Кредит саєат



жүктеу 1.58 Mb.
бет1/10
Дата21.01.2018
өлшемі1.58 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


«Бекітемін» Әлеуметтік - гуманитарлық факультетінің

деканы Е.Е. Хайдаров

«__»__________ 2009 ж.

Әлеуметтік - гуманитарлық факультеті

Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы
050114- Тарих

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

Қазақстан тарихының тарихнамасы



(пәннің атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Курс – 4

Семестр – 7

Кредит саны – 2

Дәріс – 15 сағат

Семинарлық сабақ – 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 30 сағат

СӨЖ – 30 сағат

Емтихан – 7-ші семестрде

Барлығы – 90 сағат



Орал, 2009ж.

Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «Жоғары кәсіптік білімнің әлеуметтік – гуманитарлық және ғылыми – жаратылыстану пәндері құрылымындағы білімдік – кәсіптік бағдарламасына» сәйкес әзірленген ҚР МЖМБС 3. 0011-2002, Қазақстан бұйрығымен бекітілген типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Құрастырушы:оқытушы Мұханғалиева Ж.Қ.
Келісілді: ОҮҰ және ОӘЖБ жетекшісі Какимова А.А.


Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының отырысында қарастырылды.

“ ” 2009ж. № хаттама.

Кафедра меңгерушісінің

орынбасары: Исмурзин Ж.А.

Факультеттің оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы: Сүлейменов А.А.



1. Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «Жоғары кәсіптік білімнің әлеуметтік – гуманитарлық және ғылыми – жаратылыстану пәндері құрылымындағы білімдік – кәсіптік бағдарламасына» сәйкес әзірленген ҚР МЖМБС 3. 0011-2002, Қазақстан бұйрығымен бекітілген типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.
2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).

Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет

Мұханғалиева Жанар Қажмұханбетқызы, оқытушы, Әлеуметтік - гуманитарлық факультеті

Офис: Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы

Жұмыс мекен-жайы: Сарайшық көшесі, 34

Жұмыс телефоны(87112) 51-04-69



2.1 Пән туралы мәлімет

Қазақстан тарихының тарихнамасы

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 2 кредит сағаттан, 2 кредит-сағат екі байланыс сағаттан (дәріс және семинардан) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.



Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(1 дәріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 1

(1 семинар)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.


Кредит саны – 2

Өту орны:№3 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша


Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинар сабақтары

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


4

7

2

15

15

30

30

90

емтихан


2.2 Кіріспе

Қазақстан тарихының тарихнамасы курсы - Қазақстан тарихы ғылымының даму тарихына қатысты еңбектер мен олардағы тұжырымдарды, ойларды зерттейді.



Курс мақсаты: әртүрлі кезеңдердегі Қазақстан тарих ғылымының даму тарихын зерттеу; оның дамуының өлшемдерін анықтау; әртүрлі көзқарастар бойынша түбегейлі шешімдерді айқындау. Қазақстан тарихы ғылымының қазіргі даму кезеңі бүгінгі күн талаптары тұрғысынан патшалы Ресей мен Кеңес кезеңдеріндегі тарихшылардың түбегейлі тұжырымдарын, қайта зерделеп, олардың еңбектеріне принциптік және объективтік баға беруі тиіс. Жоғарғы оқу орындарында Қазақстан тарихнамасының жеке пән ретінде оқытылуы осындай қажеттіліктен туындайды.

Курс міндеттері:

- отандық тарихнамасының даму кезеңдерін анықтау;

- ежелгі және ортағасырлық тарихи білімнің даму деңгейін көрсету;

- Қазақстан тарихын зерттеуде ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы орыстық тарихи ой мектебінің негізгі бағыттарының мазмұнын ашу;

- Кеңестік тоталитарлық жүйе кезеңіндегі тарих ғылымының даму ерекшеліктерін анықтау, жоғарғы мектеп тындаушыларының бойында оқып үйреніп отырған мәселелерге қатысты сыни көзқарас қалыптастыру;

- ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ саяси элитасының шығармашылық мұрасын оқып үйрену: Ш.Құдайбердиев, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Тынышбаев, М.Дулатов және т.б.

- Қазақстан тарихы ғылымының қазіргі кезеңдегі даму деңгейін көрсету;

- зерттеу жұмытарында тарихнамалық талдау әдістерін тиімді пайдалануды, зерттеп отырған мәселе бойынша өзінің жеке бағдарын айқындауға үйрету.



Пререквизиттер: Деректану, Мұрағаттану, Тарихи өлкетану, Мұражайтану және ескерткіштерді қорғау, Археология, Этнология, Этнография, Қазақстан тарихы (ежелгі, ортағасырлар, жаңа және қазіргі заман) т.б.

Постреквизиттер: Қазақстан тарихының тарихнамасы курсы соңында студент Қазақстан тарихының зерттелу кезеңдері, әр кезеңдердің зерттеу әдіснамасымен, ғалым – тарихшылардың ой – қорытындыларымен, тұжырымдарымен жете танысып шығады, тарихи мұраларға сыни қатынасты қалыптастырады.

Оқыту әдістемесі: Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен Семинар сабағытар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
2.3 Пән бойынша оқу бағдарламасы

1 – апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Дәрістің тақырыбы: Қазақстан тарихнамасы курсына кіріспе.

Дәрістің мазмұны:1.Қазақстан тарихы тарихнамасы курсының мақсат – міндеттері, зерттеу объектісі. 2. Қазақстан тарихы тарихнамасын оқып - үйренудің теориялық және әдіснамалық негіздері.

Әдебиеттер:Қазақстан тарихы. (көне заманнан бүгінге дейін) І, 2, 3-том. - А., 1996.; Г.Ф.Дахшлейгер. Историография Советского Казахстана (очерк). - А., 1969.; Д.И.Дулатова.Историография дореволюционного Казахстана. - А., 1984.

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақстанның тарихының тарихнамасы және деректану мәселелері

Әдебиеттер: Қазақстанның тарих ғылымы. - А., 2005. - 126-139 бб.; Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – А., 2004. - 15-28 бб.

СӨЖ мазмұны: Қазақстан тарихы тарихнамасының тарих пәндерінің жүйесінде, тарихи зерттеулер құрылымында алатын орны мен маңызы.

Әдебиеттер:Г.Ф.Дахшлейгер. Историография Советского Казахстана (очерк). - А., 1969.

2 кредит сағат

Семинар сабағы №1

Тақырыбы: Тарихнама: пән, міндеті, зерттеу саласы

Семинар сабағының мазмұны:1. Тарихнама пәні және объект: талқылау және пікірталас. 2. «Тарихнамалық факті» түсінігі. 3. Тарихнамалық дерек - әлеуметтік-мәдени феноменінің көзі. 4. Тарихи зерттеудегі әдістер. Формациялық және өркениеттік тәсілдері.

Әдебиеттер:Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – А., 2004. - 15-21 бб.; Төлебаев Т. Тарихнамалық деректер мен олардың ерекшелектері // Қазақ тарихы. 2001, №6.

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы.

Әдебиет: Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы. Концепция становления исторического сознания в Республике Казахстан. - Алматы: Казахстан, 1995. – 32 стр.

СӨЖ мазмұны: Бүгінгі тарихнама және Қазақстан тарихы.

Әдебиеттер:Қозыбаев М.К. Өркениет және ұлт. - А., 2001.; Козыбаев М.К. История и современность. - А.-А., 1991.
2 – апта

3 кредит сағат

Дәріс №2

Тақырыбы: Тайпалар конфедерациялары және мемлекеттік құрылымдар туралы тарихнамалық танымдар (б.з.д. ҮІІ-ІҮ ғғ.).

Дәрістің мазмұны: 1. Зороастризм дінінің қасиетті текстер жиынтығы – Авеста (Ясна, Яшты және Вендидат) әлеуметтік – саяси құрылыс, әдебиет және дін туралы. 2. Ерте көшпенділер дәуірі туралы Ахеменид жазбалары, Дарий І патшаның Бехистун, Ксеркстің Персеполь жазбалары. 3. Геродот еңбегінің тақырыптары мен мазмұндары. Страбонның географиясындағы сақ (скиф) тайпалары сипаттамасының негізгі мәселелері.

Әдебиеттер: Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІҮ ғасырына дейінгі кезең). - Алматы: «Білім», 2002.; Геродот. Страна скифов: Алматы: ИД «Кочевники», 2003. – 168 с.; Ежелгі дүниедегі және византиялық дереккөздеріндегі Ұлы Дала тарихы: 4 томдық / Құраст. А.Н. Гаркавец. – Астана: Фолиант, 2007. Т.2: Ертедегі грек авторлары Ұлы Дала туралы / Қазақ тіліне ауд. А.Нысаналин. – 2007. – 352 б.; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. – А., 1996.; Тарих – адамзат ақыл – ойының қазынасы: Он томдық – Астана: «Фолиант», 2005. – 416 бет. Т.2: Антикалық Грекия және Рим тарихи ойы. – 2005. – 416 бет.; Көркемсуретті Қазақстан тарихы. Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін. 4 томдық. 1 том. – Алматы, 2006.; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. – А., 1996.

ОЖСӨЖ мазмұны: М.Ш.Өмірбекованың «Сақ(скиф) тарихы мен мәдениеті» атты еңбегіне аннотация жасау.

Әдебиет: М.Ш.Өмірбекова Сақ(скиф) тарихы мен мәдениеті. – А., 2004.

СӨЖ мазмұны: Асан Бахтидың «Шумерлер, скифтер, қазақтар» атты еңбегіне аннотация жасау.

Әдебиет: Асан Бахти Шумерлер, скифтер, қазақтар. - А.:Көшпенділер, 2003.
4 кредит сағат

Семинар сабағы №2

Тақырып: Қытай тарихнамасы Қазақстан халықтары туралы (б.з.д. ІІ ғ. – б.з. ҮІІІ ғ.).

Семинар сабағының мазмұны: 1. Қытай жылнамаларының сипаттамасы. 2. Қытай тарихнамасындағы ғұн мәселесі. 3. Сыма Цянь, Бань гу, Фань хе және т.б. еңбектеріндегі тарих және этнография, саяси бағыт.

Әдебиеттер: Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІҮ ғасырына дейінгі кезең). - Алматы: «Білім», 2002.; Асфендияров Прошлое Казахстана в источниках и материалах. - А.: Казахстан, 1997.; Ежелгі дүниедегі және византиялық дереккөздеріндегі Ұлы Дала тарихы: 4 томдық / Құраст. А.Н. Гаркавец. – Астана: Фолиант, 2007. Т.1: Ертедегі грек авторлары Ұлы Дала туралы / Қазақ тіліне ауд. М.Ілес, Ә.Шашаев. – 2007. – 464 б.; Ежелгі дүниедегі және византиялық дереккөздеріндегі Ұлы Дала тарихы: 4 томдық / Құраст. А.Н. Гаркавец. – Астана: Фолиант, 2007. Т.2: Ертедегі грек авторлары Ұлы Дала туралы / Қазақ тіліне ауд. А.Нысаналин. – 2007. – 352 б.; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. – А., 1996.; Тарих – адамзат ақыл – ойының қазынасы: Он томдық – Астана: «Фолиант», 2005. – 416 бет. Т.2: Антикалық Грекия және Рим тарихи ойы. – 2005. – 416 бет.

ОЖСӨЖ мазмұны: Асфендияровтың «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» атты еңбегіне аннотация жасау.

Әдебиет: Асфендияров Прошлое Казахстана в источниках и материалах. - А.: Казахстан, 1997.

СӨЖ мазмұны: Н.Бичуриннің «Орта Азияны мекендеген халықтардың көне заманғы тарихы» атты еңбегіне аннотация жасау.

Әдебиет: Бичурин Н. Орта Азияны мекендеген халықтардың көне заманғы тарихы / Ауд. А.Тарази. – Астана: Аударма, 2008. – 552б.
3 – апта

5 кредит сағат

Дәріс №3

Тақырып: Қазіргі Қазақстан ғылымы үшін үндіарийлер мәселелері.

Дәрістің мазмұны: 1.Үндіарийлердің шығу тегі туралы теорияларға шолу. 2. Сақ – савроматтардың, ғұндардың, қаңлылардың, үйсіндердің шығу тегі мәселесіне тарихи еңбектерде берілер баға.

Әдебиеттер: Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІҮ ғасырына дейінгі кезең). - Алматы: «Білім», 2002.; Байпаков К.М., Таймаганбетов Ж.К., Жумагамбетов Т.С. Археология Казахстана.- А:1993.; Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в древние времена. Т. 1. - М-Л., 1950.; Геродот. Страна скифов: Алматы: ИД «Кочевники», 2003. – 168 с.; Гумилев Л.Н. Хунну. - М., 1960.; Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002.; Ирмуханов Б.Б. Этническая история древнего Казахстана. – А.,1998.; Ирмуханов Б.Б. Усунь и этногенез казахского народа. – Алматы: «Наш Мир», 2006 – 124 с. (35-47 беттер); Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячилетий. - А-А., 1992.; Көркемсуретті Қазақстан тарихы. Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін. 4 томдық. 1 том. – Алматы, 2006. (42-89 беттер).; Кушаев Г.А. Этюды древней истории степного Приуралья. - У: 1993.; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. – А., 1996.; М.Ш. Өмірбекова. Сақ (скиф) тарихы мен мәдениеті. – Алматы: «Зият Пресс», 2004ж. – 112 б.; Самат Өтениязов. Аттила. – Алматы: Арыс, 2000.; . Салғарин Қ. Алтын тамыр. - А., 1986.; Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы. - А: 1992.; Ұлы Дала мемлекеттері. – Алматы: «Адамдар» баспасы, 2006. – 216 бет (4-14 беттер). Ғылыми кеңесші Зардыхан Қинаятұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор.; Юдин П.В. Центральная Азия в ХІҮ-ХҮІІІ веках глазами востоковеда. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001.

ОЖСӨЖ мазмұны: Б.Б. Ирмухановтың «Усунь и этногенез казахского народа», С.Г. Кляшторный, Т.И. Султановтың «Казахстан летопись трех тысячилетий» атты еңбектеріне аннотация жасау.

Әдебиеттер: Ирмуханов Б.Б. Усунь и этногенез казахского народа. – Алматы: «Наш Мир», 2006 – 124 с.; Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячилетий. - А-А., 1992.

СӨЖ мазмұны: Ю.А. Зуевтің «Ранние тюрки: очерки истории и идеологии», П.В. Юдиннің «Центральная Азия в ХІҮ-ХҮІІІ веках глазами востоковеда» атты еңбектеріне аннотация жасау.

Әдебиеттер: Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002.; Юдин П.В. Центральная Азия в ХІҮ-ХҮІІІ веках глазами востоковеда. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001.

6 кредит сағат

Семинар сабағы №3

Тақырып: Қазақстан тарихының түркі дәуіріндегі тарихнамасы.

Семинар сабағының мазмұны: 1. Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері ҮІ-Х ғасырлардағы Қазақстан территориясы және халқы туралы. 2. Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк және Иолығ тегін: қисыны, сипаты және тарихи түсіндірудің әдістері.

Әдебиеттер: Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІҮ ғасырына дейінгі кезең). - Алматы: «Білім», 2002.-134-139 беттер; Бартольд В.В. Древнетюркские надписи и арабские источники. Шығ.5-том. - М., 1972.; Бүркіт О. Түркітану: лекциялар желісі. Оқу құралы. 2-ші басылым. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2003.; Жолдасбеков М., Сартқожаұлы Қ. Орхон ескерткіштерінің толық Атласы. – Астана: Күлтегін, 2007. – 360 б.; Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические надписи как источник по истории Средней Азии. - М., 1964.; Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячилетий. - А-А., 1992.; Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. – СПб.: Петербургское Востоковедение, 2004: 2-е изд., исправл. И доп. – 368 с.; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. – А., 1996.; Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. 5 том. ХҮ-ХІХ ғасырлар шығармаларынан үзінділер. – А., 2005.; Салғарин Қ. Көмбе. - А., 1989.

ОЖСӨЖ мазмұны: С.Г. Кляшторныйдың «Древнетюркские рунические надписи как источник по истории Средней Азии» атты еңбегіне аннотация жасау.

Әдебиет: Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические надписи как источник по истории Средней Азии. - М., 1964.

СӨЖ мазмұны: С.Г. Кляшторный, Т.И. Султановтың «Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье» атты еңбегіне аннотация жасау.

Әдебиет: Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. – СПб.: Петербургское Востоковедение, 2004: 2-е изд., исправл. И доп. – 368 с.
4 – апта

7 кредит сағат

Дәріс №4

Тақырып: Дала көшпенділерінің рим-византия шығармаларында зерттелу тарихы.

Дәрістің мазмұны: 1. Аммиан Марцелианның ғұндарға берген сипаттамасы. 2. Иорданның зерттеуіндегі Еділдің жеке тұлғасы. 3. Менандр Протектор (ҮІғ.) еңбегіндегі көшпелілер тарихы. 4. Константин Богрянородный (Хғ.) «О управление империи», «О населении Великой степи первой половины Х столетия». 5. Орыс жылнамалары С.М. Соловьев ХІІ ғасырдағы дала көшпелілері туралы.

Әдебиеттер: Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІҮ ғасырына дейінгі кезең). - Алматы: «Білім», 2002.; Асфендияров Прошлое Казахстана в источниках и материалах. - А.: Казахстан, 1997.; Ежелгі дүниедегі және византиялық дереккөздеріндегі Ұлы Дала тарихы: 4 томдық / Құраст. А.Н. Гаркавец. – Астана: Фолиант, 2007. Т.1: Ертедегі грек авторлары Ұлы Дала туралы / Қазақ тіліне ауд. М.Ілес, Ә.Шашаев. – 2007. – 464 б.; Ежелгі дүниедегі және византиялық дереккөздеріндегі Ұлы Дала тарихы: 4 томдық / Құраст. А.Н. Гаркавец. – Астана: Фолиант, 2007. Т.2: Ертедегі грек авторлары Ұлы Дала туралы / Қазақ тіліне ауд. А.Нысаналин. – 2007. – 352 б.; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 1 том. – А., 1996.; Тарих – адамзат ақыл – ойының қазынасы: Он томдық – Астана: «Фолиант», 2005. – 416 бет. Т.2: Антикалық Грекия және Рим тарихи ойы. – 2005. – 416 бет.; Соловьев С.М. Сочинения. В 18 кн. Кн. 1. Т. 1-2 \ Отв. ред. И.Д. Ковальченко, С.С. Дмитриев; Вступ. ст. И.Д. Ковальченко, С.С. Дмитриева. – М: Мысль, 1988. – 797 с.

ОЖСӨЖ мазмұны: Самат Өтениязовтың «Аттила», Тұрсын Жұртбаевтың «Дулыға», Томас Костейннің «Аттила властелин мира» атты еңбектеріне аннотация жасау.

Әдебиеттер: Самат Өтениязов Аттила –А:Арыс, 2000.; Тұрсын Жұртбаев Дулыға А:Жалын, 1994. том-2.;Томас Костейн Аттила властелин мира-А:2004.-269с.

СӨЖ мазмұны: Шаһмұрат Төкішұлы Қуанғановтың «Ғұн немесе арғұн тарихы туралы», Қ.Салғаринның “Алтын тамыр” атты еңбектеріне аннотация жасау.

Әдебиеттер: Шаһмұрат Төкішұлы Қуанғанов Ғұн немесе арғұн тарихы туралы-А: Білім, 1997.-48 бет.; Салғарин Қ. Алтын тамыр - А., 1986.

8 кредит сағат

Семинар сабағы №4

Тақырып: ІХ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша араб және парсы зерттеулері.

Семинар сабағының мазмұны: 1. Мұсылман Ренессансы және оның тарихи-география ғылымдағы ролі. 2. Араб авторларының тарихи көзқарастары.

Әдебиеттер: «История Казахстана в персидских источниках V-XVII веков» в 5-ти томах. - А., 2006.; «История Казахстана в арабских источниках IX-XVI веков» в 3-х томах. - А., 2006.; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 5 томдық. 1. том. – Алматы: Атамұра, 1996.; Қазақстан тарихы көне дәуірден бүгінге дейін. 5 томдық. 2 том. – Алматы: Атамұра, 1998.

ОЖСӨЖ мазмұны: Әбілғазының «Турик шежиреси», М.Х. Абусеитова, Ю.Г. Баранованың «Писменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в 13 – 18 веке» атты еңбектеріне аннотация жасау.

Әдебиеттер: Абилгазы Турик шежиреси / Ауд. Б.Абилкасымулы. – Алматы: Ана тили, 2006.; Абусеитова М.Х., Баранова Ю.Г. Писменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в 13 – 18 веке. – А.: Дайк – Пресс, 2001. – 426с.

СӨЖ мазмұны: Өтеміс қажыны. «Шыңғыс наме» еңбегіне аннотация жасау.

Әдебиет: Өтеміс қажы. Шыңғыс наме / Факсимиле, транскрипциясы, мәтіннамалық ескертулер, зерттеу мақалалар В.П. Юдиндікі. Алғы сөзін жазған, түсіндірмелері мен көрсеткіштерін жасаған М.Қ. Әбусеитова. - Алматы: Дайк - Пресс, 2005. – 400 б.
5 – апта

9 кредит сағат

Дәріс №5

Тақырып: Қазақстан тарихының тарихнамалық дәстүрлері (ХІІІ-ХҮІІ ғғ.).

Дәрістің мазмұны: 1. Ортағасырлық авторлардың тарихи көзқарастарының ерекшеліктері мен сипаты. 2. Ибн әл-Асирдің моңғол шапқыншылығына дейінгі кезең бойынша Орта Азия мен Қазақстан тарихы және ХІІІ ғасырдың алғашқы 20-шы жылдарындағы моңғол әскерлерінің шапқыншылығы туралы мәліметтер. 3. «Бейбарыс жылнамасы», әл-Омари, ибн Батут (ХІғ.) еңбектері. 4. Ибн Халдунның тарихи-философиялық ойлары, Алтын Ордадағы қырқыстар туралы туралы хабарлар. 5. Ибн Арабшахтың (ХҮғ.) қыпшақтарға берген сипаттамасының моңғолдық билеуші топтың ресми тарихнамасына айналуы. 6. Рашид ад-Диннің түркі және моңғол халықтары туралы энциклопедиясы.

Әдебиеттер: «История Казахстана в персидских источниках V-XVII веков» в 5-ти томах. - А., 2006.; «История Казахстана в арабских источниках IX-XVI веков» в 3-х томах. - А., 2006.; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 5 томдық. 1. том. – Алматы: Атамұра, 1996.; Қазақстан тарихы көне дәуірден бүгінге дейін. 5 томдық. 2 том. – Алматы: Атамұра, 1998.

ОЖСӨЖ мазмұны: 1. Лубсан Данзак, Шар Пуджидің «Алтын шежіресі» (ХҮІІғ.), «Құпия шежіре» - ішкі моңғол қатынастарының тарихы, моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алу тарихы. 2. Қазақтар туралы мәліметтер (ХҮ ғ. басы). 3. Раззак Самаркандидің зерттеулері.

Әдебиеттер: «История Казахстана в персидских источниках V-XVII веков» в 5-ти томах. - А., 2006.; «История Казахстана в арабских источниках IX-XVI веков» в 3-х томах. - А., 2006.; Қазақстан тарихы көне заманнан күні бүгінге дейін. 5 томдық. 1. том. – Алматы: Атамұра, 1996.; Қазақстан тарихы көне дәуірден бүгінге дейін. 5 томдық. 2 том. – Алматы: Атамұра, 1998.

СӨЖ мазмұны: Б.Д. Греков, А.Ю. Якубовскийдің «Золотая Орда и ее падение», Б.Я. Владимирцевтің «Общественный строй монголов. Монгольский кочевой феодалізм», Е.Кычановтың «Жизнь Темучжина, думавшего покорить мир», С.С. Уолкердің «Чингис хан» атты еңбектеріне аннотация жасау.

Әдебиеттер: Владимирцев Б.Я. Общественный строй монголов. Монгольский кочевой феодализм. – Л., 1939.; Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. – М. – Л., 1950.; Кычанов Е. Жизнь Темучжина, думавшего покорить мир. – А., 1992.; Уолкер С.С. Чингис хан. - Ростов-на-дону:Феникс, 1998.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет