Күршім ауданының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Күршім ауылы., 2013 ж. Мазмұны



жүктеу 288.39 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі288.39 Kb.


Күршім ауданы

әкімдігінің

2013 жылғы «» ____________

№ _____ қаулысына

қосымша

Күршім ауданының 2014-2018 жылдарға

арналған әлеуметтік-экономикалық даму

болжамы

Күршім ауылы., 2013 ж.


Мазмұны

1. Кіріспе ……………………………………………………………………...........3






2. Күршім ауданының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы……………………..............................................4




3. Күршім ауданының 2012-2013 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму беталыстары................................................................................................................5




4. Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары…………………………....................................................................8

4.1. Индустриялық-инновациялық даму………………………..............................8






4.2. Күршім ауданының бюджет және салық саясатының негізгі басымдықтары.……...................................................................................................9




Күршім ауданының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына 1 қосымша ..................................................................................14

Күршім ауданының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына 2 қосымша ..................................................................................15































Кіріспе
Күршім ауданының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 423 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын орнату мақсатында әзірленеді және әлеуметтік-экономикалық дамудың бес жылға арналған болжамы, беталыстары, көрсеткіштерінен және үш жылға арналған бюджеттік параметрлер болжамының болжамының тұрады.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы 2014-2016 жылдарға арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу үшін негіз болып табылады.
2. Күршім ауданының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы


Көр,сеткіштер


2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл




нақты

бағалау

болжам

Нақты сектор көрсеткіштері




Өнеркәсіп өнімінің көлемі, өткен жылға қарағанда %

101,5


103,5

108,6

114,0

114,5

115,0

115,5

Тау кен өнеркәсібінің өндіріс көлемі және карьерлерді өндеу, өткен жылға қарағанда %

40,7


74,4

100,5

101,0

101,5

102,0

102,5

Өндеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі, өткен жылға қарағанда %

123,8


98

105,5

106

106,5

106,5

107

Ауыл шаруашылығы






















Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, өткен жылға қарағанда %

104,5


105,4

106

106,5

107

107,5

108

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ТКИ, өткен жылға қарағанда %

106


107

108

108,5

109

109,3

109,5

Мал шаруашылығы өнімдерінің ТКИ, өткен жылға қарағанда %

103


103,7

104,7

105,5

106,0

106,4

106,4

Құрылыс






















Құрылыс жұмыстарының ТКИ, өткен жылға қарағанда %

100,5

101

108

108,5

109,0

110,0

111,0

Көлік






















Жүк айналымы, мың. тонна-км

312,5

330

332

335

338

339

340

Әлеуметтік сала көрсеткіштері




Экономикалық белсенді халық саны, мың адам

16,2


16,2

16,3

16,4

16,5

16,6

16,7

Жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам

15,5


15,8

16,2

16,4

16,6

15,9

16,1

Оның ішінде жалдамалы қызметкерлер, мың адам

4,5


4,6

4,7

4,8

4,9

5,0

5,1

Жұмыссыздар саны, мың адам

0,13

0,13

0,12

0,11

0,11

0,10

0,10

Экономикалық белсенді тұрғындар санына қарағанда жұмыссыздық деңгейі, %

4,7


4,7

4,7

4,6

4,6

4,5

4,5

Жалақының ең аз мөлшері, теңге

17 439

18660

19966

23307

24939

26684

28504

Орташа айлық номиналды жалақы, теңге

59848


59918

64037

68519

73315

78447

83938

Айлық есептік көрсеткіш, теңге

1 618

1731

1852

1982

2121

2269

2428

Зейнеткерлер саны, мың адам

3,854

3,941

3,950

3,960

3,970

4,009

4,049

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері, теңге

8 720


9330

9983

10682

11430

12230

13086

Зейнетақының ең аз мөлшері, теңге

17491

19066

20782

22653

24692

26915

29338

Ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге

17 439

18660

19966

21364

22859

24459

26171

Күнкөріс минимунынан табыстары төмен тұрғындар үлесі, %

4,8



4,8

4,6

4,5

4,3

4,2

4



3. Күршім ауданының 2012-2013 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму беталыстары
Жалпы 2012 жылы ауданда қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны сақталды.

Өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемі 1664,6 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың тиісті деңгейінен 1,5% артты.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі аудан бойынша 14099,9 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас көлемінен 3,5 пайыз жоғары. Мал шаруашылығы өнімінің көлемі 11517,9 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 103 пайызды құрады. Өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 2582,0 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 106 пайызға жетті.

Жалпы аудан бойынша 16733,8 тоннада тірі салмақтағы ет (өсім 4%), сүт – 61775,5 тонна (өсім 1,5%), жұмыртқа 5952 мың дана (өсім 0,7%) өндірілді.

Ірі-қара саны 55749 басты (былтырғы жылдың деңгейінде қалды), оның ішінде сиырлар 32129 басты (2,5 %), жылқы саны 15201 басқа дейін (0,6%), қой және ешкі – 179615 басты (былтырғы жылдың көлемінде қалды) құрады.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2599,7 млн.теңге құрады, бұл 2011 жыл деңгейінен 10,3% жоғары.

Нақты секторға тартылған инвестиция көлемі 2012 жылы 1548 млн. теңгені құрап, 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе артты.

Тұрғын үйді пайдалануға енгізу 5880 шаршы метрді құрады және 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 89,4% артық орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1742,2 млн. теңгені құрап, табиғи көлем индексі 100,5% құрады.

Ауданда тіркелген 41 шағын бизнес кәсіпорындарың ішінде жұмыс істеп тұрғандар - 27, белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар – 24 (109,1%).

Бөлшек сауда айналымының көлемі 3431 млн. теңгені құрады. Табиғи көлем индексі 117,2 % құрады.

2012 жылы мемлекеттік бюджетке түсімдер 464,5 млн. теңгені құрады, орындалуы 105,2%, былтырғы жылмен салыстырғанда 23,2% өсті, қосымша 87,2 млн. теңге тартылды.

Орташа айлық номиналды жалақы 2012 жылғы қаңтар-қарашада 12,3% өсті және 59848 теңге құрады.

Әлеуметтік қорғау саласында 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздардың 18 адамға азайғаны байқалады.

2012 жылы 130 жұмыссыз тіркеліп, жұмыссыздық бөлшегі 0,9 пайыздан 0,8 пайызға төмендеді.

2012 жылы 909 жаңа жұмыс орны ашылып, былтырғы жылмен салыстырғанда 253 жұмыс орнына көбейді.

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 145,5% құрады. 2012 жылы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар саны 1623 құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 473 балаға көбейді.

2012 жылы аудан бойынша 6779 адам (2011 жыл 5973 адам) жүйелі түрде спортпен айналысты.

Денсаулық сақтау саласында 2012 жылы әлеуметтік-маңызды көрсеткіштердің тұрақталуы байқалды. 2011 жылмен салыстырғанда туберкулезбен ауыру деңгейі 75,2 пайыз, туу деңгейі 85,1 пайыз, өлім деңгейі 93,9 пайызды құрады.

2012 жылы 181 қылмыс тіркеліп, 2011 жылмен салыстырғанда 1 қылмысқа азайды.

Аудан бойынша қылмыстың ашылу деңгейі 74 пайызды құрады. 2011 жылы – 77,5%.

Қазақстандық қамту мәселелерінде тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алуларда және жүйеқұраушы кәсіпорындарда қазақстандық қамту үлесін арттыру, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту және отандық өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2012 жыл қорытындылары бойынша жүйеқұраушы кәсіпорындардың тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу мониторингі 105,9 млн. теңгеге тауарлар сатып алып, соның ішінде 105,3 млн.теңгесі (немесе 99,4%) қазақстандық мазмұнды.

Тұрғындарының әлеуметтік қорғалмаған табын қорғау мақсатында ауданда 38 әлеуметтік сауда нысандары жұмыс істейді.


Күршім ауданының 2013 жылғы 8 айындағы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары.

Өндірілген өнеркәсіптік өнім көлемі 1 млрд.037 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 5,1% жоғары.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жалпы аудан бойынша 7333,6 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 3,3% жоғары. Табиғи көлем индексі 103,3% құрады.

Ауданда тіркелген 42 шағын бизнес кәсіпкерлерінің ішінде жұмыс істеп тұрғандар - 26, белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар – 23 (109,5%).

2013 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек тауар айналымы көлемі 2178,4 млн. теңгені құрады. Табиғи көлем индексі 105% құрады.

2013 жылғы қаңтар-тамызда орташа айлық номиналды жалақы 63220 теңгені құрады.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2013 жылғы қаңтар-тамызда 1061,0 млн. теңге құрады. Табиғи көлем индексі 9,3%.

Тұрғын үйді пайдалануға енгізудің жалпы ауданы 1275 шаршы метр құрады және 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6% артты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1286,0 млн. теңгені, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе артты.

2013 жылдың 8 айында мемлекеттік бюджетке түсімдер 418,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңіне түсімдердің өсім қарқыны – 109,3 пайызды құрады.

Меншікті түсімнен 336,7 млн.теңге түсті, болжам 109,3% орындалды, жоспардан тыс 28,8 млн. теңге түсті, түсімдер өсімінің қарқыны 109,3% құрады.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әлеуметтік салада мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының 76,5%, тұрғын үй көмегін алушылар саны 33,0%, балаларға берілетін жәрдемақы алушылар санының 35,9% пайызға төмендеуі байқалады.

Жұмыссыздық деңгейі өткен жылғы деңгейге қарағанда 0,1 пайыздық тармаққа төмендеп 4,7% құрады.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту ағымдағы жылдың басына 100% құрады.

2013 жылы Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ана және нәресте өлім-жітімін, сонымен қатар негізгі әлеуметтік маңызды аурулардан өлім-жітімді төмендетуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Саланы жетілдіру мақсатында медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, алғашқы медико-санитарлық көмекті дамытуға бағытталған бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу бойынша жұмыс жалғастырылып отыр.

Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік-маңызды көрсеткіштерді тұрақтандыру байқалуда. 2013 жылдың 8 айында ана өлімі жоқ, сәби өлімі 7,4% (1000 тірі туғандарға 13,2), туберкулезбен ауру 9,1% азаюы байқалады.
4. Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары

4.1. Индустриялық-инновациялық даму
Ауданның экономикалық дамуының перспективадағы негізгі басымдылығы қолда бар шикізат ресурстарын олардың кешенді қайта өнделуін қамтамасыз ете отырып толық пайдалану, өнімдердің жоғары дайындық дәрежелі жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті түрлерін шығаруға бағытталуымен, инновациялық өндіріс пен жаңа технологияларды енгізумен облыстың мамандануының негізгі салаларын жаңарту арқылы өнеркәсіп өндірісін жандандыру, агроөнеркәсіп кешенін және туризмді дамыту болып табылады.

Өнеркәсіп.

Өнеркәсіптің өңдеуші саласын дамыту. Негізгі тірек саланың тоқтап тұрған кәсіпорындарын қалпына келтіруге, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру үшін кәсіпорындарда технологиялық жабдықтарды жаңартуға жасалатын болады.

Туристік саланы дамыту бойынша саясат туристік өңір ретінде тартымдылықты дамыту үшін инфрақұрылымды құру және дамыту, Күршім ауданының беделін қалыптастыру жолымен туризм индустриясын тұрақты дамытуға бағытталатын болады.

Агроөнеркәсіп кешені әлеуетін қалпына келтіру және дамыту. «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларына қарай 2013 жылдан бастап аграрлық секторда шешу қажет басты міндет тұрғындардың ауыл шаруашылығы өнімдеріне қажеттілігін толық қанағаттандыру және жақын және алыс шетел елдеріне экспорттау мақсатында ауыл шаруашылығын ауқымды жаңартуды жүзеге асыру болып табылады.

Өсімдік шаруашылығында:

құрылымын оңтайландыра және ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді әртараптандыра отырып, егіс алқаптарын жыл сайын ұлғайту, күнбағыс егісін 2,5-3 есе бір уақытта азайта отырып, рапс және соя сияқты жоғары түсімді дақылдар құрылымын оңтайландыру және егісін әртараптандырып егіс алқаптарын жыл сайын ұлғайту. 2018 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын 23 мың. гектарға дейін жеткізу; 2013 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 19,8 мың.гектарды құрады.

ауыл шаруашылығы дақылдарын прогрессивті технологиялар бойынша өсіру алаңдарын ұлғайту;

ауыл шаруашылығы техникасы паркін жыл сайын 35-38 млн. теңгеге жаңарту;

суарылатын жерлерді 3 мың га кеңейту және 2018 жылы 11 мың га жеткізу. 2013 жылы суармалы егістік жер көлемі 8,5 мың гектарды құрады.

Мал шаруашылығында:

Тауарлы сүт фермаларын құру және кеңейту бойынша жұмысты жалғастыру.

Көзделген шаралар ауыл шаруашылығы өнім көлемінің жыл сайын өсуіне және осының негізінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

4.2. Күршім ауданының бюджет және салық саясатының негізгі басымдықтары.

Бюджеттік және салық саясатының негізгі міндеттері:

бюджет шығыстарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыру;

бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру.

Экономикалық одан әрі өсу шарттары салық және бюджет саясаты құралдары арқылы қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік шығыстар жиынтық сұраныс пен инвестициялық белсенділікті қолдауды қамтамасыз ету деңгейінде ұсталатын болады.

Бюджетаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру аясында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде әкімдерді экономикалық ынталандыруды күшейту мақсатында бюджетаралық трансферттер жүйесі жаңартылатын болады.

«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» Заң жобасына сәйкес жергілікті бюджет шығыстары базасына республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен қаржыландырылатын тұрақты сипаттағы шығындар берілетін болады.

Өңірлердің даму бюджеті мөлшерін бюджеттік субвенциялар мен шегерулер есебімен ұлғайту көзделген. Бұл әкімдерге өңірлер дамуының ерекшелігі есебімен әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға қаражат шығысының басымдылықтарын дербес анықтауға, шешімдер қабылдауда мәслихаттардың қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.

ЖАО қаржылай дербестігін кеңейту және жергілікті органдар қызметінің тиімділігін жоғарылату мақсатында даму бюджеті шығындары есебіне өңірлердің салық базасын ұлғайту көрсеткіштері және тұрақты жұмыс орындарын құру негізінде өткен үшжылдық кезеңдегі әкімдерді рейтингілік бағалауға қарай, субвенция көлемін ұлғайтатын қосымша коэффициент енгізілген.

Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін жетілдіру негізінде «2014-2016 жылдарға арналған облыс және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» облыстық мәслихаттың шешім жобасы әзірленетін болады.

Экономиканың одан әрі өсуін қамтамасыз ету мақсатында бюджет саясаты орта мерзімді кезеңде мыналарға:

халықтың әл-ауқатын арттыруға;

экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға;

мемлекет тарапынан ішкі сұраныстың қажетті деңгейін қолдауға бағытталатын болады.

Экономикадағы жағдай өзгерген жағдайда бюджет саясатын түзету, соның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау арқылы шұғыл және икемді шаралар қабылданатаны болады.

2014-2016 жылдарға арналған бюджет шығындарының басымдықтары. 2014–2016 жылдарда әлеуметтік-экономикалық дамудың қойылған мақсаттарын ескере отырып, республикалық бюджет шығындарының негізгі басымдықтары мыналар болады:

1) мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;

2) тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

3) тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту және тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын сапалық жаңарту;

4) әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру;

5) өңірлік даму;

6) экономикалық жаңғырту мен әртараптандыру;

7) шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау;

8) құқық тәртібін және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларын күшейтуді іске асыру.

Шығыстар саясаты сондай-ақ бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттігіне сүйене отырып, бюджетті әзірлеу және атқару жолымен мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталатын болады.

Осы мақсатта тиімділік пен нәтижелілік индикаторларына негізделген бюджетті қалыптастыру және атқару жүйесі, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдардың қызметтерінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесі жұмыс істейтін болады, бұл жетекшілік ететін салада/жүйеде/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, тікелей, түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне және тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу (жеткізбеу) дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді.

Халықты жұмыспен қамту.

Тұрақты және өнімді жұмыспен қамтылуға қолдау көрсету арқылы халықтың табысын жоғарылату үшін Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жалғастырылады.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде оқыту, қайта оқыту және жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсету, бизнес-машықтарына оқыту және шағын кредиттер ұсыну арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ еңбек ресурстарының мобильділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қаржыландырылатын болады.

Жұмыспен қамту:

1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту;

2) ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру (жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау, тірек ауылдарды кешенді дамыту);

3) жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және көшіру арқылы жұмысқа орналасуға қолдау көрсету (жұмысқа орналасуға оқыту және қолдау көрсету, жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының мобильділігін жоғарылату) есебінен жүзеге асырылады.

Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту және тіршіліктін қамтамасыз ету инфрақұрылымын сапалы жаңарту.

Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ, тұрғын үй қорын жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, сумен қамту және су бұру жүйесін дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасында 2011–2020 жылдарға арналған Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, 2010–2014 жылдарға арналған «Жасыл даму», 2011–2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламаларын іске асыру жалғастырылады.

Әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру.

Әлеуметтік саланы әрі қарай жетілдіру мақсатында «Саламатты Қазақстан» Денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасын, білім беру, «Балапан» бағдарламаларын қаржыландыру жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ, дене шынықтыру және бұқаралық спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту бойынша іс-шаралар қаржыландырылады.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету оларды одан әрі электронды нысанға ауыстыру жолымен қол жетімділігі мен сапасын арттыру бойынша іс-шаралар қаржыландырылады.

Өңірлік даму.

Ауданның тірек ауылдық елді мекендер және шекаралас өңірлерді мемлекеттік қолдау шараларын шоғырландыруға бағытталатын болады. Өңірлерді дамыту үшін мемлекеттік және салалық бағдарламалардың барлық тетіктері мен құралдары қолданылатын болады, бюджет және бюджеттен тыс көздерден қаражат тартылады.

Республикалық бюджеттен трансферттер бөлу кезінде жоғарыда аталған елді мекендер мен аумақтардағы жобалар басым түрде іске асырылатын болады.

Тірек ауылдарды дамыту бағдарламасын іске асыру жалғастырылады. Жоспарланған «зәкірлік» жобаларды іске асыру және жаңа жобалар іздестіру бойынша жұмыс жандандырылады. Шағын және орта бизнестің дамуына, еңбек ресурстарының ұтқырлығына және халықтың жұмыспен қамтылуына, сондай-ақ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым проблемаларын шешуге қолдау көрсету бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін болады.

Ауданның шекаралас өңірлерді дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға кіріседі, шекаралас ауылдардың экономикасын әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, көлік-логистикалық және туристік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ шекаралас ауылдардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту шаралары іске асырылатын болады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласында өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу және іске асыруда жергілікті халықтың рөлі жоғарылатылатын болады. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу бойынша өкілеттіктерді толық көлемде іске асыру үшін қаржылық-экономикалық шарттар құрылатын болады.

Экономиканы жаңарту және әртараптандыру.

Қазақстан Республикасы үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру экономиканы одан әрі әртараптандыру және жаңғыртудың басты құралы болып қалады.

Бұдан басқа, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекетттік бағдарламасын, сондай-ақ «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020», салалық бағдарламаларды, экономикалық, энергетикалық, көлік және газ инфрақұрылымдарымен қамтамасыз етуді, арнайы экономикалық аймақ құруды қоса алғанда, іске асыруға қабылданған бағдарламалардың іс-шаралары басым қаржыландырылатын болады.

Агроөнеркәсіп кешенін қолдау жөніндегі іс–шараларды қаржыландыруға басты назар аударылатын болады.

Сондай-ақ Күршім ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жалғастырылатын болады.

Шағын және орта бизнестің дамуын қолдау.

Шағын және орта бизнестің дамуын қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету жалғастырылады.

Құқық тәртібін және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларын күшейту.

Аталған бағыт шеңберінде құқық тәртібі профилактикасы және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларын жетілдіруге бағытталған қаржыландыру жүзеге асырылады.

Инвестициялық саясаттың басымдықтары. Алдағы кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясат стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңарту – Қазақстанның дамуының басты бағыты» және 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» халыққа Жолдауларында берілген тапсырмаларда айқындалған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталады.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін интеллектуалдық және инфрақұрылымдық негіз құратын салалар басым болады.

Орта мерзімді перспективада мемлекеттің бюджеттік инвестицияларының негізгі бағыттары мына салаларда болады:

1) Әлеуметтік саланы жаңғырту. Аталған бағдарлама аясында 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасының білімді дамыту, балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз етудің 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламалары іс-шараларын қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.

Денсаулық сақтау жүйесін дамыту бюджетінің негізгі мақсаты салынып жатқан жаңа денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға қосу болып табылады, отбасылық дәрігерлік амбулаториялар салу жалғастырылады.

Білім беру саласында жаңа мектептерді салу есебінен мектепке дейінгі ұйымдар желілерін кеңейту, апатты мектептерді жою, оқушы орындарының жетіспеушілігін қысқарту және бейімделген үйжайларда оқыту проблемаларын шешу жұмысы жалғастырылады.

2) Экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту. Индустрияландыру бағдарламасы экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қалады.

Аталған бағдарлама аясында «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларының, сондай-ақ энергетиканы, көлікті қоса алғанда ҮИИДМБ іске асыруға қабылданған басқа да салалық бағдарламаларының іс-шаралары басымдылықпен қаржыландырылады.

3) Халықтың өмір сүру жағдайын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету,тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, жаңғырту, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету арқылы жақсарту. Осы бағыт шеңберінде бірінші кезекте 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы ҚР 2011-2020 жылдарға арналған Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша жобалар іске асырылатын болады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде қолжетімді арендалық және кредиттік тұрғын үй салу жолымен тұрғын үй қорын ұлғайту жоспарлануда.

Күршім ауданының

әлеуметтік-экономикалық

дамытудың 2014-2018 жылдарға

арналған болжамына



1 қосымша

2014-2016 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің параметрлері


Көрсеткіштер атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

(бағалау)

болжам

Аудан бюджеті

Түсімдер

3033181

3278438

3328254

3377926

ЖӨӨ-ге қарағанда пайызбен













Кірістер (трансфертті есептемегенде)

485000

490209

505489

525600

ЖӨӨ-ге қарағанда пайызбен













Салықтық түсімдер

468600

483856

504095

511883

Салықтық емес түсімдер

10400

4253

4551

4870

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

6000

2100

2120

4000

Трансферттердің (субвенциялардың) түсімдері

2548181

2788229

2822765

2852326

Бюджет кредиттерін өтеу













Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер













Шығыстар

3033181

3278438

3328254

3377926

ЖӨӨ-ге пайызбен
















Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет