КуәНІҢ Қылмыстық процестегі рөЛІ



жүктеу 143.8 Kb.
Дата26.04.2019
өлшемі143.8 Kb.

ЖОК 343.37
КУӘНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ РӨЛІ
Н.А.Биназаров

Мақалада куәнiң: қылмыстық жазаланатын әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзi, жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшiн iзiне түсуге әкеп соқтыратын айғақ беруден бас тартуға; өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақ беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; одан жауап алуға қатысушы аудармашыға ескерту жасауға; жауап алу хаттамасына айғақтаманы өз қолымен жазуға; анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың және соттың iс-әрекетiне шағым жасауға, өз құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге құқығы бар екендігі жайында айтылған.

Куә – iс үшiн маңызы бар қандай да болсын мән-жай туралы айғақ беру үшiн шақырылуы мүмкін кез келген тұлға (ҚІЖК 82-б. 1-т.).

Жалпы алғанда қылмыстық іс жүргізу құқығының теориясы мен заң процестегі куәнің қылмыстық іс жүргізушілік қатынастардың қатысушысы ретіндегі құқықтық мәртебесін және мәнін біржақты анықтайды және түсіндіреді.

А.Р. Михайленко куәні «бірегей іс жүргізушілік тұлға» ретінде сипаттай отырып, «Куә – іс бойынша шындықты анықтауда, ол бойынша заңды және негізді шешімдер қабылдауда, заңдылық пен әділдіктің орнауында шешуші рөлді атқаратын дербес іс жүргізушілік тұлға» деп атап өтеді.

Тек куә ғана болған оқиғаны көзімен көрген тұлға ретінде санала алады. Түптеп келгенде айғақ беру-бермеуді куәнің өзі шешеді. Және ешбір жауапкершілік, тіпті қылмыстық жауапкершілік куәнің заң талаптарын орындауын – шынайы айғақтар беруін толығымен қамтамасыз ете алмайды. Қазіргі кездегі ғылымның даму деңгейі адамның еркінен тыс оның миындағы ақпараттарды алуға мүмкіндік бермейді.

Бұл тек заң саласындағы ауқымды ғылыми ғана емес, сонымен қатар адамгершілік сипатқа да ие мәселе болып табылады. Заң іске қатысатын тұлғаларды күш қолдану, қорқыту және өзге де заңға қайшы шаралар арқылы айғақ алуға күштеуге тыйым салады \1\.



Куәнің бірегейлігі оның қылмыстық іс жүргізушілік мәнге ие келесі сипаттарынан көрініс табады:

  • куә ауыстырылмайды;

  • өзінің ауыстырылмайтындығы себепті ол істің нәтижесіне мүдделігі себептерімен аластатыла алмайды;

  • іс бойынша куә бола алмайды:

  1. айыпталушының қорғаушысы – қылмыстық iс бойынша өзiнiң мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған жағдайлар туралы;

  1. өзiнiң жасының толмауына не психикалық немесе дене кемiстiктерiне орай iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс түсiнуге және олар туралы жауап беруге қабiлетсiз адамдар;

  1. адвокат, қоғамдық ұйымның өкілі – қылмыстық iс бойынша өзiнiң өкіл мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған жағдайлар туралы;

  1. сонымен қатар, заң тұлғаның өзіне, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына (ата-анасына, балаларына, асырап алушыларына, туған аға-бауырларына және қарындастарына, атасына, әжесіне және немерелеріне) қарсы айғақ беруден бас тарта алатындығын, соған қоса егер дiни қызметшiге өзінің ішкi сырын ашқан тұлғалар айғақ беруге қарсы болса, онда діни қызметшіден өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы жауап алынбайтынын белгілейді;

  1. судья – қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өздерiне белгiлi болған қылмыстық iстiң мән-жайлары туралы;

  • заң куә үшін жас шектеуін қоймайды; ең төменгі жас жеке қасиеттерге және іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі жағдайларды дұрыс қабылдау қабілетіне байланысты;

  • куәлардың айғақтары сын көзбен бағалануы және тұлғаның жеке ерекшеліктері (қиялға бейімділік, қорқыныш және үрей факторлары, алыстан көрмеушілік, құлақ мүкістігі, шатасу және т.б.) ескерілуі тиіс;

  • кәмелетке толмаған куә жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды;

  • өлтіру, күш қолдану, мүліктің жойылу немесе бүліну қаупі орын алған жағдайда куәнің, оның отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының қауіпсіздгі заңмен кепілденеді.

Қылмыстық процесте куә мыналарға құқылы:

  • өзіне қатысты күш қолдану, қорқыту және т.б. жолмен күштеусіз айғақтар беруге;

  • өзінің құқықтарын бұзатын анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың және соттың iс-әрекеттерiне шағым жасауға;

  • өзінің келгеніне байланысты шығындарды өтетуге және жұмыс орны бойынша орташа жалақысының сақталуына не күнделікті әрекетінен алаңдатқаны үшін сыйақы алуға;

  • өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақ беруге;

  • аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;

  • өзіне қатысты жауап алуға қатысатын аудармашыдан бас тартуға;

  • жауап алу хаттамасына айғақтаманы өз қолымен жазуға;

  • өтініш жасауға;

  • егер адвокаттың іске қандай да бір басқа жағдайда қатысы болмаса, адвокаттың қатысуымен айғақ беруге.

Жақын туыстардың немесе ерлі-зайыптылардың бірі куә ретінде жауап беруге ерікті түрде келіскен жағдайда, оларға куәлар туралы барлық ережелер, солардың ішінде жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауапкершілікте болу да қолданылуы тиіс\2\.

Куә міндетті:



  1. анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге; ол дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда күштеп әкелінуі мүмкін.

  2. айғақтар беруге; куә айғақтарды беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады;

  3. iс бойынша барлық өзiне белгiлi жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; куә көрінеу жалған айғақтарды бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады (білмей қателескені үшін куә жауапкершілікке тартылмайды); егер оған қылмыстық процесті жүргізуші тұлға ескерткен болса, өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтi жарияламауға;

  4. тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы кезiнде белгiленген тәртiптi сақтауға.

Сот тәжірибесіндегі көптеген оқиғалар қылмыстық істерді ашуда куәлардың айғақтары қандай үлкен рөл атқаратынын көрсетеді.

Іс бойынша куәларды шақырту және олардан жауап алу – істерді дұрыс ашудың қажетті шарттарының бірі. Егер сот істі дұрыс шешу үшін маңызды айғақтары бар куәларды шақырмай және олардан жауап алмай, үкім шығарса, онда бұл үкім заңсыз ретінде жойылуы тиіс.

ҚР Конституциясының 81-бабына сәйкес, біздің еліміздің жоғарғы сот органы болып табылатын ҚР Жоғарғы Соты куә айғақтарының мәнін атай отырып, егер мәселенің дұрыс шешімі және айыпталушының кінәлі-кінәлі еместігін анықтау куәлардың айғақтарына тәуелді болса, іс бойынша барлық куәларды шақырту және олардан жауап алу қажеттігін бірнеше рет көрсеткен.

ҚР Жоғарғы Соты бұл талап орындалмаған барлық қылмыстық істердің үкімдерінің күшін жойып, істі қайта қарауға жібереді. Осылайша, айыпталушының қылмыстық іс бойынша айғағы тергеу немесе сот органдарына тиесілі куә айғақтарымен салыстырылады.

Сарапшылар қорытынды берген кезде де куәлардың айғақтары пайдаланылады.

Айыпталушының психикалық жай-күйін анықтау үшін сот-психиатриялық сараптамасын жүргізу кезінде де куәлардың айғақтарына негізделеді, сонымен қатар олар апаттарды және жол көлік оқиғаларын тергеумен байланысты өзге де сараптамаларды жүргізу кезінде қолданылады.

Сарапшы-маманның қандай да бір білім саласындағы қорытындысының дұрыстығы да куәлардың айғақтарымен салыстырыла отырып тексеріледі.

Іс бойынша жазбаша құжаттарды – анықтамаларды, актілерді, мінездемелерді және т.б. қарау кезінде де құжаттың мазмұнының дұрыстығын тексеру үшін немесе ондағы жазбалардың дұрыстығына көз жеткізу үшін куә айғақтарының маңызы зор.

Қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық іс жүргізушілік сипаттағы барлық конституциялық нормаларды ескереді және қайталайды, сондықтан Конституцияға қандай да бір қайшылықтың орын алуы мүмкін емес.

Қылмыстық процестің жаңа нысанын анықтаумен байланысты ерекше рөл сот iсiн жүргiзудi тараптардың бәсекелестiгi мен тең құқықтылығы негiзiнде жүзеге асыру қағидасына тиесілі \3\.

Қылмыстық процеске қатысушылар өздерінің іс жүргізушілік жағдайына және істің нәтижесіне мүдделілігінің сипатына, процеске қатысу нысанына қарай ажыратылады. Алайда бұл тұлғалардың барлығы үшін ортақ белгі болып олардың қылмыстық процесте өзінің мүддесін (мысалы, айыпталушы, жәбірленуші) немесе өзге тұлғалардың мүдделерін (мысалы, қорғаушы) қорғау табылады, яғни қылмыстық процеске қатысушы әрбір тұлға істің белгілі бір нәтижесіне мүдделі.

Мемлекеттік органдар – сот (судья), прокурор, тергеуші және анықтау органдары қылмыстық процесті жүзеге асырады, олар қылмыстық процесте жетекші орынды иеленеді. Алайда, олардың ешбірінің іске қатысты тікелей немесе жанама мүддесі болмауы тиіс. Әйтпесе, олардан бас тартылуы мүмкін.

Куә, егер адвокаттың іске қандай да бір басқа жағдайда қатысы болмаса, адвокаттың қатысуымен айғақ беруге құқылы. Адвокаттың келмеуі жауап алуды тергеуші белгілеген уақытта жүргізуге кедергі келтірмейді.

Тәжірибеде куәлардан қылмыстың қатысушылары болып табылатын, алайда қоғамға қайта тәрбиелеу мен түзету үшін берілмеген тұлғалардың әрекеттеріне қатысты жауап алынады. Дәл осылайша барлығына айып тағылған соң олар туралы істер жеке өндіріске бөлініп шығарылған айыпталушыларға қатысты өзге айыпталушылардан да куә ретінде жауап алынады. Сонымен қатар, жазалау мерзімін өтеген тұлғалар сот қадағалауы тәртібімен үкімді жоюмен байланысты істері қайта қарастырылып жатқан өздерінің бұрынғы сыбайластарына қатысты куә ретінде жауап береді. Куә өзінің қылмыстық әрекеттерімен емес, істің мән-жайларына қарай туындайды \2\.

Мемлекет органдары іс бойынша өндірісті бастау туралы, қылмыстық істің бағыты және тағдыры туралы шешімдерді қабылдайды. Мемлекеттік органдар процеске қатысатын тұлғалардың барлығын тартады және олардың заңмен берілген құқықтарын жүзеге асыруын және жүктелген міндеттерін орындауын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдар іс бойынша бүкіл өндірістің заңдылығы және негізділігі және оның түпкі нәтижесі үшін жеке жауапкершілікте болады. Мемлекеттік органдардың қызметі процестің серіппесі рөлін атқарады, ал олардың өздері қылмыстық процестің негізгі жетекші субъектілерінің рөлін атқарады.

Іс бойынша жазбаша құжаттарды – анықтамаларды, актілерді, мінездемелерді және т.б. қарау кезінде де құжаттың мазмұнының дұрыстығын тексеру үшін немесе ондағы жазбалардың дұрыстығына көз жеткізу үшін куә айғақтарының маңызы зор.

Нарықтық экономиканың дамуы, құқықтық жүйедегі өзгерістер заңнаманы тұрақты түрде жетілдіруді, заңдарды терең білуді және оларды дәл орындауды талап етеді. Қолданыстағы қылмыстық заңнама құқыққорғау органдары куә ретінде жауап алу үшін шақыртқан тұлғаның айғақ беру үшін адвокатты шақыруға қатысты маңызды құқығын алғаш рет көздеді.

Дәлелдеме түріндегі куә айғақтары қылмыстық істердің басым көпшілігінде кездеседі және тиісінше сот төрелігін дұрыс жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Куәнің айғағы – бұл анықтау, алдын ала тергеу және сот процесінде жүргізілген жауап алу кезінде куә жазбаша немесе ауызша нысанда хабарлаған мәліметтер. Дәл куә тергеу органдары мен сотқа істің барлық төтенше күрделі мән-жайларын түсіну мүмкіндігін береді. ҚР ҚІЖК 115-бабына сәйкес, дәлелдемелердің өзге де түрлерімен қатар заңды түрде алынған куә айғақтары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген әрекеттердiң болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекеттi жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кiнәлiлiгiн не кiнәлi емес екендiгiн, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайды \2\.

Осыған орай заң шығарушы куәнің құқықтарын қорғап, оған қорғаушысымен қоса барлық тергеу әрекеттеріне қатысу мүмкіндігін беру туралы әділ шешімге келді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, құқыққорғау органдарының қылмыстық істі алдын ала тергеу кезеңінде тұлғаны куә мәртебесінен сезікті мәртебесіне ауыстыру жағдайлары жиі кездеседі. Заң талаптарына сәйкес куәға оның құқықтарын түсіндіру қажет.

Куә ретінде жауап беретін тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының сақталуына қадағалау міндетін тиісті түрде жүзеге асыруға тек адвокат қабілетті. Ол өзі қорғайтын тұлғаға осы қылмыстық іске қатысты барлық мәселелер бойынша кеңес береді, куәнің қатысуымен жүргізілетін қылмыстық процестің барлық кезеңдеріне қатысады.

Куә айғақтарының қылмыстық істерді ашудағы мәнін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасы куәнің іс жүргізушілік жағдайын жете реттеген.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 82-бабына сәйкес, айғақ беру үшiн куә ретiнде iс үшiн маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн.

Куәдан нақты істі ашуға байланысты кез келген мән-жайлар, соның ішінде сезіктінің, айыпталушының және жәбірленушінің тұлғасын сипаттайтын мәліметтер, өзінің аталған тұлғалармен өзара қарым-қатынасы туралы жауап алынуы мүмкін.

Құқыққорғау органдары дәлелдеме ретінде қабылдайтын куә айғақтары болып куә өзінің ішкі түйсігін, істің қандай да бір мән-жайларына қатысты пікірін ашып көрсеткен немесе нақты мәселе бойынша ақпараттың нақты көзін атай алатын айғақтар ғана табылады. Әйтпесе, куәнің ақпарат көзін көрсетпеген болжамдары дәлелдеме рөлін атқара алмайды.

Куәға белгілі мән-жайлардың маңыздылығы мен бағалылығын, сонымен қатар олар туралы мәліметтерге ие тұлғаның ерекше рөлін ұғына отырып, заң куә ретінде жауап алуға кедергі жасайтын шектеулерді мейлінше азайтқан.

Бұған дейін қолданыста болған Қазақ КСРО Қылмыстық іс жүргізу кодексі куәнің міндеттеріне ие судьяның, анықтауды жүргізетін тұлғаның, тергеушінің, сарапшының функцияларын атқаруын дұрыс емес деп танып, қажет болғанда бұл тұлғалардан куә ретінде жауап алуға тыйым салмады, ал қазіргі қолданыстағы ҚР ҚІЖК 82-бабына сәйкес судьядан қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өздерiне белгiлi болған қылмыстық iстiң мән-жайлары туралы жауап алуға болмайды \2\.

Сонымен қатар сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің қорғаушысынан қылмыстық iс бойынша өзiнiң мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған жағдайлар туралы куә ретінде жауап алуға тыйым салынады. Бұл ереже айыпталушының, сезіктінің қорғаушыны немесе өкілді иелену құқығымен ішінара байланысты, және қорғаушы мен қорғалушының арасындағы сенімді қарым-қатынастардың кепілі болып табылады.

Айыпталушымен, сезіктімен салыстырғанда куәнің сотта немесе анықтауды не алдын ала тергеуді жүргізу кезінде айғақ беруден бас тартуы немесе жалтаруы үшін заңда қылмыстық жауапкершілік көзделген (ҚР ҚІЖК 353-бабы). Соған қоса, тұлға өзіне, жұбайына (зайыбына) немесе өзінің жақын туыстарына қатысты, сонымен қатар діни қызметші өзіне iшкi сырын ашу кезiнде белгiлi болған мән-жайлар туралы айғақтар беруден бастарқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды \2\.

Куәнің іс жүргізушілік мәртебесі дәл және уақтылы айғақтар алу және азамат ретіндегі куәнің құқықтарын қорғау мақсатында заңда анықталған.

Куә міндетті:

1. Анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге; ол дәлелді себепсіз келмеген жағдайда күштеп әкелінуі мүмкін.

2. Іс бойынша барлық өзiне белгiлi жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге.

3. Прокурордың, тергеушінің немесе анықтауды жүргізетін тұлғаның рұқсатынсыз алдын ала тергеудің және анықтаудың мәліметтерін жарияламауға. Қажет болған жағдайларда заң куәдан алдын ала тергеудің немесе анықтаудың мәліметтерін жарияламау туралы қолхат алуды көздейді, мұндай жағдайда аталған мәліметтерді жариялау қылмыстық жауапкершілікті туындатады.

Сөйтіп, куә айғақтары қылмыстық істі қозғаудың, нақты тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартудың, іс бойынша әділ шешім қабылдаудың негізінде жатыр.

Құқыққорғау органдарының қызметінде қандай да бір тұлғаның қылмысты жасағанына қатысы бар-жоқтығыт туралы дәлелдемелерді алудың негізгі бағыттарының бірі болып куәдан жауап алу түріндегі тергеу әрекеті табылатыны бекер емес. Алдын ала тергеу кезеңінде куәдан жауап алу тергеуші (анықтаушы) үшін қажет бағытта жүргізіліп жататыны құпия емес, бұл ретте әсер етудің түрлі әдістері қолданылып жатады: қорқыту арқылы психологиялық әсер ету, күш қолдану.

Өкінішке орай, куәнің қорғаушы иеленуге қатысты құқығы әзірге қағаз жүзіндегі сипатқа ие. Куәнің мүддесін білдіретін адвокаттың құқықтарының тізімі тиісті нормативтік актілерде жеткілікті дәрежеде көрініс таппаған – мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі мен ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» заңы сезіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың мүдделерін қорғайтын адвокаттың іс жүргізушілік жағдайын анықтаған. Қылмыстық іс жүргізушілік заңнаманың мағынасына көз жүгіртетін болсақ, адвокат мыналарға құқылы \4\:


  1. барлық соттарда, құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн мемлекеттiк, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге;

  2. барлық мемлекеттiк органдардан және мемлекеттiк емес ұйымдардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға;

  3. заң көмегiн көрсету үшiн қажет нақты мәлiметтердi дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;

  4. көмек сұрап өтiнiш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның iшiнде iс жүргiзу құжаттарымен, тергеу және сот iстерiмен танысуға және олардағы ақпаратты заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен белгiлеп алуға;

  5. iске қатысуға жiберiлген сәттен бастап жолығулар санын, олардың ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;

  6. заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;

  7. өтiнiштер мәлiмдеуге, әдiлет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың лауазымды адамдарының әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға;

  8. заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңдарда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға.

Адвокат куәнің мүдделерін қорғау барысында аталған құқықтардың қайсысын пайдалана алады?

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, адвокат куәнің мүдделерін істің мән-жайларын анықтау, сонымен қатар куәнің мүдделеріне тікелей қатысы бар іс материалдарын зерттеу жолымен қорғай алмайды, ол тек заңды көмек көрсетумен байланысты кеңес беріп, куәдан жауап алуға қатыса алады.

Сондықтан, біздің ойымызша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде және ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» заңында адвокаттардың аталған мәселелерге қатысты құқықтарын кеңейтетін және сол арқылы куә ретінде іске тартылатын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын кепілдейтін тиісті құқықтық нормалар орын алуы тиіс.

Куә – әдетте жоғары құқықтық мәдениетке, құқықтық білімдерге ие емес тұлға, алайда қылмыстық процестің кез келген кезеңдерінде оның айғақтары қандай да бір адамның тағдырын шешеді, сондықтан, біздің ойымызша, оның құқықтары мен бостандықтарын өз клиентіне кез келген заңды көмек көрсете алатын адвокаттың тарапынан кепілдеу мәселесі аса маңызды болып табылады.

Адвокатура туралы заңнамадағы олқылықтардың, адвокаттың заңды қызметіне кедергі жасаудың және шешілмеген бірқатар мәселелердің ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын Қазақстанды демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде орнықтыруға кедергі жасайтыны айдан анық\4\.

Бұл құқықтық нигилизмді және азаматтардың мемлекеттің өз жариялаған қағидаларды жүзеге асыра алатындығына сенімсіздігін туғызады, азаматтардың қорғануға және білікті заң көмегін алуға қатысты конституциялық құқықтарының бұзылуына әкеп соғады.

Куәлардың айғақтары көп жағдайда қылмыс болған жерден немесе тінту кезінде заттай дәлелдемелерді табу кезінде аса маңызды болып табылады. Сонымен қатар, айыпталушыны тінту кезінде табылған заттардың жәбірленушіге тиесілі екенін анықтаған куәлардың айғақтарының да қылмыстарды ашудағы маңызы зор.

Куә айғағы куәнің тергеуге немесе сотқа іс бойынша өзіне мәлім мәліметтерді хабарлауын білдіреді. Куәнің айғақтарына заң бірқатар талаптар қояды.

Куә – бұл тергеу, прокуратура және сот органдарының талабы бойынша белгіленген уақытта келуге және жауап алу процесінде өзіне белгілі және іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы шынайы айғақтар беруге міндетті тұлға. Егер куә өзiнiң хабардарлығының көзiн көрсете алмаса, куә хабарлаған мәлiмет дәлел бола алмайды. Куә ретiнде жауап алуға жатпайтын адамдардың хабарлауы дәлел болып табылмайды (ҚР ҚІЖК 119-бабы).

Куәдан кез келген iске қатысты мән-жайлар туралы, оның iшiнде айыпталушының, жәбiрленушiнiң жеке басы туралы, өзiнiң олармен және басқа да куәлармен өзара қатынасы туралы жауап алынуы мүмкiн (ҚР ҚІЖК 119-бабы). Куәдан жауап алудың пәніне тек қылмыс оқиғасы туралы мәліметтер ғана емес, соныман қатар оқиғаның алдында болған, онымен қатар жүрген немесе оның нәтижесінде орын алған мән-жайлар да жатады.

Куәдан өзге куәлардың айғақтарын дұрыс бағалау мақсаттарында оларға қатысты жауап алынуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жеке жорамалдарды көрсететін, нақты фактілерге негізделбеген куә айғақтарының іс бойынша дәлелдеме бола алмайтынын және айыптау үкімінің негізіне алына алмайтынын бірнеше рет атап өткен болатын. Соған қоса, куә мен жәбірленушінің қылмыстық сот өндірісінің біртектес тұлғалары емес екенін атап өткен жөн. Куәнің істе іс жүргізушілік мүддесі болмайды, онда тұрақты мәртебені иеленбейді, процеске қатысушы емес, жекелеген іс жүргізушілік қатынастардың субъектісі болып табылады және іс жүргізушілік жағдай тұрғысынан, ең алдымен, құқықтық міндеттерді орындау тұрғысынан сипатталады.



Әдебиет


  1. ҚР Конституциясы.

  2. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы.

  3. Сот мәртебесі туралы» Конституциялық Заңы.

  4. «Адвокаттық қызмет туралы» Конституциялық Заңы.

М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті, Тараз



РОЛЬ СВИДЕТЕЛЯ В УГОЛОВНОМ ПРОЦЕССЕ
Н.А.Биназаров
В статье рассматривается статус свидетеля в уголовном процессе. Прокуратура Республики Казахстан – подочетный Президенту Республики Казахстан государственный орган, осуществляющий высший надзор за точным и единнообразным прилегением законов, указав и иных нормативных актов на всей территорий Республики, за законностью оперативно-розыскной деятельности, доказания и следствия, административного и исполнительного производства.Целью прокурорской деятельности является обеспечение верховенства закона, единства и укрепления закконности прав и свобод граждан, суверенных прав и свобод граждан, суверенных прав республики Казахстан.

ROLE OF THE WITNESS IN CRIMINAL PROCESS
N.A.Binazarov
In this work is considered witness’s criminal punishing actions or for the administrative law breaking actions, to refuse giving testimony which can lead prosecuting of his wife (husband) or relatives, to give testimony in his native language or in the language he can speak, to use translator’s free help, to remark the translator, to write a record of proceedings with his own handwriting, to complain against procurator’s, investigator’s and judge’s actions and about their rights to write application protecting their safety.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет