Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев атом электр станциясын салу мәселесі мамырға дейін шешілмейтінін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің айтуынша, АЭС салу бойынша шешім қабылдағанда қоғам пікірі ескеріледі. Сондықтан түсіндірме жұмыстары екі ай жүргізіледі. 

“Халықпен кездесу кезінде өте жақсы қабылдап жатқанын байқап жүрміз. Министрлер аймақтарды аралап, жиі кездесіп тұрады ғой. Жұрт атом энергетикасы нысандарының құрылысы бойынша жұмысты жеделдету қажеттігі туралы мәселені көтеріп жатыр. Вендорларды, яғни жеткізушілерді таңдауға қатысты да сұрақтар туындайды. Біз оларды түсінеміз, шешім қабылдағанда осы қоғам пікірлері ескеріледі”, – деді ол.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы референдум өткізуге кез келген уақытта дайын екенін мәлімдеген. Десе де президент тиісті жарлыққа қол қойғаннан кейін заң бойынша оның орындалуына кемінде екі ай уақыт өтуі тиіс екені де, оның жақын арада болмайтынын айғақтайды. Әзірге энергетика министрлігі түсіндіру жұмысына мән беріп отыр. Ведомство басшысының айтуынша, өңір тұрғындарымен кездесуде олар тек АЭС жайлы ғана емес, сондай-ақ атом өнеркәсібін дамытуды да кеңінен талқылауда. Әсіресе уран өндіруге қатысты сауал көп.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.