Күршім аудандық ауруханасының медицина саласы бойынша 2015 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат



жүктеу 32.3 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі32.3 Kb.
түріҚұрамы


Күршім аудандық ауруханасының медицина саласы бойынша

2015 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Күршім ауданының емдеу, алдын алу мекемелерін Күршім ауданының орталық аудандық ауруханасы құрамындағы Теректі ауылдық ауруханасы, 9 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік- акушерлік, 34 медициналық пункттер құрайды. Тентек және Жылтау елді мекені тұрғындарына аптасына екі рет Теректі, Қаратоғай дәрігерлік амбулатория қызметкерлері медициналық қызмет көрсетеді.

Аудан бойынша тұрғындар саны 27819, 2014 жылдың 6 айында 29108 адам.

Оның ішінде: 1 жасқа дейінгі балалар саны 368 , 2014 жылдың 6 айында 248 бала. Ұрпақты болу жасындағы әйелдер саны - 5846.

Ауданның емдеу мекемелері төсек-орын қорының саны -87:

Күршім аймағы бойынша – 67

Теректі аймағы бойынша -20.

Тұрғындарды төсек қорымен қамтамасыз ету көрсеткіші 10 мың тұрғынға санағанда 31,0 -ді құрайды. Стационаралмастырушы технологияларды дамыту негізінде тәулік бойы емделетін стационардан басқа 235 төсек-орындық ауруларды күндізгі емдеу стационары жұмыс істейді.

2015 ж. 6 айында 216 бала туылып, туу көрсеткіші 7,8- ді құрады.

2014 ж. 6 айында 181 бала туылып, туу көрсеткіші 6,2-ні құраған. 2014 жылы 3 бала өлімі тіркелге, 2015 жылдың 6 айында бала өлімі тіркелген жоқ.

Жалпы өлім көрсеткіші – 2015 жылдың 6 айында – 5,3/147 абс/ ,

2014 жылы 6 айында –4,1/120 абс/.

Табиғи өсім 2015жылы-2,5. 2014 жылы-1,2.

2015 жылы туберкулез ауруымен ауырған науқастар саны екі есеге азайды /5 адам/ көрсеткіш 17,6-ді құрады. Облыстық қөрсеткіш 31,9.

2014 жылы туберкулез ауруымен 13 адам тіркеліп,100 мың адамға шаққанда көрсеткіш 43,7-ні құраған, облыстық қөрсеткіш 38,9. Туберкулезбен өлім жағдайы ауданда тіркелген жоқ.

Қатерлі ісікпен аурушаңдық жағдайы 2014 жыл деңгейінде қалып отыр. 2015 жылы жаңадан 26 адам есепке алынды, көрсеткіш 93,5 асқынған түрімен 3 адам алынды, 7 өлім жағдайы тіркелді.

2014 жылы аурушаңдық көрсеткіші 82,4/24 абс/, асқынған түрі 1 адам, өлім жағдайы 15адам.

2015 жылы да ауруларды ерте анықтау тұрғысынан балаларды, ересектерді профилактикалық тексеру, скринингтік зерттеу жүргізілуде.

Аудан бойынша дәрі дәрмектер 10 дәріхана, 34 елді мекендегі медициналық пункт арқылы таратылады. 2015 ж. 6 айында 49 млн 464 мың тенгенің,2014 ж. 6 айда 46 млн 639 мың теңгенің тегін дәрі- дәрмектері берілді.

Ауданның емдеу, алдын- алу мекемелерінде 68 дәрігер, 252 орта медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсетеді. 2014 жылы

1 акушер гинеколог, 2 хирург, 2 жалпы тәжірибелі дәрігер, 4 терапевт,

1 жоғары білімді медбике еңбек жолын бастады;оның 6-ы аудан әкімі гранты бойынша білім алғандар. 2015 жылы 3 дәрігер маманмен келісім шарт жасалды.

2014 жылы бастапқы медициналық көмекті жақсарту мақсатында 21 жалпы тәжірибелі дәрігер білімдерін көтерді:

жүрек қан тамырлары ауруы бойынша – 13дәрігер.

туберкулез ауруы бойынша - 5 дәрігер.

онкология ауруы бойынша - 6 дәрігер.

2015жылдың 1 жартыжылдығында 5 дәрігер онкоауруы бойынша, 2 дәрігер туберкулез бойынша білімдерін көтерді.

2014жылы Бурабай дәрігерлік амбулаториясы ғимараты салынып іске қосылды. Маралды дәрігерлік амбулаториясына, Барақ батыр ауылы, Қыстау күршім, Діңгек ауылы медициналық пункттеріне ағымды жөндеу жүргізілді.

2015жылы Сарыөлең дәрігерлік- амбулаториясы ғимараты салынуда.

Медициналық жабдықтармен емдеу мекемелерін қамтамасыз етілу

87,9 % .2014 ж - 76%.

2014 жылы медицина мекемелері 5 дефибриллятор, ФЛГ аппарат, операциялық стол, 2 ЭКГ аппараты , наркоз аппараты, отоакустикалық эмиссия, ФГДС, колоноскоп аппараттары, барлығы 47 млн 810 мың 714 тенгеге қамтамасыз етілді.

2015 - 2017 жылдарға қосымша 24 медициналық қондырғыларға облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырыс берілді,2015 жылға тапсырыс берілген медициналық қондырғылардың құны 30 млн  145 мың теңгені құрайды, олар:

-рентген аппараты ( Теректі ауруханасына), құны 23 700,00

-монитор КТГ (жүкті әйелдерге қажет), құны 2200,0

-ИВЛ аппараты (жедел-жәрдем бөліміне), құны 1000,0

-қан анализаторы , құны 2100,00

- несеп анализаторы,құны 230,0

- электрокардиограф, 12 каналды, құны 915,0



Сонымен қатар 1- НИВА автомашинасы, 3- УАЗ автокөлігі,1- реаномобиль алынды, барлығы 23 млн 440 мың 200 теңгені құрайды.

Күршім ауданының орталық

аудандық ауруханасының бас дәрігері : М. Б. Блейменов

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет