кенті бюджетіне берілетін субвенциялар көлемі төмендегідей, оның ішінде:

2018 жылы – 369,9 млн теңге,

2019 жылы – 378,4 млн теңге,

2020 жылы – 390,8 млн теңге;

«2018-2020 жылдарға арналған кенттер, ауылдық округтер бюджеттері» Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №148 шешіміне сәйкес облыстық бюджеттен 29969 мың теңге, аудандық бюджеттен 216049 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді.


Жосалы кенті бюджетінің шығындары
Жоспарланған 2018-2020 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, аудан экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

2018 жылға арналған бюджет жобасы Елбасының Қазақстан халқына жолдауының іс-шараларын жүзеге асыру, халықтың әлеуетін жақсартуға, жұмыссыздықты болдырмауға жасалған бюджет.


Сала бойынша 2018 жылғы Жосалы кенті бюджетінің шығындары


Сала бойынша 2018 жылғы Жосалы кенті бюджетінің шығындары
млн.теңге

ф/г

Атауы

2018 жылға арналған жоспар

Барлық шығындар көлемінің үлесі,%




II. Шығындар

669,3

100

01

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

63,9

9,5

02

Қорғаныс

0




03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

0




04

Бiлiм беру

318,2

47,5

05

Денсаулық сақтау

0




06

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

28,2

4,2

07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

156,2

23,3

08

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

0




09

Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану

0




10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

0




11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

0




12

Көлiк және коммуникация

102,8

15,5

13

Өзгелер







14

Борышқа қызмет көрсету







15

Трансферттер






Жыл сайын Жосалы кенті бюджетінің шығындары 5 функционалдық топ бойынша жоспарланады.

Жергілікті атқарушы органдар мақсатты трансферттерді және кредиттерді тек мақсаты сай жұмасалып өзінің тиісті бюджеттік бағдарламасына отырғызылып пайдаланады.

Мақсатты трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және даму нысаналы трансферттерге бөлінеді.



Ағымдағы нысаналы трансферттер Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде: жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарыныѕң ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілді және атқарушы органдарының, актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған. Мысалы, тұқым шаруашылығын қолдау, білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге және тағы басқа.

Нысаналы даму трансферттер жоғары тұрєан бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.

 Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімдерді ұсынады.



Әлеуметтік сала шығындары
Әлеуметтік саланың шығындарына білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әлі аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жан жақты көмек көрсетілуде.Жалпы білім беру мектептердің, мектепке дейінгі балалар ұйымдардың, аураханалардың, перинаталдық орталықтың, дәрігерлік амбулаториялардың, мәдениет үйлердің, спорттық алаңдардың және әлеуметтік нысандың құрылыстары жүргізілуде.
Білім беру
Биылғы оқу жылында білім берудің мемлекеттік бағдарламасын дамыту бағытында кент бойынша 10 білім беру ұйымы жұмыс жасайды.

(оның ішінде: 7 жалпы орта мектеп, 3 мектептен тыс ұйымдар)

Кентте 7 мемлекеттік балабақша, 5 жеке балабақша жұмыс жасайды 3-6 жас аралығындағы балалар бала бақшамен 100 пайыз қамтылған.

Барлығы кенттің бекітілген бюджеті бойынша білім беру саласына үш жылға 912,0 млн теңге қаржы бөлінген, оның ішінде 2018 жылға – 318,2 млн. теңге, 2019 жылға – 290,6 млн. теңге, 2020 жылға – 303,2 млн. теңге.

2018-2020 жылдарға білім беру саласы шығындары

млн.теңге


Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Барлық шығындар:

318,2

290,6

303,2

Мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту

318,2

290,6

303,2

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

0

0

0

Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер

0

0

0

2018 жылы Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектептің құрылысын аяқтауға, Қызылорда облысы Қармақшы ауданында жаз-қыс мезгілдерінде балалар демалысына арналған лагерь құрылысы, әуез мектебінің көне №183 орта мектебі ғимаратына көшуіне байланысты ғимаратқа ағымдағы жөндеуге қаржы қаралды.

2018 жылы облыстық бюджеттен «Жосалы кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің №3 «Ертөстік» бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына 19776 мың теңге, Жосалы кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің №5 «Айгөлек» ясли бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына 10193 мың теңге, аудандық бюджеттен Жосалы кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің №5 «Айгөлек» ясли бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына 9744 мың теңге трансферттер қаралды.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласы бойынша 2017 жылы облыстық бюджеттен «Қармақшы аудандық орталық аурухананың кәріз-сорап стансасын, су айдау мұнарасын монтаждау жобасын қалпына келтіру» жобасына 247,3 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы денсаулық сақтау саласына ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға кент әкімінің аппараттарына 19,0 мың теңге қаралған. Аудандық бюджеттің шығыстары денсаулық сақтау саласына 2019 жылға 19,0 мың теңге, 2020 жылы – 19,0 мың теңге бекітілген.



Әлеуметтік қолдау

2018-2020 жылдарға әлеуметтік комекке және әлеуметтік қамсыздандыруға шығындары

млн.теңге

Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Барлық шығындар:

28,2

27,5

28,5

Әлеуметтік қамсыздандыру










Әлеуметтiк көмек

28,2

27,5

28,5

Өзге де шығындар









Жосалы кенті әкімінің аппаратына қарасты жеке басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында 16 әлеуметтік қызметкер, 1 сектор меңгерушісі, 1 кеңесші жан-жақты қызмет көрсетеді.

Бөлімде 81 жеке басты қарт есепке алынған. Оның 66-ы зейнеткер жасындағы қарт және 15-і мүгедектігімен есепте тұрады. Әрбір әлеуметтік қызметкер бекітілген кесте бойынша аптасына 2 рет, ал хал жағдайы ауыр, төсектен тұра алмайтындарға күнбе күн арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеністігі
Қазіргі таңда кент бойынша халыққа 1 аудандық мәдениет үйі мен 1 Жыраулар үйі, 3 кітапханалар, 1 мұражай қызмет көрсетуде.

Кентте 5 спорт алаңы, 1 стадион, 6 спорт залы, 1 дене сауықтыру кешені орналасқан.



Ауыл шаруашылығы
Жосалы кентінде тіркеуде тұрған 73 шаруа қожалығының бүгінгі күнге 33-і жұмыс істеуде. Олар мал шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде, 8 шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасымен асыл тұқымды бұқа алып, мал басын асылдандыру, тұқымды түрлендіру, мал басын көбейту бағытында жұмыс жасауда.

Сонымен бірге, мемлекеттік «Құлан» бағдарламасы аясында «Қорқыт елі» несие серіктестігі арқылы 1 кәсіпкер 19 бас бие, 1 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу арқылы жылқы малын асылдандыру жұмыстарымен айналысуда. Ал, «Алмат» шаруа қожалығы 24 бас бие, 2 бас асыл тұқымды айғыр сатып алып, жұмыс істеуде.



Көркейту, көгалдандыру, санитариялық тазалық
млн.теңге

Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Барлық шығындар:

86,5

41,2

41,2

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

12,7

12,7

12,7

Елді мекендердерді абаттандыру мен көгалдандыру

73,5

28,5

28,5


Жыл сайын кентті абаттандыруға, көркейту-көгалдандыруға және санитарияға қаржы бөлінуде.

Көктемгі және күзгі көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығы барысында Жосалы кентіндегі 114 көшенің тазалығын қамтамасыз ету мақсатында кент 6 аймаққа бөлініп, көшелер 80 мекеме мен кәсіпорындарға бекітіліп беріледі.

Көктемгі-күзгі мезгілдерде өткізілген сенбіліктерге 853 адам, 5 техника тартылды. Шара барысында 42 шақырым аяқ су арығы тазартылып, 1300 ағаш түбі әктелді. Кент орталығындағы саябақтар арам шөптен тазартылып, бордюрлер әктелді. Белгіленбеген орындарда ретсіз жиналған күл-қоқыстардың орны анықталып, «Достық» мекемесімен бірлесіп, жыл көлемінде 15200 текше метр күл-қоқыс арнайы белгіленген полигонға шығарылды.

Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі саябақтарды абаттандыру мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінген 2033,0 мың теңгеге 13000 дана түрлі гүл сатып алынып, «Қазақ хандығының 550 жылдығы» атындағы аллеяға, аудан әкімдігінің резиденциясы ауласына, кент және аудан әкімдігі ғимараттары алдына отырғызылды.



Аяқ су: Жосалы кентінде 74 шақырым аяқ су арығы бар. Мердігер «Қармақшы тазалығы» ЖШС-і. Жосалы кентінің Шығыс, Амангелді, Рысқұлов, Мұратбаев, Батыс аймақтарындағы аяқ су каналдарына насостар орнатылып, арықтар іші тазартылды. Мекемемен жасалған келісім-шартқа сәйкес, 2017 жылдың 19 сәуірі мен 15 қыркүйек айлары аралығында тұрғындарға аяқ су уақытылы берілді.

2018 жылы аудандық бюджеттен Жосалы кентіндегі Қазақ хандығы саябағын абаттандыруға, халықты салауатты өмір салтына қалыптастыруға байланысты кент орталығындағы саябақтарға спорттық жаттығу құралдарын орнатуға, кент орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлер ауласына әжетханалар орнатуға, Ана мен бала ескерткішін абаттандыруға қаржы қаралды.


Көлік
Жосалы кентіндегі 114 көшенің ұзындығы 77,2 шақырымды құрайды. Оның 44-і асфальтталған, 30 көшесі қиыршық тасты, 40 көшесі жай топырақты болып бөлінген.

Жыл сайын жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға жай топырақты көшелер грейдер арқылы тегістеліп, көшелерге кезең-кезеңмен қиыршық тас төселуде.

2018 жылы Жосалы кенті Мөлтек көшесіне ағымдағы жөндеуге, қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигонға баратын жолды ағымдағы жөндеуге қаржылар бағытталады. Сонымен бірге Жосалы кентіндегі Жолдыбаев көшесін жөндеуге, Сексенбаев көшесі мен вокзал маңын жөндеуге, темір жол өткел маңын жөндеуге, Қорқыт-ата көшесін жөндеуге, Амангелді көшесін жөндеуге де қарыжлар бағытталды.

Жарықтандыру

млн.теңге


Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Барлық шығындар:

70,0

11,5

11,5

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру

70,0

11,5

11,5

Жосалы кенті әкімінің аппараты теңгеріміне берілген 28 көшеде түнгі жарық бар. Онда орнатылған 802 лампаның 550-і жанып тұр.



2018 жылы аудандық бюджеттен Жосалы кентіндегі Қорқыт-Ата көшесін жарықтандыруға, Жосалы кентіндегі Амангелді көшесін жарықтандыруға, Мөлтек ауданындағы №183 орта мектепке кіре беріс көшелерін жарықтандыруға қаржылар бағытталды.

Сумен жабдықтау
Жосалы кентіндегі соңғы жылдары қалыптасқан, жаз айларындағы ауыз судың су сақтау қоймаларының жеткіліксіздігінен туындаған проблемалық мәселелер 2017 жылы түбегейлі шешімін тапты.

«Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» (4 кезек) нысаны бойынша барлығы 1383 үйге ауыз су құбыры кіргізілді.

«Жосалы кентіндегі су жүйесін және 2-ші көтерме насос станциясын қайта жаңғырту» жобасы бойынша жаңадан насос станциясына 5000 м3 резервуар орнатылып, құрылыс жұмыстары толық аяқталды.
Газдандыру
Тұрғындардың әлеуметтік жағдайына және кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер ететін аудан орталығы Жосалы кентін газдандыру жобасының басталуы. 2017 жылы Республикадан бөлінген 555,6 млн, теңгеге «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырының 14,5 шақырымы мен АГТС (автоматтандырылған газ тарату станциясы) құрылысы басталып, 2018 жылға 892,0 млн.теңге қаралып, мамыр айында құрылыс жұмыстары аяқталатын болады. Жалпы құны 3,7 млрд.теңге болатын Жосалы кентіне жүргізілетін газ құбырының және кварталішілік газ құбырларының құрылысы Республиканың 3 жылдық бюджет жобасында қаралған.
Басқалар
Тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы аясында Жосалы кентінің Мүсірбаев көшесі №5, Амангелді көшесі №55 және Сегізов көшесі №1 тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарына 10,3 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Каталог: article
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> Род Романовых восходит к Андрею Кобыле ум
article -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
article -> Аудит пәнінен курстық ЖҰмыс жазу жөнінде әдістемелік нұСҚаулар, тақырыптар
article -> Капиталдыњ ауыспалы айналымы мен айналысы
article -> Кафедра Правового регулирования экономических отношений
article -> Қазтұтынуодағы
article -> Конспект урока биологии по теме: «Биотические связи в сообществе»
article -> ҚазтұтынуодағЫ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет