Алматылық 25 жастағы Гүлбахар Балтабаева азаматтық некеде болған бұрынғы жарының баласының өзінен екеніне сенбейтінін айтып шағымданды. Айтуынша экс жары Асылбек Оразбаевтың ата-анасы мен туыстары Гүлбахардың бұрын тұрмыста болғанын айтып, оған күн бермеген. Екі некесі де сәтсіз болған келіншек Асылбектен туған ұлының тек алуына және алимент өндіруге көмек сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото бағдарламадан скринделген

Гүлбахар алғаш 16 жасында тұрмысқа шығып, ол некеден екі қыз дүниеге әкелген. Алайда ажырасу кезінде үлкен қызын әкесімен, ал кіші қызын өз тәрбиесіне алған. 2022 жылы келіншек интернет арқылы Асылбекпен танысқан. 

“Екі айдай көңіл жарастырып жүрдік. Кейін екі жақты келісіммен ата-аналарымызбен кафеге барып таныстырып, той күнін нақты белгіледік. Осылай тұрмысқа шықтым. Алайда бізде заңды неке болған жоқ, Бес ай бірге тұрдық. Ата-енем заңды некеге тұруымызға қарсы болды. Олар қалай бала дүниеге келеді сол кезде тегін беретінін айтты”, – деді Гүлбахар.

Гүлбахардың ата-енесі Ташкентте тұрады. Ал жұбайы екеуі Қасымбек ауылында жалдамалы пәтерде бөлек тұрған. Одан кейін Ташкентке барып екі ай келіндік қызмет жасаған екен. 

“Ташкентке барғаннан кейін арамызға қайын атам түсті. Әкесі әдейі менімен ұлын ажырату үшін әрекет ете бастағанын білдім. Құрбымның үйіне барып едім, содан кейін олардң маған ойлары өзгеріп, “жүргіш” деп санай бастады. Менің жүкті екенімді айтқанымда күйеуім күдікпен қарады. Осылай айырылысып кеттік балам ол кезде ішімде екі айдан асқан еді. Барлығы қарсы болып алдыр не қыласың, әкесі жоқ деді. Бірақ мен қиналсам да шыдап, өмірге алып келдім. Сегіз ай бойы күйеуімді көрмедім. Бірде-бір рет баласын іздеп хабарласпады”, – деп ренжіді Гүлбахар.

Ал Асылбектің ағасы болса, келіндерінің босағаны жүкті болып аттағанын айтады. 

“Көп ішеді екен, көп жүрген ғой. Ішетінін мен өзім көрген жоқпын. Сол жақтағы Өзбекстандағы туыстар айтты. Біз “жастар үйленбес бұрын екі жақтың үлкендері танысып-сөйлессін, барайық” дегенімізде Гүлбахар мекен-жайын айтпай қойды. Келін келгенде жүкті болып келді. Біз оның қызы барын білмедік. Кейін естігенде болмайды деп келіспеп едік, Асылбек қоймағасын, бір-бірін жақсы көрсе қосылсын дедік. Бұл жерде Асылбектің әкесінің қатысы жоқ. Оның өзі ажырасамын деп айтты. Ол жұмыстан келгенде тамақ әзірленіп, үй шаруасы жасалып тұрмайды екен”, – деді Асылбектің ағасы. 

Асылбек ағасымен бірге құрылыста жұмыс істейді. Ол Гүлбахармен некесінің сәтсіз болуына келіншегінің мінезі шатақ, жүрісі көп болғанын себеп қылды.

  • "Әкеме несие алғыздым": 19 жастағы алматылық қыз бұрынғы жігіті зорлағанын, артынша миллиондап қарызға батырғанын айтты

  • "Адамдар итпен қуып келе жатқандай": Мыстанның қарғысына қалғанын айтқан талғарлық келіншек 13 жыл бойы белгісіз дертпен күресіп келеді

“Сәл түртіп қалсаң, қиратады, өзімді өлтіремін дейді. Тұрып жатқан жалдамалы пәтерімізде газ бар, соны жағып өртеймін дейді. Өзбекстанға да апардым, ағайындарыммен де таныстырдым. Мен ел-жұрттың алдында той жасап, бетін ашып алдым. Бір айдан кейін сондай өнер шығарды. Жұмыс істейтін еді. Түсте кетіп түнгі 2-1 лерде келетін. Оған да көндім. Еретерек келетін жұмыс тапсаңшы дедім, ондай жұмыс жоқ деп көнбеді. Онымен 5 айдай тұрдым. Қалаға кетті Несібелі деген құрбысы бар. Соның үйінде болды. Сол жерде екі қабат кезінде Талғат па бір жігітпен танысып жүрген. Бұл негізі өзі Тараздан көтеріп келді. Өзіне де айтқанмын, ДНҚ жасатсаң барамын дедім. Мен қашпаймын. Менен болса алимент төлеймін. Мен тойдан кейін бір ай уақыт өткесін екінші қызының бар екенін білдім. Оны ұрып-соққан емеспін. Мені менсінбестен тастап, Өзбекстаннан қашып кеткен адам ол”, – деді Асылбек. 

Асылбек Гүлбахар кеткен соң оған мүлде хабарласпаған. Тіпті баласының өзінен емес екенін алға тартып, ол туғанда да бармаған. Тіпті әйелі кеткеннен соң екінші Салтанат есімді бұрын тұрмыста болған келіншекке үйленген. 

“Екінші күйеуімнен алты құрсақ көтергенмін. Бірақ бәрі шетінеп кетті. Бәріне көндім. Асылбек қара жұмыс істеймін, мамандығым жоқ. үйім жоқ, пәтер жалдап тұрамын, табатын табысым осындай деп ашығын айтты. Мен бәріне көз жұмдым. Асылбектен көтердім. Тоғыз аптаға жетпей тұрған кезде менде угроза болды. Алайда Асылбек мені Ташкентке алып кетті. Ол жақта ата-енем мен отбасындағы ұрыстарды көріп қатты шаршадым. Сосын күйеуіме қайтайық деп айтқанымда, қайын атам бұл әйеліңді де бірінші әйелң сияқты көрші-қолаңның алдында жезөкшедей етіп жіберетінін айтты”, – деді Асылбектің екінші әйелі Салтанат. 

Гүлбахар Асылбектің екінші рет үйленгенін естіген. Ол ұлын жалғызбасты ана ретінде өзіне жаздырып, перзентханадан өзі шыққан. Алайда келіншек ұлының тегін алғанын, Асылбектің жүктіліктің сегіз ай бойы кеткен шығындарды өтегенін қалайтынын айтты. 

“Алимент төлесін. Мен қиналсам да босандым. Қазір бір баланың ақшасына қарап отырмын. Сегіз ай еміме кеткен барлық ақшаны өтеп берсін”, – деді Гүлбахар. 

Осыдан кейін бағдарлама барысында Асылбектің  ДНҚ нәтижесі әкелініп, баланың 99,9 пайыз әкесі екені анықталды. Осыдан соң ол Гүлбахардан кешірім сұрап, алимент төлейтінін айтты. 

“Менде сезім қалған жоқ. Қайта қосылмаймын. Алиментті осы кезден бастап төлеймін”, – деді Асылбек.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.