Белгілі актриса, киножұлдыз Мадина Оспан жүктілік кезіндегі оқиғасын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мамский әңгіме” подкастына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Подкастан скриншот

Тұрмыс құрғаннан кейін, екі жылдан кейін ғана жүкті болған өнер иесі босану процесінің ауыр өткенін айтты. 

“Босаға аттаған күннен кейін екіқабат болу мүмкін емес. Мен екі жылдан кейін көтердім. Тұла бойымдағы өзгерісті сездім. 4 ай бойы токсикоз болды. Әулеттің үлкен әпкелері “Құсып таста да, жүре бер” деді. Бірақ олай ете алмадым. Қатты әлсіреп, өзімді жоғалтып алдым. 5 айға өткенде дұрыстала бастадым. Босану процесім де ауыр өтті. Бір күні таңертең қатты ауырып тұрдым. Алғашында дұрыс емес жаттым ба деп ойладым. Тексерілуге перзентханаға бардық. Барсақ, акушер маған толғағымның басталғанын айтты. Толғағым таңғы 06:00-да басталды, бірақ босануға дайын болмадым. Уақыт өте берді, толғағым күшейе түсті. Кеш болды, түн болды, бір кезде уақытқа қарасам, сағат түңгі 03:00 екен. Ауырғаным соншалық, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамапппын. Сөйтіп акушер келіп, эпидуралдық анестезия салуды ұсынып, "қазір күшің қалмай, өзің туа алмайсың" деді. Күйеуім жанымда болғандықтан, ол бірден келісті. Мен оны тамырға салады деп ойладым, сөйтсем арқаға салады екен. Арқама инені шаншығанын сездім, кейін қабырғаларымның арасынан ауырсынуды басатын дәрілерді жібере бастады. Эпидуралдық анестезия қабылдағаннан кейін көп ұзамай, босануға дайын болып, таңғы 08:30 босандым. Бірақ, қиын босандым. Өйткені эпидуралдық анестезияны салғаннан кейін белден төмен сезбей қалдым, акушердің маған айтқандарын естіп, түсінгеніммен, оны істеу қолымнан келмеді, өз денемді басқара алмадым. Сондықтан дәрігерлер тіпті ішімнен басып, мені барынша тезірек босандырып алуға тырысқан. Қабырғаларым сынып кетеді деп ойладым, қатты айғайладым. Жолдасым есіктің сыртында келесі кабинетте тұрып, бәрін естіп тұрыпты, маған "ары қарай шыдай алмай кеттім" деп айтты. Ал мен оны естімеймін, өйткені мен қатты ауырдым", – деп еске алады актриса. 

  • 140 гренландиялық әйел мәжбүрлі түрде контрацепция қабылдатқан биліктен өтемақы талап етті

  • "25 жасында алты балалы болған": Қазақстандық әйел алдымен егізді, артынан үшемді қалай дүниеге әкелгенін айтып берді

Тыныштандыратын дәрінің зардабын актриса әлі көріп жүрген көрінеді. Айтуынша, екі ай дұрыс аяғын баса алмай қалған. 

“Эпидуралдық анестезиядан кейін мен 2 күн аяғымды басып жүре алмай қалдым. Маған тым көп мөлшерде салып қойған секілді. Кейін 1 ай өткеннен кейін қайта 2 ай жүре алмай, төсек тартып жатып қалдым. Оның үстіне, өзім келін болғандықтан, ауырдым деп жатып ала алмайтын едім. Кішкене артық қимыл жасап қойсам, белім ауыратын. Менің ауырғаным күйеуімнің де жүйкесіне тие бастады. Бірақ, балам қырқынан шыққанша күйеуім жанымнан кетпей, күні-түні көмектесті. Баламды қырқынан шығарғаннан кейін күйеуіме түсіндіріп, төркініме кеттім. Төркінімде 1 ай бойы емделіп, қайта қайттым. Алайда белімнің ауыратынын әлі де сеземін", – дейді актриса. 

Еске салайық, киножұлдызы Төреғали Төреәлімен байланысын айтқан еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.