Қаңтардың 22-інен 23-іне қараған түні Алматы қаласында 5 балдық жер сілкінісінен кейін желіде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің құрылыс сапасын белсенді түрде талқылау басталды. RAMS Qazaqstan компаниясына өз жобаларындағы монолиттің сапасы жайында тұрғындарынан көптеген оң пікірлер естуде. Орын алған жағдайға байланысты компания түсініктеме берді.

Компанияда айтылғандай, RAMS Qazaqstan-ның әрбір тұрғын үй кешені жобалаудан бастап тіпті пайдалануға өткізгенге дейін ҚР ҚЖ, ҚР ҚНжҚ және МемСТ стандарттарына сәйкес іске асырылады. Құрылыс басталғанға дейін RAMS Qazaqstan-ның Сапаны бақылау департаменті учаскенің сейсмикалық белдеуін, топырақтың орнықтылығын және бетонның беріктігін тексереді. Құрылыс компаниясы жұмыс аудандарының мынадай ерекшеліктерін: климатты, рельефті, сейсмикалық қауіптілігін тексеретінін айтты.

"Құрылыс компаниясы ретінде бізді таңдаған тұрғындар мен клиенттерімізге алғыс білдіреміз. Өткен тәулікте бізге біздің құрылысымыздың сапасы жайында көп оң пікір келіп түсті. Сенім білдіргеніңіз үшін алғыс білдіреміз!", — деді RAMS Qazaqstan-ның Маркетинг және сату жөніндегі директоры Артем Жук.

Компания объектілерді салу кезінде ҚР Ұлттық ғылыми кеңесі мақұлдаған сейсмикалық аймақтарға бөлу картасын ұстанатынын жеткізді. Сонымен қатар RAMS Qazaqstan-ның әрбір объектісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 Қаулысымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" құжатқа сәйкес келетінін де қоса кетті.

"III санаттағы RAMS Qazaqstan топырақтарында 9 және 10 балдық сейсмикалық құрылыс алаңдарында біз жұптасқан қабырғалар мен жиектемелерді тұрғыза отырып, сейсмикаға қарсы жіктерді енгіземіз. Сейсмикаға қарсы жіктер ғимараттарды бүкіл биіктігі бойынша, соның ішінде іргетасқа бөледі. Біздің барлық жобамызда ҚР мемлекеттік сараптамасының оң қорытындылары бар", — RAMS Qazaqstan-ның Құрылыс жөніндегі директоры Толга Метин Асутай деп түсінік берді.

RAMS Qazaqstan компаниясы нарықта 26 жылдан астам уақыта жұмыс істейді. Құрылыс компаниясы пайдалануға 3 000 000 м²-ден астам тұрғын үй жылжымайтын мүлкін пайдалануға өткізген. Қайта дүмпулер болған жағдайда, құрылыс компаниясы клиенттерді жер сілкінісі кезінде тыныштық сақтап, іс-қимыл жаднамасын қолдануға шақырды.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.