Күршім ауданының әкімі Д.Қажановтың ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы есебінен тезистер



жүктеу 243.78 Kb.
Дата18.04.2019
өлшемі243.78 Kb.



Күршім ауданының әкімі Д.Қажановтың ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы есебінен тезистер

Өнеркәсіп

2018 жылдың 11 айында өнеркәсіп өнімінің өндірілген көлемі 3807,7 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24,1 пайызға артты, нақты көлем индексі – 120,5 пайызды құрады. Өнеркәсіп өнімдерін «Маралиха Голд» ЖШС, «ГРК Манка» ЖШС, «ГРК Маралиха» ЖШС, «Торетоғам» ЖШС, Күршім ауданы әкімдігінің «Күршім» және «Теректі»» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары, «Жас» ЖШС, «ОблШығысЖол» КМК, «ГРК Визол» ЖШС, «АБС Сартау» ЖШС өндіреді.

Индустрияландыру картасына енген жобаның жүзеге асырылуы туралы Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлерді қолдау картасына Күршім ауданынан «ГРК МЛД» ЖШС-нің «Қаршыға» мыс-кен орнында кен байыту кешенін ашу жобасы енген. «ГРК МЛД» ЖШС-і «Қаршыға» кен орнында мысты іздеу және игеру жұмыстарын жүзеге асыруда.

2018 жылы кәсіпорын кен орынға апаратын 9,5 км жол және 120 адамға арналған жұмысшылар үйін салды. Кен орнында массасы 1,140 мың м3 құрайтын тау жыныстарын ашу үшін тау-кен жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 34 мың тонна кен өндіріп, өндірілген кенді өңдеу үшін Зырян қаласындағы байыту фабрикасына тасымалдады. Ұзындығы 18 км құрайтын ЭБЖ-10кВт құрылысы басталды. Ақбұлақ-Қалғұты аралығындағы 42 км қиыршық тас жабыны бар жол жөнделді. Қызметкерлердің саны 108 адамды құрайды. 2018 жылы тартылған инвестиция көлемі 3 млрд.403 млн. 957 мың теңгені құрады.



Инвестиция

Аудан экономикасына 2018 жылдың 11 айында негізгі капиталға 4105,4 млн. теңге инвестиция тартылды, соның ішінде бюджет қаражаты есебінен 416,5 млн. теңге, кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 461,1 млн. теңге, қарыз қаражаты есебінен 3227,8 млн. теңге.



Бюджеттің меншікті түсімдері

2018 жылы аудандық бюджеттің меншікті түсімдерінің болжамы 656,3 млн. теңге болғанда, нақты бюджетке 676,7 млн. теңге түсті, болжам 3,1 па-йызға артық орындалды, 2017 жылмен салыстырғанда 8,7 млн. теңгеге немесе 1,3 пайызға өсті.


Ауыл шаруашылығы

Ауданның негізгі саласы ауыл шаруашылығы болғандықтан, «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында ауданда агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жалпы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды.  

Агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің экономикалық қол жетімділігін арттыру бойынша ауданның мал шаруашылығының тау-арөндірушілеріне 246,4 млн. теңге субсидия төленді.

2018 жылдың 11 айында 28 млрд. 952 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,6 пайызға өсті.

Ауданымыздың негізгі ауылшаруашылық саласы мал шаруашылығы.

Аудан бойынша 14558,0 тонна ет алынып, ет өндіру көлемі 2 пайызға, 74570,5 тонна сүт сауылып, сүт өндіру көлемі 5,4 пайызға өсті, аудан бойынша 4935,8 мың дана жұмыртқа алынды.

Ірі қара мал саны 73,6 мың басты, соның ішінде сиыр басының саны 40,4 мың басты, жылқы саны 25,5 мың басты, қой және ешкі саны 165,4 мың басты, құс 49,8 мың басты құрады.

Етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында 2018 жылы келесі индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Шетелдік ірі қара малды сатып алу мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 2 шаруа қожалығы 56,2 млн. теңгенің несиесін алып, Ресей мемлекетінен сүт және ет бағытында 92 бас ірі қара малын ауданға жеткізді. Сонымен қатар «Арын» шаруа қожалығы 35,0 млн.теңгеге өз қаражатына 80 бас «Симментал» тұқымды сүт және ет бағытында ірі қара аналық мал Ресей мемлекетінен сатып алды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамыту» бағдарламасы бойынша 194,6 млн.теңгеге 726 бас ірі қара мал сатып алынды.

2019 жылы шағын сүт өндеу цехын, 50 және 100 басқа арналған 2 сүт тауарлы ферма, Күршім, Сарыөлең, Абай ауылдық округтерінде ауыл шаруашылығы кооперативтер негізінде сүт қабылдау пунктерін ашу жоспарлануда.
Өсімдік шаруашылығы

2018 жылы егістік көлемі 29080,4 гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдар 5110 га, майлы дақылдар 4945 га, картоп 1269 га, 894,5 га бақша, 535,9 га көкөніс өнімдері, сонымен қатар екпе шөптердің көлемі 16326 гектар алқапты құрады, оның ішінде 2103 гектар бір жылдық, 2379 гектарға ағымдағы жылғы көпжылдық шөптер және 11871 гектар өткен жылдары себілген көп жылдық шөптерді құрады.

2018 жылы көктемгі егіс оңтайлы мерзімде өткізіліп, 6465,4 тонна астық, 31725 тонна картоп, 18343,8 тонна көкөніс , 37444 тонна бақша, 5617 тонна майлы дақылдар өнімдері алынды.

2018 жылы ауданның тауар өндіру-шілері 128 млн. 955 мың теңге қаражатқа 53 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды, оның ішінде: лизингке 60 млн. 898 мың теңгеге 19 бірлік техника, өз қаражатына 68 млн. 57 мың теңгеге 34 бірлік техника. Сонымен қатар, сатып алынған 18 техникаға 27 млн. 765 мың теңге. 22 күн тоққа 64 млн. 240 мың теңге және 13 құдыққа 13 млн. 775 мың теңге, барлығы 105 млн. 780 мың теңге инвестсубсидия төленді.


Шағын бизнес

Жалпы аудан бойынша 2018 жылдың 1 желтоқсанына жұмыс істеп тұрған 1744 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға артты.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық көлемі 144 млн. 35 мың теңге, өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда өсім қарқыны 129 пайыз.

Жергілікті бюджет есебінен көрсетілген мемлекеттік қолдау көлемі 328,1 млн. теңге немесе өсім қарқыны 132,2 пайызды құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъекті-лерімен 2987 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,3 пайызды құрады.

Республикалық бюджет есебінен көрсетілген мемлекеттік қолдау көлемі 323,4 млн. теңгені құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108 пайызды құрады.


Бөлшек сауда

2018 жылдың 11 айында бөлшек сауда айналымының көлемі 3797,0 млн. теңгені, нақты көлем индексі 100,7 пайызды құрады.


Туризм

Күршім ауданында ауылдық туризмді дамытудың өзіндік жолдары қалыптастырылуда. Бүгінгі күні ауыл халқының жағдайын жақсарту, табиғи, тарихи, мәдени мұраны сақтау, туристік индустрияны дамыту, осы саламен айналысатын кәсіпкерге жағдай жасау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

2018 жылы ауданда орналасқан туристік нысандар 2891 адам (резиденттер) қабылдап, көрсетілген қызмет көлемі 36 млн. 716 мың теңгені құрады.

2018 жылдың 26 қыркүйегінде өткізілген «Алтай инвест форум -2018» көрмеде «KAZGLEMPING» ЖШС бас директоры Д.В.Мироновпен Марқакөл көлі жағалауында туристік нысандардың құрылыстарын дамыту жөнінде меморандум жасалды, 2019 жылы 1 млрд. теңгенің инвестициясын жұмсау көзделуде.


Ветеринариялық қызмет

2018 жылы сарып ауруына жоспарлы 107 556 бас мүйізді ірі қара малы тексеріліп, оның 323 басы (0,3 пайыз) оң нәтиже көрсетті. 236 608 бас мүйізді ұсақ малы тексеріліп, оның 184 басы (0,07 пайыз) оң нәтиже көрсетті, 200 бас жылқы, 7 түйе, 50 марал тексерілді, оң нәтиже көрсеткендері жоқ, жоспарлы 382 ит тексерілді, оң нәтиже көрсеткені 27 бас (7 пайыз).

Сарыпқа оң нәтиже көрсеткен ірі қара малының 150 басы жасалған меморандумға сәйкес қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілді, 147 бас ірі қара малының иелеріне 8 млн. 391 мың теңге өтемақы төленді.

2018 жылы ауданның барлық мал басы ауруларға толық 100 пайыз тексерілді, атап айтқанда: сібір жарасына қарсы 74000 бас мүйізді ірі қара малы, 220 000 бас ұсақ мал , 17 000 бас жылқы , 200 бас марал, аусылға қарсы 134 000 бас ірі қара, 430 000 бас ұсақ мал, қарасанға қарсы 50 000 бас ірі қара, пастереллезге қарсы 45 000 бас ірі қара, 2 000 бас жылқы, 200 марал, құтырыққа қарсы 10 000 бас ірі қара, 5000 бас мүйізді ұсақ мал, 3000 ит, листериозға қарсы 2000 бас ірі қара, 2000 бас ұсақ мал, шешекке қарсы 70 000 бас ұсақ мал, обаға қарсы 5 000 бас ұсақ мал, құс тұмауына қарсы 5 000 бас құс, жылқы сақауына қарсы 9650 бас жылқы егіліп, туберкулезге 90 000 бас ірі қара, 200 бас марал, маңқаға 4000 бас жылқы тексерілді.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары күнделікті жүргізіледі, 2018 жылы сырғалау әдісімен ірі қара төлінің бірдейленді-рілгені 31614 бас, ұсақ мал төлінің бірдейленгені 71193 бас, құлындардың таңбалау әдісімен бірдейлендірілгені 8077 бас. Бұл мәліметтер дерекқор базасына толықтай енгізілді.

Аудан бойынша жергілікті бюджеттен қаңғыбас ит, мысықтарды жою жұмыстарына 2018 жылға 1 млн. 493 мың тенге қаржы бөлініп, 597 ит ауланып жойылды.

Бүгінгі күнге аудандағы эпизоотиялық жағдай тұрақты.
Жерді пайдалану

Қазақстан Республикасының Президентінің 100 нақты қадам стратегиясының 35, 36 қадамдарын орындау мақсатында ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану жергілікті атқарушы органның үнемі бақылауында болды.

Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы айналымына енгізу үшін мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жалдау құқығын сату арқылы үш конкурс ұйымдастырылып, ауданы 12 044 гектар 44 жер учаскесін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы сатылып, жергілікті бюджетке 18 млн. 592, 1 мың теңге қаражат түсті.

Азаматтардан келіп түскен өтініштерге сәйкес мал жаю мен шөп шабу үшiн уақытша өтеусіз мерзімі 5 жылға дейін жалпы ауданы 5712 гектар 91 жер учаскелері табысталса, жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жалпы ауданы 22,8 гектар 121 жер учаскелері табысталды.

Жеке меншікке кәсіпкерлік нысандарын орналастыру үшін ауданы 1,3 гектар 18 жер учаскелері сатылып, жергілікті бюджетке 1 млн. 456,9 мың теңге түсірілді.

Елбасының 100 нақты қадам стратегиясының 36 - қадамын орындау барысында 2018 жылы Күршім ауданы бо-йынша пайдаланылмай отырған жалпы ауданы 21018,68 гектар 93 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Қазіргі уақытта 221 шаруа қожалығының ауданы 146271 гектар жер учаскесінің шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасы дайындалды. 268 шаруа қожалығының ауданы 121894 гектар жер учаскелеріне шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасы дайындалуда.

Таза ауыз су

Марқакөл ауылының Абай көшесінде су құбырларын кеңейту жұмыстары жүргізіліп, 380 метр су құбыры тартылып, 2 колонка орнатылды. Аманат ауылында су беру жүйесі қоршалды. Күршім ауылындағы су беру станциясының ұңғымасын тазалау жұмыстары, су құбырларына қыс мезгілінде қатпау үшін айналдыра 200 метр су құбыры тартылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен Боран ауылындағы су құбыры желісінің құрылысы 2017 жылы басталып, жүргізілуде. Су құбыры желісінің ұзындығы 33,3 шақырым.

Жалпы, жоспарланған инвестициялық жобаларды іске асыру халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету, халықтың қажеттілігіне қанағаттануына кепіл беру, ауыз суға қажетті мөлшерде және кепілдендірілген сапасын арттыруға мүмкіндік береді.


Жолдарды ұстау

Шекара аймақтарын дамыту іс-шаралар жоспарын іске асыру және Марқа-көл көлінің маңайында рекрациялық аймақты дамытуға жағдай жасау мақсатында Күршім ауданының «Ақжайлау- Ұрынхай» ұзақтығы 3,8 шақырым учаскесінде «Теректі-Ұрынхай-Төсқайың» бағыты автожолын қалпына келтіру жұмыстары есебінен атқарылды.

Облыстық маңызы бар «Үлкен-Нарын-Күршім» бағытындағы автожолдың 96-135 шақырым жолына 699 м2 көлемінде жол ойықтарын жамау жұмыстары, 106-116 шақырымының жол жамылғысының қара-қиыршық тас жамылғысын қара-қиыршық таспен өңдеу жұмыстары атқарылды.

«Күршім-Қалжыр-Бурабай-Маралды» (0-75 шақырым), «Күршім-Қалжыр-Ақбұлақ-Қарой-Ашалы» (0-98 шақырым), «Күршім-Қалжыр-Ақсуат» (0-47 шақырым) жолдарында тегістеу жұмыстары, «Күршім-Қалжыр» автожолының 0-131 шақырым жолындағы жол белгілерін бояу, ойықтарды жамау жұмыстары жүргізілді.

Облыстық маңызы бар «Теректі-Ұрынхай-Төсқайың» автожолының 22-25 шақырым аралығы, 48-75 шақырым аралығына жол тегістеу жұмыстары, 57-ші, 81-ші шақырымында су өткізгіш құбырлары ауыстырылып, 24-ші шақырымға жаңа құбыр орнатылды. Жалпы жол бойындағы барлық жол белгілерін бояу, қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді.

Күршім ауылы көшелерінің шұңқырларын жамау жұмыстары және бағдаршамдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Жолаушы тасымалдау

Ауданның 49 елді мекеннің 34 -і жолаушылар тасымалымен қамтылған, қамтылу үлесі 69,4 пайызды құрады. Жолаушылар тасымалы «Күршім-Қалжыр-Марқакөл» бағыты, «Күршім-Ақсуат» бағыты, «Күршім-Қаратоғай» бағыты, «Ақбұлақ-Күршім», «Ақбұ-лақ-Марқакөл» бағыттары және Күршім ауылы ішінде жүргізіледі.

Ауданішілік жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен 7000,0 мың теңге субсидия бөлінді.
Елді мекендердің интернет және телефон байланыс желілерімен қамтамасыз етілуі

Аудан бойынша барлық елді мекендер телефон байланыс желісімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 8 елді мекенде (Күршім, Діңгек, Марқакөл, Ақбұлақ, Боран, Қаратоғай, Құйған, Ұрынхай) автоматты телефон станциясы (АТС) орналасқан. Сым желісімен 4 елді мекен қамтылған. Олар: талшықты-оптикалық байланыс желісі - Күршім, Діңгек, Құйған ауылдарына тартылған, мыс кабельді байланыс желісімен Қаратоғай ауылы қамтылған. Сымсыз желімен 45 елді мекен, оның ішінде 26 елді мекен (Алғабас, Топтерек, Ақжайлау, Тентек, Бұлғарытабыты, Қайнарлы, Бурабай, Қойтас, Теректібұлақ, Күнгей Бөкенбай, Ақсуат, Жиделі, Жаңаауыл, Қазақстан, Жылытау, Қалжыр, Оң жақ Қалжыр, Қайынды, Қарабұлақ, Қайнар, Маралды, Қыстау-Күршім, Сарыөлең, Барақ батыр, Бірлік, Балықтыбұлақ) CDMA радио қатынасы байланыс желісімен, 17 елді мекен (Қарашілік, Қарой, Ақбұлақ, Алтай, Жолнұсқау, Аманат, Игілік, Ақший, Егіндібұлақ, Тақыр, Шеңгелді, Үшбұлақ, Төсқайың, Шанағаты, Бұғымүйіз, Ұрынхай, Теріскей Бөкенбай) – спутниктік байланыс желісімен, 2 елді мекен (Марқакөл және Боран) радиорелелі байланыс желісімен қамтылған.

Аудан бойынша «iD Net» қызметіне 1678 абонент, «iD TV» қызметіне 423 абонент, «iD Phone» қызметіне 200 астам абонент қосылған.

Сонымен қатар, “Қазақтелеком”АҚ Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы Күршім ауданы, Күршім ауылына жоспарланған талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын аяқтады. Аталған байланыс желісі «Күршім ауданы әкімі аппараты» ММ-нің және «Күршім ауданы сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі» ММ-нің ғимараттарына тартылып, қосылды.


Білім саласы

Ауданда 41 мектеп қызмет атқарады, оның 16-ы орта, 21- і негізгі орта, 4 бастауыш мектептер, соның ішінде 35-сі қазақ, 6- уы аралас мектеп. 41 мектептің 34-і шағын жинақталған мектептер (82,9%). 3 балабақша, 2 өнер мектебі, 1 шығармашылық үйі, «Балдәурен» сауықтыру лагері бар. 2018-2019 оқу жылын 4125 оқушы бастады.

2018-2019 оқу жылында 32 млн. 724 мың теңге бөлініп, оқулықтар сатып алынды.

2018-2019 оқу жылындағы 3-6 жастағы бала саны – 1593. 1-6 жас аралығындағы бала саны -1936, оның 1669-ы мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамтылды. 3 балабақшада 375 бала, 38 шағын орталықта 785 бала бар, 38 шағын орталықтың 14-і қысқа мерзімді, 24-і толық мерзімді. 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту 86,2 % құрайды.

2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу озаты- 1039 (24,73 %), оқу екпіндісі - 1644 (39,13%). Оқу жылын «жақсы» және «үздікке» 2683 оқушы аяқтап, білім сапасы 63,87% құрап отыр, бұл көрсеткіш былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 3,94 % өсті.

2017-2018 оқу жылында 11-сыныпты 279 түлек аяқтады. 7 түлек «Үздік аттестат-қа», 30 түлек «Алтын белгіге» ие болды.

2017-2018 оқу жылында 19 жас маман, 2018-2019 оқу жылында 12 жас маман жұмысқа орналасты.

2018-2019 оқу жылындағы 796 мұғалімнің 683-і жоғары білімді, 113-і - арнаулы орта білімді. Жоғары санатты 87, бірінші санатты 265, екінші санатты 206, санаты жоқ 209 мұғалім қызмет етеді.

Ұлт Жоспары «100 нақты қадамның» 76-қадамында көрсетілген білім бөлімдерінің қызметін рейтингтік бағалауда Күршім ауданы 2018 жылдың қорытындысы бойынша 19 аудан мен қалалардың ішінде екінші орында. 2018 жылғы облыстық қосымша білім беру жүйесінің сапасын қорытындылау нәтижесі бойынша 19 аудан мен қалалардың ішінде Күршім ауданы жүлделі 3-орынмен марапатталды.

Ауданда 205 мүмкіндігі шектеулі балалар бар, соның ішінде 93 бала мектеп қабырғасында, 15 бала үйден оқытылады, 23 бала оқытуға жатпайтындар санатында, 17 бала мектепке дейінгі балалар болғандықтан ата-анасының тәрбиесінде, 24 бала арнайы мектептерде, 9 бала колледждерде болса, «Ақ ниет» мектеп-интернатта 4 бала, балабақшаларда 6, шағын орталықта 3, мектепалды даярлық сыныптарда 9, кешкі мектепте 1 бала тәрбиеленуде.

2017 жылдың 1 қыркүйегінен 6 мектепте инклюзивті сыныптар ашылған. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап аудан мектептерінде инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында 9 мектепке 1, 14 мектепке 0,5, 2 мектепке 0,25 бірлік дефектолог штаты берілді.

Әкім грантында оқитын

студенттер туралы

Қазіргі уақытта жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген студенттер саны 8, олардың барлығы Семей медициналық университетінде оқиды. Олардың оқуына, шәкіртақысына, жатақханада тұру үшін қаражат толық төленеді. Биыл оқу бітіріп, ауданымызға келіп, өз мамандығы бойынша 4 дәрігер жұмыс істеп жүр.



«Дипломмен – ауылға»

бағдарламасы

Бұл бағдарлама аясында 2018 жылы республикалық бюджеттен 11 жас маманға тұрғын үй сатып алуға 36 млн. 057 мың теңге несие берілді, соның ішінде: білім саласы бойынша 9 маман-ға (28 млн. 842,1 мың теңге), денсаулық сақтау саласы бойынша 1 маман-ға (3 млн. 607,5 мың теңге), мәдениет саласы бойынша 1 маманға (3 млн. 607,0 мың теңге) және 30 маманға 5 млн. 050,5 мың теңге көтерме жәрдемақы, соның ішінде: білім саласы бо-йынша 25 маманға (4 млн. 208,7 мың теңге), денсаулық сақтау саласы бо-йынша 4 маманға (673 мың теңге), мәдениет саласы бойынша 1 маманға (168,3 мың теңге) төленді.


Денсаулық сақтау

саласы

Күршім ауданының емдеу, алдын алу мекемелерін Күршім ауданының орталық аудандық ауруханасы, құрамындағы Марқакөл ауылдық ауруханасы, 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 31 медициналық пункттер құрайды. Тентек және Жылтау елді мекені тұрғындарына аптасына екі рет Марқакөл, Қаратоғай дәрігерлік амбулатория қызметкерлері медициналық қызмет көрсетеді. Ауданның емдеу мекемелерінде 69 дәрігер, 253 орта медицина қызметкерлері тұрғындарға қызмет атқаруда.

Төсек қоры тәулік бойы стационарда орталық ауруханада 55 орын, Марқакөл ауылдық ауруханасында 16 орын, барлығы -71 орын. Күндізгі стационар орталық ауруханада-30, ауылдық ауруханада-18, дәрігерлік амбулаторияларда-12, барлығы 60 төсек орны бар.

Қатерлі ісік ауруымен 2018 жылы 38 адам есепке алынды, 2017 жылмен салыстырғанда 5 адамға азайды.

2018 жылы диспансерлік есепте тұрған науқастарға 133 млн. 475 мың тенгенің тегін дәрі-дәрмегі таратылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында денсаулық сақтау саласында ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет деп көрсетілген. Денсаулықтың электрондық төлқұжаты пациент туралы толық ақпаратпен ауданда 99,8 пайызына толтырылды.

«ДаmuMed» мобильдік цифрлық қосымшаларын жүктеп, дәрігердің жұмыс кестесі арқылы телефонмен тіркелуге, дәрігер қабылдауына жазылуға, дәрігерді үйге шақыруға болады. Екі ауруханада цифрландыру сауаттылығы посттары ашылып, емдеу мекемесіне келген пациенттерге «ДаmuMed» мобильдік цифрлық қосымшаларын қолдану түсіндірілуде. Аудан бойынша бүгінгі күні «ДаmuMed» мобильдік- цифрлық қосымшасына 5087 адам немесе тұрғындардың 20,2 пайызы тіркелді.
Әлеуметтік сала

Жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 2991 адам тіркелді, оның 2435-і тұрақты және уақытша жұмыстарға орналастырылды. Жұмысқа орналасу деңгейі 81,4% құрады. 2018 жылы 673 жаңа жұмыс орны ашылды, орындалуы – 103% .

Аудан бойынша жыл көлемінде 695 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, жастар іс тәжірибесіне 36 жас маман, әлеуметтік жұмыс орындарына 43 адам жұмысқа жіберілді.

Ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен жыл басынан бері 4 рет жұмыссыздар арасында жәрмеңке ұйымдастырылып өткізілді, нәтижесінде әлеуметтік жұмыс орындарына 10 адам жұмыспен қамтылып, 9 адам жастар практикасына, 126 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, 39 адамға кеңес берілді.

Күршім ауданы бойынша 2018 жылы халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспарында 1591 адамды жұмыспен қамту жоспарланған, оның ішінде: 461 жұмыссыздар, 797 өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, 308 жұмыс іздеушілер, 25 қоныс аударғандар. 2018 жылы 2833 адам жұмыспен қамту белсенді шараларына қатыстырылып, жоспар 178 пайызға орындалды.

Аз қамтылған 246 отбасына (1148 мүшелеріне) оның ішінде 45 отбасына шартсыз, 201 отбасына шартты 48 млн. 743 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалды.

Аз қамтылған 131 адамға 8 млн. 455 мың теңгенің, оның ішінде туберкулез аурумен ауыратын 13 науқасқа 611,3 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының 1869 мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 31 млн. 914,0 мың теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді.

Ауданда бүгінгі күні 970 мүгедек бар, оның ішінде: 1 және 2-топтағы – 759, 3-топтағы–103 және 108 бала жастан мүгедектер.

2018 жылы 36 интернационалист-жауынгерге Ауған аумағынан әскерлерді шығару күніне 2 млн. 100,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек, 543 Батыр ана мен 353 көп балалы аналарға 8 млн. 960,0 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді.

Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір. 1986-87 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апатының радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан 18 азаматқа әрқайсысына 84 мың 175 теңгеден, барлығы 1 млн. 515,2 мың теңге, ядролық сынақтан зардап шеккен 3 адамға 60 мың 125 теңгеден, барлығы 180 мың 375 теңге, Чернобль АЭС-індегі апаттың радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың зардаптарынан сәуле ауруына шалдығып, қайтыс болғандардың 2 отбасына әрқайсысына 84 мың 175 теңгеден (35 АЕК) барлығы 168 мың 350 теңге төленіп берілді.

Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына орай «Ерен еңбегі» үшін бұрынғы КСРО медалімен марапатталған 15 адамның әрқайсысына 60,1 мың теңге мөлшерінде, барлығы 901,8 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді.

Отбасын әлеуметтік және демография-лық дамытудың 2014-2017 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, 2018 жылы төртінші баласын дүниеге әкелген 9 ананың әрқайсысына 50,0 мың теңге мөлшерінде, барлығы 450,0 мың теңгенің біржолғы жәрдемақысы төленді.

Мүгедектер мен зейнеткерлердің денсаулықтарын түзеу үшін және демалуларына жолдама беріледі. 2018 жылы «Уба» шипажайына 41 зейнеткер, «Уба» шипажайының Усть-Таловка корпусына 43 зейнеткер барды.

Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес: 2018 жылы «Спутник» шипажайына тыныс алу мүшелері мен неврологиялық аурулары бар 3 мүгедекке, «Мойылды» шипажайына 5 мүгедекке, «Қарағайлы» шипажайына 3 мүгедекке, «Греховка» оңалту орталығына 6 мүгедекке жолдама берілді.

Медициналық әлеуметтік сараптаманың шешімі бойынша әр мүгедекке жеке оңалту бағдарламасы жасалады, осы бағдарлама бойынша мүгедектер қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп отырады.

Жүріп тұруы қиын 1-топтағы 14 мүгедекке 6 көмекші жекелей қызмет көрсетеді.

2018 жылы көздері нашар көретіндерге арналған 4 ноутбук, 1 дыбысты құ-рылғы, 5 сағат, 2 плеер, 5 дауыс шығаратын ұялы телефон, 3 веб камералы ноутбук, 2 ДЦП балаларға арналған жетек арба, 13 ортопедиялық таяқ, 9 бөлмелік арба, 10 серуен арба, 4 көп функционалдық жетек арба, 1 балалар арбасы, 14 балдақ, құлағы нашар еститіндерге 3 сағат, 13 сөз шығаратын термометр, 1 глюкометр берілді.


Мәдениет саласы

Күршім ауданы бойынша 28 клуб, 22 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, аудандағы мәде-ниет мекемелерінде барлығы 107 көркем-өнерпаздар үйірмесіне 1538 қатысушы жұмылдырылса, соның ішінде 48 үйірмеге 565 балалар мен жасөспірімдер қатысады.

Аудан бойынша 10 «халықтық», 2 «үлгілі» атағы бар ұжымдар жұмыс істейді. Жыл көлемінде аудан бойынша 1776 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, 298 мың көрерменді қамтыды. Барлық өткізілген шаралардың 612-і тақырыптық кештер, 100 театрландырыл-ған көріністер, 755 концерттік бағдарламалар, 309 мәдени-спорттық шаралар.

Аудан кітапханалардағы кітап қоры 185376 дана, оның ішінде қазақшасы 103030 дана, 4023 дана жаңа кітаптармен толықтырылды. Кітапхана саласы бойынша жыл көлемінде 820 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, 13200 қатысушыны қамтып, 11860 оқырманға қызмет көрсетті.


Спорт саласы

Аудандағы барлық спорт объектілері жастардың, аудан тұрғындарының спортпен жүйелі түрде шұғылдануы үшін кешкі мезгілдерде және демалыс күндері тегін беріледі. Атап айтар болсақ, аудан мектептерінің 30, балалар спорт мектебінің 3 спортзалы сабақтан тыс, кешкі мезгілдерде және демалыс күндері ауыл жастарының спортпен айналысуы үшін тегін берілген. Барлық спортзалдарда қазан-сәуір айлары аралығына кесте жасалып, жауаптылар бекітіледі.



(Жалғасы 4-бетте)

(Соңы. Басы 2, 3-беттерде)

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде күнделікті кешкі сағат 19.00-21.00 аралығында кесте бойынша бекітілген жаттықтырушылар жастармен, тұрғындармен жаттығу жұмыстарын жүргізіп отырады.

Ауданда 2018 жылы 456 спорттық іс-шара өткізілді. Оған 25392 адам қа- тысты. Негізінен спорттың волейбол, футбол, кіші футбол, баскетбол, қол күресі, гір спорты, шайбалы хоккей, үстел теннисі, бильярд, шахмат, дойбы, көкпар, аударыспақ, жеңіл атлетика, еркін күрес, қазақ күресі, шаңғыдан жастар мен жасөспірімдер арасындағы жарыстар өткізу жолға қойылған. Елбасымыз алға қойған салауатты өмір салтын насихаттау, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары және жастардың, жасөс-пірімдердің бойында патриоттық, отан- сүйгіштік тәрбиені қалыптастыру бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық жарыстар өткізуді жолға қою және спортпен жүйелі түрде айналысуға жағдай жасау нәтижесінде бүгінгі күні спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 7765 адамды құрап, 31,1% көрсетіп отыр.

Аудан жастарының облыстық, республикалық жарыстарда жеткен жетістіктері де біршама. Атап айтар болсақ, Республикалық 1, облыстық жарыстарда 58 оқушы І орынды, 26 оқушы ІІ орынды, 30 оқушы ІІІ орынды иеленді. Облыс құрама командасына 118 оқушы мүше болды.

Өскемен қаласында өткен облыс біріншілінде жеңіл атлетикадан 2 оқушы 3-орын (Кусаинов Әділ-2000ж, Рахметов Давид 2000 ж), шаңғыдан 1 оқушы (Базарова Тамира 2005ж) 1- орын, 2 оқушы (Раисова Тахмина 2006 ж, Блохин Тимур 2004 ж) 3-орын, волейболдан ұлдар арасынан 2000-2001 жылы туғандар 2-орын, ерлер командалары арасында волейболдан өткен жарыста күршімдік спортшылар командалық 2-орынға ие болды.

Базарова Тамира шаңғыдан облыс құрама командасының құрамына кіріп, республикалық сайысқа жолдама алды.

Алматы қаласында бокстан өткен Республикалық турнирде 1 оқушы (Тымбаев Жарас 2009 ж – 24кг салмақ дәрежесінде) 2-орын, 1 оқушы (Құмаш Арман 2007ж – 26 кг салмақ дәрежесінде) 3-орын алды.

Талдықорған қаласында өткен қол күресінен Қазақстан Республикасының біріншілігінде біздің 3 оқушы қатысып, өз салмақ дәрежелерінде (Мөлдір Қалиқанова, Бақытжан Мырзахмет, Нұрлан Байғазин) 3-орынды еншіледі.

Өскемен қаласында әуесқой командалар арасында футзалдан өткен облыс біріншілігінде біздің спортшылар 2 лигада 1-орынды жеңіп алды.

Щучинск қаласында қол күресінен өткен Азия біріншілігінде Күршім ауданынан Мөлдір Қалиқанова ІІ орынды, Бақытжан Мырзахмет, Нұрлан Байғазин ІІІ орынды иеленіп қайтты.

Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Астана қаласының 20-жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін өткен ХХІ халықтық спорт ойындарында Күршім ауданының командасы ІV орынды иеленді.

Облыстық мемлекеттік қызметшілер спартакиадасында Күршім ауданының командасы спорттың: волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, суға жүзу және бильярдтан қатысып, нәтижесінде аудандар арасында жүлделі І орынды иеленді.
Ауданның саяси-діни ахуалы

Күршім ауданында 2 саяси партия өкілдігі бар. Аудандық әйелдер, ардагерлер кеңестері,  ақсақалдар алқасы, «АРС» жастар ұйымы, «Шапағат» іскер әйелдер клубы, қоғамдық кеңес ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, келелі мәселелерді шешуге атсалысуда. Ауданда межеленген тәрбиелік іс-шаралар, қайырымдылық ак- циялары, аз қамтылған отбасыларына көмек, яғни 69 мәдени-көпшілік, 11 спорттық, 17 қайырымдылық шара-ларға белсене қатысты.

Аудан көлемінде өткізілетін барлық іс-шаралар аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты, халықтар достығын сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтық қоғам институтаттарын қолдауға, үкіметтік емес ұйымдар қызметін үйлестіруге, мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасын және ынтымақтастығын нығайтуға бағыттал-ған. Жалпы аудандағы саяси ахуал тұрақты.

Ақпараттық-түсіндіру топтарының радикалды діни идеологияның және басқа теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына ұшырамаған тұрғындар, әсіресе жастар арасында тағатты сана мен патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспары бойынша ауылдық округтердің елді-мекендерінде болып, жергілікті тұрғындар, жастар, ардагерлер, оралмандар, жеке кәсіпкерлер, жоғары сынып оқушылары, мақсатты аудиториялармен 58 кездесу ұйымдастырылып, оларға 1943 адам қамтылды.

Сондай-ақ, жастар арасында түрлі шараларға (акциялар, флеш-моб, конференция) 370 адам қамтылып, жас-тарға рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиенің мәнін түсіндіру жайында жұмыстар жүргізілді.

Елді мекендерде діни экстремизмге және терроризмге қарсы сипаттағы 12 баннер барлық ауылдық округтерінде орналастырылған. Әр аптаның жұма күндері мешіттерде айтылатын уағыздарға мониторинг жүргізіліп тұрады.

Ауданда барлығы 14 мешіт тіркелген, барлығының бағыты – дәстүрлі ислам діні. 11 мешітте 15 имам дін саласы бойынша қызмет атқаруда. Олардың 3-уі жоғары білімді, 5-уі ҚМДБ жанындағы имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында, 8-і сауат ашу курс-тарынан білім алған. Имамы жоқ ме-шіттер: Аманат, Қарой. Аталған мешіттерге имам табу жұмыстары бойынша Өскемен қаласындағы Халифа Алтай мешітінің жанындағы арнайы курстарда оқыған азаматтардың арасында жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде Теректыбұлақ, Боран ауылдық мешіттеріне имамдар жұмысқа алынды.

2018 жылы «Дін және отбасы құндылықтары» атты облыстық имамдар форумы ұйымдастырылып өткізілді. Сондай-ақ, «Рухани келісім – татулық тірегі» тақырыпта кездесу өткізіліп, «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Д.Кабидолдин мен аудан әкімінің қатысуымен өзекті мәселелер талқыланып, өз шешімін тапты.

Аудан көлемінде діни тақырыптағы кітаптар сататын орындар жоқ.

Ауданда деструктивті діни ұйымдар, олардың жұмысы жайлы деректер тіркелген жоқ, діни ахуал тұрақты.


Жастар саясаты

Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында іс-шаралар жоспары жасалып, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, білім бөлімдері, халықты жұмыспен қамту орталығы, «Нұр Отан» партиясы, ардагерлер ұйымы, ҮЕҰ өкілдерімен бірлесе жұмыстар атқарылуда.

Күршім ауданында 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 4435, яғни аудан халқының 18 пайызын жастар құрап отыр.

14-18 жас аралығындағы жастар саны 1831, студенттер 876, өзін-өзі жұмыспен қамтитын жастар 636, жұмыссыз жастар саны 46, 1042-сі жұмыс істейтін жастар қатарында.

Бүгінгі күнге «Жас Отан» жастар қанатына 400, «Жас Ұлан» ұйымына 2397, «Жас Қыран» ұйымына 1728 мүше қабылданды. 12 ауылдық округте спорттық шаралар және жастар ісімен айналысатын әдіскерлер қызмет атқарады.

Жастармен бірге бүгінгі күні 7 қайырымдылық көмек, 9 патриоттық шара, 8 дөңгелек үстел отырысы, 6 мерекелік концерт, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 7 кездесу, суйцид бойынша 2 кездесу, 3 танымдық кеш, 4 флешмоб, 6 караоке би кеші ұйымдастырылып, 7 бейнефильм көрсетілді. Барлығы 59 шара өткізіліп, 2359 жас қамтылды.

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 17 спорттық шара өткізіліп, оған 511 жас қатысты.

443 жас жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына қатысып, 342-сі жұмысқа орналасты.

Аудан бойынша 45 жас кәсіпкерлікпен айналысады. Еңбекқор, кәсіпкой жастар ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда.

«Жастар корпусын дамыту» жобасы бойынша ауданнан 4 жоба 1 млн. теңгеден грант ұтып алды.


«Рухани жаңғыру»

бағдарламасы аясында

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Күршім ауданында рухани және мәдени құндылықтарды сақтап, насихаттайтын, патриотизмді, кіші отанға сүйіспеншілігін, жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар өткізілуде.

Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында штаб құрылып, «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары бойынша жұмыс жасауда. Кіші бағдарламалар бойынша жыл көлемінде 165 іс-шаралар өткізіліп, оған 34 мыңнан астам адам қатысты. Атап айтсақ, «Тәрбие және білім» кіші бағдарла-масы бойынша 79 шара іске асырылды.

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша 2018 жылы ауданда 56 шара өткізілді.

«Атамекен» кіші бағдарламасы бо-йынша 10 жоба іске асырылды.

«Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша «Тәрбие және білім» бағытында 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында облыстық «Дидар», «Семей таңы» газеттерінде – 31, аудандық «Рауан-Заря» газетінде 102 мақала жарияланып, аудан әкімінің сайтында – 90, әлеуметтік желіде 33 материал орналастырылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 14-15 қыркү-йек күндері Күршім ауданының 90 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтті.

Күршім ауданының 90 жылдығына арналған стелла ашылды. Аудан дамуына елеулі үлес қосып, 8 жыл ауданды басқарған А.Сеитовке арналып “Даңқ аллеясында” ескерткіш тақтасы ашылып, гүл шоқтары қойылды. «Күршім ауданы: өткенге - тағзым, болашаққа - бағдар» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. 90 жыл тарихи бар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар арнайы төсбелгілермен, аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Аудандық орталық мешітте Күршім, Марқа өңірінде марқұм болған азаматтарға арналған ас берілді.

“Сарытау” стадионында 90 жылдыққа арналған республика, облыс көлеміне танымал әншілердің қатысуымен мерекелік концерт өткізілді.

Мереке барысында қазақтың ұлттық ойындары насихатталып, аударыспақ, теңге алу, көкпар, қыз қуу, қазақ күресі, бәйге ұйымдастырылып, киіз үйлер тігіліп, мерейтой Күршім ауданы өнерпаздарының мерекелік концертіне жалғасты.

Сондай-ақ, Күршім ауданының мерейтойына «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының арнайы тобы өткізілген іс-шараларды бейнетаспаға түсіріп алды. Олар туризмді дамыту, ауданның сакралды орындары Ашыбасы, Қиын-Керіш табиғи ескерткіштері, Сарыөлең ауылы маңайындағы таулардағы петроглифтармен танысты.

2018 жылдың 7-8 желтоқсан күндері Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үміт» балалар үйінің көркемөнерпаздары Күршім ауданына қонаққа келді. Бекітілген арнайы бағдарламаға сәйкес балалар үйінің тәрбиеленушілері №3 Күршім гимназиясында, аудандық тарихи-өлкетану мұражайында болып, №1 Күршім орта мектебінің кадет сыныптары оқушыларымен кездесті, орталық мешітте болды. Аудандық Мәдениет үйінде балалар үйінің тәрбиеленушілері аудан әкімімен кездесіп, сауалдарын қойып, естелік сыйлықтар алды. 


Қоғамдық тәртіп

2018 жылда ауданда барлығы 200 қылмыс тіркеліп, тіркелген қылмыстың саны 13,4 пайызға азайды. Жалпы қылмыстардың ашылу деңгейі 78,4 па-йызды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4 пайызға азайған.

Сонымен қатар, ауыр қылмыстардың саны 33,3 пайызға немесе 5қылмысқа өсті, қылмыстың ашылу деңгейі 70,6 пайыз. Қоғамдық жерлерде жасалған қылмыс саны 2017 жылмен салыстырғанда 22-ден 27-ге көбейіп, бұрын сотталғандардың жасаған қылмысы 101-ден 86 қылмысқа төмендеген.

2018 жылы есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бағытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 бабы 3 бөлігімен 4 қылмыстық іс анықталды.

Ауданда «Мак», «Көкнәр-2018», «Паутина», «Допинг» атты әртүрлі жедел алдын алу іс-шаралары өткізілді. Қылмыстың алдын алу және криминогендік жағдайды сауықтыру мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізіліп, «Қызыл Ту» паром өткелінде, Қара Ертіс көпірінде тәулік бойы бекеттер жұмысы ұйымдастырылды. Осындай жедел алдын алу іс-шаралар өткізу қоғамдық тәртіптің сақта-луына, азаматтардың қауіпсіздігіне оң нәтижесін береді.

2018 жылы 4 жол-көлік оқиғасы орын алып, 3 адам қайтыс болды.

Табиғатты қорғау полициясы 2018 жылы 208 әкімшілік хаттама толтырылып, 1 млн. 112,3 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, 1 млн. 064,2 мың теңге өндіріліп алынды.

2018 жылғы аудан әкімінің халықпен қорытынды есепті кездесуінде айтылған сын-ескертпелер бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, 2 сұрақ бақылауға алынып, екеуі де орындалды:

1) Ұрынхай ауылы көше жолдарын грейдерлеу жұмыстары «ОблШығысЖол» коммуналдық мекемесі тарапынан мерзімінде атқарылды;



2) Қыстау-Күршім ауылында көше жарықтандырылды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет